400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстандық патриотизм

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының сарабдал саясатының барша қазақстандықтарға арнаған жолдауында еліміздің тұтқасын берік ұстар жастарымызға үлкен қолжетімді мүмкіндіктер қарастырылған. Әрбір қазақстандық жас осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу керек. Елім деп еңіреп, қара қазан,сары бала қамы үшін толарсақтан саз кешкен Махамбеттерше өршіл, рухы биік патриот болу керек. Әрбір жалынды жастың жүрегінде еліне, жеріне, атамекеніне деген патриоттық рух, сүйіспеншілік сезім, ұлтжандылық қасиет орын алуға тиіс. Ал ол қасиетті ұрпақ бойына қалай дарытамыз? Балаға тәрбие тал бесіктен бастап беріледі, кейін киелі білім ордасында, киелі өзі туып-өскен қара шаңырағында жалғасын табады. Сайып келгенде, жас ұрпақтың рухын оятып, күш-жігер беретін тағы да біздер-ұстаздар қауымының мерейлі міндеті мен парасатты парызы болып табылады. Сондықтан да кез келген қазақстандыққа аса қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Жаңа дәуірдегі Қазақстандық патриотизм:ол қандай болуы керек?"

"Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік

болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл

намысты, биік рухты болса-ол елдің еңсесі биік

болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл,

патриот келеді,халқына,өз ұлтына адал қызмет

етуге ұмтылады.

Н.Ә.Назарбаев

Жаңа дәуір. Мәңгілік ел. Қазақстандық патриотизм. Осы бір сөз тіркестерінің астарында бір-бірімен етене үндесетін, бір-бірінен ерекше қуат алатын, өскелең ұрпақтың рухын мәңгілік биікке самғатар, тәуелсіз елдің тізгінін ұстар намысшыл жастарымызды тәрбиелеуде таптырмас ұғым жатыр десем артық айтқандық болмас. Олай дейтінім: бабаларымыздың арманы, батырларымыздың қанымен сағындырып қолымыз әрең жеткен тәуелсіздігіміздің тұғырының биік, әрі мәңгілік болуы-елбасымыз атап көрсеткендей,"Қазақстанның болащағы-жастардың қолында" демекші,біздің жастарымыздың қолында. Демек, осындай бір баға жетпес тәуелсіз елде шалқып өмір сүріп жатқан біздер қандай бақыттымыз..?!

Елбасының сарабдал саясатының барша қазақстандықтарға арнаған жолдауында еліміздің тұтқасын берік ұстар жастарымызға үлкен қолжетімді мүмкіндіктер қарастырылған. Әрбір қазақстандық жас осы мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана білу керек. Елім деп еңіреп, қара қазан,сары бала қамы үшін толарсақтан саз кешкен Махамбеттерше өршіл, рухы биік патриот болу керек. Әрбір жалынды жастың жүрегінде еліне, жеріне, атамекеніне деген патриоттық рух, сүйіспеншілік сезім, ұлтжандылық қасиет орын алуға тиіс. Ал ол қасиетті ұрпақ бойына қалай дарытамыз? Балаға тәрбие тал бесіктен бастап беріледі, кейін киелі білім ордасында, киелі өзі туып-өскен қара шаңырағында жалғасын табады. Сайып келгенде, жас ұрпақтың рухын оятып, күш-жігер беретін тағы да біздер-ұстаздар қауымының мерейлі міндеті мен парасатты парызы болып табылады. Д.Дьюри айтқандай,"Егер оқушыны қызықтыра білсек, олардың таным белсенділігі ешқашан төмен болмайды" деп, таным белсенділігі мықты баланың елін сүйер патриот болатыны айдан анық.

Көгілдір көк туымыздың желбірегенін шынайы көріп өскен, қазақ жүрегінің жырына айналған "Атамекен" әнін сүйіп өскен қазақ елі қандай бақытты..? Ендеше, осындай көңілі дарқан, пейілі кең Қазақ Елінің әрбір азаматының елін сүйер нағыз патриот болатынына және де жаңа дәуірдегі патриотизмнің де сөз жоқ осындай болатына сенімім мол.





Кистаубаева Алмагуль Колганатовна

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосы

Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

байланыс тел: 8-777-157-62-27

e-mail almagul-7373@mail.ru

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі