Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның заманауи суретшілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қазақстанның қазіргі суретшілері жайлы білетін болады, заманауи суретшілердің суреттерімен танысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

«М.О.ӘУЕЗОВ атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК







«Бекітемін»_________

Колледж әдіскер: Оразбаев Р.А.

«Келісемін»________________

Пән мұғалімі: Ахметбаева А.

3 мектеп кешені





Тақырыбы: «Қазақстанның заманауи суретшілері»



Өткізетін: Нұрболатқызы Перизат


Сыныбы: 7 «а»


Дәрісхана: 46


Баға:______





Семей 2020




Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Машықкердің аты- жөні: Нұрболатқызы Перизат

Күні: 23.09.20

Мектеп: №3 ЖОББМ

Сынып: 7 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның заманауи суретшілері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау

Дамытушылық: жұмысты орындау барысында қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы , өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың жаңа тақырыпты терең түсінуі.

Көрнекіліктер

Бейнеролик.

Сабақтың Жоспарлаңған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы

9 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу,түгендеу.

-Жаңа тақырып түсіндіру

Қазақстан Республикасында бүкіл әлемге танымал заманауи суретшілер бар.

Атап айтқанда:

Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбай - қазақстандық әлемге танымал суретші-кескіндемеші. Қазақстанның жері мен адамдары, даласы мен қаласы, өткені мен қазіргісі, адамға деген сүйіспеншілік пен туған жері үшін жауапкершілік – суретші жұмыстарының басты тақырыптары болып табылады.


Лейла Махат – кәсіби қылқалам шебері, ол Чехиядағы бейнелеу өнер академиясының құрметті мүшесі, Еуропа көркемөнеріне сіңірген еңбегі үшін Франц Кафка медалімен марапатталған. Оның туындылары тек елімізде емес, шетелдегі бірқатар мұражайларда сақтаулы.


Анара Абжанова – авторлық стилі бар қылқалам шебері. Ол тек елімізде емес, АҚШ, Иран, Жапония, Ресей, Франция, Италия және т.б мемлекеттерде өз картиналарымен танылып, жеңіспен оралған. Анара – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздырының бірі.


Ақжан Абдалиева - Стамбул университетінің өнер докторантурасын тәмамдаған суретші. Оның ерекше қолтаңбасы әр туындысынан көрінеді. Басты ұстанымы – коммерциялық өнерден бас тарту. Яғни, Ақжан тапсырыспен ешқашан сурет салған емес, сол сияқты өз туындысын сатып көрмеген. Оның шығармасынан күрделі оқиғаларды көрмейсіз. Бұл өмірден алынған көріністер. Ақжанның суреттері көбінесе бірлікке бастайды.


Динара Дүкенбаева - сурет өнерінде кәсіби білімі жоқ. Бұл оның талантын көрсетуде ешқандай кедергі келтірмейтіндей. Ол жасаған суреттер иррония мен әзілге толы. Оның кейіпкерлері шынайылығымен ерекшеленеді. «Мен үшін сурет деген – өмір сүру салты мен өз болмысымды көрсетудегі таптырмас құрал. Мені адамдар шабыттандырады. Әр түрлі мінез-құлықты адамдарды суретіме арқау етемін. Тағы бір қызығы, мынау туындым өзіме қатты ұнайды деп біреуін бөліп-жарып айта алмайды екенмін. Әлі үйренуші болғандықтан да шығар» - дейді ол.

https://youtu.be/Bhw_Jia79ZA

Сабақтың ортасы:

20 минут

-Практикалық жұмыс

Қазақстанның заманауи суретшілерінің бір туындысын бейнелеу.

Анара Абжанова Динара Дүкенбаева Лейла Махат


Ақжан Абдалиева Ерболат Төлепбай

Қарындаш, түрлі-түсті бояулар, өшіргіш.

Сабақтың соңы:

10минут

-Қорытынды:

Қазақстан республикасы қысқа тарихи мерзімде өмірдің әр саласына көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістктер бейнелеу өнерінде де көрініс тапты. Түрлі бағытта жұмыс істейтін суретшілер көбейді. Қазақстан суретшілерінің жұмыстары этностильдік ерекшеліктерімен көзге түседі.

-Рефлексия:

Сұрақ-жауап:

1.Қазақстанның ең тұңғыш суретшісі атанған кім?

2.Тағы қандай суретшілерді білеміз?

3.Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды?



Үйге тапсырма беру:

1минут

Қазақстанның заманауи суретшілері, Лейла Махат, Ақжан Абдалиева, Динара Дүкенбаева, Анара Абжанова, Ерболат Төлепбайдың бір суретін бейнелеп, ол сурет туралы қысқаша мағлұмат беру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
1907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12