Қазақ.тілі_8 -сынып Наурыз - достық мерекесі

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақ.тілі_8 -сынып Наурыз - достық мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тыңдалымалды тапсырма

Елімізге тән құндылықтарды сызбаға орналастыр.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

«Ыстық орындық» әдісі

1 оқушы орындықта отырады, қалғандары тыңдалым бойынша сұрақ қояды.

Қосымша материал

А мәтіні

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!" деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурызда айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.

Ә мәтіні

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы!   Қазақ халқы да барша шығыс халықтары сияқты Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.

       Қазіргі күн есебіне сәйкес, наурыз айының 22-і жұлдызы жаңа жылдың бірінші күні болып есептеледі. Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, наурыз бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.

       Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Көженің ішіне қысқы соғымның басы мен сүр еті салынады. Малдың басын, шекені қариялар мүжіп, құлағын балаларға кесіп беріп, қалғандары көжені талап ішеді. Наурыз тойына ғана тән бұл көже көпшілікке арналған мерекелік тағам. Ол жеті түрлі дәмнен дайындалады: сүт, ет, тұз, су, тары, құрт, жеміс, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосылып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.Бұл көже ішу қыс тағамымен, яғни, етпен қоштасуды, ал, құрамына ақтың қосылуы жаз тағамымен, яғни, ағарғанмен қауышуды білдіреді.

        Сонымен қатар, Азаматтық хал актілерін жазу мекемелерінде Наурыз күні туылған нәрестелерге ата-аналары бақытты, ерекше есімдер,- деп, оларға Наурызбек, Наурызғали, Наурызәлі, Наурыз, Наурызгүл, Наурызбике, Наурызжамал есімдерін береді. Наурыздың осындай тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, қадыр-қасиеттілік белгілері мен таным-ұғымдарының үлгі-түрлері өте көп. Олардың барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдылыққа, көргенділікке, білімділікке тәрбиелейді.

     Наурызды барша халық асыға күтетіні де осыдан болса керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі