400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның киелі жерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, тарихымен таныстыру.Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Киелі жер"

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның киелі жерлерімен таныстыру, тарихымен таныстыру.Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің қасиетті жерлерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

2. Дамытушылық:  Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелілік:  Жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер,мақал-мәтел,жұмбақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздерме балалар!(отырыңдар )

-Сабағымызды бастамас бұрын көңіл күйімізді көтеріп алайық.

Психологиялық дайындық. Әр оқушы шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

II.Жаңа сабақ. .Сұрақтар қойып, жауап алу.

1. Қазақстанның қасиетті жерлері дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Оларға нелер жатады деп ойлайсыңдар?Неліктен?

3. Осы жерлердің қайсына барып көрдіңдер?Көргендерің барма?

Сонымен,бүгінгі сабағымыз неге байланысты деп ойлайсыңдар? Жарайды, бүгінгі сабағымыз өз еліміздің Қазақстанның қасиетті,киелі жерлерімен байланысты. Сабаққа белсене қатысайық!

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Киелі атаулының тамырына балта шабуға барын салған кеңес өкіметі кезінде де қазақтың ақыны:

«Ал менің әлі сапарым қанша алдымда, Күш құяр жанға жолымда сәуле — бар ма, шам? Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау, Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам», — деп жырлады (Ф. Оңғарсынова, «Оғыланды».)

III.Топпен жұмыс

Енді балалар тақырыпқа байланысты ойымызды ортаға салайық.Қазір алдыларыңа А4 парақшасын таратамын, қасиетті жерлерді сызба түрінде топпен жазып шығыңдар.(5минут уақыт беріледі)

IV.Мәтінмен жұмыс(мәтінді оқып беру,балалардан мағынасын сұрау)

Қазақстан Республикасы – Еуразияның дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Қазақстан жері кең байтақ. Оның өте әдемі жерлері көп. Олар - Көкшетау,Алатау бөктерлері, Шарын шатқалы және Балқаш көлі. Бұл жерлер- қазақ халқының мақтанышы.Шет елден келген қонақтарға осы жерлерді көрсетеді. Көрікті жерлерде көк аспанмен таласқан әсем таулар, тап– таза бұлақтар мен өзендер, ну ормандар,сан алуан өсімдіктер бар. Қазіргі кезде барша қазақстандықтардың алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі - табиғат ананы қорғау , оның байлығын ұқыпты пайдаланып , кейінгі ұрпаққа қалдыру .

Қазақстан қайда орналасқан?

Оның жері қандай?

Табиғаты қандай?

V.Өзге тілдің бәрін біл.(сөздерді үш тілде айту)

Отан –

Көл-

Өзен-

Табиғат-

Өсімдік-

Жануар-

Балалар осы айтқан сөздеріңнің барлығы біздің елімізге қатысы барма? Міне, балалар бұл сөздердің барлығы біздің елімізге қатысы бар екен.Әсем табиғатымыз, жануарлармыз бен өсімдіктеріміз.өзендер мен көлдеріміз,қазба байлықтарымызда қасиетті жерлерге жатады.

VI.Топпен жұмыс

Топтарға Қазақстанның қасиетті жерлері жайлы мәлімет және суреттері таратылады. Мәліметті оқып,ортаға әр топтан 2 оқушы шығады, түсінгендерін айтып өтеді.

VII. Сергіту сәті

Соз қолыңды оң жаққа,

Соз қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлғамай,

Шеңбер жасап тұрғанда

Хормен:

Мен өз отанымды сүйемін!

Я люблю свою Родину!

I love my motherland!

VIII. Ойын: «Мен елімнің азаматымын»

Әр оқушыларға суреттер беріледі. (Әр елдің қасиетті жерлерінің ,өзен-көлдерінің т.б.) Оқушылар тек қазақ еліне тиесілі суреттерді бір жерге жинайды. Неге сол суретті таңдағандарын дәлелдейді. Ойын соңында балалар смайлдармен мадақталады.

Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)

Қорытынды. Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің дей отырып, балалар осымен сабағымыз аяқталды.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
05.02.2019
7858
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі