Материалдар / ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада бәсекелестікке анықтама беріліп, оның туризмнің дамуы үшін маңыздылығы көрсетіледі. Қазақстандық туризмнің бәсекелестік мәселелері талданып, оны шешудегі бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан шараларға баға беріліп, бәсекелестікке қабілеттікті арттырудың маңызды бөлігі ретінде баға саясаты сипатталады. Баға саясатын оңтайландырудың бірқатар тәсілдері ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
297
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 330.34.014
Әбдрашова А.Л. Туризм мамандығы бойынша бакалавр 4 курсы
Ғылыми жетекшісі: Шакен А.Ш. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИЗМНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Бұл мақалада бәсекелестікке анықтама беріліп, оның туризмнің дамуы үшін
маңыздылығы көрсетіледі. Қазақстандық туризмнің бәсекелестік мәселелері
талданып, оны шешудегі бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан шараларға баға беріліп,
бәсекелестікке қабілеттікті арттырудың маңызды бөлігі ретінде баға саясаты
сипатталады. Баға саясатын оңтайландырудың бірқатар тәсілдері ұсынылады.
Кілт сөздер: Туризм, бәсекелестік, баға саясаты, қоғаммен байланыс, жастар
туризмі, туристік серіктестік.
Бәсекелестік туристік нарықтың негізгі институттарының бірі және
туризмның тиімді жұмыс жасауының маңызды шарты болып табылады. Бәсекеге
қабілеттілік ұғымын зерттеушілер әртүрлі жолдармен анықтайды.
М.
Портер бәсекеге қабілеттілікті тауардың, қызметтің, нарықтық қатынастардың
субъектісі ретінде анықтайды, сонымен қатар нарықта ұқсас тауарлармен,
қызметтермен және нарықтық қатынастардың бәсекелес субъектілерімен қатар
әрекет етуі деп тұжырымдайды [1]. Н. З. Сафиуллин,
Л. Н. Сафиуллин
бәсекеге қабілеттілікті нарықтық қатынастар жүйесіндегі бәсекелестікке төтеп
бере алатын экономикалық қызметінің оңтайлылығы мен кірістілігін салыстыру
бойынша өндірістік қатынастар жүйесінің элементтері арасындағы қатынас
ретінде сипаттайды. Кең мағынада, экономикалық салаға қатысты бәсекеге
қабілеттілік дегеніміз экономикалық бәсекелестік субъектісі үшін
артықшылықтар тудыратын қасиеттерге ие болуды білдіреді, және бұл қасиеттер
бәсекелестіктің әртүрлі субъектілеріне — өнім түрлеріне, кәсіпорындарға
(өндірушілерге), салаларға және, сайып келгенде, елдерге жатады [2]. Р. А.
Фатхутдинов осы нарықта ұсынылған ұқсас объектілермен салыстырғанда нақты
қажеттілікті нақты немесе ықтимал қанағаттандыру дәрежесімен сипатталатын
объектінің қасиетін бәсекеге қабілеттілік деп санайды [3].
Туристік қызметтердің әлемдік нарығы қазіргі жағдайда әлемдік
экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан және ең тиімді салаларының бірі
болып саналады. Туристік қызметтердің халықаралық саудасы елдерді
валюталық түсімдер түріндегі кірістермен қамтамасыз етіп қана қоймайды,
туризмнен мультипликативті әсер арқылы байланысты салалардың дамуына әсер
етеді, сонымен бірге халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді,
осылайша әл-ауқат, мәдени даму және білім деңгейін арттыруға тікелей әсер
етеді. Үлкен аумақ, бай табиғи ресурстар, ерекше тарихи мұра, әлеуметтік және
мәдени игілік объектілері – мұның бәрі біздің елімізде, жеке-жеке немесе бірге,
соңғы жылдары Қазақстанға туристік келушілердің көбеюінен көрінетін
туристерді тартады. Алайда, саланы дамыту жолында тұрған проблемаларға

байланысты біздің еліміздегі туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілік
деңгейі әлі де төмен. Сондықтан қарастылып отырған мәселенің өзектілігі айқын,
отандық туризм индустриясының дамуы және оның халықаралық деңгейдегі
бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы елдің экономикалық өсуі, байланысты
салалардың дамуы, халықтың әл-ауқатының жоғарылауы, туристік
инфрақұрылымды модернизациялауы, сондай-ақ туризмді дамытудың жаңа
перспективалы бағыттарын анықтау және Қазақстан жекелеген аймақтарының
туристік әлеуетін ашу туризмдегі бәсекелекестік мәселелерін шешудің
маңыздылығын айқындайды.
2021 жылы Euromonitor International компаниясы тұрақты туризмі бар
елдердің рейтингін жасады, тізімде барлығы 99 ел бар. Бірінші орынды Швеция,
Финляндия және Австрия алса, тізімді Маврикий (97-орын), Үндістан (98-орын)
және Пәкістан (99-орын) аяқтайды. Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде 62-ші
орынға ие болып, 65-ші және 66-шы орындарда орналасқан Ресей мен Түркиядан
озған болатын. Бұл тізім экологиялық таза, парасаттылық және жауапкершілік
сияқты принциптерге негізделген. "Тренд идеологтары" тұрақты туризм
туризмнің дамуын және қоғамның табиғи ресурстарын, әлеуметтік және мәдени
құндылықтарын сақтау үшін жағдайларды ескеретінін атап өткен. Оның мақсаты
- экономикалық өсу және болашақ ұрпақ үшін экологиялық игіліктерді сақтау
арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу болып
табылады. Euromonitor International жаһандық нарықтарды зерттейді және бүкіл
әлемдегі индустрияларға, компанияларға, экономикаларға және тұтынушыларға
стратегиялық зерттеулер жүргізеді. Бұл зерттеулер халықаралық компаниялар
үшін, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін маңызды ақпарат көзі болып
табылады [4]. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары
дайындаған "Туризм мен саяхаттардың бәсекеге қабілеттілік рейтингісі - 2019"
бойынша 80-ші орынға ие болды.
Қазақстанның әлем елдері арасында туризмдегі бәсекелестіктік
рейтингісінде ілгерлеуі байқалғанымен, Қазақстандық туризмның бәсекеге
қабілеттілігін төмендететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, Қазақстанда
туризм секторы сапа мен тұрақтылық стандарттарының болмауы, нашар
жоспарланған объектілердің болуы, табиғи ресурстарды қолдану үшін адам
қызметі және климаттың өзгеруі салдарлары, туризм саласындағы
кәсіпқойлардың болмауынан, қаржы мекемелерінің секторды шектеулі
түсінуінен, сондай-ақ маркетингтің жеткіліксіздігінен қиындықтарды бастан
кешуде. Бұл елдің туристік секторын тұрақты және де гүлдендіру үшін шұғыл
шаралар қажет екенін көрсетеді.
Қазақстан үкіметі де аталған мәселелерді шешуге ниетті екенін жоққа
шығармау қажет. Атап өтсек, 2021 жылы ҚР туризм индустриясы комитеті
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі
тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжатты әзірлеушілер атап өткендей,
Қазақстан туристік дестинация ретінде өзінің қалыптасуының бастапқы
кезеңінде тұр. Осылайша, 2019 жылы елге 8,5 млн келуші келсе, олардың
90% – ы ТМД елдерінің азаматтары. Олардың елде өткізген орташа уақыты үш
күннен аспаған. «Отандық туризм әлеуетінің жеткіліксіз іске асырылуы 2019

жылы 2,7 млрд АҚШ доллары сомасына туристік қызметтер импортымен 10,7
млн адамды құраған көшпелі туристік ағымның көрсеткішін көрсетеді. Сонымен
бірге, covid-19 коронавирусының таралуынан қорғау үшін қабылданған шектеу
және карантиндік шаралар 2020 жылы бүкіл әлемдегі туристік салаға қатты әсер
етті», – делінген құжатта. Тұжырымдаманы әзірлеушілердің пікірінше, туристік
саланы дамыту халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге
қабілетті туристік индустрия құруға, келу және ішкі туризм көлемін ұлғайту
есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуіне бағытталуы тиіс. Осы
мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет деп белгілеген:
туризм инфрақұрылымын дамыту, туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың
тиімді тетігін құру, елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру, туристік
әлеуетті арттыру, ел ішінде және шетелде өзінің танымал брендімен дестинация
ретінде басым туристік аумақты (ТКТ) қалыптастыру [5].
Аталған міндеттерден бөлек туризмдегі бәсекелестік кезінде баға
саясатының дұрыс жүргізілуі маңызды мәселе болып табылады. ҚР Ұлттық
статистика бюросының мамандары зерттеу жүргізіп, шетелде демалып жатқан
қазақстандық туристердің қалауын анықтады. Зерттеуге 170-тен астам туристік
ұйым қатысты. Сауалнамаға жауап берушілердің 58% - ы шетелдік демалыс пен
ел ішіндегі туристік сапарлар арасында бірінші нұсқаны таңдағанын айтты.
Өткен жылы ұқсас жауаптары бар респонденттердің үлесі бірдей болды (59%).
Респонденттердің 54% - ы мәлімдеген шетелдік турларды таңдаудың ең көп
таралған себебі барған елдердің дамыған инфрақұрылымы болды. 42% қызмет
көрсетудің жақсы сапасына байланысты шетелдік демалысты таңдайтынын атап
өтті. Респонденттердің үштен бір бөлігі (27%) шетелдік курорттарда демалуды
жөн көретіндерін айтты, өйткені ваучерлердің құны елдегі турлардың ұқсас
нұсқаларына қарағанда тартымды деп көрсеткен [6].
Бағалар мен баға саясаты туристік агенттіктің маркетингтік стратегиясын
жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. Баға тұтынушылар үшін
құрылған құндылықты компанияның кірісіне айналдырады. Баға инвестицияланған қаражатты қайтаруға және пайда әлеуетін іске асыруға
мүмкіндік беретін маркетингтің жалғыз элементі. Кез-келген компанияның кірісі
мен кірістілігі баға саясатының тиімділігіне байланысты.
Баға нарықтағы үлесті және туристік агенттіктің нарықтағы бәсекелестік
жағдайын анықтайды. Баға арқылы туристік қызметтерге сұранысты
ынталандыруға, өнімді жаппай туризм үшін мүмкіндігінше қол жетімді етуге
болады. Баға тұтынушыға компанияның нарықтық ұсынысының құндылығын
хабарлайды, тұтынушылық таңдаудың маңызды өлшемі болып табылады.
Баға белгілеуге стратегиялық көзқарас:
- компания пайда табуға қабілетті мақсатты нарықтарды таңдау;
- баға мен ұсыныс құндылығы арасындағы сәйкестікті белгілеу және қолдау;
- тұтынушылар үшін белгіленген баға деңгейлерін негіздейтін
коммуникацияларды жүзеге асыру.
Туристік қызметтерге баға белгілеу тетігі үлкен қызығушылық тудырады.
Орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет көрсету және функциялары,
сапасы мен саны бойынша тең, бірақ әртүрлі дестинацияларда өндірілетін басқа

да қызметтерге бағаларды талдау олардың деңгейінде айтарлықтай
айырмашылықты көрсетеді. Сонымен қатар, салыстырмалы туристік
қызметтерге ұлттық бағаның ең жоғары және төмен деңгейлері арасындағы
айырмашылық екі-үш есеге дейін жетуі мүмкін.
Бәсекелестік деңгейіне бағдарланған баға туризм саласында жұмыс істейтін
кәсіпорындар үшін өте тән. Сонымен қатар, бағалар нарықтық бағадан төмен,
нарықтық деңгейде немесе клиенттердің сұранысына, ұсынылатын қызметке,
өнім имиджіне, бәсекелестердің нақты немесе ұсынылған реакциясына
байланысты белгіленеді.
Сұранысқа бағдарланған баға тұтынушылардың тілектерін зерттеуге және
мақсатты нарық үшін қолайлы бағаларды белгілеуге негізделген. Бұл әдіс
клиенттер туристік өнімді сатып алуда шешуші фактор болған жағдайда
қолданылады. Сонымен қатар, бағаның шегі анықталады - тұтынушы осы қызмет
үшін төлеуге дайын болатын максималды сома.
Жоғарыда аталған әдістерді қолдану туристік өнімнің бастапқы бағасын
анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, түпкілікті белгіленген баға алдын-ала
ұсынылғаннан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Бұл компанияның белгілі бір
баға стратегиясын таңдауына байланысты. Қазақстандық компаниялардың
бағаны оңтайландыруына мемлекетте қалыптасқан экономикалық-әлеуметттік
жағдайдың, мемлекеттік саясаттың ықпалы жоғары. Қазақстан кәсіпкерлерінің
тәуелсіз қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов туризмнің
дамымауының, жергілікті туристердің көп кетуінің және бағаның
жоғарылауының себептерін атап өтті: коммуналдық қызметтердің жоғары
тарифтері және инфрақұрылымның дамымағандығы. Оның пікірінше, саланы
мемлекеттік қолдау қажет, "...ауданда 15-17% емес, ең болмағанда 10% қаражат
пен несие қажет. Инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беріп, ол үшін жол салу
керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлер су, жылу, электр тарифтері бойынша үлкен
шығындарға ұшырайды. Монополистер Тарифтердің жоғары бағасын ұстап
тұрғанда, біздің қызметтеріміз бен тауарларымыз өте қымбат болады. Мұндай
жағдайда халықтың Таиландқа, Түркияға және басқа курорттарға баруы бізде
демалғаннан гөрі арзан" [7].
Осы орайда мемлекеттің институттық көмегімен Қазақстандық туристік
объектілердің бағаны төмендету саясаты бәсекелестікке қабілеттілігімізді
арттыруға негіз бола алады. Жоғары баға қойылған қызметтердің аз
қолданысынан, ыңғайлы баға қойылған қызметтердің көп қолданылуы
туризмнің дамуы үшін әлдеқайда тиімдірек болып табылады.
Екішіден, Қазақстандық туризмде арзан бағаға жақсы сападағы туристік
қызмет көрсете алатын объектілер де бар екендігін айта кету қажет, осы тұстағы
кезекті мәселе қоғаммен байланыстың, яғни PR-дың жетіспеуі. Нарықта отандық
туризм тетіктеріне ақпараттық жағынан қолдаудың аз болуы, туристтердің
Қазақстандық туризмды таңдауын мүмкін етпейді. Осы тұста ақпараттық
қолдаудың болуы, қазіргі замнаға сай ақпараттық инновациялық
технологияларды тәжірибеде қолдану арқылы туристтерді тартымды ету бүгінгі
таңдағы кең таралған тәсілдердің бірі болып табылады.

Үшіншіден, бағаны оңтайландырудың тағы бір әдісі – туризмдік қызмет
көрсетуші тетіктердің өзара серіктестік байланыс орнатуы. Мысалы, қонақ үй
қызметін көрсетуші және логистикалық қызметтер ұсынушы сияқты тағы да
басқа әртүрлі ұйымдар өзара тиімді серіктестіктер орнатса туристік қызмет
көрсетушілер едәуір шығындарды азайта алады. Бұл тиісінше нарықта оңтайлы
бағаны орнатуға өз септігін тигізеді.
Төртіншіден, Қазақстандық турбизнес экономиканың басқа салаларынан
әлдеқайда ертерек дағдарыстың тынысын сезінді. Дағдарыс аясында жастар
проблемалары көлеңкеде қалды, олар туралы айтуды доғарды. Бұл болашақ
ұрпақтардың физикалық және моральдық денсаулығының жай-күйі үлкен
алаңдаушылық туғызады және соңғы жылдары қалыптасқан жағдайды түзету
үшін барлық мүмкін құралдарды қолдануды талап етеді. Осыған байланысты
туризм мен экскурсиялар жастарды тәрбиелеудің, оның бос уақытын
ұйымдастырудың маңызды нысандарының бірі деп санауға болады. Қазіргі адам
үшін саяхат өмір салтының бір бөлігіне айналды және ол ешқашан демалудан бас
тартпайды. Қазіргі уақытта жастар туризмі әлемдегі саяхаттардың жалпы
санының 20-30% құрайды. Бұл ең қарқынды дамып келе жатқан туристік сектор.
Жастар туризмі - демалыс саласын дамытудың перспективалы бағыты.
Қазақстандық жастар үшін шетелдік саяхаттар қолжетімді деп айту қиын, соған
қарамастан қазіргі таңда жас туристер үшін ең танымал елдер – Австралия, АҚШ
және Франция. Түркиядағы жастар демалысы – ең арзан. Қолжетімді бағалар,
сондай – ақ "барлығы қосылған" қағидаты бойынша керемет қызмет көрсету ең
тиімді шешімдердің бірі болып отыр.
Қазақстандық туризмнің әлеуеті шетелдік туризмнен кем емес, тек
жастарды ынталандыратын шаралар әзірлесек, олар үшін отандық туризм әлдеқайда тартымды болушы еді. Әуе және теміржол көлігіндегі студенттер мен
жастардың артықшылықтары тақырыбы жас саяхатшылардың өздері үшін де,
олардың ата - аналары үшін де өзекті, өйткені бұл шығындар көбінесе сапар
бюджетінің негізгі бөлігін жейді. Қазақстаннан Еуропаға жетудің немесе
Еуропалық Одақ елдеріне саяхаттаудың ең арзан жолы - автобус. Пойыз тезірек
жетеді, бірақ автобустарда жүру құны арзан. Түрлі бағыттарға жеңілдіктер
стандартты тарифтен 50% - ға дейін болады. Біз де осы тәжірибеге сүйене отыра
Қазақстандық туризмде жастарға арналған арнайы тарифтерді қолдануымызға
болады.
Қорытындылай келе, Қазақстандық туризмдегі бәсекелестік мәселелерінің
бірқатар шиеленіскен тұстары бар, бірақ көптеген бөліктерін мемлекет өз
бақылауына алып отыр. Қазақстан Республикасының туристік саласын
дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру кезінде
бәсекелестікке қабілетті болуы үшін баға саясатының маңыздылығы анықталды.
Баға саясатын оңтайландыру үшін мемлекет тарапынан экономикалық
кедергілерді шешу, туристік тетіктердің ақпараттық жарқындалуы мен қоғаммен
байланысын арттыру, шығындарды азайту үшін әртүрлі қызмет көрсету
саласындағы ұйымдардың өзара серіктестік байланысын орнату және жастар
туризмі сияқты халықаралық тәжірибеде кеңінен танымал туристік бағытты
Қазақстанда да қолдану сияқты төрт тәсіл ұсынылды. Бұл тәсілдер Қазақстандық

туризмнің бәсекеге қабілеттілігін бағаны оңтайландыру арқылы арттыруды
көздейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М. Портер. Бәсекелестік. - Мәскеу: "Вильяме" Баспа үйі, 2000 жыл.
2. Н. З. Сафиуллин, Л. Н. Сафиуллин. Бәсекеге қабілеттілік: теория және әдістеме
/ Монография. - Қазан: инновациялық технологиялар орталығы, 2008 жыл.
3. Р. А. Фатхутдинов. Бәсекеге қабілеттілік: Ресей және әлем. 1992-2015 /
Монография. - Мәскеу: Экономика, 2005 жыл.
4. «Қазақстан тұрақты туризм рейтингінде 62-орынды иеленді» мақаласы.
[Электронды
материал]:
https://kursiv.kz/news/otraslevye-temy/202103/kazakhstan-zanyal-62-e-mesto-v-reytinge-ustoychivogo-turizma
5. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы.
[Электронды материал]: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000360
6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық
статистика
бюросы
зерттеуі.
[Электронды
материал]:
https://stat.gov.kz/search
7. М. Аслаханов. ҚР Кәсіпкерлері туризмді дамыту проблемаларын атады
[Электронды материал]: http://www.zakon.kz/4553435-predprinimateli-rk-nazvaliproblemy.html
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!