Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы саяси бағытын, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасын терең зерделеуге бағытталған бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы, Атырау қаласы. Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектеп



«БЕКІТЕМІН»

Директор Н.Н. Хисин

«__» « ____» 2025ж

Қолы______







Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы

( 10-сынып оқушыларына арналған)









Педагог - зерттеуші

Биманова Айгерим Мажитовна
















2025 жыл

Пікір берген:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Философия докторы PhD Жетібай Р

Құрастырған: Биманова Айгерим Мажитовна



«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы саяси бағытын, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасын терең зерделеуге бағытталған бағдарлама. Оқушылар БҰҰ-ның құрылымын, қызметін және халықаралық аренадағы рөлі туралы толық мәлімет ала алады. Бағдарлама аясында Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке кіруі, аталған ұйым аясында жүзеге асырған бастамалары мен жаһандық бейбітшілікке қосқан үлесі талқыланады. Сабақтарда тарихи деректерге сүйене отырып, оқушылар еліміздің халықаралық қатынастардағы белсенділігін сыни тұрғыдан бағалайды. Жобалық жұмыс, пікірталас және жағдайлық талдау арқылы оқушылардың аналитикалық және азаматтық ойлау қабілеттері дамиды. Бағдарлама Қазақстанның ядролық қарусыздану, бейбітшілік орнату, тұрақты даму және климаттық өзгерістер мәселелеріндегі ұстанымдарын қарастырады. Оқушылар БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ел имиджі мен халықаралық беделге әсерін зерттейді. Оқу мазмұны заманауи мәселелермен ұштастырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Бағдарлама болашақта халықаралық қатынастар саласына қызығушылық танытатын жас ұрпақты тәрбиелеуге жол ашады.





















Түсінікхат

«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнына аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбы, тарих пәнінде қолдануға ұсынылған.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысының мәнін терең түсіндіру. Сонымен қатар, Қазақстанның жаһандық бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму бағытындағы халықаралық бастамаларына сыни көзқараспен баға бере алатын азаматтық ұстанымы бар тұлға қалыптастыру көзделеді.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері мен негізгі бағыттарын меңгерту.

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы мен қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы мен тарихи бастамаларын талдау.

  4. Бейбітшілік, ядролық қарусыздану және тұрақты даму саласындағы Қазақстанның рөлін көрсету.

  5. Оқушылардың тарихи және саяси деректермен жұмыс істеу, салыстыру және талдау дағдыларын дамыту.

  6. Сыни тұрғыдан ойлау, өз көзқарасын дәлелдеу және пікірталас жүргізу қабілеттерін жетілдіру.

  7. Жаһандық мәселелерге бей-жай қарамайтын, ұлттық және халықаралық жауапкершілікті сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.

Бағдарламаның өзектілігі:

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, бейбітшілік пен тұрақты даму бағытындағы белсенді халықаралық рөлін жас ұрпаққа терең түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Бүгінгі таңда оқушылардың халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ қызметі туралы саналы және сыни көзқарас қалыптастыруы аса маңызды. Сондықтан бұл бағдарлама оқушылардың азаматтық танымын кеңейтіп, елдің сыртқы саяси бағыттарына қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Бағдарламаның жаңалығы:

Қазақстан мен БҰҰ арасындағы тарихи және қазіргі байланыстарды терең талдауға негізделген мазмұнның алғаш рет жүйелі түрде ұсынылуында. Сабақтарда оқушылар нақты деректерге, тарихи құжаттарға және халықаралық бастамаларға сүйене отырып, елдің жаһандық процестерге ықпалын бағалайды. Сонымен қатар, бағдарламада дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар жобалық жұмыс, пікірталас, кейс-талдау сияқты белсенді тәсілдер кеңінен қолданылады.

Бағдарламаның бағыты:

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын БҰҰ-мен байланыс аясында жан-жақты меңгертуге бағытталған. Сабақтарда оқушылар халықаралық ұйымдармен серіктестіктің мазмұны мен маңызын түсінеді. Бағыт елдің бейбітшілік бастамалары мен ядролық қарусыздану саясатын тарихи тұрғыда бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылар БҰҰ аясындағы жаһандық мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымын талдайды. Бағдарлама оқушыларды саналы, саяси сауатты және азаматтық жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптастыруға негізделген.

Бағдарламаның ерекшелігі:

Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты мектеп деңгейінде жүйелі түрде оқытуға арналған арнайы мазмұнның болуы. Оқушылар тарихи деректер мен халықаралық құжаттар негізінде нақты оқиғаларды талдап, елдің халықаралық бастамаларына баға береді. Сабақ барысында пікірталас, жобалық жұмыс, рөлдік ойын және зерттеу әдістері кеңінен қолданылады. Цифрлық ресурстар мен заманауи ақпарат көздері арқылы оқушылардың зерттеу және сыни ойлау дағдылары дамиды. Сонымен қатар, бағдарлама елдің сыртқы саяси жетістіктерін ұлттық мақтаныш сезімімен ұштастыра отырып, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастырады.

Бағдарламаның педагогикалық жаңалығы:

Оқушыны сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды талдаушы және ой білдіруші тұлға ретінде қалыптастыруында. Сабақтарда жобалық зерттеу, дерекпен жұмыс, пікірталас сияқты белсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың дербес ойлау қабілеті дамытылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық пен сыни сұхбат негізінде білім алу үдерісі жаңаша сипат алады.

Бағдарламаның психологиялық жаңалығы:

Оқушыларға өз ойын еркін жеткізуге, пікір айтуға және сенімді болуға мүмкіндік беретін қолайлы оқу ортасын қалыптастыруында. Халықаралық тақырыптарды талдау арқылы оқушылардың эмоционалды сезімталдығы, әлемге ашықтығы және жауапкершілік сезімі дамиды. Сонымен қатар, оқыту үдерісі оқушының ішкі мотивациясын арттырып, қоғамдық мәселелерге қызығушылығын оятады.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және даму кезеңдерін түсінеді.

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы мен қызметі туралы нақты білім алады.

  3. Қазақстанның БҰҰ-мен байланысын және халықаралық бастамаларын талдай алады.

  4. Бейбітшілік пен ядролық қарусыздану саласындағы елдің рөлін бағалайды.

  5. Халықаралық құжаттар мен деректерді оқып, олармен жұмыс істей алады.

  6. Жаһандық мәселелерге сыни көзқараспен қарап, өз пікірін дәлелді түрде білдіреді.

  7. Жобалық және топтық жұмыстар арқылы зерттеу, талдау және пікірталас дағдыларын дамытады.

  8. Ұлттық мүддені жаһандық жауапкершілікпен ұштастыра алатын азаматтық ұстаным қалыптастырады.



























ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР (34 сағат)

(Аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)


І бөлім. Сыртқы саясат негіздері (5 сағат)

  1. Сыртқы саясат ұғымы және оның мәні

  2. Мемлекеттің халықаралық аренадағы рөлі

  3. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы

  4. Сыртқы саясат және ұлттық мүдде

  5. Сыртқы саясаттағы сабақтастық пен бейбіт ұстаным

ІІ бөлім. Біріккен Ұлттар Ұйымы: құрылымы мен қызметі (6 сағат)

  1. БҰҰ тарихы және құрылу себептері

  2. БҰҰ-ның құрылымы мен негізгі органдары

  3. БҰҰ-ның бейбітшілік орнатудағы рөлі

  4. БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы бастамалары

  5. БҰҰ-дағы дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі

  6. Халықаралық құқық және БҰҰ хартиясы

ІІІ бөлім. Қазақстан және БҰҰ: серіктестік кезеңдері (7 сағат)

  1. Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке қабылдануы

  2. Тәуелсіз Қазақстан және БҰҰ арасындағы алғашқы байланыстар

  3. Ядролық қарусыздану – Қазақстанның жаһандық үндеуі

  4. БҰҰ мінберіндегі Қазақстанның бейбітшілік бастамалары

  5. Семей полигоны және халықаралық реакция

  6. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы

  7. Қазақстанның БҰҰ арқылы іске асырған маңызды жобалары

IV бөлім. Қазақстанның халықаралық бастамалары және жаһандық мәселелер (6 сағат)

  1. Тұрақты даму мақсаттары және Қазақстан

  2. Климаттың өзгеруі: Қазақстанның экологиялық саясаты

  3. Су, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері

  4. Терроризмге қарсы халықаралық ынтымақтастық

  5. Жаппай қырып-жою қаруларына тыйым салу жөніндегі бастамалар

  6. Қазақстан – халықаралық бітімгерлік процестерде

V бөлім. БҰҰ және жастар: болашақ дипломаттар (5 сағат)

  1. БҰҰ моделі: симуляциялық ойындарға дайындық

  2. Қазақстандық жастардың халықаралық аренадағы белсенділігі

  3. Халықаралық волонтерлік және БҰҰ бағдарламалары

  4. «Жас дипломат» рөлі: пікірталас және шешім қабылдау

  5. Қазақстанның халықаралық имиджі және жастардың рөлі

VI бөлім. Қорытындылау және бағалау (5 сағат)

  1. Қазақстан мен БҰҰ байланысын қорытындылау

  2. Оқушылар жобаларын таныстыру және қорғау

  3. Сыныптық пікірталас: «Қазақстан – бейбіт ел»

  4. Қорытынды тест жұмысы

  5. Рефлексия және жетістіктерді бағалау


НОРМАТИВТІК БӨЛІМ

(аптасына – 1 сағат, барлығы -34 сағат)


Тақырып

Оқу мақсаты

Сағат саны


Білім өнімі

Барл

ығы

Теор

ия

Прак

тика

1

Сыртқы саясат ұғымы және оның мәні

Сыртқы саясаттың мазмұнын түсіндіру

1 сағ



Сыртқы саясаттың маңызын біледі, негізгі ұғымдарды ажыратады

2

Мемлекеттің халықаралық аренадағы рөлі

Мемлекеттің халықаралық беделін сипаттау

1 сағ



Елдің халықаралық процестердегі орнын түсінеді

3

Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы

Тарихи кезеңдер бойынша саясаттың дамуын сипаттау

1 сағ



Қазақстанның алғашқы дипломатиялық қадамдарын атай алады

4

Сыртқы саясат және ұлттық мүдде

Саясат пен ұлттық мүдде байланысын түсіну

1 сағ



Ұлттық мүдде ұғымын түсініп, оны сыртқы саясатпен байланыстырады

5

Сыртқы саясаттағы сабақтастық

Тұрақты бағыт пен сабақтастық ұғымын ажырату

1 сағ



Қазақстанның бейбіт бағыттағы саясатының тұрақтылығын сипаттайды

6

БҰҰ тарихы және құрылу себептері

БҰҰ-ның құрылу алғышарттарын білу

1 сағ



БҰҰ-ның құрылу себебі мен мақсатын түсінеді

7

БҰҰ-ның құрылымы мен негізгі органдары

Негізгі органдар мен олардың қызметін білу

1 сағ



БҰҰ органдарын атап, олардың функцияларын сипаттайды

8

БҰҰ-ның бейбітшілік орнатудағы рөлі

БҰҰ-ның жаһандық тұрақтылықтағы қызметін түсіндіру

1 сағ



БҰҰ-ның бейбіт бастамаларын мысалмен дәлелдейді

9

Тұрақты даму және БҰҰ

БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын түсіну

1 сағ



ТДМ (ЦУР) ұғымын біледі, Қазақстанмен байланысын көрсетеді

10

БҰҰ-дағы шешім қабылдау тәртібі

Халықаралық шешім қабылдаудағы БҰҰ рөлін білу

1 сағ



Дауыстық жүйе мен консенсус ұғымын ажыратады

11

Халықаралық құқық және БҰҰ хартиясы

БҰҰ хартиясының маңызын түсіндіру

1 сағ



Хартиядағы негізгі қағидаларды сипаттай алады

12

Қазақстанның БҰҰ-ға қабылдануы

1992 жылғы оқиға мәнін түсіндіру

1 сағ



ҚР-ның БҰҰ-ға мүшелікке өту процесін біледі

13

Қазақстан мен БҰҰ алғашқы байланыстары

Алғашқы серіктестік қадамдарын сипаттау

1 сағ



Қазақстанның бейбіт ұстанымын БҰҰ аясында сипаттайды

14

Ядролық қарусыздану саясаты

Ядролық қарудан бас тарту шешімінің маңызын түсіну

1 сағ



Ядролық қарусызданудағы Қазақстанның жаһандық рөлін сипаттайды

15

Қазақстанның бейбітшілік бастамалары

БҰҰ мінберіндегі бастамаларды талдау

1 сағ



Нақты ұсыныстар мен бастамаларды мысалмен келтіреді

16

Семей полигоны және халықаралық реакция

Полигон жабылуының жаһандық маңызын түсіну

1 сағ



Халықаралық қауымдастықтың реакциясын сипаттай алады

17

Қазақстан – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі

Қазақстанның 2017–2018 ж. мүше ретіндегі рөлін білу

1 сағ



ҚК-дағы қызмет пен бастамаларды сипаттайды

18

ҚР мен БҰҰ-ның бірлескен жобалары

Нақты жобаларды зерттеу

1 сағ



Қазақстан мен БҰҰ жүзеге асырған бағдарламаларды талдайды

19

Тұрақты даму мақсаттары және Қазақстан

Қазақстанның ТДМ-ға қолдауын білу

1 сағ



ТДМ-ның ел дамуындағы орнын сипаттайды

20

Климат және экологиялық саясат

Климат өзгеруі мәселесіне елдің қатысын түсіну

1 сағ



Қазақстанның «жасыл» бастамаларын атап көрсетеді

21

Су, азық-түлік және энергия қауіпсіздігі

Негізгі ресурс мәселелерін зерттеу

1 сағ



Халықаралық қауіпсіздікпен байланысын түсінеді

22

Терроризмге қарсы ынтымақтастық

Қауіпсіздік саласындағы әрекетті талдау

1 сағ



Қазақстанның бейбіт және алдын алу саясатын сипаттайды

23

Жаппай қырып-жою қаруы: тыйым салу

Халықаралық келісімдермен танысу

1 сағ



Ядролық қауіпсіздік туралы келісімдерді біледі

24

Қазақстан – бітімгер ел

Елдің делдалдық рөлін түсіну

1 сағ



Сирия бейбіт келіссөздеріндегі рөлді сипаттайды

25

БҰҰ моделі: симуляциялық ойын

Оқушыларды моделдеу процесіне тарту

1 сағ



БҰҰ отырысын модельдеу арқылы шешім қабылдауды үйренеді

26

Халықаралық волонтерлік бағдарламалар

Жастарға арналған мүмкіндіктерді білу

1 сағ



Оқушы волонтерлік жобаларға қызығушылық танытады

27

Қазақстандық жастар және БҰҰ

Жастардың халықаралық ұйымдардағы рөлін бағалау

1 сағ



Жастардың жаһандық бастамаларға үлесін сипаттай алады

28

«Жас дипломат»: пікірталас сабағы

Өз пікірін дәлелдеп қорғауға үйрену

1 сағ



Пікірін дәлелмен қорғап, басқаларды тыңдай біледі

29

Қазақстанның халықаралық имиджі

Елдің сыртқы беделі туралы ой қалыптастыру

1 сағ



Елдің халықаралық беделінің қалыптасу жолын түсінеді

30

Қазақстан мен БҰҰ байланысын қорытындылау

Жалпы білімді жүйелеу

1 сағ



Барлық бөлім бойынша жинақталған білімін көрсете алады

31

Жобаларды таныстыру және қорғау

Оқушылар жобалық жұмысын таныстырады

1 сағ



Тақырыпқа сай зерттеу жобасын қорғап шығады

32

Сыныптық пікірталас: «Қазақстан – бейбіт ел»

Аргументтермен жұмыс істеу, пікір алмасу

1 сағ



Өз ұстанымын еркін білдіріп, өзгелердің пікірін тыңдайды

33

Қорытынды тест жұмысы

Білім деңгейін бағалау

1 сағ



Тест тапсырмаларын орындау арқылы білім деңгейін көрсетеді

34

Рефлексия және жетістіктерді бағалау

Оқу үдерісін бағалау, өзіндік дамуды көру

1 сағ



Бағдарламадан алған білім, дағды және тәжірибесін өз сөзімен сипаттайды


АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ
(аптасына – 1 сағат, барлығы -34 сағат)

І бөлім: Сыртқы саясат негіздері

Бұл бөлімде оқушылар сыртқы саясат ұғымы, мақсаттары және мемлекеттің халықаралық аренадағы рөлі туралы білім алады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы саяси бағыты тарихи тұрғыдан қарастырылады. Теориялық материалдар көрнекі мысалдармен, карталармен және заманауи саясаттан алынған деректермен толықтырылады. Сабақтар талдау, сұрақ-жауап және сыни ойлау элементтерімен ұйымдастырылады. Бұл бөлім оқушылардың сыртқы саясатқа деген базалық түсінігін қалыптастырады.

ІІ бөлім: Біріккен Ұлттар Ұйымы: құрылымы мен қызметі

Бөлімде оқушылар БҰҰ-ның құрылу тарихы, мақсаты мен негізгі органдарының қызметі туралы толық ақпарат алады. Әр органның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы рөлі сараланады. Сабақтарда диаграмма, кесте және бейнематериалдар пайдаланылады. Сонымен қатар, оқушылар шешім қабылдау үдерісін симуляциялық ойындар арқылы зерттейді. Бұл бөлім халықаралық ұйымдардың жұмысын түсіну мен бағалауға мүмкіндік береді.

ІІІ бөлім: Қазақстан және БҰҰ: серіктестік кезеңдері

Бұл бөлім Қазақстанның БҰҰ-мен мүшелікке өткеннен бастап бүгінгі күнге дейінгі серіктестік тарихын қамтиды. Елдің ядролық қарусыздану саясаты, бейбіт бастамалары және Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенділігі нақты деректер арқылы талданады. Оқушылар тарихи құжаттармен, мәлімдемелермен жұмыс істейді. Пікірталас пен эссе жазу арқылы өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі. Бөлім оқушылардың ел тарихына деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін арттырады.

IV бөлім: Қазақстанның халықаралық бастамалары және жаһандық мәселелер

Бөлім Қазақстанның климат, экология, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, терроризмге қарсы іс-қимыл секілді жаһандық мәселелердегі ұстанымдарын қамтиды. Оқушылар әр тақырыпты нақты мысалдар мен халықаралық жобалар арқылы зерттейді. Жұптық және топтық жұмыс, зерттеу әдістері сабақтардың негізі болады. Қазақстанның бейбіт және тұрақты даму бағытындағы бастамалары терең талқыланады. Бұл бөлімде оқушылар жаһандық проблемаларға жауапкершілікпен қарауды үйренеді.

V бөлім: БҰҰ және жастар: болашақ дипломаттар

Оқушылар БҰҰ-ның жастарға арналған бағдарламаларымен танысып, ел жастарының халықаралық деңгейдегі белсенділігін зерттейді. Сабақтарда симуляциялық «БҰҰ моделі» ойыны, пікірталас, жобалық жұмыс кеңінен қолданылады. Жастардың халықаралық бастамаларға қосқан үлесі мысалдар арқылы көрсетіледі. Бұл бөлім болашақ дипломаттар мен көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталады. Сонымен қатар, оқушылардың сыни ойлау, шешім қабылдау және көшбасшылық дағдылары дамиды.

VI бөлім: Қорытындылау және бағалау

Бағдарламаның бұл бөлімі оқушылардың алған білімдерін жүйелеуге, өз жетістіктерін көрсетуге және болашақ даму бағыттарын анықтауға арналған. Қорытынды сабақтарда жоба қорғау, тест жұмысы, рефлексия және шығармашылық тапсырмалар орындалады. Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдей отырып, Қазақстанның халықаралық рөлін бағалайды. Бағалау критериалды жүйе арқылы әділ және ашық түрде жүргізіледі. Бұл бөлім оқушыларды нәтижелерін саралап, өз мүмкіндіктерін анықтай алатын тұлға ретінде қалыптастырады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.04.2025
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі