Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның кәсіби музыкасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі

__________

__________2018 ж.


1-тарау. Классикалық музыканың үздік туындылары

Мектеп: №274

Мұғалімнің аты-жөні:Құлемет М.О.

Күні:6 «А», «Б», «В» -

Сынып: 6 «Ә», «Г» -

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның кәсіби музыкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.1классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

Сабақ мақсаттары

Қазақстанның кәсіби музыкасы туралы таныстырып, тыңдаған шығарманы талдау,стилін, жанрын анықтау, музыка мен өнердің басқа түрлерін салыстыру.

Бағалау критерийлері

Қазақстанның кәсіби музыкасы туралы бейнежазба көріп, сұрақтарға жауап береді.

Тыңдаған музыкалық шығармаларды талдайды.

Ойын ойнап, жауабын табады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Музыканы талдау және талқылау барысында.пәндік терминдерді қолдана отырып шығарманы сипаттайды,

Талдауға арналған сұрақтар :

Кәсіби музыка туралы білесіңдер ме?

Дəстүрлі күйшілік өнер туралы білесіңдер ме?

Дәстүрлі әншілік өнер?

Терминдер және түсініктер:

Балет, классика, жанр, канон, композитор, токката, фуга

Құндылықтар-

ды дарыту

Жұптық, топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы музыка өнеріне деген құрметті

тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

Бастапқы білім

Кәсіби музыка туралы тек теледидар арқылы таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут
















3 минут

1.Психологиялық дайындық. .«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Балет өнері туралы ізденіс жұмысы.

1.Қазақстан хореографиялық өнерінің қалыптасуы мен дамуына Шара Жиенқұлова нендей үлес қосты?

2. Қазақстанның қандай хореографиялық ұжымдарын білесің?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Сабақта:


1.Қазақ халқының кəсіби күйшілік және ауызша-кəсіби əншілік өнерімен танысамыз;


  1. Дəстүрлі күйшілік және әншілік мектептер жөнінде білеміз;


  1. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;


  1. Тəттімбет жəне Құрманғазының күйлерін тыңдаймыз;


  1. Төкпе жəне шертпе күйге салыстырмалы талдаулар жасаймыз;


  1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.

Тренинг























Сабақтың ортасы

3 минут










2 минут






































5 минут














7 минут








15 минут






Сыныптық жұмыс."Сөзді тауып көр" ойынына қатысыңыз. Оқушылардың сипаттауына қарай жасырылған сөзді тауып көріңіз.

Ойынның шарты: сабақтың өтілетін тақырыбына сай термин табуды ұсыну. Ойынды өткізу үшін бір оқушыны тақтаға шағады. Бұл терминді тақтаға шыққан оқушыдан жасырып, сыныпқа көрсетіп, Ббсқа оқушылар термин атауын атамай, сипаттайды, ал тақтадағы оқушы жасырылған терминді табу керек.

Жасырылатын термин сөздер: халық музыкасы, күй, күйші оркестр, домбыра фортепиано.

Дескриптор:

Жасырылған терминдерді таба алады.

Қб.Мадақтау

Мұғалім көмегі.

Қазақ халқының кəсіби музыкасының негізі ертеректе қалыптасқан. Əсіресе ХІХ ғасыр қазақ халқының өнерінде «алтын ғасыр» деп аталады. Аспаптық музыка саласында Құрманғазы, Тəттімбет, Дəулеткерей, Қазанғап, Сүгір, Дина сынды дəулескер күйшілер осы ғасырда туып, қазақ өнерін дамытқан. Қазақ даласында ғасырлар бойы аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне, тағы да басқа сипаттары-на байланысты жеті түрлі күйшілік дəстүрлер мен мектеп-тер қалыптасқан жəне олар сол аймақтардың, өңірлердің атымен аталады. Олар: Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Батыс жəне Маңғыстау күйшілік дəстүрлері. Күйлер, негізінен, үш аспапта – домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Соның ішінде, дəстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған саласы – домбыра күйлері. Со-нымен қатар домбырада күй тартудың негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Шығыс Қазақстандық шертпе күй дəстүрі жəне Батыс Қазақстандық төкпе күй дəстүрі. Шертпе күйшілік дəстүр Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу өңірлеріне тəн (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары). Төкпе күйшілік дəстүр Батыс, Сыр бойы, Маңғыстау аймақтарында қалыптасқан (Батыс Қазақ-стан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстары). ХІХ ғасырда өз дамуының шырқау шыңына көтерілген – күй жанры. «Жалпы, музыка атаулы нəрсе елдің ішкі сезім байлығын білдіретін болса,соның ішінде ең толғаулысы, ең сырлысы – күй», – деп заңғар жазушы М. Əуезов айтқандай, күй – халқымыздың музыкалық қазынасының ең бір мол саласы.

Əн – халқымыздың тыныс-тіршілігімен ықылым заман-нан бері біте қайнасып келе жатқан, тұрмыс-салтымызда ерекше орын алатын өнер. Əсіресе, қазақтың ауызекі түрде дамыған кəсіби əн өнері ХІХ ғасырдың екінші жарты-

сында айрықша көркем құбылыс ретінде қазақ даласының əр өңірінде оқшау-

ланып, əр аймақта тек сол өлкеге тəн өзіндік ерекшелігімен дараланды. Алтай -дан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерімізде əншілік дəстүр əуендік, орындау-

шылық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше өлкелік мектептер болып қалыптасты. Атап айтқанда, Алтай-Тарбағатай, Арқа, Жетісу, Сыр бойы, Батыс Қазақстан əншілік, орындаушылық дəстүрлері. Арқа əншілік мектебі – Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай, Мəди, Майра т.б., ал, Сыр бойы – Жиенбай, Нұртуған, Нартай əншілік-жыршылық мектебі, Жетісу – Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Дəнеш сияқты ақын-жыршы, əнші-композиторлар дың шығармашылық мұралары өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленеді, Батыс əншілік мектебін ерекшелейтін Махамбет, Мұхит – жеке дара орындаушылық дəстүр болса, Маңғыстау жырла-ры жəне жеті қайқы əндері өзінше бөлек салаға бөлінеді. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірінде өзіндік ерек-ше нақышпен, жаңашыл бағытта қалыптасқан Абай жəне оның ақын, əнші шəкірттері Шəкəрім Ақылбай, Əсет, Уəйіс, Берікбол, Мұхамеджан, Шəкір Əбенов сияқты əнші-композиторлардың əншілік үрдісі өз алдына айрықша мектеп болып табылады.

1-тапсырма. Зерттеу.Жеке жұмыс

Н.Мендыгалиевтің "Легенда о домбре"шығармасын тыңдаңыз.

  • Шығарманы қандай аспап орындайды?

  • Фортепиано қандай аспаптың дыбысталуын көрсетеді?

  • Орындаушы домбыра ойынын қалай бейнелейді?

  • Аспапта орындаудағы қандай әдіс-тәсілдерді қоданған?

  • Фортепиано қандай аспаптар тобына жатады?

Домбыра дыбысталуын дауысыңызбен көрсетіңіз.

Дескриптор:

Шығарманың орындалған аспабын ажыратады.

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. Мадақтау.


2-тапсырма. Тыңдау және орындау.Ұ.

«Абай» операсынан «Қарлығаш» әнін тыңдаңыз.

Әннің әуенін үйреніп, канон арқылы орындап көріңіз.

Дескриптор:

  1. «Абай» операсынан «Қарлығаш» әнін тыңдайды.

  2. Әннің әуенін үйреніп, канон арқылы орындайды.

Қб. Бас бармақ



3-тапсырма.Орындау.Топтық жұмыс.

"Қарлығаш" әнінің ырғақтық суретін орындаңыз.

1 топ – әнді вокалды орындау;

2 топ – әнді сүйемелдеу арқылы орындау..

Әннің мінезі мен көркем бейнесін жеткізуге тырысыңыз. Ансамльдік дыбысталуды сақтаңыз.

Дескриптор:

1.Әнді тыңдайды.

2.Әнді вокалды орындайды.

3.Әнді сүйемелдеу арқылы орындайды.

ҚБ. Үш шапалақ.


"Сөзді тауып көр" ойынына
















Төкпе күй домбырасы












Шертпе күй домбырасы















Н.Мендыгалиев "Легенда о домбре" орындаушы: Ж. Аубакирова.

https://www.youtube.com/watch?v=obn5jFzKBfI



А.Жубанов "Қарлығаш" әні

Орындаушы Қарақат Абiлдина.

https://www.youtube.com/watch?v=_s7IRAkIAwY



«Қарлығаш»

Орындаушы Алия Кикенова.

https://www.youtube.com/watch?v=u8_3RrY_bq8



Сабақтың соңы

3 минут



Үйге тапсырма. Қазақстанның мәдениет тұлғалары

1-қатар:Алан Бурибаев (дирижер),Марат Бисенгалиев (скрипка);

2-қатар:Жания Аубакирова (фортепиано),Айгуль Улкенбаева (домбыра); 3-қатар: Раушан Оразбаева (қобыз), Айман Мусаходжаева (скрипка) туралы ақпарат табыңыз.

Рефлексия

Не үйрендіңіз?

Сізге не ұнады?

Қай тапсырма қиын болды?





Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыканы талқылауға арналған тапсырма барысында топтарға бағыт беру арқылы қолдаукөрсету.

Топтық жұмыста оқушылардың бір біріне көмек көрсетуі.

Ақпаратты іздеуге арналған тапсырмада бағалау критерийлеріне сүйеніп, топтардың жұмысын бір-біріне бағалау арқылы тапсыруға болады.

Орындау тапсырмасында үлгіге қарап оқушылардың өз өздерін тексеруі.

Оқушылардың топта атқарылатын жұмыстарын қадағалау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
8890
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12