400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның жаңа форматта қарқынды дамуына бағыт-бағдар беретін маңызды жолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы Қазақстанның жаңа форматта қарқынды дамуына бағыт-бағдар беретіндігі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстанның жаңа форматта қарқынды дамуына бағыт-бағдар беретін

маңызды жолдау

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының халқына арнаған кезекті Жолдауын жасады. Жолдауда Президент мемлекетіміздің дамуына, экономика мен саяси бағыттарға қатысты маңызды мәселелерге тоқтала келе, Қазақстан Республикасының инфрақұылымын дамытуға байланысты инвестицияларды тарту қажеттілігіне, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, салауатты өмір сүру салты мен білім сапасын жақсартуға арналған өзекті мәселелерге, сонымен қатар жасанды интеллекті мен еліміздегі цифрландыру саласындағы мәселелерге айрықша атап көрсетті. Жасанды интеллектінің елімізде жақсы дамуының игі әсерімен қатар, қауіп-қатері де бар екеніне баса тоқталып, жауапты тұлғаларға қауіпсіздік жолдарын нығайтуға қатысты арнайы жұмыстар жүргізуді тапсырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Президенттің ұсынысы мен тапсырмасына орай жасанды интеллекті мен цифрландыру жүйесін /бұл туралы https://farabi.university сайтынан толығырақ мәлімет аласыздар/ білім мен ғылым саласына енгізу жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде.

Еліміздің ішкі нарығын кеңінен ауқымды дамыту барысында тек көлемді кәсіпорындарға, ірі бизнеске ғана емес, орта және шағын бизнес саласына да инвестицияны тарту Қазақстан Республикасының әлемдік еңбек пен нарық кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы еліміздің жаңа серпінмен дамитынын мәлімдей келе, тиісті құзырлы мекемелер мен жауапты тұлғаларға нақты міндеттерін айқындап берді. Еліміздегі цифрландыру жұмысының қарқыны туралы айта келе, еліміздің барлық аймақтарында цифрлық басқару жұмысының жеделдету керектігін, цифрландыру мен жасанды интеллекті ұтымды қолдану мемлекетімізді экономикасымен бірге Қазақстан халқының тұрмысын жақсартып, өмір сүру сапасын, деңгейін арттыра түсетінін баяндады. Мемлекет басшысы еліміздегі стратегиялық маңызы зор нысандардың бірі – АЭС құрылысына қатысты жүргізілетін жұмыстардың келесі кезеңдері жайлы айтып өтті. Еліміздің жарқын болашағы жастардың білім-ғылым мен еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білімді де білікті маман болып қалыптасуына байланысты тәлімді мәні зор ұсыныстар айтылды. Жолдаудағы басты маңызды жаңалық – еліміздегі саяси жағдайдың тұрақтылығына байланысты бір палаталы Парламент құру туралы айта келе, осыған орай елімізде 2027 жылы Рефендум өткізуді ұсынды. Саяси жүйенің реформалануы мемлекетіміздің экономикалық-саяси жақтан нығаюына оң әсерін тигізеді. Әділдік пен үкіметтің ашықтығына бағытталған саяси реформа Қазақстанның әрбір азаматының Отанына деген сүйіспеншілігі мен сенімін арттырып, мемлекетіміздің дамуына белсенді түрде өз үлестерін қосуына кеңінен жол ашады. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы – республикамыздағы басты мәселелерді көтерген, еліміздің алдағы жылдардағы жаңа форматта дамуына қатысты бағыт-бағдар берген мемлекеттік маңызы зор құжат.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К., Сағнайқызы С.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қыркүйек
64
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі