400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы саяси бағытын, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасын терең зерделеуге бағытталған бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау облысы, Атырау қаласы. Жалпы білім беретін М. Өтемісов атындағы орта мектеп









Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы

( 10-сынып оқушыларына арналған)









Педагог - зерттеуші

Биманова Айгерим Мажитовна
















2025 жыл

Пікір берген:

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Философия докторы PhD Жетібай Р

Құрастырған: Биманова Айгерим Мажитовна



«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама 10-сынып оқушыларына арналған. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі сыртқы саяси бағытын, Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасын терең зерделеуге бағытталған бағдарлама. Оқушылар БҰҰ-ның құрылымын, қызметін және халықаралық аренадағы рөлі туралы толық мәлімет ала алады. Бағдарлама аясында Қазақстанның БҰҰ-ға мүшелікке кіруі, аталған ұйым аясында жүзеге асырған бастамалары мен жаһандық бейбітшілікке қосқан үлесі талқыланады. Сабақтарда тарихи деректерге сүйене отырып, оқушылар еліміздің халықаралық қатынастардағы белсенділігін сыни тұрғыдан бағалайды. Жобалық жұмыс, пікірталас және жағдайлық талдау арқылы оқушылардың аналитикалық және азаматтық ойлау қабілеттері дамиды. Бағдарлама Қазақстанның ядролық қарусыздану, бейбітшілік орнату, тұрақты даму және климаттық өзгерістер мәселелеріндегі ұстанымдарын қарастырады. Оқушылар БҰҰ-мен ынтымақтастықтың ел имиджі мен халықаралық беделге әсерін зерттейді. Оқу мазмұны заманауи мәселелермен ұштастырылып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді. Бағдарлама болашақта халықаралық қатынастар саласына қызығушылық танытатын жас ұрпақты тәрбиелеуге жол ашады.





















Түсінікхат

«Қазақстанның сыртқы саясаты және БҰҰ - мен байланысы» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнына аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбы, тарих пәнінде қолдануға ұсынылған.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен Біріккен Ұлттар Ұйымымен байланысының мәнін терең түсіндіру. Сонымен қатар, Қазақстанның жаһандық бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму бағытындағы халықаралық бастамаларына сыни көзқараспен баға бере алатын азаматтық ұстанымы бар тұлға қалыптастыру көзделеді.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдері мен негізгі бағыттарын меңгерту.

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы мен қызметі туралы түсінік қалыптастыру.

  3. Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы мен тарихи бастамаларын талдау.

  4. Бейбітшілік, ядролық қарусыздану және тұрақты даму саласындағы Қазақстанның рөлін көрсету.

  5. Оқушылардың тарихи және саяси деректермен жұмыс істеу, салыстыру және талдау дағдыларын дамыту.

  6. Сыни тұрғыдан ойлау, өз көзқарасын дәлелдеу және пікірталас жүргізу қабілеттерін жетілдіру.

  7. Жаһандық мәселелерге бей-жай қарамайтын, ұлттық және халықаралық жауапкершілікті сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 сәуір
135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі