Материалдар / "Қазақстанның Қызыл кітабы", 8-сынып, қазақ тілі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қазақстанның Қызыл кітабы", 8-сынып, қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, Қазақстанның Қызыл кітабының пайдасы, табиғатты қорғау туралы ашық сабақ. Мақсаты - табиғатқа деген сүйіспеншілікті ьарттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
1804
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: қазақ тілі

Мектеп:

«Келешек-Тараз» ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицейі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5-бөлім.

Күні: 25.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Назарова Күлпарида Келгенбайқызы

Сынып: 8 «Г»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның Қызыл кітабы

Оқу мақсаттары

8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.4.2.тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені талдай алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені талдауда дәйексөздердің мағынасы мен үзінділердегі айтылған негізгі ойды нақты анықтай алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: дәйексөздердің қолданылу ерекшелігін айта алады, өз пікірін өзгелердің жауабымен салыстырады , өз-өзіне және өзгелерге баға береді.

Бағалау критерийлері


  • мәтіндегі айтылған негізгі ойды нақты анықтау;

  • мәтінде көтерілген мәселені болжау;

  • тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерін ажырата білу.

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты терминдер: тақырып, идея, дәйексөздер, негізгі ой, сөйлем мүшелері, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер..

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қызыл кітап не үшін қажет?

  2. Ол неліктен «Қызыл кітап» деп аталған ?

  3. Пысықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады?

Құндылықтарға баулу

Табиғатты сүю, оған қамқор болу

Пәнаралық байланыс

АКТ, жаратылыстану.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 минут







6 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) сабаққа қатынасуын тексеру.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту, тақырыпқа болжам жасау.

Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» өлеңінен үзінді оқып, сабағымды бастаймын.

Кетем іштей тітіреп,

Түршігіп те:

Дүниені төңкерер бір шүріппе!

Жоқтайтұғын бүгінде хайуанат көп,

Ойланатын нәрсе көп тіршілікте!

Отыратын кез емес түңіліп құр,

Төзім тауы бор болып үгіліп тұр!

Бағдаршам мен Қызыл кітаптың суретін слайдтан көрсетіп,екеуінің арасында қандай байланыс бар екенін айтқызамын.

«Қазақстанның Қызыл кітабы туралы қызықты деректер» деген видео көрсетемін (2,27 секунд)

АКТ



https://www.youtube.com/watch

Ортасы

6 минут

















7 минут





















7 минут











5 минут











3 минут

1-тапсырма. Оқылым мәтінімен жұмыс. Мәтінді оқып, мәтінде көтерілген мәселені «Графикалық органайзер» әдісімен талдайды.

Дескриптор:

  • көтерілген мәселені талдайды - 1

  • тұтас мәтінді графиктік мәтінге айналдырады -1

  • негізгі ойды анықтайды -1


Оқушылар салған сурет, кестелерін сыныптың ватсап желісіндегі жұмыс чатына жібереді. Ал мен оны падлет тақтасы арқылы басқа оқушыларға және сабаққа қатысушыларға көрсетіп отырамын.

Ал мәтіндегі негізгі ойды «Бір сөйлем» әдісімен бір сөйлеммен анықтайды.


Пысықтауыш – сөйлемде етістіктен жасалған баяндауыштың сапасын, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын сипаттайтын тұрлаусыз мүше.
Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?

Пысықтауышқа тән белгілер:

1) сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды ( тұрлаусыз мүше);

2) үстеуден, көсемшеден және жанама септік тұлғалы зат есімнен жасалады;

3) бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен қабыса, жанаса байланысады;

4) пысықтайтын сөзінің алдында тұрады;

5) өзі тіркескен сөзімен пысықтауыштық қатынаста болады.

2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен пысықтауыш болатын сөйлемдер құрастыру, пысықтауыштарды құрамына қарай талдау.

Дескриптор:

  • берілген сөздер мен сөз тіркестерінен пысықтауыш болатын сөйлемдер құрастырады - 1

  • тақырыпты ашады - 1

  • пысықтауыштарды құрамдық түріне талдайды - 1

3-тапсырма (ауызша). Кестеде берілген сөздер анықтауыш және пысықтауыш болатындай сөз тіркестерін құрап, айырмашылықтарын түсіндіру.

Дескриптор:

  • сөз тіркестерін құрайды;

  • анықтауыш пен пысықтауыштың айырмашылығын түсіндіреді.

Гугл тест тапсырмасы.

Бүгінгі сабақта өтілген пысықтауыш туралы алған білімдерін тексеру үшін сабақ соңында гугл формада оқушыларға 6 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындатамын. Сілтемесін топтың ватсап желісіндегі жұмыс чатына жіберемін.





Бағалау:

Мадақтау сөздер: Тамаша! Жарайсың! Бәрекелді! (кемшіліктері болған оқушылардың қателері де айтылады)







































Бағалау


Соңы

3 минут

Мұғалімнің кері байланысы:

  • оқушылар белсенді жұмыс жасады;

  • сөйлем мүшелерін бір-бірінен ажыратып, қолдана алды;

  • синтаксистік талдау жасай алды.

Оқушылардың кері байланысы: «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – толық түсіндім

Сары түс – сұрағым бар

Қызыл түс – түсінбедім

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Үйге тапсырам:

5-тапсырма. Қызыл кітаптың маңызы мен рөлі туралы ойтолғау жазу және алғашқы 5 сөйлеміне синтаксистік талдау жасау.














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!