«Қазақстанның жаңғыруындағы – білімнің үлесі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстанның жаңғыруындағы – білімнің үлесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог мамандарға арналған тамыз мәслихатына қатысу ұстаздарған арналған шараның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесін жүргізу

Т Ә Р Т І Б І


26 тамыз 2017 жыл. Аудандық мәдениет үйі

Сағ: 11-00


(Сахнаға жүргізушілер шығады.)

Жүрг: Қадірлі Ұстаздар!

Құрметті Мәлімбет Ерғалиұлы!

Тамыз кеңесіне қатысып отырған қонақтар!

Барлығыңызды дәстүрлі білім қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесінің басталуымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жетістік,дендеріңізге саулық тілеймін. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» Әйтеке би ауданы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясын ашық деп жариялаймыз!

( Әнұран орындалады)

1-бөлім:

Жүрг: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді жыл сайын болатын тамыз конференциясы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Жүрг:Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан,тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстаған "Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын алар мұғалім" қауымының ұлан асыр еңбегі әрқашан жемісті болсын деген тілекпен бүгінгі сіздерге арналған бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Педагогикалық тамыз кеңесінің тақырыбы: «Қазақстанның жаңғыруы 3.0.– білімнің үлесі». Баяндама жасау үшін сахна төріне Аудандық -білім бөлімінің басшысы : Амангелді Қуанышбайұлы Сейдалиевті шақырамыз.




Жүрг: Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

Жүрг:
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!

Ән «Мектебім» орындайтын Көжекбаев Жұбаныш


Жүрг: Баяндамашы: Комсомол ОМ-ің директоры Кыдырбаева Дина Алиевна шақырылады.Тақырыбы:«Современные подходы и системы обучения,воспитания в школе».


Жүрг: Баяндамашы: Ярослав ОМ мектебі директоры Бахманова Гүлмарал Шамшадиновна. Баяндама тақырыбы: «Рухани жаңғыруға жасалған жақсы қадам».


Жүрг: Облыстық тамыз конференциясына делегаттар тізімін бекіту (тізім бойынша) Хабарламашы Сейтпанова Айзада Аяпбергеновқызына сөз беріледі.


2-бөлім:

Жүрг: Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды Құттықтау үшін сөз және зейнеткерлерді марапаттау рәсімі аудан әкімі Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашовқа беріледі.

Марапаттар тапсыру зейнеткер 20 ұстазға (Марапат тапсырушы аудан әкімі)


Жүрг:Әлі есімде әліппені ашқаным

Есміңді мәңгі есте сақтадым

Жүрегімде нұрын құйған жылылық

Көрген емес ешқашанда суынып.

Білім нәрімен бастауышта сусындатқан ұстаздарға арналар ән

«Мектепке сағыныш» орындайтын Тілеужанов Нұрсұлтан


Жүрг: Алғыс сөз құрметті ұстаздар атынан - зейнеткер ұстаз Жолдыбаева Сәулет Ихсанбаевнаға беріледі.


1-сынып оқушыларының құттықтауы (хабарлаусыз)


Жүрг: Облыстық білім басқармасының марапатын Табыстаушы аудандық маслихат хатшысы Естай Білісбайұлы Таңсықбаевты шақырамыз. .

Жүрг: Облыстық кәсіподақ ұйымының марапатын табыстаушы қоғамдық кеңес төрағасы Ақансері Ермағанбетұлын сахна төріне шақырамыз.

Жүрг:Қаймана елдің ұғынсақ ғажап тілін

Қазақтың білесің сен қазақтығын

Қыр сырын мән мағынасын ашып берер

Кім сүймес пән ішінен қазақ тілін.

Ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеп келе жатқан тіл мамандарына және ұлағатты ұстаздарға деген қошеметіміз әсем әнмен жалғасын табады

ӘН «Ұстаздар» орындайтын Ускинбаев Ербол


Жүрг:.Пәндердің айтсақ егер тағы бірін

Тарихың тұнып тұрған тағылымың

Тасқа түскен таңбаны түбегейлі

Ардақтайық өткенше бар ғұмырың

Жүрг:Зерттейтін бар ғаламды жердің шарын

Түрлі түсті карта алар көздің жауын

Құрлық мұхит барлығын дәл табатын

География бұл менің ыстық пәнім

Табиғатымызды танытқан география пәнінің мұғалімдеріне Ұлт болашағына қазақ тарихын қанына сіңіріп қастерлеген ұстаздарға арналар мерекелік құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

БИ «Қызғалдақ» Шұғыла би тобы


Жүрг: Облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының марапатын тапсыру үшін сахна төріне «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалы хатшысы Өмірзақова Аманша Жаппапрқызы шақырылады.


Жүрг: Жас маман еңбек кітапшасын тапсыру білім бөлімі басшысы Сейдалиев Амангелді Қуанышбайұлына беріледі.

Жүрг: Сөз жас мамандар атынан Спағанбетова Гүлдана Русланқызына беріледі.


Жүрг:Мен бүгін азаматпын жас маманмын

Үмітін арқалаған ұлы отанның

Аз ғана еңбегіме алғыс алсам

Мен емес сол алғысты өзің алдың

Деп бүгінгі жас мамандарды алғашқы мерекесімен құттықтай отырып осынау рухты ән арнаушы ұлдарыңызды «Қазақстаным» әнімен Шерхан Көлмырзаұлын қарсы алыңыздар.

Жүрг:Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлеп

Сыйлайды еңбегіңе алғыс құрмет

Мақтан! Мақтан! Мұғалім армиясы!

«Республика түгелдей шәкіртім!»

Жүрг:Зияткерлік ұлт болып қалыптасуымыздың негізі де сапалы білім алған ұрпақ екені даусыз. 
Ендеше жаңа оқу жылында толағай табыстар тілеймін!
«Ұстаздан озатын» шәкірттеріңіз көп болсын!
Келе жатқан жаңа оқу жылы құтты болсын!
 





ӘН:Қазақстаным орындайтын Көлмырза Шерхан


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі