«Қазақстанның саналы таңдауы»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстанның саналы таңдауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Республика күні қарсаңына арналған сынып сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Лисаков орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ

Кітапхана - филиал № 2


ГУ «Лисаковская централизованная библиотечная система» отдела культуры и развития языков акимата города Лисаковска»

Библиотека - филиал №2





«Қазақстанның саналы таңдауы»


Ақпараттық-танымдық әңгіме




Жауапты: Танжарыкова А.Р.

Ответственная: Танжарыкова А.Р.





Лисаков қ., 2025 ж.

г. Лисаковск, 2025 г.

20.10.2025ж.

Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: ҚР мемлекеттік гимнімен бастау

Іс-шараның барысы

1-жүргізуші: Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Республика күні құтты болсын! «Қазақстанның саналы таңдауы» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Баршаңызды айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күн ұлттық мерекелер тізбесіне еніп, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылады. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданып, елдің егемендігі, тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сондықтан да, бұл күн аса үлкен мәнге ие.

1-жүргізуші: Еліміздің Президенті өз жолдауында қоғам болып оң саясатты жүргізе отырып, бірлік пен ынтымақтастықты ту етіп, әлемдегі үздік жетістіктерді алуымыз қажеттігін айтты. Бүгінде Президенттің берген тапсырмасына сәйкес аймақта барлық салада оң нәтижелер іске асуда. Бұл – барлығыңыздың еңбектеріңіздің ортақ жемісі. Осы орайда, еліміздің әл-ауқаты күн сайын артып, әр шаңырақта бейбітшілік пен бақыт салтанат құрсын дегім келеді. Мереке күні баршаңыздың отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолында жасап жатқан игілікті жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

2-жүргізуші: Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
1-жүргізуші:  Қазақ поэзиясының хас шебері Қ. Аманжолов «Не деген бақытты едің, келер ұрпақ» деп жырлағандай, сендер тәуелсіз елдің азаматысыңдар, сендерді еліміздің болашағысыңдар. Сондықтан еліміздің атын әлемге атақты етуге бар күштеріңді жұмсаңдар дегім келеді.

1-жүргізуші: Миға шабуыл: Қазақстан сөзінің әр әрпіне басталатын патриоттық сөздер айту.

Мысалы:

Қ- құрметті

А- арманшыл

З- заманауи

А-адал

Қ-қуатты

С-салмақты

Т-тату

А-адамгершілік

Н-намысшыл

2-жүргізуші: Оқушылар қазір сіздер 3 топқа бөлініп, тапсыра орындайсыздар.

1 топ - Тапқырлар

2 топ – Ойшылдар

3 топ - Шешендер

 1 топқа: Қазақстанның 7 кереметін атаңдар?

1. Таңбалы тас суреттері

2. Алтын адам

3. Қазақстың кигіз үйі

4. Домбыра

5. Яссауи кесенесі

6. Маңғыстау жер асты мешіті

7. Астана-Бәйтерек

1-жүргізуші: 2 топқа: Қазақстанның картасын «Мозайка әдісімен» құрау, пайдалы қазбаларын, көршілес мемлекеттерін, Қазақстан облыстарын ретімен орналастырып айту.

2-жүргізуші: 3 топқа: «Жылдар сөйлейді» әдісі Осы бойынша берілген әрбір жылдар қайсы жылда, не болғанын, не жарияланғандығы туралы тауып, қасына жазып, қорғап шығу.

ҚР конституциясы қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)

ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж 4 маусым)

Семей полигоны қашан жаюылды? (1991 ж 29 тамыз)

Теңге қазақ айналымға шықты? (1993 ж 15 қараша)

Қай жылы Тұңғыш президент сайланды? (1991 ж 1 желтоқсан)

Т.Әубәкіров қашан ғарышқа ұшты? (1991 ж 2 қазан)

Аста күні қай жылдан бастап тойлана бастады? (2006 ж 6 шілде)

Жастар жылы қашан болды? (2019 ж)

Қ.К.Тоқаев қай жылы ҚР президенті болып сайланды? (2019 ж 9 маусым)

Осы тапсырмаларды 3 топ орындап, постерге жабыстырып, қорғап шығу керек.

1-жүргізуші: Қазақстанның болашағы туралы ой-толғамдар (5 минут)

  • Мұғалім оқушыларды Қазақстанның болашағы туралы ой бөлісуге шақырады.

  • Оқушылар өз елдерінің болашақта қалай дамуы керектігі жөнінде қысқаша пікірлерін білдіреді.

  • Пікірталас форматында өтуі мүмкін: «Қазақстанның жарқын болашағы үшін біз не істей аламыз?»

Қосымша ресурстар мен ұсыныстар:

  1. Бейнеролик көрсету: Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалары туралы шағын фильм немесе деректі фильм.

  2. Кітап көрмесі: Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы кітаптар көрмесін ұйымдастыру. Оқушыларды қосымша оқу материалдарымен таныстыру.

Қорытынды сөз: Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі