-
Қазақстан тарихы
10 «А» сынып
Мерзімі:
Пән мұғалімі: Э.Т.Дарменова
Тақырыбы:
Қазақстанның әлемдегі имеджі
Сілтемелер:
Қазақстан тарихы ІІІ том, электронды оқулық, ғаламтор желісінен алынған материалдар.
Мақсаты:
Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып «Қазақстанның әлемдегі имеджі» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметі туралы саяси-патриоттық білімдерін жетілдіру.
Оқыту нәтижесі:
Сыни-тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушының белсенділігі артады, қызығушылығы оянады, алға қойған мәселені бірлесе отырып шешеді.
Бағалау критерийі:
1.Білу
2.Түсіну
3.Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау
Баға критерийі
Оқыту әдістері:
Блум таксономиясы, интерактивті әдіс
Конверт сұрақтары, диктант, кубизм
түртіп алу, «Әліппи желісі», «Суреттерді сөйлет»
Сабақтың технологиясы:
Сын тұрғыдан ойлау
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.
Негізгі идея:
Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Топтық тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Құрал-жабдықтар:
Интерактивті тақта, таратпа материалдар
Кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру.
«Мозайка» әдісімен топқа бөлінеді.
Топқа бағалау парақшасы беріліп,бағалау жолын түсіндіреді. Оқушылар ІІІ топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
Оқушылар ІІІ кезең атымен топқа бөлінеді
1.ЕҚЫҰ 2.EXPO 3.САММИТ
Білу
«Қазақстанның әлемдегі имеджі» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметі туралы саяси білімдері қалыптасады
1.«конверт сұрақ»
1. «ЭКСПО-2017» қай қалада өтеді?
2. «ЭКСПО-2017» көрмесі қай жылы, ай аралығында өтеді?
3. «ЕХРО-2017» елімізге қандай серпім бермек?
4.Елбасы «ЭКСПО» туралы не деді?
5. «ЭКСПО» қандай жобаға айналуы тиіс?
6.ЕҚЫҰ қай жылы құрылды?
7. ЕҚЫҰ-Қазақстан қашаннан бастап төрағалық етеді, Қазақстанның 2010 ЕҚЫҰ төрағалық ету тарихы және символикалық маңызы бар мүмкіндіктер?
8.Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны қандай?
9.ЕҚЫҰ қандай ұйым?
10.ЕҚЫҰ негізгі мақсаты қандай?
2. Тарихи диктант
1. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның ........... қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «....... ..... ..» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «...... ....» айрықша белгісіне айналған екі күндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін ...... .....» ретінде сипаттап берді.
2. Бүгінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қоғамда кеңінен талқыға түскен мәселелердің қатарында. ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаев: «......... ЕҚЫҰ барлық институттарының ........, сондай-ақ елдің саяси жүйесінің .............. бағытын жалғастыруға барынша күш салады»,-деп атады.
3. ЕҚЫҰ төрағасы А.Стубб мырза ҚР Презиендті Н.Ә.Назарбаевпен ........ нәтижесіндегі брифингте: «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуі – ...... және ............ маңызы бар мүмкіндіктер. Өйткені бұл кезеңде ЕҚЫҰ құрылғанына ... жыл толады әрі Қазақстан ....... Азиядағы еуропадағы қауіпсіздік және ............. ұйымына .......... етуші ең алғашқы ел саналып отыр. Бұл ЕҚЫҰ мен ......... ........ жазылатын жаңа беттер»,-деп атап өткен болатын.
1.Оқушылар конверттердегі сұрақтарға топ ішінде талқылап жауап береді:
1. Астана
2.2017 жылы 10 маусымынан 10 қыркүйекке дейін 3 айға созылмақ.
3.«ЕХРО-2017» елордамыздың, жалпы еліміздің экономикалық әрі инфроқұрылымдық дамуына қосымша серпін бермек.
4.«Бұл еліміздің инновациялық дамуына қуатты серпін береді» деді мемлекет басшысы.
5.Лига-жобаға айналуы тиіс?
6. ХХ ғасырдың 70 жылдары.
7.Қазақстан-бұрынғы кеңестік кіңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.
8.Ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance).
9.Саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым.
10.Жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.
2. диктант нәтижесін жұптасып тексеріп,
ұпайларын есептеп, бағалау парақшасына жазады.
Жауап үлгісі
Тарихи диктант
1. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта үлкен рөл атқаратынының дәлелі екенін атап айтты.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екі күндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.
2. Бүгінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қоғамда кеңінен талқыға түскен мәселелердің қатарында. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан ЕҚЫҰ барлық институттарының нығаюына, сондай-ақ елдің саяси жүйесінің демократиялану бағытын жалғастыруға барынша күш салады»,-деп атап өткен болатын.
3. ЕҚЫҰ төрағасы А.Стубб мырза ҚР Презиендті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу нәтижесіндегі брифингте: «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуі – тарихи және символикалық маңызы бар мүмкіндіктер. Өйткені бұл кезеңде ЕҚЫҰ құрылғанына 35 жыл толады әрі Қазақстан Орталық Азиядағы еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуші ең алғашқы ел саналып отыр. Бұл ЕҚЫҰ мен Қазақстан тарихына жазылатын жаңа беттер»,-деп атап өткен болатын.
Түсіну
«Қазақстанның әлемдегі имеджі» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметі туралы Палеозой заманында Жерде тіршіліктің дамуын, жануарлардың эволюциясы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Электронды оқулықтан
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: қоғамдық пікір демократиялық құндылықтардың өлшемі» туралы
«Түртіп алу» стратегиясы
Қазақстан қоғамы халықаралық деңгейде шешуші рөл атқаратын осынау саяси қадамды қалай бағалауда, осынау үдеріс бұқарадан не күтеді және керісінше, әлеуметтік қауым осынау қадамға өз үлестерін қосуға дайын ба? Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы құрамына кіретін 56 мемлекеттің тұрақтылығы, демократиясы және өркендеуі үшін жұмыс істеуде. Ол ортақ құндылықтар мәселелері бойынша саяси сұхбат жүргізіп, дамуға бағытталған тәжірибені енгізеді.
Қоғамдық пікірді айқындауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер Қазақстанның төрағалық етуі қарсаңында аймақтардың әлеуметтік-саяси дамуын сараптауға бағытталды. Зеттеу ақпараттық процестерді сараптауға, Қазақстан Республикасындағы деморкатиялық институттардың дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасу және даму проблемаларына, адам құғын қорғау мәселелеріне, қоғамның түрлі салаларында Қазақстан Республикасы дамуының басым бағыттары бойынша жүргізілді. Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуына байланысты қойылған сауалға қазақстандықтардың 61,5% «Бірқатар проблемаларға қарамастан демократиялық жүйе мемлекеттік басқарудың үздік жүйесі саналады» деп атап көрсетеді. Қоғамдық пікір көрсеткендей, демократия бейнесі былай көрініс тапты. Сұрау салғандардың 4/3 астамы демократия қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік құрылымының анағұрлым тиімді де бірден бір жолы екендігін атап өтеді.
Зерттеу барысында демократия дамуын 10 балдық деңгейде бағалау тәсілі қолданылды. «10» балл – толық демократиядан «1» - диктатураға дейін. Жалпы алғанда Қазақстандағы демократия деңгейін респонденттер 5,3 балл деп бағалады. Сонымен демократиялық үдерістердің нәтижелеріне аса разылық танытпағанымен, демократия идеалдарына деген аса ерекше көңіл толмаушылық респонденттерден байқала қоймады. Методологиялық тұрғыдан алғанда аталған нәтижелер қорытынды критерий саналмайды әрі алдағы уақытта бұл бағыттағы бағалаудың өзгеру сипатын ескеру қажет сияқты. 1- диктатура деңгейін респонденттердің тек 1,8% ұстанса, ал 10 – демократия ұстанымын 5,1% атап өтеді. Бұл аса үлкен көрсеткіш саналмағанымен, мардымсыз болса да жоғары балдың бағалануы – жағымды үрдіс саналса керек.
Қоғамның саяси өміріндегі қарым-қатынастардың заңнамалық үдеріске ықпалды билік және аралық топтар болатыны заңды. Қазақстан жағдайында саяси қарым-қатынастардың дамуы мен ықпалдылығын айқындау осы субъектілердің демократияның институттары ретінде қалыптасуы үшін де маңызды.Қолдану
Оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы, алған білімдерін өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Кубизм
І топ ЕҚЫҰ -қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы жөніндегі келіссөздер туралы пікіріңіз.
ІІ топ ЕҚЫҰ – ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапарын сипатта.
ІІІ топ Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасы » туралы зерттеңіз.
Ресурстарды таратып беру
Дұрыс жауаптар:
І топ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.
ІІ топ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді.
ІІІ топ Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді.
Талдау
Оқушылардың алған білімдерін талдау, пысықтау.
Терминдермен жұмыс:
Саммит, демократия, парадигма, транспаренттілік, ассамблея, Шанхай бестігі.
«Әліппи желісі»
ЕҚЫҰ-
БҰҰ-
ЮНЕСКО-
«Әріптес» ҮЕҰ-
Жауап үлгісі:
Саммит-сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.
Демократия-сөзі (гр. demos-халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Демократияда деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік,еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз)-зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория, теориялық көзқарастардың, методологиялық, принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі, ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Транспарент сөзі ағылшын тілінің «transparent»-мөлдір сөзінен пайда болған. Алайда қазіргі жарнамалық транспаранттар және саяси митингілердеқолданылатын транспаранттар мөлдір емес. Алғашқыда, транспарант деп, артынан жарық түсіргенде ғана көзге көрінетін, мөлдір матаға салынған бейнелер аталатын. Даль сөздігінде «транспорантты вензель» сөз тіркесі бар, қазір біз оны «су белгісі» деп атаймыз. Уақыт өте, қалың маталар қолданылып, ондағы салынған бейне жарықтыңкөмегінсіз-ақ көзге көрінетін болды.Ал «транспорант» сөзі сол күйі қалып қойды.
Ассамблея (фр. assemble-жиналыс) белгілі бір мәселелерді шешу немесе талқылау үшін біршама адамдардың жиналысы.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы-1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғыстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.Бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі «Шанхай бестігі» деп аталды.
2.«Әліппи желісі»
ЕҚЫҰ- Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым
БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЮНЕСКО-Юнайтед Нэйшнз Эдьюкейшн Сайенс энд Калчер Организейшн
«Әріптес» ҮЕҰ-«Әріптес» үкіметтік емес ұйым
Жинақтау
Алған білімдерін қорытындылау, кері байланыс арқылы алған білімдерін жинақтайды.
1.«Суреттерді сөйлет»

1. І топ «Қазақстан елордасы Еуразия орталығының имиджін нығайту» туралы ой-тұжырымдайды.
2.ІІ топ «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті»
туралы ой-тұжырымдайды.
3.ІІІ топ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметі туралы ой-тұжырымдайды.
Бағалау
«Қазақстанның әлемдегі имеджі» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметі туралы
Жеке критериалды бағалау парағындағы бағалауына сипаттама беруді ұсынады. Топ басшыларының бағалауына сөз береді.
Соңында мұғалім тарапынан формативті бағалау жүреді.
Өзін-өзі , топ басшысы мен мұғалімнің марапаттау қортындысын .
Үйге тапсырма
Эссе жазу «Қазақстанның әлемдегі имеджі» (250 сөз)
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз