Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың бас ақыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақтың бас ақыны-Абай.

Ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі реалистік жазба әдебиетінің атасы, Абай Құнанбайұлына 175 жыл. Ұлы Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп бағалап, оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой-санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындаған Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл бүгінге дейінгі әртүрлі бағытта нақтылай айтылып, келе жатқан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, ақиқат түйірі деуге лайық. Өйткені әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой тұжырымы.

Абай есімі-қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ғасырлар бойытұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда, қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу қажет болды.Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді. Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз. Абай өзінің адамгершілік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті. Сол арқылы бүкіл адамзаттық идеяларға жол тапты. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байыта отырып, жаңа сапалық биікке алып шықты. Абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні, оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды жете бағалай білген. Ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығын, кемеңгер ойшылдығын анық көрсетті.

Алтынбекұлы Бақдәулет

Жамбыл облысы,

Талас ауданы

Қаратау қаласы

1 мектеп-лицейдің қазақ тілі пәнінің мұғалімі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
363
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12