"Қазақстанның ғарышжайы" Дүниетану. 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстанның ғарышжайы" Дүниетану. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: 2– сабақ

Сабақ өтілетін уақыт

22.12.2017 жыл

Барлық оқушылар: 23

Қатысқаны: 22

Пәні: дүниетану

4 сынып

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар.

Орта мерзімді жоспарлау. Оқулық Алматы «Атамұра» 2011жыл

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның ғарышжайы

Жалпы мақсаттар

Қазақстанның ғарышжайы туралы түсінік беру арқылы мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыда талдай білуге үйрету.

Түйінді идеялар

Тақырыптағы негізгі ойды аша отырып, оқушылардың түсініп оқуына мүмкіндік беру.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар Қазақстанның ғарышжайы туралы білімдерін оқулықтан тыс мәліметтермен кеңейтеді, алдыңғы сабақтарда ғарыш жайлы алған білімдерін қолданады. Мәтін тақырыбын ашуға бағытталған шығармашылық тапсырмаларды жекелей, жұпта, топта орындауға қатысады.Қазіргі Қазақстан ғарышжайының тыныс- тіршілігімен танысуға тікелей қатысады.

Көрнекіліктер

Ғарыш денелері жайлы жазылған қима қағаздар, қосымша суреттер.

Дерексөздер

Интернет материалдары. оқулық, мультимедиялық проектор, дүниетануды оқыту әдістемесі.

Сабақ барысы

Уақы-ты

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а)Сабаққа даярлықтарын білу



ә) топқа бөліну






ІІ. Үй тапсырмасын тексеру








ІІ.Мағынаны тану







Сергіту сәті




ІІІ.Ой-толғаныс



































Рефлексия




























Үйге тапсырма


5мин










3-4 мин







10 мин






2 мин



15- 20 мин



































2 мин




























2 мин












Жұптық жұмыс, фармативтік бағалау.





Миға шабуыл


Диалогтік оқыту. (мұғалім – оқушы)





Жекелей, топтық жұмыс.



































Көшбасшылық, фармативтік бағалау
























-Сабақты бастауға дайынбыз ба?



- Қима қағаздары таратылады.

-Топ атаулары туралы не айтасыңдар?


-Үйге қандай тапсырма берілді?


- Тест жауаптарын бір- біріңмен ауысу арқылы тексеріңдер.


- Ғарыш туралы не білеміз?

- Ғарышты нелермен, кімдермен байланыстырар едіңдер?




Балалар, ғарыш туралы білімдеріңді тереңдете түсу үшін Қазақстанның ғарышжайы мәтініндегі деректермен танысуларыңды ұсынамын. Топ санына қарай мәтінді 4 мағыналық бөліктерге бөліп қарастырайық.

Мағыналық бөліктерге сәйкес жазылған тапсырмалар таратылады.Топ болып талдайтын жұмыс түрлері түсіндіріледі. Қосымша деректер таратылады.










-Топ басшылары, топ мүшелерін бағалаңдар.


- Балалар, сабағымыз аяқталуға жақын қалды. Сендерді ғарыштағы жұлдыздар сияқты Жердегі жұлдыздарға теңеймін. Бүгінгі сабақтан қаншалықты білім алып шыққандарыңды білгім келеді. Ол үшін алдарыңдағы жұлдыздарды түсіну, қатысу деңгейіне байланысты аспан кеңістігіне орналастыруларың керек.



Жер беті мен ғарышта жүргізілген зерттеулердің қандай айырмашылығы бар? сұрағына пайымдау мәтінін құрап келу.


Оқушылар сабаққа даяр екендіктерін білдіреді.




Оқушылар өздері таңдаған қима қағаздағы жасырылған ғарыш денесін анықтап, топтарға бөлінеді.




Оқушылар таратылған тест сұрақтарына жауап береді.


Оқушылар бірін- бірі бағалайды





Оқушылар ғарыш туралы білімдерімен бөліседі, бір- бірін толықтырады.


Оқушылар берілген тапсырмаға сәйкес мәтін бөліктерін оқи отырып іздейді. Топта талдайды, кестені толтырады.


  1. топ: Қазақстан ғарышжайы және Ю. Гагарин;

  2. топ:Қазақстан ғарышжайы және Т. Әубәкіров;


  1. топ: Қазақстан ғарышжайы және Т. Мұсабаев


  1. топ: Байқоңыр сөзіне мәтіннен, таратпа материалдан ассоциация жасау.


Әр топ кестелерді толтырып, өзге топ алдында қорғайды.








Топ басшылары алдын- ала әзірленген бағалау парағына сәйкес бағалайды.



Оқушылар сабақты түсіну, қатысу деңгейіне байланысты ғарыш кеңістігіне жұлдыздарды орналастырады.






































Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





















Топтардағы жұмыстан көріністер

Picture 5 Picture 7 Picture 10

Постерлер

Picture 11 Picture 9 Picture 2 Picture 1



Сабаққа рефлексивті есеп

«Үзілді – кесілді пікір емес,тыңдаушы танымын оятатын болжамдарды айтатын ұстаз ең үздік болып табылады.»

Роберт Бульвер - Литтан

Дәрменсіз, Мазасыз, Қорғанатын, Риза болған, Өте сақ оқушылар кіші мектеп жасындағы балалардың арасында да жетерлік. Олардың жас ерекшеліктері, жеке психологиялық даму жағдайына мән беру қажеттігі тағы бар. Дегенмен жоғарыдағы қасиеттері бойынша сипатталған балалардың сабақтарда бүкіл уақыт аралығында белсенді жұмыс істеуіне түрткі болатын оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерінің орны ерекше. Әр сабақты жоспарлауда сынып жетекшісі Ричард Даранттың“Үздік” сабақтың алты белгісіне сүйенемін. Ең алдымен, сабақты керемет қылатын идеялардың негізгі айқын, анықталған мақсаттарды табу деп санаймын. Өйткені сәтті сабақтарға тән ерекшеліктердің бірі – олардың іс – әрекеттерінің мақсатпен сәйкестілігі. Керемет сабақтарда оқушылар пән бойынша кең және жан – жақты білім беретіндей ақпарат алып шығады. Сонымен, менің сабағымды керемет қылатын идеялардың бәрі оқытудың жаңа әдістерінің бірі – “Диалог негізінде оқытуға”, топтың жұмыстарды орындауға тоқталамын. Кейбір сабақтарымда диалогтың қаншалықты оқушының білім алуына әсері болғанын зерделейтін ақпараттарды тәжірибемен байланыстырып отырмын.


Жалпымақсаттар

Қазақстанныңғарышжайытуралытүсінік беру арқылымәтініңмазмұнынсынитұрғыдаталдайбілуге үйрету.

Түйіндіидеялар

Тақырыптағынегізгіойдыашаотырып, оқушылардың түсініп оқуына мүмкіндік беру.

Оқыту нәтижелері

ОқушыларҚазақстанныңғарышжайытуралыбілімдеріноқулықтантыс мәліметтермен кеңейтеді, алдыңғысабақтардағарышжайлыалғанбілімдерінқолданады. Мәтін тақырыбын ашуғабағытталғаншығармашылықтапсырмалардыжекелей, жұпта, топта орындауға қатысады.ҚазіргіҚазақстанғарышжайыныңтыныс- тіршілігіментанысуғатікелей қатысады.



Сабақты өткізуге даярлық кезінде Мемлекеттік стандартқа, оқу бағдарламасына, оқулыққа, жеке тәжірибеме, жаңа формация мұғалімдерінің деңгейлік курсында оқыған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» теориясының негіздерінесүйендім. Сабақта жеті модульді енгізу идеясын жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін таңдадым.

Сыныпты 4 топқа бөлу сәтінен- ақ оқушыларды сыни ойлай алуға бағыттадым. Анығырақ тоқталсам, топтарға Күн, Жер, Ай, Темірқазық сынды аспан денелерінің басты белгілерін анықтау арқылы бөліну кезінде оқушылар ойларын дәлелді түрде жеткізе алды. Осылайша, әр топ өз топтарының атауларын қорғау кезінде бұрын игерген білімдерін сын тұрғысынан ойлау арқылы жаңғыртуға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде сабақтың қызығушылықты ояту кезеңінде сынып ішінде жағымды ахуалдың орнауына ықпалын тигізді. Үй тапсырмасы тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықталып қана қоймай, оқушылардың бір- бірін бағалау жағдайында өтуі сабақтағы ынтымақтастық атмосфераны жетілдіре түсті.

Жаң сабаққа кіріспе үшін қойылған сұрақтар Блумның сұрақ қою өлшеміне сәйкес келді. Сұрақтарға жауап қысқа қайырылды, келтірген болжамдары да қысқа болды.

Мәселе жауаптардың қысқа я болмаса бірдей немесе әртүрлілігінде емес, Мерсер мен Литлонның (2007) еңбектерінде атап көрсеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығында/Нұсқаулық, 39– бет/.

Сабақтың «Ой толғаныс» кезеңінде жүргізілген топтық жұмыстар сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына негізделді. Жаңа сабақты оқу, топта талдау кезінде бақылауға алған А, В, С оқушылардың іс- әрекетіне төмендегідей сипаттама бере аламын.

А оқушы оқу озаты, көшбасшылыққа ұмтылуға бейім тұрады. Бұрынғы сабақтарда топ басшысы болып сайланбағандықтан ба, белсенділігі байқалса да, топ мүшелерінің алдында басымдылығын көрсетпейтін. Осы ретте А оқушының көшбасшылығының басымдылығының әсерінен топ тапсырмалардың бәрін өзге топтарға қарағанда бірінші орындап отырды.

А оқушының тобында болған С оқушы әдеттегіден біршама белсенділік танытып отырды. Сыныпты топқа бөлу, топпен жұмысты ұйымдастыруда бір- біріне ықпал ететін балаларды дұрыс тану және олардың бірге жұмыс жасауына жағдай тудыру үрдісін жетілдіру тиімді болатынын іс- тәжірибе бірнеше мәрте көрсетіп отыр. А және С оқушылар болған топта небәрі 4 оқушы болды. А және С оқушылар Байқоңыр сөзіне құраған ассоциацияларын бірге қорғауы көрінісі Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткеннің дәлелі дер едім.Сабақта байқалған екі көрініс Мерсердің(2005) құрдастар тобындағы өзара қарым–қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткенінің дәлелі дер едім. /Нұсқаулық, 29бет/

Бақылауға алынған В оқушыға келсек, топ басшысы рөліндегі көшбасшылығы айқын болды. Топ мүшелері алдындағы өзіне жүктелген жауапкершілікті терең сезінгені сабақ бойы жасаған іс

- әрекетінен анық байқалып тұрды. В оқушы қасындағыларға нұсқау беріп отырды, топ мүшелерімен жағымды байланысқа түсіп отырды. Топ басшысы ретінде өзге топ басшыларымен бәсекеге түсуге қабілетті екендігін байқатты.

Топ басшылары болған А, В оқушылар бағалау критерийлері арқылы өз топтарындағы оқушыларды объективті түрде бағалауға қиналды.Оқушылар да кері байланыс кезінде өздерін жоғары бағалауға ұмтылды.

Осы жерде түйгенім, оқушылардың өзіндік сыни ойларына сүйену арқылы бағалау дағдысын қалыптастыруды жетілдіруге көңіл бөлу керек сияқты.


Балалар бұл сабақта үйренді:

  • Болжау жасауға;

  • Жұппен, топпен жұмыс істеуге;

  • Көшбасшылық жасауға;

  • Ақпараттарды салыстыра білуге;

  • Бір-бірін тыңдауға, толықтыруға;

  • Өз ойларын білдіруге;

  • Регламент сақтауға



Сыныптағы диалогтің маңызын оқушылармен бірге түсінуге педагогикалық-психологиялық тұрғыдан жағымды ахуал тудыруға әрекет етуді жетілдірудемін. Диалог негізінде оқушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыруға, сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ету міндеттерін ұсынамын. Кемшіліктер де жоқ емес. Оқушыларды байланыстыруын сөйлеудің қарапайым дағдыларына ғана үйретіп қоймай, оқу үрдісінде оң нәтижеге жету үшін оқушылардың ойлау қабілетін ашатын, айқындайтын және кеңейтетін сауалнамалардың әсерін саралап отырамын. Оқытудың әдіс – тәсілдері мақсатқа жетудің әдіс тәсілдері, бірақ мақсаттың өзі емес екендігіне баса назар аудару керектігін жеке тәрбиелерден көзімді жеткіздім.









Сабақ 1-сабақ



Сабақ өтілетін уақыт

29.10.2015 жыл



Барлық оқушылар: 24

Қатысқаны:



Сыныбы: 2 "Ғ"Пәні: математика



Сілтеме


Күнтізбелік жоспар.

Оқулық . Математика оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2013жыл


Сабақтың тақырыбы


1 8 - түріндегі азайту


Жалпы мақсаттар

С андардың ондық құрамы негізінде 17- 18- , айырмасының мәндерін табуды үйрену


Түйінді идеялар


Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру ; әр түрлі қарапайы

есептерді шығару білігін жетілдіру; салыстыру және орнына қою білігін дамыту;


Оқыту нәтижелері


1 8- түріндегі азайтуды орындай біледі.


Көрнекіліктер


Топтық жұмыс істеуге арналған қосымша материалдар.


Дереккөздер


Маркерлер, кері байланысқа арналған көрнекіліктер, оқулық.

Сабақ барысы

Уақы-ты

Әдіс - тәсілдер

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

І. Қызығушылықты ояту.

а) Ұйымдастыру кезеңі















ә) Топқа бөліну












б) Психологиялық ахуал









в)Үй тапсырмасын тексеру









ІІ.Мағынаны тану





















ІІІ.Ой-толғаныс










Сергіту сәті











Қорытынды



Бағалау




Үйге тапсырма беру





Рефлексия





3 мин













3 мин






















3 мин










5мин





















12 мин










1,5 мин











2 мин



2 мин



1 мин





3 мин








































Жекелей жұмыс










Топтық жұмыс.





















Топтық жұмыс


















Балалар, біз жай ғана «Шаттық шеңберінде» тұрған жоқпыз . Біраз уақыттан соң шеңберіміз әлемдегі ең бірінші және ірі ғарыш айлығы – еліміздің оңтүстігінде орналасқан Байқоңыр ғарыш айлығына айналмақ. Себебі бүгінгі сабақтағы тапсырмалар ғарышпен, ғарыш денелерімен байланысты.

Байқоңырдан ұшқан қандай ғарышкрлерді білесіңдер?

Біз де ғарышкер ағаларымызға ұқсап ғарыш кемелерімен аспанды шарлау үшін 1 ден 4 ке дейін санау арқылы бөлінеміз.




-Балалар, алдарында жатқан шарларға қандай тілектер жазғандарыңды білгім келіп тұр?


Мен де өз тарапымнан сендерге сәттілік тілеймін.


Үйге қандай тапсырма берілді?


- Ендеше, ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларын ауызша қарастырайық




Қазір орындайтын ширату тапсырмалары граф арқылы орындалатын логткалық жаттығулар.


Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазайық 17, 18 сандары туралы не айта аласыңдар? 17-ні, 18-ді разрядтық қосылғыштарға жіктейік.

Осы екі санның арасында қандай айырмашылық , ұқсастық байқадыңдар?



Оқулықтарыңның

78- бетін ашайық.

9- тапсырмадағы сызбалар бойынша теңдеулер құрап,


шешеміз. Өзін-өзі тексереді .



Есептерді шығаруға кірісейік. 2,5 1), 2), 6, 77-78-б. орындату

6-тапсырма бойынша :

Теңіз жұлдыздары туралы түсінік беру.

2, 51), 2)шығарылуын ауызша сұрау

6 тақтада орындату


Мұғалімнің бағалауы



3. 77-бет




Міне, балалар, көзді ашып-жұмғанша жерге де оралдық.



Алдарыңдағы Білім ағашы сабақта көрсеткен білімдеріңді алдарыңдағы түрлі-түсті адам сұлбасын ағашқа орналастыру арқылы өздерің бағалаңдар


















Оқушының жауабы.

Оқушылар 1 ден 4 ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлінеді.











Әр топтан 1 оқушы шардағы сөздерді оқиды.










қайталау



Ауызша есептеуге қатысады.







Әр топқа берілген логикалық тапсырмаларды орындайды.







17, 18 цифрларын көркем жазып алады, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.













Топта сызба бойынша теңдеуді қалай құрауды кеңеседі, шешеді.






Тапсырмаларды топпен орындайды.


















Оқушылар ағашқа адам сұлбасын жапсырады.







Математика пәнінен өткен сабақтың рефлексивті есебі

2015-2016 оқу жылының 1- тоқсанында 2 «Ғ» сыныбында математика пәнінен әріптестеріммен тәжірибе алмасу мақсатында « 18- түріндегі азайту» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Бұл сабақты «Сын тұрғысынан ойлау» негізінде құрып өткіздім. Сабақтың жалпы мақсаты: Сандардың ондық құрамы негізінде 18- айырмасының мәндерін табуды үйрену. Түйінді идеялары: Математикалық материалға алгоритмдік ұйғарымдар мен ережелерді қолдану білігін қалыптастыру ; әр түрлі қарапайы есептерді шығару білігін жетілдіру; салыстыру және орнына қою білігін дамыту. Сабақтың соңында оқыту нәтижесі көрсеткендей оқушылар топтық, жұптық, өздік жұмыстар негізінде 18- түріндегі азайтуды орындау дағдысы меңгерілді. Бұл сабаққа берілген тапсырмаларда аспан денелері туралы мағлұматтар берілгендіктен аймақтық компонент ретінде сабақтың Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың «Байқоңыр» ғарыш айлағы, қазақстандық ғарышкерлер туралы білімдері қысқаша пысықталды. Үй тапсырмасын тексеру жекелей жұмысқа негізделді. Өйткені алдыңғы сабақтарда қарастырылған ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларына сәйкес оқушылардың ауызша есептеу дағдысы қаншалықты деңгейде екендігін анықтау қажеттілігі туындаған болатын. Үй жұмысын тексеру көрсеткендей, сынып оқушыларының көпшілігі ондықтан аттап қосу, азайту жағдайларын тәп- тәуір меңгергендіктерін байқатты. Сабақтың Мағынаны тану кезеңінде ширату тапсырмалары ретінде граф арқылы орындалатын логткалық жаттығулар берілді. Оқушылар бұл жұмысты топпен орындады. Топтық жұмыстар ары қарай оқулықтағы тапсырмаларды орындау кезінде де жалғасын тапты. Топпен сызбалар бойынша теңдеулер құрылып, шешілді. Берілген есептер шығарылды. Топ болып құрған теңдеулерін тексерді. Сабақта негізгі бағалау мұғалімнің бағалауы болды. Міне, балалар, көзді ашып-жұмғанша жерге де оралдық. Рефлексияда оқушылар сабақта көрсеткен білімдерін түрлі-түсті адам сұлбасын ағашқа орналастыру арқылы өздерін бағалады .













«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ







Пәні: математика

2-сынып



ТShape1 ақырыбы: 18- түріндегі азайту





Өткізген: №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Кудайбергенова Жанар Калиевна





Семей қаласы

29.10.2015ж.



2 «Ғ» сынып. 26.10.15ж.

Математика: 18-□ түріндегі азайту





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі