жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстандағы депортация
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Бейнеу орта мектебі» КММ
Ғылыми жұмыс
Қазақстанға жер аударылған халықтар
Авторы:
«Бейнеу орта мектебі»КММ
10 «А» сынып оқушысы Шалтаева Сандуғаш
Ғылыми жетекші:
тарих пәні мұғалімі Мирманова Айнур Есеткызы
секция: тарих
Бейнеу - 2017
М А З М Ұ Н Ы:
Кіріспе...........................................................................................6-10
Негізгі бөлім.
І Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтар........... 11-18
ІІ Орналасқан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайы.......19-27
ІІІ Жер аударылған халықтың еңбектерін пайдалану..........28-47
Қорытынды……………………………………………...............48-52
Ұсыныс.....................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………....54
А Н Н О Т А Ц И Я
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихы, өмірінің ерекшеліктерін және өз өмірін сақтап қалудың амал-әрекеттерін жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылады.
Алға қойылған мақсат төмендегідей міндеттерді анықтады:
-
Жер аударылған халықтардың орналасу географиясына, сандық және сапалық құрамына сипаттама беру;
-
халық шаруашылығында жер аударылғандардың және арнайы қоныстанушылардың жұмыс күшін пайдалану процесін ашып көрсету;
-
жер аударылғандардың және арнайы қоныстанушылардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп қарастыру;
арнайы қоныстардың жағдайындағы бас бостандығынан айырылып, күшпен жер аударылған халықтардың өз өмірін сақтап қалу әрекетінің өзгеріс ерекшіліктерін анықтау
Зерттеу кезеңдері:
1. Жаппай жер аударылғандар туралы мәліметтер іздестіру;
2. Арнайы жер аударылғандардың ішінде Еңбек Ері атанғандардың өмірлік жол тарихын зерделеу;
3. Барлық зерттелген мәліметті жинақтап, жобаға енгізу.
Зерттеу әдісі:
Зерттеу жұмысы негізінен іздену, салыстыру, жинақтау, талдау тәсілдері арқылы жүргізілді.
Зерттеу нысаны.
Қазақстан аумағына күштеп жер аударылған халықтар болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Ғылыми зерттеуде бұрын ғылыми айналымға тартылмаған тың деректер мен құжаттардың кең ауқымда қолданылу жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми жұмыста ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Қазақстан аумағына жер аударылған әр түрлі ұлт өкілдері туралы зерттелінді.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. XX ғасырдың 30-50 жылдары Қазақстандағы арнайы жер аударылған халықтар жеке - жеке зерттеліп, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер, тарихтағы алатын орыны, тұрмыс тіршілігіндегі кездескен қиындықтар, ұлттардың әлеуметтік деңгейін сараптау немесе белгілі бір аумақ бойынша зерттеу жұмыстары аз жазылған жоқ. Ғылымда арнайы жер аударылған халықтарды тұтастай қарастыру, олардың әлеуметтік жағдайы мен материалдық қиындықтары бұрын біртұтас нақты қарастырылмады. Ондай мүмкіндік енді туып отыр. Бұл біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Басты назарда ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы Қазақстанға жер аударылған, мал-мүлкі кәмпескеленген, қудалауға ұшырағын топ өкілдерінің күнделікті өмірі болып отыр. Миллиондаған КСРО азаматтары ХХ ғасырдың бірінші жартысында қудаланып, түрмелерге қамалып, жер аударуға ұшырады. Зерттеу жұмысында арнайы жер аударылған халықтардың саны мен орналасуы, әлеуметтік жағдайына нақтырақ назар аударылған. Сондықтан да бүгiнгі таңда тарихтағы көптеген мәселелердiң шешімін тауып зерттеу қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі. Зерттеу жұмысын жүргізу, тарихтың ашылмаған беттерін ашу дүниеден өткендер үшін керек емес, ол артында қалған ұрпаққа ащы шындықты білу үшін қажет.
Еліміз тәуелсіздік алып, егемендікке қол жеткізген соң, тарихымыздың жазылмай бүркемеленген, зерттелмеген тұстарын қайта қарау ісі жүзеге аса бастады. Тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтты мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев басты рөл атқарды. КСРО мемлекетінің жүргізген саясатының нәтижесінде, қазақ жері көп ұлтты мемлекетке айналса, еліміз азат болған кезеңде көп ұлттылық мемлекетімізде сақталып қалды. Ол Елбасының саясатының нақты әрі оң болғандығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының Х сессиясындағы «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – этносаралық ықпалдастықтың басты тетігі» атты баяндамасында былай деген болатын: «Күрделі жағдайларда біз халқының барлық этностық топтарының арасындағы өзара қатынастардың оңтайлы моделін жасай алдық... Біздің этносаралық келісім моделі қоғамда іске асқан азаматтық келісім формуласы ретінде планетаның мемлекеттеріне ұсынылды». Бүгінде Қазақстан Республикасы мемлекетімізде өмір сүретін жүзден аса ұлттың отанына айналды. Жүргізілген саясаттың салдары мен нәтижесі көптеген тарихи зерттеулердің жүргізілуінің себебшісіне айналды.
КСРО көлемінде жүзеге асқан тоталитарлық жүйе, оның салдары, аз уақытта елі мен туған жерінен айрылған ұлттарды қалыптастырды. Жазықсыз «халық жауы» атанған ұлт зиялыларын зерттеу тарихшылардың назарынан тыс қалмады. Орталықтандырылған өндіріс орындарын жоспарлау, кадрлар мен арзан еңбек күшін еркін пайдалану мемлекеттің экономикасы үшін дамудың жоғары сатысына жеткізді.
Аталған адамдардан кеңестік қоғамның айрықша әлеуметтік тобы – арнайы жер аударылған халықтар белгілі нысанаға келе бастады. Оның құрамында тұтқындар, кәмпескеленген кулактар, жер аударылғандар, еңбек әскерилері, әскери тұтқындар болды.
Арзан жұмыс күшіне сұраныстың көп болған кезі 1920-1930 жылдар, яғни елді индустрияландыру кезі болатын. Арнайы жер аударылған халықтарды жаңа жүйе бойынша түрмелер мен еңбекпен түзету лагерлері, арнайы ауылдарда ұстау жүзеге асырыла бастады.
1930-1940-шы жылдардың ортасында түзету мекемелер және арнайы ауылдардың жүйесінде ерекше өзгерістер енгiзiлмедi, олардың негiзгi құрылымы сақталынды. Уақыт өте келе арнайы жер аударылған халықтардың санының өсуi, елде заң шығару жүйесiнiң қаталдандыруы болып, ол 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргінге алып келді. Ұлы Отан соғысы жылдарында оның құрамын еңбекке жұмылдырылғандар, бейтарапталған әскери тұтқындар тағы бiрнеше топтар құрастырылды. Арнайы жер аударылған халықтардың әлеуметтiк-саяси мәртебесінің әр түрлілігі соншама оларды ажырату өте күрделi болды. Әйтсе де, оларды бас бостандығы жоқтығы мен қоғамға пайдалы еңбек көзі болғандығы біріктірді.
Адамдар өз еркінен тыс еңбекке мәжбүрлеп пайдаланылды, барлық жұмыстың ең күрделісін, табиғи-климаттық шарттары нашар аудандарда еңбек етті. Сондай аймақтардың бірі - Қазақстан. 1930 – 1950 жылдары экономикалық өрлеудің күрделі кезінде мемлекеттің индустриялы жоспарларында шикізат беру аймағына айналды. Сондықтан да сол еңбек еткен адамдардың ел экономикасына қосқан үлесі, еңбектері, олардың күнделікті өмірі өзекті мәселе болып отыр. Арнайы жер аударылған халықтар үшін қасірет алып келген өткен күндердің парақтарын ашып, көрінісін көрсетіп қана қоймай, тарихтағы жағымсыз құбылыстар саяси бағыттан қолдау тапқан құбылыс болғандығын ғылыми тұрғыдан көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі: Жер аударылған халықтар саясаттың жазықсыз құрбанына айналды. Бұл мәселені тұтас қарастырып, зерттеу қазіргі отандық тарих ғылымы үшін маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Арнайы жер аударылған халықтарды фашизмның көмектесушiлерi, кеңестік жүйеге қарсы келгендер деп айып тағылған болатын. Қалай болса да арнайы көшірілгендер КСРО азаматтары болып қала берді, бірақ мемлекет шектеген аймақтан шығуға құқығы болмады. Оларды саяси және әлеуметтік-демографиялық жағынан бір ортақ нәрсе байланыстырып тұрды: үнемі бақылауда және ешқайда кете алмайтындай құқығы болмады.
1960 жылы американдық тарихшы Р.Конквесттің «Кеңестік халықтардың жер аударылуы», «Үлкен террор» деген атпен жарық көрген кiтабы жарияланды. Содан кейін 1973-1975 жылдары Парижде А.И. Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» атты үш томдық еңбегі жарық көрді. КСРО ның жер аудару жөніндегі ғылыми зерттеушілері үшін қызық тудырған кітапқа айналды. Еңбекте мұрағат құжаттары пайдаланылмайды, автордың әңгімесі барысында, сұхбаттар барысында жазылған. Арнайы жер аударылған халықтар мәселесіне қатысты қызығушылық танытқан шет елдік авторлар мақалаларын жариялап жатты. Түрік авторлары Ш. Мұрат және С.Озбай сталинизм саясатындағы қуғын-сүргін мәселесін қарастырып, Кеңес Одағының басшылары арнайы жер аударылған халықтарға жер аудару кезінде келтірген рухани және материалдық зиянын қайта қалыптастыру үшін ешқандай іс-шара қолданбағандығын баса назар аударып айтып өткен .
Жекелеген халықтардың жер аудару тарихы туралы ХХ ғасырдың соңына қарай нақты жазған ресейлік тарихшылар Н.Ф.Бугая мен В.Н Земсков еңбектерін атауға болады. Қазақстан бойынша жер аударылған халықтардың орналасуы мен саны бойынша В.Н Земсков нақты мәліметтер келтірді. Арнайы қоныс аударғандар туралы мәселені В.Н Земсков кеңінен зерттеп, «Арнайы қоныс аударғандар», «Арнайы жер аударғандар мен арнайы қоныс аударылғандардың көпшілігін босату», «ГУЛАГ», «Кулактардың жер аударылуы» тақырыптарына мақалалар дайындады.
Н.Ф.Бугай 1989 жылдан бастап жер аудару мәселесін зерттеуге кірісті, өз жұмысында бұрын айналымға енгізілмеген мұрағат құжаттарын ұсынды. Сталин мен Берияның Кавказ, Грузия, Қырымнан жер аударылған халқы жайлы хаттарын жариялады. Сонымен қатар оның «Не үшін халықтарды жер аударды?», «КСРО халықтарын жер аудару мәселесі бойынша 30-40 жж.», «Эшелондарға тиелген», «Неміс автономиясын тарату» сынды мақалалары, еврей халқының КСРО аумағындағы жер аударылуы, шешен, ингуш халықтарының қоныс аударуындағы шындықтар, түріктердің жер аударылуы мәселесін қамтыған монографиялары жарыққа шықты. Олардың ғылыми жұмыстары басқа да зерттеу жұмыстарының жалғасын табуына себепші болды.
Кеңес үкіметі кезіндегі халықтардың көші-қон мәселесі туралы зерттеген ғалымдар да аз болмады, осы мәселені барлық қырынан қарастырап, құнды деректермен дәлелдеген, ерекше көңіл бөліп қарастыратын 2001 жылы жазылған П.М.Полян «Өз еркінен тыс... КСРО-ға күштеп көшіру географиясы мен тарихы» сияқты еңбегін атауға болады. О.Б.Глезермен біріге отырып ол 1930-1950 жж. жер аудару картасын жасақтады.
Австриялық тарихшы А.Капплер де өз жұмысында жалпыламалық жасап жіберген. Ол балкар, қарашай, шешен мен ингуштарды Ресейге Кавказ соғысы кезінде көп қарсылық көрсеткендер деп жазды. Құбылыстың бір бөлігін қарастырып алынған қортындыларды, қолдана отырып автор сталиндик жер аудару саясатының барлығын сол көріністермен сипаттаған.
Бостон қаласында 2005 жылы Ирина Мухина «Кеңес Одағының этникалық немістерінің: жаңа өмірге көз қарасы, ұқсастықтар құрылымы 1941-1956 жж» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылы Нью Йорктен автордың «Кеңес Одағының немістері» кітабы жарыққа шықты. .
Яков Рой «Жазаланған халықтардың тарихнамаға айналуы» бұрынғы кеңес республикаларының халықтарының тұтастай жер аударылып кеткендігі, нақты фактілер бойынша мысалдар келтіре отырып жазған. В.Хионидоу мен Д.Сондерстер «Кавказдан Қазақстанға 1949 жылы жер аударылғандар гректердің ауызша тарихы: қуылғандар мен пионерлер» мақаласын жариялады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста тарихтың беттері ашыла бастады. Жер аударылған халықтар тарихын жазу мәселесін алғаш қарағандардың бірі академик М.Қ.Қозыбаев болатын. Қазақстандық зерттеушілер де тоталитаризм мәселесін өз еңбектерінде, конференциялар мен дөңгелек үстелдерде жан – жақты талқылап қарастырды. Қазақстандағы жер аударылғандар туралы мектеп оқулықтарына «Қазақстан тарихы» кітабына құжаттар жиынтығын, халықтардың қасіреті туралы жариялады. .
С.Исакиеваның «1944–1957 жылдары жер аударылған шешендер мен ингуштар Орталық Қазақстандағы шахталар мен кен орындарында» деген атпен мақаласы Ресей журналында жарыққа шықты. Қазақстандағы арнайы жер аударылған халықтар жайлы осыған дейін саяси, экономикалық жағынан қаралса, яғни Қазақстан аумағына жер аударылған халықтардың тарихы, орналасуы, саны мен жұмыспен қамтамасыз етілуі, шаруашылыққа араласып, білім алуы туралы жазылды. Қарағанды лагерлеріндегі тұтқындар саны, еңбекке тартылуы мен жетістіктері туралы жазылды. Зерттеушілер тарапынан осыған дейін арнайы жер аударылған халықтар әрқайсысын бөліп қарастырылып, тұтастай арнайы жер аударылған халықтар күнделікті өмірі қарасытырылмай отыр. Арнайы жер аударылған халықтар мәселесі саяси жағынан қаралып, күнделіктілігі зерттелмеген. Зерттеушілер еңбектерінде арнайы жер аударылған халықтар күнделіктілік мәселесі қарастырылмай, зерттеу еңбектерінде жеңіл желпі жалпылай қаралып, толық әрі нақты зерттеуді қажет етіп отыр. Енді адамдардың өмірі, пікірі мен көзқарасы зерттеушілер көзінің тасасында қалып жүрген мәселе арнайы жер аударылған халықтардың күнделікті өмірі мәселесі.
Сайып келгенде, Қазақстан аумағына халықтардың жер ауыстыруы туралы бар зерттеулерде орналастырудың аудандарының, тұрғынның ұлттық және әлеуметтiк құрамының өзгерiсi, олардың елдiң экономикалық деңгейін көтеруiндегi рөлі, олардың ықпалының мәселелері әлi жеткiлiксiз зерттелгендігін айта кету керек. Шала-шарпы республикадағы арнайы жер аударылған халықтардың тұрмысы мен медициналық халықтардың дәрiгерлiк қызмет көрсетуiн деңгей, оның ықпалы талқыланған. Арнайы жер аударылған халықтардың жазған хаттары, көңіл- күйлері мен басшылық, жергілікті халықпен қарым қатынасы, халықтардың мәдениеттерiнiң өзара байланысының мәселесі зерттемеген.
Зерттеу тақырыбының деректемелік негізін осы уақытқа дейін жарияланған және алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отырған құжаттар мен материалдардың ауқымды кешені құрайды.
Көптеген материалдар, яғни, жеке тұлғалар бойынша облыстық мұрағаттарда, күшпен жер аударылған халықтардың еңбегін пайдаланған әр түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың қорларында сақталынған. Тек осы материалдардың негізінде ғана еңбекке күштеп жұмылдырылғандардың әлеуметтік құрамы мен жағдайы, білім деңгейі мен отбасы жағдайы, кәсіптік қызметі, өмір сүру мен жұмыс істеу жағдайлары туралы толық көріністі қалыптастыруға болады. Осы ережені басшылыққа ала отырып, біз бірқатар облыстық мұрағаттардың материалдарымен таныс болып, оларға жан-жақты талдау жүргіздік. Атырау облысының мемлекеттік мұрағатында КСРО ІІМ Облыстық мұрағаттардың материалдары аймақтағы арнайы қоныстардың ерекшеліктері туралы құнды мәліметтерді беріп, бізге сол заманның шыңайылылығын терең түсініп-ұғығуға өз септігін тигізеді.
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі. Әдіснамалық зерттеу негізгі екі ұстанымға тірек артады: объективтілік және тарихилық. Оның алғашқысы зерттеу пәнін толыққанды әрі шынайы түрде ашып көрсетуді талап етсе, екіншісі оның негізгі үрдістері мен заңдылықтарын, қарама-қайшылықтарын жалпы тарихи жағдайлардың тұрғысында бекітуді ұйғарады.
Зерттеу барысында нақты-тарихи және жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Жұмысты жазу процесі кезінде бірде-бір өзінің таза күйінде тәжірибеде пайдаланбайтындығы ескерілді. Осы себептен зертеу пәнінің қандай да бір тұстарына мүмкіндігінше нақты талдау жүргізу мақсатында олардың барынша тиімді қисыны таңдап алынды.
Нақты-тарихи әдістердің ішінен зерттеу процесі кезінде өзектілендіру әдісі кеңінен тартылды. Ол зерттеу барысында алынған жаңа білімдерді, нәтижелер мен тұжырымдарды келешектегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға мүмкіндік беріп, зерттеудің маңыздылығын негіздеуге, өткеннен «сабақ алуға», болжам жасауға итермелейді. Тарихи әдістермен қатар жұмыс барысында жалпы ғылыми әдістер де кеңінен қолданылды. Олардың қатарына құбылысты жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық-жүйелілік әдісті жатқызуға болады.
Ғылыми зерттеудің хронологиялық шеңбері 1930 жылдан бастап 1950-ші жылдардың басына дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғылыми зерттеуде бұрын ғылыми айналымға тартылмаған тың деректер мен құжаттардың кең ауқымда қолданылу жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
-
еңбек жер аударылған халықтардың өмірін айқындап отырды. Қиын ауа-райы жағдайында, азық-түлікпен нашар қамтамасыз етілген арнайы жер аударылған халықтар үшін көп күш-қайратты талап ететін ауыр жұмысты орындау өз өмірін сақтап қалудың басты шарттарының біріне айналды. Тек осы жол арқылы ғана олар өзінің азапқа толы өмірін аз да болса бақылаудан шығармауға тырысты;
-
тағдырдың тәлкегіне түсіп, күнделікті ауыр қара жұмыстан көңіл сергіту үшін көптеген тұтқындар өздеріне ақыл-ойды талап ететін кәсіптерді ойлап тапқан болатын. Діни рәсімдер, ән-күй, бейнелеу өнері, дойбы, шахмат және кітаптар тұтқындарға біраз уақытқа болса да аштықты, суықты және көріп жатқан зорлықты ұмытуға көмек көрсетті;
-
социалистік жарысқа қатынасу, сол арқылы біршама жақсы тамақтануға және тұрмысты жақсартуға қол жеткізу мүмкіндігі өз өмірін аман сақтап қалудың шартына айналды;
Ғылыми жұмыс құрылымдық тұрғыда әрқайсысы үш параграфқа бөлінген үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан, деректер мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың мәнін ашу мақсатында пайдаланылған тарихи материалдар дәйектілікпен және кезең-кезеңге бөлініп қарастырылды.
І
Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтар
Кеңес Одағында өмір сүрген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылық, геноцид пен этноцид, саяси қуғын-сүргін сияқты саясаттың салдарын көрді. Кеңес өкіметі жылдарында партия, кеңес, комсомол қызметкерлерімен қатар, тұтас бір халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, Отандарынан күштеп жер аударылды. Арнайы жер аударылған халықтардың ішінде қудалауға ұшырыған, еш жазықсыз жазалы болғандардың алғашқы тобы жер аударылғандар болды. Мал мүлкінен айырып, арнайы қоныстарға жер аударылған ұлттар, бұйрық бойынша КСРО-ның түкпірлеріне жол тартты. Арнайы қоныс аударушылардың саны ең үлкен өлке Қазақстанда, Жаңа Сiбiр облысы, Өзбекстан, Қырғызстан, Омбы облысы, Красноярскте болды. Барлық еңбекке жарамды арнайы қоныс аударушылар ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте жұмысқа орналастырған.
Елдi индустрияландыру мәселесі, әлеуметтiк-экономикалық дамыту, ауылшаруашылық өндiрiстiң қайта ұйымдастырылуы 1920 жылдардың соңына қарай басты мәселе етіп қойылды. Индустрияландыру деңгейінің төмендігі елдiң ортақ экономикалық даму бағыттарын баяулатты. Партияның XV съезі 1927 жылдың желтоқсанында болып, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда 1932 жылға ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
Ауыл шаруашылығының колхоздастыруы 1929-1933 жылдары шаруалардың бiр бөлiгiнiң кәмпескелеуiмен өз жалғасын тауып жатты. Елдiң түкпiр аудандарына айдау не болмаса жер аудару, сотқа беру сынды іс әрекеттер жүріп жатты. Мал-мүлкі тәркіленгендерді арнайы аудандар мен ауылдардың түкпiріне жiбердi, бұл «Кулактарды жер аудару» немесе «еңбектену үшін жер аудару» деп аталды. Бай шаруаларды үш дәрежелі топқа бөлді: 1-шi топқа - революцияға қарсы белсенділер, оларды түрме және лагерьлерге бағыттады, жанұялардың мүшелерi түкпiр аудандарда көшірілді; 2-шi топқа: - ірі байлар мен орташа бай шаруалар елдiң ең түкпiр аудандарында жанұялармен бiргелер арнайы қоныс аудару аймақтарына көшірілді; 3-шi топқа- сонымен бiрге бай шаруалардың көпшiлiгi тәркілеуден кейін ауылдардан қуылып, тұруға лайық емес аудандарға жіберілді.
Алғашқы коллективтендірілу кезеңі өте қиын істің бірі болды. Лагерьдің бас басқармасы мен жер аудару бөлімінің бас басқармасы берген анықтамада «1930-1931 жж. қоныс аударған байлар туралы мағлұмат» бойынша арнайы қоныс аудару кезінде 391 026 отбасы, яғни жалпы саны 1 803 392 адам болғаны көрсетілген.
Байлардың шаруашылықтарын зорлықпен жою, жазалау әдiстерi Сталинның бағыты барлық жерде таратылды. Төменгі Волгадан 18092 отбасы, Орта Волгадан 11477 отбасы, Орталық-Жерорта облыстарынан 10544 отбасы, Нижегород аймағынан 50 отбасы, Москва облысынан 2972 отбасы, Орта Азиядан 159 отбасы, Кавказдан 870 отбасы жер аударылды.
БКП(б) ОК (ЦК ВКП(б)) қаңтардың 30 күнгі қаулысына сәйкес, Жер аудару бөлімінің бас басқармасының (ЖАБББ) 1930 жыл 2 ақпандағы №44/21 бұйрығына сәйкес байлардың мал –мүлкін тәркілеу, тұтқынға алу, байларды жанұяларымен қоныс аудару, жер аудару шаралары қарқынмен жүргізілді.
Жер аудару бөлімінің бас басқармасының орталықтағы басшылардың тапсырмалары бойынша байларды жер аудару ісі жүргізілді. Жер аудару бөлімінің бас басқармасының көлік бөлімі пойыз құрамын дайындап, үзіліссіз қоныс аударушыларды жеткізіп тұруды қамтамасыз етті.
Сонымен қатар осы күні Жер аудару бөлімінің бас басқармасының бірінші және екінші сатылы мал-мүлкі тәркіленген байларды Солтүстік аймақтарға, Орал, Сібір мен Қазақстанға жіберу туралы бұйрығы жарияланды. Кейін жер аударылатын байларды басқа да аймақтарға жіберу жоспарға енді.
Сталиннің ұжымдастыру саясаты ауылдардың тоналуымен қатар, экономикалық және әлеуметтік зардаптарға, шаруалардың өз істерін жатсынуына алып келді. Бұл саясат елдегі жікке бөлініп күресуге, бай шаруалардың жәбірленуіне, байларға жалшылар және кедейлерiн қарсылығы, шаруаларының зорлыққа қарсылығы, яғни әлеуметтiк соғыс шаруашылықтың iшiнде тұтанды, ауқатты шаруаларға ауылдың төменгi жақтарының айдап салу саясаты жүргiзiлдi.
Сталин және Молото
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген