Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімдік жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.Физикалық география

3.2 Атмосфера



Күні:21.08.2020ж

СЫНЫП: 9

Мектеп: Төле би атындағы орта мектеп



Мұғалімнің аты-жөні: Бабалиева Молдир Болатбековна




Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтану шараларын ұсынады

Сабақтың мақсаты





1.Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтай алады, таралу аймағын картадан көрсете алады

2.Оқушылардың басым бөлігі орындай алады:Атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата алады

3.Кейбір оқушылар орындай алады: Қауіпті атмосфералық құбылыстардың сақтану шараларын ұсына алады

Бағалау критерийі



Қолдану: Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтайды,, таралу аймағын картадан көрсетеді

Талдау: Атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың ерекшеліктерін ажыратады

Жинақтау: Қазақстанда қауіпті атмофералық құбылыстардың таралуаймақтарын анықтайды, сақтану шараларын ұсынады.


Тілдік мақсаттар

Оқылым-айтылым: Оқушылар «Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар » мәтінін оқып, топта талқылайды,бір-бірлерімен пікір алмасады.

Тыңдалым- жазылым: Оқушылар топта бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, дәптерге бүгінгі сабаққа байланысты жаңа терминдерді түртіп жазып алады, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды. Картадан қауіпті аймақтарды көрсетеді


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: құрғақшылық, аңызақ жел, көктайғақ, қатқақ,шаңды дауыл


Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары арқылы бірін-бір құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыс жасау арқылы бірлесе еңбек етуге баулу.

Пәнаралық байланыс


Дүниетану, Жаратылыстану


Алдыңғы білім:

Оқушының тірек білімі

География 8 сынып. Климаттың адам тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері

Жоспар

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер,

ресурстар



Сабақтың басы






Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ширату жаттығуы «Досыма хат» - өтілген алдыңғы материал бойынша оқушылар өзінің білгенін досының қаншалықты білетіндігі туралы екі, үш сұрақпен досына түрлі-түсті қағазға хат жазады.

1.Қазақстанның оңтүстігінде жаз мезгілінде неліктен ыстық әрі құрғақ күн райы орнайды?

2.Қазақстан аумағында қыс мезгілінде қатты аяз болуы немен байланысты?

3.Көктемде күн райының құбылмалы болуының себебін түсіндіріңіздер?

ҚБ: «Ауызша мадақтау»

Оқушыларды топтастыру (түрлі түсті шариктер арқылы оқушыларға білдірмей әр топты модератор оқушылармен қамтамасыз ету)

1-топ «Аңызақ»

2- топ «Үсік»

3-топ «Көктайғақ»


Суреттер

Оқулық. 9 сынып, 1 бөлім.







Сабақтың ортасы


«Төрт сурет бір ұғым» әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Тақырыпты ашқаннан кейн сұрақ қою арқылы мақсатты, күтілетін нәтижені анықтаймыз

ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау


Жаңа сабақ

Тапсырма:«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі

Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып ойларымен бөліседі, бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.


1-топ Ойлан

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақтада ілінген суреттерден Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтап, сипаттама беріңдер «Нысананы белгіле» картамен жұмыс

Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың таралу аймағын картадан көрсетіңіз


Дескрипторлар:

- Суреттерден Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды анықтап атайды;

- Қазақстанда таралған қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың таралу аймағын анықтап, картадан көрсетеді;

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бағалайды


2-топ Жұптас:

Атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстарды үсік, көктайғақ, аңызақ және құрғақшылықтың ерекшеліктерін атап, түсіндіріңіз.

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды жұптасып ой бөліседі, Одан кейін олар өз ойларын топта біріктіреді.

Саралау ( дереккөз, диалог және қолдау көрсету.

Дескриптор:

- Атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың ерекшеліктерін атап, ажырата алады

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бағалайды


3-топ Бөліс Қауіпті атмосфералық құбылыстардың сақтану шараларын ұсыну.

«Постермен жұмыс»

Қазақстанда және жергілікті жер аумығында болатын қолайсыз және қауіпті құбылыстардың себептерін түсіндіріп,нақты дәлелдерді келтіріңіз. 50-суретті пайдаланып Қазақстанда және жергілікті жер аумығында табиғи апаттарға ұшырауы мүмкін жерлердің картасын пайдаланып қолайсыз және қауіпті құбылыстардан сақтану шараларын ұсыныңыз

Дескрипторлар:

- Еліміздегі және өз өлкесіндегі қолайсыз және қауіпті құбылыстарды анықтай алады;

-Себептерін түсіндіріп, талдайды;

-Олардан сақтану жолдарын ұсынады;

- Қорытынды тұжырым айтады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бағалайды


Тапсырма:

«Сөздер банкісі» әдісі

Тақырыпқа қатысы бар және қатысы жоқ сөздерді араластырып банкіге салынады

Аңызақ, вулкан,үсік, тайфун,көктайғақ гидросфера,құрғақшылық, ендік....


Дескрипторлар:

-Сөздер банкісі арқылы оқушылар түйінді сөздерді көрсетеді;

-Негізгі сөздерге сипаттама береді;

ҚБ: Оқушылардың дұрыс жауабын «Үш шапалақ» әдісімен бағалау




Интер.тақта















Оқулық. 9 сынып, 1 бөлім.





























































Сабақтың соңы

Сабақты қорытындалаймыз!

« Конверт –сұрақ» әдісі

1.Метерологиялық сипаттағы қолайсыз және қауіпті құбылыстарды таңда

-қар

-құрғақшылық

-қатқақ

-жаңбыр

-көктайғақ

-атмосфералық қысым

2.Құрғақшылықпен, жел және аңызақпен күресу үшін қандай агротехникалық шаралар жүргізіледі?

-қар тоқтату

-топырақты құнарландыру

-жер жырту

-ағаш отырғызу

-суару

3.Вегетациялық кезеңде топырақтың бетіндегі ауа температурасының 0-градустан төмендеуі

-қатты аяз

-шаңды дауыл

-қатқақ

-қатты жел

-ірі бұршақ

Дескриптор

-Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын белгілейді

ҚБ: «Бағдаршам» әдісімен бағалау

Үйге тапсырма: Қосымша дереккөздерді пайдаланып «Жергілікті жердегі қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың алдын алу» тақырыбына 1 минуттық эссе жазып келу

Кері байланыс

«Бес саусақ» әдісі.

/Әр оқушы жеке жазып қалдырады/

1.Бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселе болды?

2.Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Мен бүгін өзімді қалайша сезіндім?






Сұрақ жазылған конверттер















Саралау - Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға

қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауАқпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану.

Оқушылардың оқу дағдыларын сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар жүзеге асады,қолдау көрсету мақсатында қосымша тапсырмаға көп күш жұмсауда, түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт қарастырамын.Сабақ барысында саралаудың бірнеше тәсілдерін қарастыра білдім.

Топқа бөлуде бір топқа әр түрлі деңгейдегі оқушылардың жиналуын қамтамасыз етемін.Сабақ барысында оқу мақсатына жетуге бір-бірін жетелейді. 1-тапсырмада «Ойлан,Жұптас,Бөліс» әдісі арқылы оқушылар жеке орындай отырып,жұптасып талқылап,топта өз ойларын толықтырады.

Бөліс әдісі арқылы Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, бағалауда нақтылық көрсетеді.

Қауіпті атмосфералық құбылыстардың сақтану шараларын ұсына отырып,

«Постермен жұмыс» жасау барысында

Қазақстанда және жергілікті жер аумығында болатын қолайсыз және қауіпті құбылыстардың себептерін түсіндіре алады,нақты дәлелдерді келтіре алады.

Қазақстанда және жергілікті жер аумығында табиғи апаттарға ұшырауы мүмкін жерлердің картасын пайдалана отырып, қолайсыз және қауіпті құбылыстардан сақтану шараларын ұсына алады.

Сабақтың өн бойында оқушылармен диалог және қолдау көрсету тәсілі жүргізіледі. Дереккөздер бойынша Картамен жұмыс жасайды,қорытындылар жасайды, нәтижесінде сабақ мақсаттары және оқу мақсаттары орындалатын болады.

Бүгінгі сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіліп отырды.

Сабақ барысында критерий негізінде және дескрипторға сүйене отырып бағалау жүргізу


Топтар арасында жұмыс жасау , тыңдау немесе талқылауға көмек беру қажетіне қарай жеке немесе жұптарға қолдау көрсету. Қолданған қалыптастырушы бағалауым:  «Бас бармақ», «Екі жұлдыз бір тілек», «Бес саусақ», «Ауызша мадақтау», «Бағдаршам» әдісі бойынша жеке және өзара, топтарды бағалау жүзеге асады.

Сабақтың соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жүргіздім.











Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.Сол бағандағы өзңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына және тақырыпқа сай шынайы әрі қолжетімді болды.Оқушылар оқу мақсатына жетті деп ойлаймын,себебі сабақ барысында мақсатқа сай келетін,оқушылардың қажеттілігіне қарай тапсырмалар құрастырылған.Сабақ барысында көптеген белсенді әдіс-тәсілдерді қолдандым.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді, себебі сабақ барысында оқушылардың деңгейін ескере отырып, тапсырмалар ұсынылды. Сабақтың әр кезеңінде уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ жоспарымда ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Қорытынды бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?




Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.10.2020
1008
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12