Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы 2-сабақ 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы 2-сабақ 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, 2-сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары  

Бөлім:

8.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Педагогтің аты-жөні

Матаева Н.

Күні:


Сынып:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы

Зерттеу сұрағы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

Сабақтың мақсаты

Тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасау дағдыларын дамып, тұлғалардың рөліне баға береді;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу. I.Қызығушылықты ояту.

М/Б 1. XX ғ. басындағы саяси ахуалды жеткізу

Негізгі ой: Отарлау саясаты

Негізде: Қазақ қоғамында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына қатысты және көтеріліске деген көзқарасы бірдей болған жоқ. Неліктен ұлт зиялылары екіге бөлінді? Қай топ өкілдерінің көзқарасын қолдайсың? Пікіріңді ортаға сал.

Концепт: себеп пен салдар.

Либералдық-демократиялық зиялылар

Революцияшыл топ өкілдері


Ә. Бөкейханов, А. Байтурсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев т. б. халықты ақылға қонымды ымыраға келу тактикасын қолдануға шақырды

А. Иманов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев т.б. халықты қара жұмысқа барудан бас тартып, қарулы күреске шақырды.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

Оқушылар өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

Патша өкіметінің жазалаушы отрядтары мен көтерілісшілердің күштерінің арасалмағын салыстырып, қорытынды жасайды.

Тақырыптық суреттер

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


II. Мағынаны тану

1-тапсырма: Бағала. Патша өкіметінің жазалаушы отрядтары мен көтерілісшілердің күштерінің арасалмағын салыстырып, қорытынды жаса.

Көтерілісшілер

Жазалаушылар жасағы


Көтеріліс қазақтар тұратын барлық облыстарды қамтыды. Зайсан уезінде 1000 адамнан асатын бірнеше топ, Семей уезінде 700 адамдық топ, Өскемен уезінде - жалпы саны 3 мыңға жететін бірнеше топ құрылды. Ақмола уезінде 30 мың, Ерейментауда 5 мыңға дейін, Атбасар уезінде 7. мыңнан астам, Қосағаш ауданында 2 мыңға жуық қазақ көтерілді Торғай облысында 50 мыңға жуық көтерілісшілер болды. Оның ішінде білтелі мылтықтармен каруланған мергендер тобы


Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 жаяу әскер ротасы жіберілді.


Торғай көтерілісшілеріне қарсы 17 атқыштар ротасы, 18 казак жүздігі, 4 атты әскер эскадроны, 18 зеңбірек, 10 пулемет күші жұмсалды.


Жетісуға 8750 найзалы мылтығы бар 95 рота, 3900 қылышкері бар 24 жүздік, 16 зеңбірек және 47 пулемет жіберілді.




2-тапсырма:

Деректер негізінде көтерілістің салдарын анықта.

Патша өкіметінің жазалау шаралары салдарынан Жетісу облы сында, патша әкімшілігінің өз есептеулері бойынша, халық саны-ның кемуі 1917 жылдың басына қарай 30 пайыз, ал көтеріліс болған аудандардағы қырғыз (қазақ авт.) шаруашылықтарының кемуі барлық шаруашылықтардың 75% болған...

...Жазалау қимылдары кезінде жойылып және өртеліп жіберіл-ген түтас ауылдарды, қыстақтарды және өлтірілгендер санын айт пағанда, 1916 жылға қарай тек соттың өзі өлім жазасына кескендері - 347 адам, каторгалық жұмысқа жіберілгендер саны 168, түзеу түтқын бөлімшелеріне жіберілгендер 228 адам және түрмеге қа малғандар 129 адам болды. Оның үстіне бүлікшілердің мүлкі мен Ожері тәркіленді.

Т. Рысқұлов, «Новый Восток». 1924, №6, 270 274.66.

«Қазақ» газетінің беттерінде М. Тынышбаев Жетісудағы қыргыз бен қазақ елінің басына түскен қасіреттердің шынайы ауқымын көр сететін деректік материалдар жариялайды. Мысалы, 1917 жылғы 254-санында Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз уезіндегі болы стардан Қытай асқан адамдардың санын анықтайтын кесте ұсынып, онда «11 болыс жерінде барлығы 17 759 түтін бар, содан қашқаны 40 250 түтін, қырылғаны 95 200 жан болды», - деп көрсетеді.

Орынбекова Р. Ж. Өскембаев К.С.. Сакабай Т. К. «Молодой ученый. №№ 16.1.2017.37-3966.

«Қытай жеріне кеткен босқын қырғыз, қазақтардың саны 164 мың адам екен. Содан үстіміздегі жылдың (1917 ж.) июльдің 1-не дейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалға ны 12 мың адам».

М.Тынышбаев. «Қазақ» газеті. 24 маусым 1917 ж.


Патша әскері мен переселендердің жасаған ойраны Жетісу халқына бұрын-соңды болмаған қайғы-қасірет әкелді. Қазақ пен кы рғыздардың 91 аулы бүліншілікке ұшырады, соның ішінде 5373 үй өртеліп, 1905 адам өлді, 684-і жараланды, 1105 адам тұтқынға алын ды.... Жетісу облысының жергілікті халқының төрттен бір болігі. яғни шамамен 300 000 адам Қытай жеріне қуып тасталды.

М. Қойгелдиев. «Алаш кузгалысы». Алматы, 1995 жыл, 191-6.



Талда. Тарихшы ғалымдар 1916 жылғы көтеріліске қандай баға берді? Көтерілістің тарихи маңызы неде? Оқиғаның маңызын негіздейтін дәйектер келтір.

Тарихшы, академик Манаш Қозыбаев

«Көтеріліс шеңберінен шығып, төңкеріс дәрежесіне көтерілген»

(Қозыбаев М. «Жауды шаптым ту байлап». - Алматы, 1994. 130-6)

Тарихшы, академик Кеңес Нұрпейісов

«Бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс негізінен патшалықтың қатал әскери-отарлық және кең көлемді орыстандыру саясатына бағышталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Сонымен қатар, бұл көтеріліс халық ша руашылығын дағдарысқа, ал халықтың басым көпшілігін қайыршылыққа ұшыратқан Бірінші дүниежүзілік империалистік соғысқа да қарсы бағыт-талды».

(Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. 1995 ж


Тарихшы, профессор Талас Омарбеков

Бұл көтерілістердің қозғаушы күші рулар болды. Мұны айтуға әлі күн те дейін батпай отырмыз. Рулық көтерілістерді «Ұлттық көтерілістер» деп атауға болады. Өйткені оған бір немесе екі рудың өкілі, яғни қазақ ұлты ның өкілдері қатысып, орыстандыру саясатына қарсы тұрды.

(Омарбеков Т. 1916 жыл ұлт зиялыларының көзқарасы


Тарихшы, профессор Мәмбет Қойгелдиев

«... 16 жылғы оқиғалар қазақ қоғамында империялық үстемдікке қарсы күресте екі көзқарастың, екі әдістің болғандығын көрсетіп берді»... «батыр-лар бастаған қол жасақтап, жауға қарсы көтеріліп, елдің еркіндігін білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғау еді. 16 жылғы оқиғалар, сонымен бірге қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен әдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Ол әдістің негізгі белгісі ұлттық саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты».

(Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995 ж.)


Торғай көтерілісі, Жетісу көтерілістердің тарихи маңызы: 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күрес жүргізе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды, салыстырады, қорытындылайды.








Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.














Деректермен танысады, талдайды. Көтеріліс салдарына назар аударады.




















































Тарихшы ғалымдар 1916 жылғы көтеріліске қандай баға бергені туралы деректермен танысады. Көтерілістің тарихи маңызын жұпта талқылайды. Оқиғаның маңызын негіздейтін дәйектер келтіреді.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады.

Дескриптор:

Патша өкіметінің жазалаушы отрядтары туралы деректер келтіреді 1б;

-көтерілісшілердің күштері туралы деректер келтіреді 1б;

-салыстырады 1б; -қорытынды жасайды 1б;




















Дескриптор:

Деректермен танысады. көтерілістің 1-салдарын анықтайды 1б;

көтерілістің

2-салдарын анықтайды 1б;

көтерілістің 3-салдарын анықтайды 1б;
















































Дескриптор:

Тарихшы ғалымдар 1916 жылғы көтеріліске қандай баға бергендігін түсіндіреді; 1б

Көтерілістің тарихи маңызы дәлелдейді; 1б Оқиғаның маңызын негіздейтін дәйектер келтіреді 1б


ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





Ақпараттық мәтін


Үлестірмелі қағаздар







Суреттер


Тірек-сызбалар

Кесте




Карта



ҚБ парағы

Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия


Кері байланыс

Бүгінгі сабақ мазмұны түсінікті ме?

Не түсініксіз?

Нені білгіңіз келеді?

Мақсатымызға жеттік пе?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект


Үй тапсырмасы

Қазақ зиялыларының цитаталарын оқи отырып, олардың іс-әрекетіне өзіндік баға береді









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2025
90
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі