Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстанның жануарлары"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне жаратылыстану пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қазақстанның жануарлары



Мақсаты: Қазақстанның жануарлары туралы білімдерін толықтырады, «Қызыл кітапқа» енген жануарлармен танысады.


Барыс



Барыс – ерекше сымбатты аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде құз арасынан аңдып отырып, 15м дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсақ жануарлар мен құстардан басқа кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін. Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Тек күшіктеген уақытта ғана тас үңгірлерін уақытша мекендейді. Барыс 3-4 жасынан бастап көбейе бастайды. Күшіктерінің саны 1-5-ке дейін жетеді. Барыстың саны күрт азайып кету салдарынан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. [5,2]



Ақбөкен

Ақбөкен – шөлге өте төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. Оны «киік» деп те атайды. Киіктер сағатына 60-70 шақырым жылдамдықта жүгіреді. Жауларынан сақтану үшін ақбөкендер үйір-үйір болып топтасып тіршілік етеді. Олар жайылып жүргенде біреуі жан-жағын бақылап, «сақтық күзетінде» тұрады. Қауіпті дер кезінде сезген ол қашады да, қалғандарын үркітеді. Қорегі – өсімдіктер (изен, қына, бидайық). Күз айларында, көк шөптің қоры мол болса да жусанмен қоректенеді. Себебі, оның құрамында іштегі зиянды құрттарды жоятын заттар бар. Міне, киіктердің өзін-өзі емдеу – табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті. [1,3]



Бұлан



Бұлан (бұғы) – мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.Қыркүйекте бұқалары өкіріп, жекпе-жекке шақырады. Олар ашық жерде топырақ боратып, тармақталған мүйіздерін бұлғап, көздері қанталап, сарт-сұрт сүзісе кетеді. Мүйіздері айқасып, маңдай тіресіп, бар күшін пайдаланып бір-бірінің мойындарын бұрап тастауға тырысады. Мүйіздердің сартылдаған дыбысы орман ішін ерекше жаңғыртады. [1,10]



Кірпі



Кірпі – аштыққа төзімді жануарлардың бірі. Ол екі жүз отыз алты тәуліктей азықтанбай ұйықтай алады. Оның ұйқысы да қызықты: тікен терісін едірейтіп жіберіп, соған оранып жатады. Ол ұйықтағанда тіпті қорылдайды екен. Осы тікенекті жануардың адам үшін пайдасы көп, ол улы жыланды, тышқандарды жейді. Тікенді «тоны» болса да, кірпінің де жауы бар. Ол – қарақұс. Кірпіні көрген қарақұс бірден соған қарай төмен ұшады да, оны іліп алып, аспаннан тастап жібереді. Кірпі жерге қатты соғылып, быт – шыт болады. Осы кезде қарақұс оны жейді.



Борсық

Борсық – Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Борсық – өте таза жануар. Олардың індері үш ауызды болады. Жататын орны үнемі жаңа төсеніштермен жаңартылып, інінің сыртқа шығатын жолдарына шұңқыр қазып «дәретхана» жасап қояды екен. Осындай қиды көрсең, борсық інін табу қиын емес.Борсықтар қыста ұйқыға кетеді. Бірақ, қыстың жылымық күндерінде оянып інінен шығатын кездері де болады. Борсықтың терісі мен майын ем үшін қолданатындықтан көптеп ауланады. [1,4]

Құндыз

Құндыз – ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Үйінің төбесі судан шығып, астыңғы жағы суда тұрады. Кейде өзара үндеседі. Қысқа қорек жинайды. Негізгі қаруы – 4 күрек тістері. Сол арқылы қоректік ағашты кеміріп құлатып, бөлшектеп тасиды. Ағаш кеміргендіктен тістері үнемі өсіп, өткірленіп тұрады. Құйрығымен суда жүзгенде бағыт, ал қауіп төнгенде құйрығымен суды ұрғылап, басқаларға хабар береді. Жылтыр әрі тығыз орналасқан түгінің су өткізбейтін қасиеті бар. Судан шығып сілкінгенде тез құрғайды. Құндыз терісі бағалы, еті дәмді. Құйрық ұшындағы безден дәрілік қасиеті бар сұйықтық алынады. [1,5]

Борсық inalmaty.kz Құндыз anatili.kazgazeta.kz



Қарақұйрық

Қарақұйрық – шөлді аймақтарды мекендейтін шағын денелі, сымбатты жануар. Биіктігі 70 см., дене тұрқы 110-115 см. Салмағы 25-30 кг. Бауыры ақ, құйрығы қара. Санының күрт азайып кету салдарынан еліміздің «Қызыл кітабына» тіркеліп, Үстірт, Барсакелмес қорықтарында қорғауға алынған. Негізгі қорегі жусан мен ащы шөптер. Олар шөлдің ойлы – қырлы төбешіктерінде, дәнді өсімдіктер өсетін тау етектерінде тіршілік етеді. Күзде әрқайсысы бірнеше жүздеген қарақұйрықтар үйірін құрады. Жазғытұрым қарақұйрықтың еркектері 5-6-дан топтанып, бір жасқа дейінгі ұрғашы лақтары мен қысырлары бөлек, бұзаулары жеке-жеке жүреді. Наурыз, сәуір айларында 1-2-ден лақтайды. Күйлеу маусымында қайтадан 5-6-дан топ-топқа бөлінеді. [1,7]

Аю

Қоңыр аю – Еуропа мен Азияға кең жайылған. Ол – бойы 3 метрге дейін жететін ірі аң. Қалың ормандарда өмір сүреді. Алқаптарға жем іздеп шығады. Өзі денелі болғанмен, жидектерді, жаңғақтарды жейді, насекомдар мен олардың жұмыртқаларын, балды ұнатады, балық аулайды. Жаздыгүні кез келген оңаша жерге жата кетіп, ұйықтай салады. Ал қыста – апанында ғана ұйықтайды. Сол жерде жылына бір рет екі – үш қонжығын дүниеге әкеледі. [1,9]

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қазақстанда мекендейтін «Қызыл кітапқа» енген жануарларды ата.

2. Өзің тұратын аймақта сирек кездесетін жануарлардың қандай түрі бар?

3.Өзің тұратын аймақта саябақтарда гүлдер қандай мақсатпен отырғызылады?


Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер.



«Ақиқат немесе жалған»

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі “жалған” болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.


Рефлексия.ҚР-да мекендейтін «Қызыл кітапқа» енген жануарларды біледі.



Пайдаланылған әдебиет:

1. А.Байғабылова. Қазақстан жануарлары. Алматы. «Аруна» баспасы.2003 ж. 11 – б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
688
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12