400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстанның кеше, бүгін, ертеңі» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас оқырмандарға , тәрбиешілерге, жастарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстанның кеше, бүгін, ертеңі»

Сырымбетова Индира Зейнадиновна

Тәрбиеші, МКҚК «Қошақан» балабақшасы

Қажымұқан ауылы, Целиноград ауданы, Ақмола облысы .

«Қазақ» деген сөзді естігенде көз алдымызға , еліміздің қалыптасқаннан бері қаншама қиындықтарға төтеп берген. Қазақ халқы ар-намысын жоғары қойып , елі-жері үшін жанын берген, білектің күшімен, найзаның ұшымен жауға шапқан қазақ батырларын, ұлын-құл, қызын-күң еткізбеген қазақ хандарын, ақылымен ерекшеленетін, көпті көрген қазақ ақсақалдарын , сөзге шешен, тіл байлығымен, ащы шындықты тайға таңба басқандай айтатын, өзекті мәселелерді қозғайтын қазақ шешендерін, бір- бірімен ренжіскен екі адамның арасындағы қарама-қайшылықты дау-дамайды жойып, татауластырған төрелігін айтқан билерімізді, жүрегі «қазақ» деп соққан қазақ жауынгерлерін, Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін , жанын берген қазақтың қайсар қыздары мен ержүрек ұлдарын елестетеміз.

Совет үкіметі заманында Қазақстан ҚазССР деп аталып, орыс үкіметіне тәуелді болып келді. «Оқы, оқы және оқы» В.И.Ленин біздің көсеміміз деп санамызға құйған. Қазақ деген халық жоқ деп, қаншама зиялы адамдарды, ақындарымызды, жазушыларымызды Сталиннің саясатына қарсы шыққаны үшін, абақтыға қамалып, сібірге жер аудартып , ату жазасына кескен. Қазақ халқын жер бетінен жою үшін қолдан аштық жасап, малын жерін тартып алып, ұрпағын қырған. Қаншама миллиондаған қазақ өз отбасын ұрпағын аман сақтап қалу мақсатында аштыққа шыдамай, туған жерін, елін тастап жер аударып кете барды. Қанша халық көшіп барған елдерге сіңісіп кете алмай, елін, атамекенін сағынып қайғырды.

Сәл саябырлап коммунизм орнағалы ел тыныштала бастады. Сол кезеңдегі оқушылар октябрьят, пионер болуға қызығып, одан комсомол болуды аса мәртебе деп санаған. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұмытылып, санамыз орыстана бастады. Қазақ халқының орыс билігіне соңғы шыдамы 1991 жылы Дінмұхамед Қонаевты алып тастап, Колбинды қояр кезде қазақ жастары бас көтерді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Алматы қалсында және басқада қалаларда қаншама қазақ жастары билікке қарсы көтеріліске шығып, қазақтың жалындаған ұл-қыздары елін, жерін сақтап қалу үшін, егеменді ел болу үшін жандарын құрбан етті. Қазақ халқының бостандығына, асқақ армандарына қайсар қазақ рухының ұл-қыздарының жігерлігінің арқасында жетті. Кеңес Үкіметі Компартиясының шешімімен тұңғыш президентіміз болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Егеменді ел болып Қазақстан тәуелсіздігін алып, көк туымызды желбіретіп, бірден ел болып кетуі қиын болды. Н.Ә. Назарбаевтің қолайлы саясатының тың бастамасының арқасында тәй-тәй басқан баладай болашаққа біздің елеміз зор-үмітпен қадам басты. Қазақстан елімізді елбасымыз, кең байтақ жерін, тұрмысын, әлаухатын көтеру мақсатында аянбай тер төкті. Қазақстан Республикасының Ата заңы, туы, елтаңбасы, әнұраны жазылып, бекітіліп, халықты жұмыспен қамтамас ету үшін, еліміздің байлығын игеретін жаңадан зауыттар салу үшін, инвесторларды тартты. Ауылдық жерлерде тұрмысы төмен отбастарына мал шаруашылығына, егін шаруашылығына көмек көрсетіп, халықтың пікірін тыңдап қолдау білдірді. Қазақстанның солтүстік, орталық облыстарын орыстанып кетпей, салт –дәстүрлерді жоғалтпау мақсатында оңтүстік астана Алматы қаласының орнына, Целинаград қаласына 1998 жылы астана мәртебесін берді. Сөйтіп Казақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып бекітілді. Астана қаласы арнайы экономикалық аймақ ретінде, салынған инвестиция көлемі арқасында дами бастады. Есіл өзенінің сол жағалуына түрл-түрлі зәулім ғимараттар, әкімшілік нысандар салынды. Астананың ойдағыдай дамуының арқасында қала халқының жедел өсуін байқауға болады. Елбасымыз жаңа қадам жасап мәдениетін, білімін көтеру үшін театрлар, кітапханалар, мұражайлар, мектеп пен балабақшалар жерге гүл шыққандай жылдам қарқыммен көбейе бастады. Халыққа медициналық көмек көрсетіліп, емханаларда бой көтерді.

Қазақстан жерінде Менделев кестесіндегі 110 элементтің 99 түрі бар. Жерімізде мұнай, уран өндіріледі. Қазақстанның әр облысының өзіндік айналысатын шаруашылықтары бар. Туған жеріне мыңдаған отандасымыз елім, жерім деп оралды. «Түрік тілінің гауһары қазақ тілі» демекші ана тілімізге де көңіл бөлініп, қазақ тілі өз мәртебесін алды.

Біздің Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла, қызметтің әр саласында қазақтар мен орыстар, өзбектер, татарлар, украиндер мен немістер еңбек етіп келеді. Қазақ халқы кең пейілді, жомарт халық. Осында тұратын басқа ұлт-өкілдері қазақ халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт – дәстүрін біліп , құрметтеу керек. Қазақ халқының татулығының мәні осында деп білемін.

Қазірде тәуелсіз еліміз әлемге танылып, олимпиадаларда көк туымыз желбіреді. Бүгінгі жас ұрпақ сапалы ана тілімізде білім алуда. Жастар өз күш- жігерлерін, білімдерін тәуелсіз еліміздің гүлдене беруіне жұмсамақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 » атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп, атап көрсетті, зор үміт артты.
Биылғы жылы Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Еліміздің болашағы - білімді жастарымызда. Қазақстан мемлекетін әрі қарай нығайтып, көркеюіне, елін-жерін қорғай білетін, осы жердің иесі ретінде ұрпақты тәрбиелеуде аянбай қызмет етуге ұстаздар мен тәрбиешілер әрқашанда даярмыз. Жолдауда айтылған бағыт-бағдарды орындауға міндеттіміз. Болашағымызға зор үміт пен қараймыз.
Еуразияның кіндігі қасиет қонған Астана гүлденіп жайнай берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі