400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің перспективалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізде білім беру деңгейін арттырып, мектепке дейінгі білім беру саласының болашағын жарқын ету мақсатында мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін оқу материалдарын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің перспективалары»

Жаңартылған білім беру мазмұны-мектепке дейінгі білім берудің перспективасы

Елімізде білім беру деңгейін арттырып, мектепке дейінгі білім беру саласының болашағын жарқын ету мақсатында мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін оқу материалдарын дайындауда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту мақсатында жасалған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жолға қойылып отыр. Маман ретінде, мектепке дейінгі білім беру саласының жанашыры ретінде жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарларда белгіленген бағыттар бойынша жұмыстар жүргізуіміз керек. Бұл біздің,тәрбиеші-педагогтардың міндеті болып табылады. Осылайша еліміздегі мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәселелер өз шешімін тауып, қарқынды дамымақ.

Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнын балаға меңгертуде тәрбиеші жаңашыл болуы керек.Жаңа білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілікті арттыру бағдарламасы жаңартылады және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
      2020 жылға дейін біліктілікті арттырудан жыл сайын 73,3 мың адам өтеді деп жоспарлануда. Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының базасында педагогикалық шеберлік орталығында өтетін болады, онда курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1, 2, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат беріледі.

Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, біліктілікті арттыру жүйесінің бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, ұйымдастыру моделін реформалау көзделеді.

Жыл сайын педагог қызметкерлер білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар базасында біліктілігін арттырып отырады;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту және жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған міндеттерді орындау мақсатында:

  • балалардың физикалық және психоәлеуметтік саулығын нығайту;

  • балаларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға баулу;

  • патриоттық, толеранттық, рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру ( «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел», «Туған жер» бағдарламасы);

  • балалардың ерте дамуы үшін әлеуметтік дағдылар мен өздігінен үйрену дағдыларын дамыту;

  • балалардың дарындылығы мен жеке қабілеттерін дамыту;

  • мақсатты түрде балаларды мектепке дайындау;

Аталған міндеттер білім беру қызметін одан әрі ұйымдастыру барысында:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын;

  • балаларды мектепке сапалы даярлауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін енгізуді атап көрсетті.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Міне осыған байланысты тәрбиешілер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруы. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-балаға үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, бақылау, саралау, АКТ-ны қолдану, баламен жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасай білу.

Балалар өзін-өзі бағалауды, қасындағы құрдастарын бағалауды үйренді, оқу қызметті меңгерген, меңгермегенін кері байланыс арқылы бере біледі. Оқу қызметінің соңында рефлексия жасауды меңгереді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны:

  • оқытуды ұйымдастыру тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;

  • мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;

  • балалардың бойында жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі;

  • балалардың зияткерлік және жеке дене дамуы үшін жағдай жасайды;

  • күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың тілдік дағдыларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымның қалыптасуына және дамуына көмектеседі;

  • ата-аналармен ынтымақтастық қарым- қатынас орнатуға көмектеседі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны:

  • өтпелі тақырыптарды қолдану арқылы перспективалық жоспар;

  • апталық циклограмма;

  • балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін индикаторлар жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңдағы білім берудегі инновациялық технологиялар-мектепке дейінгі білім берудің перспективасы.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту балаларды мынадай жетістіктерге жеткізеді:

-әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

-әр баланың жеке қабілеті анықталады;

-бір-бірімен бәсекеге түсе алады;

-өзін-өзі бағалай алады;

-қорытынды жасай алады;

Қазіргі таңдағы білім берудегі инновациялық технология түрлері:

1.Денсаулық сақтау технологиясы

2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы

3.Зайцев технологиясы

4.Әуенді кесте технологиясы

5.Дамыта оқыту технологиясы

6.Ақпараттық-қатынастық технология

7.Ойын технологиясы

8.ТРИЗ технологиясы

9.Монтессори технологиясы

Инновациялық технологиялар – заманауи әлеуметтік мәдени жағдайда баланың тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен оң нәтижелерге жетуге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдері мен тәрбие құралдарының жүйесі. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үрдісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; баланың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Еліміздің барлық оқу мекемелерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, білімнің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да өзгереді. Сол себепті, қазір жалпы барлық білім беру ұйымдарында оқытудың инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде баланың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, ұйымдастырылған іс-әрекетте өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді. Ұсынылып отырған инновациялық технологиялар мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар қауымына білім беру үдерісін дамытуда, заманауи ғылыми деңгейде ұйымдастыруға көмектеседі. Сондықтан мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға инновациялық технологиялар арқылы мемлекеттік тілді меңгерту өте тиімді. Қазіргі қоғамдағы ғылыми-техникалық үдерістен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті.

Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Қорыта келе айтарым еліміздің болашағы жас ұрпақты жаңартылған білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып оқытуымыз қажет. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тәрбиелеу мен оқытудың нәтижесінде тәрбиеленушілерімізді мынадай жетістіктерге жеткіземіз:

  • Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Әр баланың жеке қабілеті анықталады;

  • бір-бірімен бәсекеге түсе алады;

  • өзін-өзі бағалай алады;

  • қорытынды жасай алады;

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  3. Adisteme.kz сайты

  4. Goo.kz сайты

  5. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістері. Әдістемелік ұсыным





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі