"Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуеті"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып география пәнінен "Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуеті"тақырыбында қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

9 сынып

Сабақтың тақырыбы : Табиғи ресурстар

Бөлім:

Бөлім 5 Экономикалық география

Педагогтің аты-жөні:

Тоқсанова Гүлшара

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.5.1.1.-Қазақстанның табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуетін талдау;

Басым бөлігі: Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуетін жіктеп,ерекшелігіне қарай топтастыру;

Кейбір оқушылар:Қазақстанның табиғи ресурстарына баға беру;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Географиялық терминдерді қолдана отырып, бір-біріне тілек айту.

Терминдер: тау, дала, көл, бұлақ, теңіз т.б Мысалы: «Талабың таудай болсын!» «Көңілің кең даладай дархан болсын!» «Асқар таудай арманың орындалсын!»

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Топтарға атау беріледі.

1.Табиғат ресурстары

2.Сарқылатын ресурстар

3.Сарқылмайтын ресурстар

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.



Оқушылар топтасып отырады

Қол шапалақтау

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.Оқушылар жауап береді, бір-бірінің пікірін толықтырады.












Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Табиғи –ресурстық әлеует-аумақтың экономикалық дамуының негізі болып табылатын табиғат ресурстарының жиынтығы.

Бейнематериал.

1.Урбандалу дегеніміз не?

2.Қала агломерациясы дегеніміз не?

3.Моноқалалар дегеніміз не?

Олардың мәселелерін шешу үшін қандай шаралар жүзеге асырылуда?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



























Бейнеролик

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.




Топтарға тапсырмалар беріледі.

1 топ: Қазақстан пайдалы қазбаларының ішіндегі маңызы жоғары пайдалы қазбалар туралы айтыңыздар.

2 топ: Сарқылмайтын табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану туралы ойларыңыз қандай?

3 топ: Қазақстандағы минералды ресурстар мол шоғырланған аумақтарды атаңдар.Кескін картаға белгілеңдер.

Тиімділігі: Бұл әдіс арқылы оқушының бойында өзін-өзі басқару, ойлау,ақпаратты басқару дағдыларын қалыптастырады.

Дескриптор:Жалпы -5 балл.

-сұрақтар қояды.

-сұрақтарға жауап береді.

-талқылау жасайды.

-кескін картаға белгілейді;

Оқулық,

жұмыс дәптерлері.

Кескін карталар





«SWOT» талдау

Табиғат ресурстарын игеру бойынша Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар

күшті

әлсіз

мүмкіндіктері

қаупі

«Теңізшевройл» ЖШС

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б

«Қазцинк» ЖШС

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ

«Бритиш Американ Тобакко Қазақстан Трейдинг» ЖШС

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

Тиімділігі: оқушының бойында ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады.

Дескриптор:

Жалпы -5 балл.

-Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың Қазақстан үшін жағын анықтайды;

-шетелдік компаниялардың мүмкіндіктерін атайды;

-шетелдік компаниялардың әлсіз тұстарын көрсетеді;

-шетелдік компаниялардың Қазақстан үшін қаупін анықтайды;

Оқушыларды мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері.





Слайд арқылы шетелдік компанияларға шолу жасалады.







































Оқушыларға табиғи ресурстардың атаулары беріледі. Оқушылар солардың ішінен біреуін алып критерий бойынша талдауы керек.


Критерийлер:

-ресурстың атауы;

-жаратылысы бойынша қай топқа кіреді?

-өндірілетін жері

-қолданылуы;

-кескін картаға таралу аймақтарын түсіреді;

Тиімділігі: оқушылардың бойында ойлау,шешім қабылдау,жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

Дескриптор:

-ресурстың қай топқа кіретінін анықтайды;

-ресурстың өндірілетін орнын анықтайды;

-ресурстың қолданылуын анықтайды;

- кескін картаға талау аймақтарын түсіреді;





Сабақтың соңы

Рефлексия

Оқушылар стикерлерге жазып жауап береді.

-Сабақта маған не пайдалы болды?

-Сабақта маған не қызықты болды?

-сабақта маған не қиын болды?

Бүгінгі сабақтан алған мәліметтері мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.



Рефлексия парағы

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма: Минералды ресурстардың ел экономикасы үшін маңызы қандай? Шағын эссе жазып келу.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.





«Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2025
282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі