Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш Қазақ тілі 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш Қазақ тілі 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазастандағы қорықтар. Толықтауыш" тақырыбындағы сабақ жоспарын өз қажетіңізге жаратады деген сенімдемін. Сабақ мақсатқа сай, ізденіспен құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш

Бөлім:

Синтаксис. Биоалуантүрлілік

Педагогтің аты-жөні:

Мухаметжанова М.М

Күні:

23.01.2024

Сыныбы: 8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.5.1.перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

8.4.4.2 тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерді сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану

Сабақтың мақсаты:

  • Перифраз тәсілдерін қолдана отырып,мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

  • тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орнын біледі, қолданады




Сабақ кезеңі

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5минут































Сабақтың ортасы

35



















Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Кезекшімен әңгіме


3.Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.




4.Үй тапсырмасын сұрау

Өткен білімді еске түсіру мақсатында сұрақтар қою «Жұқа және қалың сұрақтар» әдісі

1.Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысында өсімдіктердің неше түрі бар?

2.Басқа көрші елдермен салыстырғана өсімдік түрлері неге аз?

3.Қазақстанда өсімдігі жағынан бай өлкені атаңдар

4.Қазақстанның бүкіл аумағының қаншасын ормандар алып жатыр?



5.Қазақстанның өсімдік және орман әлемін байыту үшін қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыңдар?

6.Анықтауыш деген не?

7. Анықтауыштың жасалу жолдары қандай?









Сурет көрсету арқылы ой шақыру

Суреттерден не байқадық?







Жарайсыңдар! Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақстандағы қорықтар.Толықтауыш

Сабақ мақсаты:

1.Перифраз тәсілдерін қолдана отырып,мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

2.Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орнын біледі, қолданады


Толықтауыш ережесімен таныстыру


Толықтауыш , толықтауыштың түрлері туралы түсіндіру







Қорық туралы мәлімет беру


1-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі

Бейнекөріністен қажетті ақпараттарды түртіп ал.

Қорық туралы бейнекөрініс көрсетіп болған соң, сұрақтар қоямын

  • Бейнебаяннан қандай қорықтардың атын естідік?

  • Қорықтың басты мақсаты не?

  • Бұл қорықтар Қазақстанның қай аумақтарында орналасқан?


Перифраз дегеніміз- құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті), т.б

«Ойлан, жұптас!» әдісі

Топтық тапсырма.

2-тапсырма. Топпен мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша перифраз тәсілдерін қолданып, сұрақтар құрастыр. Құраған сұрақтарын жұптарына қояды.





3-тапсырма орындайды.

Берілген мақалдарды сөйлем мүшесіне талдаңдар. Тұрлаулы,тұрлаусыз сөйлем мүшелерін тауып, толықтауыштың мағыналық түрін анықтаңдар(тура, жанама)



1.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

Оқушы амандасады.

Тақтадан хормен оқиды.

Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу– парыз,

Күзетінде тұру – парыз.


Үй тапсырмасына жауап береді


1.Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000дай өсімдік түрінен тұрады

2.Оған Қазақстан жеріндегі шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді.

3.Қазақстанның таулы аймақтары өсімдігі жағынан бай өлке болып саналады.

4.Қазақстанның бүкіл аумағының 11,4миллион гектар жерін ормандар алып жатыр?

5. оқушы жауабы.

6. Анықтауыш- зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады.

Сұрақтары: қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Неше? Нешінші? Қанша? Қайдағы? Қашанғы?

7. Анықтауыш мына сөз таптары арқылы жасалады: сын есім, есімдік, зат есім, сан есім, есімше







-Қазақстан картасы

-Қорықтарды

-Табиғат

-Жануарлар








Толықтауыш, оның мағыналық, құрылымдық түрлерімен танысады









Мысалдар келтіреді, түрлерін ажыратады




Оқушылар бейнекөріністі көре отырып, ондағы қажетті ақпараттарды дәптерлеріне түртіп алады



Қазақстанның қорықтары туралы

Қазақстанда 10қорық бар

Қорық –сирек кездесетін аңдар мен жануарларды, әр алуан құнды өсімдіктерді қорғап өсіретін аймақ.

Айтқан қорықтар туралы ақпараттарын картадан көрсетіп, белгі (стикер) қояды.


Перифраз туралы біледі











100-бет, 2- тапсырма

Мәтінді оқиды. Перифраз тәсілдерін қолданып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

.......................

.......................

......................



  1. Қоянды қамыс өлтіреді,

Жігітті намыс өлтіреді.

  1. Ақ көңілден арамдық шықпас,

3.Көзі соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық

Қалыптастырушы бағалау

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп,талқылауға белсенді қатысқан оқушыға «Жарайсың»» деген мадақтау сөзімен ынталандыру































Жарайсыңдар!


























Дескриптор:

-Бейнекөріністен қажетті ақпараттарды түртіп алады-1




















Дескриптор:

-қорықтар туралы біледі-1б

-Перифраз тәсілдерін қолданады-1б

-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады-1б

-Жұптарының сұрақтарына жауап береді-1б


Дескриптор:

- сөйлем мүшелеріне талдайды-1б

-Тұрлаусыз мүшелерді табады-1б

-Толықтауыш қызметінде тұрған сөздердің мағыналық түрін анықтайды-1б

-Құрамына қарай ажыратады-1б

Оқулық «Мектеп» баспасы,

2018 ж С.Дәрібаев, Г.Орда, А.Сатылова


ҚБ тапсырмалары


Презентация

«Жұқа және қалың сұрақтар» әдісі

















Презентация

Суреттер
















Презентация

Суреттер













Бейне

Көрініс «Қорықтар»

«Түртіп алу» әдісі


Қазақстан картасы

















«Ойлан, жұптас!» әдісі














Сабақтың соңы

5мин

«Сұрақтар арқылы сөйлем құрау» әдісі

Тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, сөйлемдер құрайды. Сөйлем мүшелерін ажыратады. Толықтауыш, оның түрлерін табады.

Кім? Нені? Не істеді?

Кім ? Кімге? Нені? Не істеді?

Не?Неден? Не істеді?

Сабақты қорыту. Балалар , бүгін сіздер сабақта перифраз тәсілдерін қолдана отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырдыңыздар, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орнын білдіңіздер, сөйлем құрауда қолдандыңыздар

Ықтимал жауаптар




Оқушы тапсырманы орындады.(тура)

Айнұр анасына көйлегін үтіктетті(жанама, тура)

Мысық иттен қашты(жанама)




Дескриптор:

-Сұрақтар орнына сөздерді қойып, сөйлемдер құрайды-1


«Сұрақтар арқылы сөйлем құрау» әдісі



Үйге : Табиғатқа байланысты тыйым сөздерді тауып, жазып келу


Кері байланыс «3-2-1» әдісі




Бағалау

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады


Үш маңызды ақпарат

Екі қиындық тудырған аспект

Бір жетістік


Бағалау парақшаларын толтырады.








1-10 баллдық жүйемен бағаланады.





«3-2-1» әдісі



Қима қағаздар

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2025
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі