15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным - тірегім!
9 «А,Б,В» сыныптар арасында өтілетін интеллектуалды танымдық ойын сабақ.
Мерзімі: 14.12.2018ж.
Өтілетін орны: 3 қабат - Кіші зал.
Өтетін уақыты: сағ: 1200
Сайыстың тақырыбы: «Қазақстаным - жүрегім,
Түркістаным – тірегім!»
Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылардың Қазақстан тарихы, География пәндері бойынша алған білімдерін тереңдету. Сұрақ-жауап әдісімен өткен сабақтарындағы білімдерін қайталау,оқушылардың топпен жұмыс жүргізулерін, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа үйрету. Оқушының білімге құштарлығын ояту, дүниетанымын кеңейту.
Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: ҚР картасы, слайдтар, суреттер.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, өзін-өзі тану, салт-дәстүрлер.
Сайыстың бөлімдері:
1.Психологиялық аухал ( смайлик арқылы көңіл күйлерін білдіреді)
2.Топқа бөлу ( топтарға ат қойыу арқылы бөлу)
1 топ - «Хандар» тобы.
2 топ - «Батырлар» тобы.
3 топ – «Билер» тобы.
3. Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.
4. Кезең бойынша топтар арасындағы сайыс.
Мұғалім: - Қайырлы күн құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым!
«Қазақстаным – жүрегім,Түркістаным – тірегім» атты интеллектуалды танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Еліміздің тарихы – өте тереңде жатыр. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз отбасынан, өз өлкесінен басталады. Туған жеріміздің көркеюі, рухани жаңғыруына, әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуге ат салысатын жастары сендерсіңдар. Себебі, Елбасы «Болашақ жастардың қолында» -деп үлкен сенім артып отыр.Олай болса, ойынға қатысушы топтарды таныстырамын.
Ортаға «Хандар», «Батырлар» және «Билер» топ мүшелері шығып, арнайы дайындалған орындарына жайғасады. Әр топ өздерін таныстырады.
1 топ - «Хандар» тобы. Ұраны: «Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады»
2 топ - «Батырлар» тобы. Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»
3 топ – «Билер» тобы. Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін»
Мінеки, біз құрметті ойыншылармен таныс болдық,ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.
Оқушыларды ойын кезеңдерімен таныстыру:
1 кезең – «Бестас»
2 кезең – «Тоғызқұмалақ»
3 кезең – «Алтын сақа»
4 кезең – «Ханталапай»
5кезең – «Ақ сүйек»
Мұғалім:
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарды» анықтауда
келесі айналымды бастайық:
кезең - «Бестас» (Топ басшылары қоржыннан нөмірленген асық алып, сол нөмір бойынша жарысты бастайды)
Экраннан берілген сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
16-17 желтоқсан қандай мереке?(Тәуелсіздік күні)
Дүниежүзі бойынша жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында тұр? (9 орын)
Астана қаласының символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
Қазақстанның үшінші мегаполисі қай қала? (Шымкент қаласы)
Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Жәнібек пен Керей)
ХVIII ғ. Қазақтардың әдет-ғұрып заңдар жинағы қалай аталады? (Жеті жарғы)
30 тамыз мерекесі қалай аталады? (ҚР.Конституциясы күні)
Қазіргі таңда Қазақстан халқының саны қанша? (18 млн. Адам)
Қазақстан қанша мемлекетпен шектеседі?
– Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан)
10.Қазақстан Республикасы туындағы тәуелсіздіктің белгісі. (қыран)
кезең – «Тоғызқұмалақ»
( Қазақстанның тарихи кесенелері мен тарихи тұлғаларды берілген суретіне қарап атын атау, орналасқан жерін табу).
3 кезең – «Алтын сақа»
(Ұяшық астында жасырылған сұрақтарға кезек-кезек жауап беру).
Қазақстан тарихы География
-
10ұпай
20 ұпай
30ұпай
10 ұпай
20ұпай
30ұпай
10 ұпай
20 ұпай
30ұпай
Қазақстанның негізгі пайдалы қазбаларын ата
(мұнай, газ, мыс, уран, көмір, тұз, алтын, хром, темір т.б. )
2. Қазақстанның ең биік тауы (Хантәңірі 6646 метр)
3. Ең үлкен көл (Каспий теңізі)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
5. Мұсылманның қасиетті кітабы. (Құран)
6. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)
7. Қазақстанға қанша ұлт өкілдері тұрады? (130 дан астам)
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)
9. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986жылы)
4 кезең – «Ханталапай»
минут ішінде карта қиындыларынан ҚР. картасын құрап шығару.
5 кезең - «Ақ сүйек»
(Топ басшылары үстел үстіндегі нөмірленген асықтан біреуін таңдап, сол нөмірдегі сұраққа жауап береді).
Елбасының жыл сайын халыққа үндеуі. (Жолдау)
Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа атауы. (Түркістан облысы)
Мектебіміздің жаңа атауы. (Есту қабілеті бұзылған №1 арнайы мектеп-интернаты)
ҚР. алғашқы Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
Қазақстанды әлемге танытқан кәсіби боксшы. (Г.Головкин)
Қазақша жыл атауларын ата. (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
Қорытынды:
Сайыскерлердің білімдерін бағалау.
Сайыстың
қорытындысын шығару үшін әділқазы
мүшелерін ортаға шақырамыз. Жеңімпаздарды
марапаттау.
Сабақ
барысында белсенділік танытқан оқушыларды
мадақтау.
Осымен «Қазақстаным – жүрегім, Түркістаным – тірегім!» атты интеллектуалды танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі ойын ел тарихын тағы да бір тереңнен ұғынуға, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімін арттыруға зор үлесін қосты деп ойлаймыз. Рухани жаңғыру, даму жолындағы еліміздің қадамы сәтті болсын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген