жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру. 9 cынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география |
Мектеп: №116 Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп |
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Рыспаева Гулзира |
|
Сынып - 9 |
Қатыспағандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру. |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
9.3.1.5 Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді. |
|
Сабақтың мақсаты |
Қазақстанның минералды ресурстарына оқушылардың көзқарасын қалыптастыра отырып табиғатқа деген аяушылықты ояту, оны үнемдеп пайдалану дағдыларын арттыру. |
|
Бағалау критериі |
Түсіну: - Қазақстанның минералды ресурстарына не жататынын түсінеді; Қолдану: - Минералды ресурстарды шартты белгілер арқылы географиялық орнын ажырата алады; Талдау: - Қазақстанның табиғи ресурстарын жіктей алады; Жинақтау: - Минералды ресурстардың болашақтағы қорын анықтап және оның балама көздерін ұсынады; |
|
Тілдік мақсаттар |
Тақырыпты оқи отыра мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп карта арқылы минералды ресурстардың географиялық орналасуын кескін картаға түсіреді. Минералды ресурстардың геологиялық геохронологиялық мазмұнына сәйкес бір-біріне ұсыныс пікірлер айтады. |
|
Құндылықтарға баулу |
Қазақстанның әлем картасындағы минералды ресурстар бойынша алдыңғы қатардағы ел. Оның болашағын кейінгі ұрпаққа қалдыру мақсатында, минералды ресурстарды үнемдей отырып мемлекет экономикасына сүбелі үлес қосуына оқушыларды тарту. |
|
Пәнаралық байланыс |
Химия – минералды ресурстардың қасиеттерін, қолданылуын анықтағанда. Мысалы: табиғи газдан, мұнайдан алынатын минералды ресурстар. Математика – минералды ресурстардың қорын салыстырғанда және есептегенде. |
|
Алдыңғы білім |
Пайдалы қазбалардың не екенін, олардың шартты белгілерін және химиялық атауларын, географиялық орнын біледі. |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Жағымды ахуал қалыптастыру. «Күн шуағын шашады....» ойыны. Топқа бөлу.Оқушыларды минералды ресурстардың шартты белгілер арқылы топтастыру. 1-топ Мұнай 2-топ Газ 3-топ Көмір Миға шабуыл. «Әңгіме» әдісі Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа материалды меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалды қалай меңгергенін анықтау.
Бейнебаян көрсету. Бейнебаянды талқылау арқылы жаңа тақырыпты ашу. |
Минералды ресурстардың шартты белгілері салынған стикерлер Бейнебаян |
|
Сабақтың ортасы |
Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Түсіну, қолдану.1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі.
Дескриптор: -Минералды ресурстарды ажырата алады. -Шартты белгілерді кескін картаға түсіре алады. Талдау. 2-тапсырма. «Венн» диаграммасы. Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстарды салыстыру.
Дескриптор: -Сарқылатын және сарқылмайтын ресурстарды ажыратып сипаттайды. Жинақтау. 3-тапсырма. «Сөйлемді толықтыр» әдісі. Қолыңдағы ұялы телефонды қара, оны жасау үшін қандай қазбалар қолданатынын ойланып көр. Осы сұраты қою арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізу. Мұны қайдан білесіз...... ......үшін сізде қандай дәлел бар. Сіз неге олай ойлайсыз....... Сіз келісесіз бе....... Түсіндіре аласыз ба....... ......үшін не істеу керек т.с.с |
9-сынып оқулығы, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, «Табиғат және география» журналы, Жұмыс дәптері. |
|
Сабақтың соңы |
Сабақтың соңында оқушыларға проблемалы сұрақтар қойылады: - Қазақстанның минералды ресурстары ұлттық деңгейде қалай бағаланады? - Қазақстан шикізат база болып қала бере ма?Оған дәлел келтір. |
|
|
Саралау – А-деңгей 1.Әлемдік деңгейде Қазақстанның пайдалы қазбаларына қандай баға беріп жүр? 2.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады? В-деңгей 1.Табиғи ресурстық әлеуетті бағалау кезінде табиғи ресурстардың құрамы, мөлшері мен сапасының көрсеткіштерін ата 2.»Табиғи ресурстық әлеует түсінігі неліктен табиғи ресурстарды бағалау түсінігінен кеңірек? С-деңгейі 1. Табиғатты тиімді пайдалану жолдарын ата. 2.Қазақстандағы пайдалы қазбалардың ішіндегі қайсысы тапшы? |
Бағалау
|
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану |
||||||||||||||||
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар;
|
Метеорологиялық элементтер мен табиғат құбылыстарының өзіндік қасиеттерін талдау және жинақтау нәтижелеріне қарай тексеру |
Химия, математика Интербелсенді тақта, ноутбук, бейнебаян. |
||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген