400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі. ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі. Дайын ашық сабақ жоспары+слайд
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә

Қазбаева Айгүл Сатбайқызы

Күні:02.02.2023


Сынып:7в

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтардың 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі.

Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

7.3.1.5 қазақ халықының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау

Сабақтың мақсаты


-халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайды;

-халықтың мүддесін қорғаған көтеріліс басшыларының рөліне тарихи баға береді

Бағалау критерийі


- халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтайды;

-1867-68 жж Орал, Торғайда қазақтардың ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға береді.

ОДД

Қолдану, жоғары ойлау деңгейі

Тарихи концепт

Интерпретация (фокус), себеп-салдар (қосымша)

Тарихи ойлау дағдысы


Тарихи анализ және түсіндіру


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі



1 мин






Өткен тақырып

ты еске түсіру






2 мин

І. «Көрші» ширату жаттығуы арқылы сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларға мұғалімнің нұсқаулығы бойынша іс-қимылдарды жасау ұсынылады.








«Серпілген сауал»

әдісі бойынша өткен тақырыпты пысықтау үшін оқушыларға доп ұсыну арқылы сұрақтар қойылып, қайталау жүреді.


1.1822-1824 жж патша реформаларының басты мақсаты қандай болды?

/Осы оқушының жауабы туралы сен не ойлайсың?/

2. Қазақ даласындағы биліктің жаңа үш сатысы қалай қалыптасты?

/Осы жауапты барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? /

3. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалған шен?

/Естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?/

4. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша болысқа кіретін ауыл саны?

/Осы оқушының жауабы туралы сен не ойлайсың?/

5. Дәстүрлі басқару жүйесі неше сатыдан тұрады?

/Осы жауапты барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? /

6.1867-1868 жж реформалардың 1822-1824 жж реформалардан айырмашылығы қандай?

/Естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?/

1. Оң жақтағы көршісін құшақтайды.

2.Сол жақтағы көршісін құшақтайды —

3.Оң жақтағы көршісіне бір жымиып, —сол жақтағы көршісіне бір жымиып, — Бүгінгі тренинг барысы, — Біз үлкен отбасы деп бір-біріне жылулық сыйлайды.









Оқушылар допты қағып алу арқылы, сұрақтарға жауап береді.
























Ауызша мадақтау













Жақсы жауап берген оқушыларды қолдау мақсатында жұлдыз

шалар беріледі.

ҚБ:

«5-конечная звезда 8 Жұлдыз

ша»














Интербелсенді тақта, слайд №1



Оқулық З.Е.Қабылдинов, Ж.Н.Калиев, А.Т.Бейсенбаева

Қазақстан тарихы Алматы

«Атамұра»

баспасы.

2018ж

Сабақ

тың ортасы

Қызығушылықты ояту.








2 мин























1 мин







Мағынаны ажырату









7 мин












































12 мин








































Зерттеуге бағыттал

ған тапсырма












15 мин



І. Тақырыпқа шығу үшін ой қозғау

«Иллюстрация» әдісі

1.Төмендегі берілген суреттермен таныса отырып, қандай оқиға естеріңізге түсті?


1. Тарихи тұлғаларды атаңыз?

2.Тарихи тұлғаларды көре отырып, қандай оқиға естеріңізге түсуі мүмкін?

3.Бұл оқиға қай аймақта өтті?

4. Тарихи тұлғалар туралы тағы қандай ақпарат көздерінен таныссыздар?

5.Бүгінгі жаңа сабағымыз қандай болмақ?



Талқылау нәтижесінде оқушыларға

жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.


Оқушыларды топқа бөлу.

Үстел үстінде тұлғалардың жасырын суреттерін оқушылар суырады. Суреттерге байланысты топтарға бөлінуге нұсқаулық береді.Мағынаны ажырату

1-тапсырма

Оқулықтағы мәтінді қолдана отырып,

хикая картасын толтырыңыз

Әдісі:«Хикая картасы»

Түрі: жұптық жұмыс


Прямая со стрелкой 12

Тарихи тұлғаларға сипаттама

Прямая со стрелкой 11


Көтеріліс

тің қамтыған аймағы

Қозғаушы күштері




Прямая со стрелкой 17 Прямая со стрелкой 9

Көтеріліс

тің мақсаты, болған жылы, кезеңдері
















2-тапсырма. Қосымша дереккөздерді қолдана отырып, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-салдарын анықтаңыздар.

Әдісі: «Фишбоун»


Түрі: топтық жұмыс

Себептері


Прямая со стрелкой 23 Прямая со стрелкой 29 Прямая со стрелкой 30 DrawObject1


DrawObject2




Прямая со стрелкой 288 Прямая со стрелкой 289 Прямая со стрелкой 290

Хронологиялық



Қосымша дереккөз:

Источник:https://e-history.kz/kz/prominent-figures/show/12504/© e-history.kz


2-тапсырма

Қосымша деректер

«Адам шошырлық аласапыран...»

Патша өкіметінің 1868 жыл­ғы «Далалық облыстарды бас­қару жөніндегі ережесі», яғни «Уақытша ереже» Маңғыстау хал­қына 1870 жылы келіп, асыра сілтеумен қолға алына бас­тады. Жоғарыдан екі жылдың – 1869-1870 жылдардың түтін салығын бір-ақ жинауға пәр­мен болып, қарулы жасақ ха­лықтың қиналғанына қарамай салықты зорлықпен жинап алуға ұмтылды. 1870 жылы наурызда – дәл Көрісу мерекесінің ерте­сіне Маңғыстау приставы под­пол­ковник Рукин казак-орыс отря­дын, жергілікті бір-жар би-шонжарларды ертіп салықты жи­науға белсене кіріспек оймен өзі бас болып халық арасына аттанады. Зорлыққа көну, бейкүнә ел-жұртын талатып-тонату – намыс­ты ерлерге сын. Досан Тәжиев, Иса Тіленбаев бастаған, Дихан Өтепов, Сүгір Шабаев, Шүрен Иманов, Алғи Жалмағанбетов сынды ерлер қостаған батырлар патша өкіметінің жоғары шен­ді приставы мен ол бастаған қа­рулы отрядқа қарсы шығады. Ел арасында айрықша беделді, сөй­лесе аузы дуалы, сөзі өтімді Иса мен Досанның соңынан жігіт­тердің еруі қиындық тудырмайды. Оларды көтерілісшілерге қо­сылуға біріншіден, қиын кезде тақымға қылбұрау салған зор­лықтың ашуы шыдатпаса, екіншіден, елі сүйген ерлер­ге деген сенім жетелейді. Кө­те­рілістің негізгі басшылары Иса Тіленбайұлы – айтулы шешен, арқалы би, ерен батыр болуы­мен бірге, адуынды­ ақын, саңлақ сейіс-атбегі. 1829 жылы дүниеге келген, жастайынан-ақ ел арасында ерекше қабілетімен танылған Исаның Адай арасындағы зор беделі пат­ша өкіметі адамдарының на­за­рына ілініп, онымен тіл та­бысуға ұмтылды. Ал билігіне, ше­шендігіне қардер жұрттың жү­гінгендігіне ел арасындағы ес­теліктер, ақындығына артында қалған өлең жолдары дәлел. 1835 жылы Бозашы түбегінде өмірге келген, орда бұзар отыз жас­тан өте бере атқа қонған До­сан Тәжіұлы болса – қайтпас ер, намысты тұлға. Кек жолында кескілеспей беріспейтін кескекті жігіт.

Әп дегеннен тегеурінді қар­сылыққа тап болған Рукин отря­ды шегінеді, ал әу баста 400-500 адам болып басталған көте­рі­лісшілер қатары әп-сәтте мыңға же­тіп, бірте-бірте қалыңдап он мыңға дейін жетеді. Үшауыз жерінде Адай сарбаздары қырық жауынгері мен Рукиннің көзін жояды, яғни дала жағдайында соғыс жүргізуде тактикадан ма­қрұм, қаруына сенген әупірім әс­кербасы қоршауда қалып, әбден ты­ғырыққа тіреліп пұшайман болады да анталаған қазақ жі­гіттерінің қолына түсуден қор­қып өзін-өзі атады. Бұл – ер үшін, әсіресе күллі сарбаздың тағ­дырына жауапты, ұрыс қимыл­дарын ұйымдастыруды жолға қоюшы жоғары шенді әскербасы үшін масқара өлім. Ол ерліктен, өжет­тіктен емес, мәжбүрліктен, қор­қыныштан өлуге мәжбүр болады.

Источник: 235495-azattyq-dgolyndaghy-arpalys-–-isa-dosan-koterilisi.htm


Талдау және зерттеу

3-тапсырма.

Оқулықтағы берілген дереккөздерді қолдана отырып, көтеріліс жетекшілерінің қызметіне талдау жасап, ерліктеріне баға беріңіз.

Әдісі: « Тұлғалық мінездеме»

Түрі: Жеке жұмыс




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
14.11.2023
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі