Материалдар / Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
791
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ерманова Жанна Есқабылқызы

9 Ш.Уәлиханов атындағы

орта мектеп, Атырау қаласы

тарих және география пәнінің мұғалімі




Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс



1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының бірі. Бірінші дүниежүзілік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін 40 млн.га жер алынды. Қазақтардың жерін жаппай тартып алу нәтижесінде көшпелілер мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар көбейді.Бұл туралы «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемеға айналды»деп жазды А.Байтұрсынұлы. Тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуліктерге, дін басыларын, қазақ әскерлері мен Ресейден және Украиндан қоныс аудрған шаруаларға үлестіріліп берілуі Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне әкелді.Сонымен қатар 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы және 1916ж 25маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы бойынша 390 мың адам алу көзделді. Жарлық қазақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырды. Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына себеп болған негізгі фактордың бірі болды.

1. Жердің тартып алынуы;

2.Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 
3. Салықтар мен алымдардың кобеюі;

4.Орыстандыру саясатының жүргізілуі;
5. Феодалдар мен байлар топтарының еңбекші халықты қанауының күшеюі; 
6. Ұлттық араздықтың өршітілуі; .Патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды.Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.Революцияшыл топ өкілдері (Ә.Жангелдин,А.Иманов,Т.Бокин,Б.Әшекеев,Ж.Мәмбетов)қара жұмысқа барудан бас тартып,халықты көтеріліске шақырды.Либералдық-демократиялықзиялылар (Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов)патша үкіметімен келісімпаздық бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары:

-Қазақтарды тыл жұмысына шақыртуды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту.

-Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.

-Ұлттық автономия құру.Патша жарлығына жауап ретінде шілде айының басында өлкеде стихиялық бас көтерулер болып өтті. Ұлт-азаттық революцияның негізгі қозғаушы күші-қазақ жұмысшылары мен қолөнершілер болды.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті. Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде А.Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлесте-рінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы–сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті.1916 ж көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды Сонымен бірге зиялы қауым өкілдері майданға қара жұмысқа аттанған жігіттерге барынша жәрдем жасады, арнайы майдан даласынада барды.Тарихи маңызы: Қазақ халқының рев-қ таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды, қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды, Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 1916 ж көтерілістің басты мақсат қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресіне қортынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. 
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай - ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілері болды. Оған қазақ халқының өзге топтарының (байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай - ақ демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты.
Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт - азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай - феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай - ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық - демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын - ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.
Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. 
А.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,қылыштар, қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қүрсау бірнеше күнге созылды. Сол арлықта қалаға қарай үш бағыттан генерал - лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты.Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалған туралы хабар алып,көтерісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанд А .Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сазбаздар Топқойма почта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядтарына шабуыл жасады.Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайда 150 шақырым жерге әкетіліп,Батпаққара ауданында шоғырландырылды. Осы арада 1916 жылы қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917 жылы ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығамда, Доғал үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті. Ол ұрыстар 1917 ж ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясын қарсы алды.
Қазақстанның басқа аймақтарында көтерілісшілерге патша жазалаушы отрядтарының басым күштерімен кекілескен ұрыстар жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалерия жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Ал, Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі құрамына 17 атқыштар ротасы, 18 казактар жүздігі , 4 кавалерия эскадроны, 18 зеңбірегі, 10 пулеметі және басқалары болған экспедициялық корпус жіберді. Алайда жазалаушылар тура ақпан революциясына дейін көтерілісті сол бойы басып- жаншй алмады. Тек царизм құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тиылды. 
Жетісудағы көтерілісті басу үшін 8750 найзалы 95рота , 3900 қылышты 24 жүздік, 16зеңбірек пен 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбіт тұрғандар құдалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкімет орындары сондарына түскен 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1/4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбір болды.
Тек генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде1917 ж 1 ақпанына дейін өлім жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.
1916 ж көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихында ерекше орын алды. Имперализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында А.Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы мен Н.Қасымовтың басшылығмен болған ұлт азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916ж көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық бөліктерін қамтып, бүкілқазақстандық сипат алды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды.
Ұлт зиялылары 1916 жылғы тыл жұмысына адам алу нәтижесінде жас шамасын жасыратын, мал санағының, жер мөлшерін есептеуден бастарын алып қашатын болып алған халыққа егер бұл есептер дұрыс берілмесе қазақтың есесі кететіндігін түсіндіруді және осы сияқты көптеген кезек күттірмес мәселелерді шешуді өздеріне борыш санады. Сонымен қатар, өлкеде қалыптасқан жағдай қазақ ұлты қайраткерлерінің алдына елде орын алған ашаршылықпен күресу, мұжық-орыс пен қазақ және казак-орыс пен қазақ араларындағы дау- жанжалдарға араласу, жергілікті жерлерде құрылып жатқан уақытша билік орындарына өз өкілдерін өткізу тәрізді сан қилы 50 проблемалар жиынтығын көлденең тартты. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.Салдары: 
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. 
-161-і каторгаға айналды. 
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Салдары: қазақтардың саны: 
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; 
- Орта Азияда – 121,7 мыңға; 
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; 
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің тарихи маңызы 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 90 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.

Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу- тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деп жазған еді: «Тарих бәрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы... » [3, 277 бет].





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!