×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары

Автор:Құмаров Манарбек Қайсарбекұлы
Бағыты: География
Бөлімі: Тренерлерге
Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-05-06

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Қазақстаннның физикалық географиясы бойынша 8-сынып бөліміннен алынған мәліметтер, яғни әр оқушының осы пәннің бөлімі бойынша ОЖСБ сұрақтарына және тапсырмаларына дайындауға бірден бір көмек құралы болып табылады деген сенімдемін. Себебі әрбір оқушы кітап парақтарын ақтармай-ақ дайын сұрақтарға жауап іздей алады. Ал, ұстаздарға дайын материал, нақты мәліметтер бере отырып, өзіне де көмек құралы бола алады.

Қазақстан жерінің 10 пайыздан астамын биіктігі 4000-5000 метрден асатын таулар құрайды, бұл таулардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік- шығысы мен шығысын алып жатыр.Қазақстан жеріндегі биік тауларға Алтай, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай таулары жатады.Республикамыздың ең биік нүктесі Орталық Тянь-Шань тауларына жататын Хан Тәңірі шыңы. Хан-Тәңірі шыңының биіктігі 6995 м.Жердің даму тарихында бес геологиялық дәуір болған. Әр геологиялық дәуірде тау түзілістері жүрген. Архей мен протерозойда Байкал тау түзілісі, палеозойда Каледон мен Герцин тау түзілісі, мезозойда Мезозой тау түзілісі, кайнозойда Альпі тау түзілістері болған.Палеозойдың алғашқы жартысында болған каледондық тау түзілісі кезінде жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының солтүстігі мен Сарыарқа тауларының солтүстік батысы көтерілді. Палеозойда пайда болған таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған. Мұндай жазықтарды жас платформалар деп атайды. Еліміздегі жас платформалы аймаққа Батыс Сібір, Тұран тақталары жатады.Мезозой эрасында жер қыртысындағы қозғалыстар салыстырмалы түрде аз болып, бірде-бір тау жүйесі көтерілмеген. Палеозойда көтерілген таулар сыртқы күштер әсерінен үгіліп, аласарған. Қазақстан жері мезозойдың аяғында тегіс аймаққа айналған. Қазақстанның биік таулары палезойдың каледон және герцин тау түзілістері кезінде көтерілген. Кейін бұл таулар мезозой дәуірінде тегістеліп аласарған. Неогеннің аяғында альпілік тау түзілісі кезінде Қазақстанның Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілген.Қазақстандағы ең жас альпілік құрылымдарға кайнозой эрасында қалыптасқан Балқаш-Алакөл, Жайсаң тауаралық ірі қазаншұңқырлары жатады. Қазақстанның барлық жерінде антропогендік және кайнозойлық шөгінділер кездеседі. Антропогендік шөгінділер қазіргі кезеңде әсіресе ірі жазықтар мен тауаралық ойыстарда кездеседі.Ресей жеріндегі ірі жазықтардың бірі болып саналатын Батыс Сібір жазығының Қазақстанға оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Батыс Сібір жазығы республиканың солтүстігі мен солтүстік шығысында Орал тауларынан Алтайға дейін созылған жіңішке алқапты қамтиды.Тұран ойпатының көп бөлігі Орта Азия республикаларының жерінде. Тұран ойпатының Қазақстанға тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Каспий маңы ойпаты теңіз деңгейінен 27 м төмен орналасқан. Каспий маңы ойпатының жер бедері тегіс болып келеді. Каспий маңы ойпаты бірнеше рет теңіз табаны болғандықтан, бірнеше шақырымға дейін көтеріңкі жер көре алмайсың.Үстірт үстірті Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан. Солтүстігі мен солтүстік батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі. Қазақстанға үстірттің солтүстік батыс бөлігі ғана кіреді.Орал алды немесе Жем үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатыр. Үстірттің абсолют биіктігі 100-300 м жуық.Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады. Сарыарқа таулары Қазақстанның орталық бөлігін алып жатыр. Мұғалжар таулары Орал тауының табиғи жалғасы болып табылады. Маңғыстау таулары Каспий теңізінің Маңғыстау түбегінде орналасқан.Мұғалжар тауы Ақтөбе облысында орналасқан. Мұғалжар тауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тауда Қазақстандағы хром кенінің 99%-ы шоғырланған.Маңғыстау таулары Каспий теңізінің Маңғыстау түбегінде орналасқан. Маңғыстау тауларындағы Ақтау жотасы ақ әктастан, ал Қаратау жотасы қара әктастан тұрады.Қазақстанның биік таулы өлкелеріне Қазақстанның оңтүстік шығысы мен шығысындағы биік таулар кіреді. Ол тауларға Тянь-Шань, Алтай, Жетісу Алатауы, Сауыр Тарбағатай жатады. Бұл таулардың барлығы палеозой эрасында көтерілген.Алтай таулары – Қазақстанның шығысындағы тау. Негізгі бөлігі Ресей жерінде. Алтай тауы моңғол тілінен аударғанда, "алтын" деген мағына береді. Қазақстанға Алтай тауының оңтүстік батыс бөлігі ғана кіреді.Сауыр-Тарбағатай таулары Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Сауыр Тарбағатай тауының солтүстігінде Жайсаң көлі мен оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры орналасқан. Сауыр-Тарбағатай шығысқа қарай Сарыарқа тауларына жалғасады.Жетісу Алатауы солтүстік шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік батысында Іле өзені аңғары аралығында орналасқан. Жетісу (Жоңғар) қақпасы арқылы Қытай жеріндегі Ебінұр көлінің қазаншұңқыры Алакөл қазаншұңқырымен жалғасады.Жанатын пайдалы қазбаларға көмір, мұнай, газ, кенді пайдалы қазбаларға металдар, кенсіз пайдалы қазбаларға ас тұзы, фосфор, асбест жатады.Қазақстанда көмірдің мол қоры шоғырланған. Еліміздің маңызды көмір өндіретін ауданы Қарағанды алабы. Қарағандыда сапасы өте жоғары көмір өндіріледі.Екібастұз көмірі алабы маңыздылығы жөнінен Қазақстандағы екінші көмір алабы. Екібастұз көмірі ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, өзіндік құны арзан. Сол себепті көбінесе Қазақстан мен Ресейдің жылу электр станциялары отын ретінде пайдаланады. Қазақстан жанатын көмірсутекті қорларға өте бай. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап пен 207 кен орны бар. Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД елдері арасында Ресей, Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Еліміздегі темір қорының басым көпшілігі Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.Қазақстанда марганецтің ірі 11 кен орны бар. Марганецтің ірі кен орындары Орталық Қазақстанда шоғырланған. Сонымен қатар марганец кен орындары Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау тауларында да кездеседі. Қазақстан хромның қоры жөнінен дүниежүзінде екінші орынға шықты. Қазақстандағы хромит кен орындарының 99% -ы Мұғалжар тауында шоғырланған.Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауындағы Кемпірсай, Дөң хромит кен орындары жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Хромит тоттанбайтын болат алуға қолданылады.Алюминийдің Қазақстандағы негізгі шикізаты ретінде боксит саналады. Бокситтің негізігі кен орындары Ақмола мен Торғай ойыстарында шоғырланған (Арқалық бокситі).Қазақстан мыс қорына өте бай. Еліміздегі мыстың сапасы өте жоғары бағаланады. Ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл жатады, бірақ рудаларда металл мөлшері аз.Қазақстан фосфорит қоры жөнінен дүниежүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Қазақстандағы фосфорит қорлары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қаратау мен Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауларында шоғырланған.Қазақстанда алтын кен орындары Алтай, Қалба жотасында және Қостанай облысындағы Жітіқара өңірінде кездеседі. Елімізде 196 алтын кен орны бар.Асбест кенсіз пайдалы қазбаға жатады. Асбест кен орындарының пайда болуы магмалық жыныстарға байланысты. Қазақстандағы асбестің ірі кен орындарына Қостанай мен Қарағанды облыстарындағы кен орындары жатады. Олар Қостанай облысындағы Жітіқара және Хантау кен орындары.Полиметалл кені дегенімізбірнеше металдардың қоспасы. Полиметалл құрамында бірнеше металдар, қорғасын, мырыш, алтын, мыс, күміс т кездеседі. Полиметалл рудасына бай таулар Қаратау, Жоңғар Алатауы, Алтай саналады.Қаратау пайдалы қазбалар қазынасы. Қаратауда полиметалл мен фосфордың мол қоры шоғырланған. Қаратаудағы полиметалл кен орындары Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай.
  • Жер бедерінің басты ерекшелігін көруге болатын карта.
  • Қазақстанның жер бедерінде ... басым.
  • Биік таулар Қазақстан жерінің ... алып жатыр.
  • Еліміздің таулы аймақтарын көрсетіңіз.
  • Қазақстанның ең төмен орналасқан нүктесін белгілеңіз.
  • Қарақия ойысы орналасқан жер.
  • Қазақстанның ең биік нүктесі.
  • Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды ... деп атайды.
  • Қазақстан жер бедері ... қарай еңіс тартады.
  • Протерозой эрасынан кейінгі эраны көрсетіңіз.
  • Палеозой эрасында болған тау түзілістерін табыңыз.
  • Қазақстан жеріндегі ең алғашқы тау жасалу.
  • Каледондық тау түзілу кезінде көтерілген тау жүйелерін көрсетіңіз.
  • Алтай, Жоңғар Алатауы, Сарыарқаның шығыс бөлігі, Мұғалжар ... көтерілді.
  • Қай кезеңде Қазақстан аумағын тұтастай теңіз басып жатқандығын көрсетіңіз.
  • Қазақстанның тек батыс бөлігін су басып жатқан эраны табыңыз.
  • Қазақстанның жер қыртысының салыстырмалы түрде тыныш болған кезеңін белгілеңіз.
  • Қазақстанның ең ежелгі платформалы аймағын табыңыз.
  • Шығыс Еуропа платформасындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығын көрсетіңіз.
  • Қазақстанның жас платформалы аймағын табыңыз.
  • Қазақстандағы жас платформаларды белгілеңіз.
  • Қазақстанның биік таулары көтерілген геологиялық эраны табыңыз.
  • Қазақстанның биік тауларын табыңыз.
  • Альпілік тау түзілісі кезінде қалыптасқан кайнозойлық құрылымдар.
  • Мезозойлық тау жыныстары көп таралған.
  • Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігін табыңыз.
  • Қазақстанның оңтүстігіндегі жазықты табыңыз.
  • Тұран жазығының Қазақстанға кіретін бөлігін табыңыз.
  • Тұран ойпатын Қазақстан жерінде екі бөлікке бөліп ағатын өзен.
  • Қазақстанның батысындағы ойпатты табыңыз.
  • Каспий маңы ойпатындағы төбешіктерді сипаттап жазған ғалым.
  • Мұхит деңгейінен 27 метр төмен жатқан ойпатты табыңыз.
  • Каспий маңы ойпатында орналасқан шөлдерді көрсетіңіз.
  • Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан үстіртті табыңыз.
  • Салыстырмалы биіктігі 150 м-лік тік жарлармен шектелген үстіртті табыңыз.
  • Үстірттің биік нүктесін табыңыз.
  • Батыс Сібір жазығын Тұран ойпатымен ... жалғастырады.
  • Мұғалжар тауы мен Каспий маңы ойпатының арасында орналасқан үстірт.
  • Еділ өзені мен Орал тауының аралығындағы қырат.
  • Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасын табыңыз.
  • Мұғалжар тауы орналасқан облысты табыңыз.
  • Сарыарқаның ең биік нүктесін белгілеңіз.
  • Қаратау мен Ақтау жоталарынан тұратын аласа таулы өлке.
  • Қазақстанның және ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жерін табыңыз.
  • Қазақстанның биік тауларын көрсетіңіз.
  • Қазақстан жеріне кіретін Алтай тауының бөлігін табыңыз.
  • Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтайдың аудандарға бөлінуін анықтаңыз.
  • Пайдалы қазбалар ... топқа бөлінеді.
  • Дүниежүзіндегі ең ірі "Алып" көмір кен орны орналасқан қаланы табыңыз.
  • 1899 жылы Қазақстанда ең алғаш мұнай атқылаған кен орны.
  • Елімізде мұнай мен газ шоғырланған алаптардың санын көрсетіңіз.
  • 1948 жылы Сарыбай темір кен орнын ашқан ұшқышты табыңыз.
  • Темір қорының 93%-ы шоғырланған ауданды белгілеңіз.
  • Шөгінді жыныстардан пайда болған, ашық әдіспен өндірілетін темір кен орындарын табыңыз.
  • Қазақстанның марганец қоры жөнінен дүниежүзінде нешінші орынға ие екендігін көрсетіңіз.
  • Қазақстанның тұзға бай ауданын табыңыз.
  • Орталық Қазақстанда орналасқан ірі марганец кендерін белгілеңіз.
  • Хром мен никель қорының 99%-ы шоғырланған тауды табыңыз.
  • Қазақстандағы хромит кен орындарын белгілеңіз.
  • Негізгі шикізаты боксит болып табылатын түсті металл.
  • Бокситтің негізгі кен орындары шоғырланған жерді табыңыз.
  • Еліміздегі ірі мыс кен орындарын табыңыз.
  • Полиметалл кен орындары кездесетін тау жүйелерін белгілеңіз.
  • Полиметалл кенінің құрамында көп мөлшерде кездесетін металдарды табыңыз.
  • Сирек кездесетін металдардың кен орындарының шоғырлануы жөнінен алдыңғы орындағы ауданды табыңыз.
  • Кенсіз пайдалы қазбаларды көрсетіңіз.
  • Ірі фосфорит кен орындары бар тауларды табыңыз.
  • Қаратаудағы полиметалл кен орындарын табыңыз.
  • Ашық әдіспен көмір өндірілетін алапты белгілеңіз.
  • Қостанай облысында өндірілетін пайдалы қазбаны көрсетіңіз.
  • Асбестің ірі кен орындарын белгілеңіз
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: