400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақтың бас ақыны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні



Сабақ тақырыбы:

«Қазақтың бас ақыны»

Жалпы мақсат:

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, оқушылардың білімдерін толықтыруға жағдай туғызу. Өлең құрылысына талдау жасауға,  критерийлер арқылы бағалауға үйрету

Сипаапап

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті, 8 - сынып, Электронды оқулық


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Білу. Абай Құнанбаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы біледі.

Түсіну.  Абайдың өлеңдерінің мағынасын түсінеді.

Қолдану.  Абайдың нақыл сөздерін сөз арасына пайдаланып, мысал келтіре алады.

Талдау. Абай өлеңдерін өлең құрылысына талдау жасай алады. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын таба алады.


Негізгі идеялар:

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы -  соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы

 


Сабақта қолданылатын материалдар:

Презентация, электронды оқулық

Оқыту әдістері:

Диалог, сыни тұрғыдан ойлау


Дерек көздері:

Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар.

Ғаламтор мәліметтері


Тапсырмалар:

Топтастыру, инсерт, миға шабуыл, жұптық, топтық жұмыс.


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 

Әркім өзінің бір жақсы қасиетін айтады. Сын есімдерді қолдану арқылы сөздік қорды молайту. Сыныптастары туралы жағымды көзқарас қалыптастыру, үлгерімі төмен оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру. -Оқушылардан шеңберге тұруды өтінеді.
-Әрқайсысың өздеріңнің бір жағымды қасиеттеріңді айтыңдар. Және айтпас бұрын алдыңда айтып кеткен оқушының қасиетін мұқият тыңдап қайтала.(үлгерімі төмен оқушының алғашқы болып тұруына түрткі болу)
....... осындай жақсы қасиеті бар екен деп сөзбен мадақтау.
 


Шеңбер құрып әркім өзінің және сыныптастарының жақсы бір қасиеттерін айтады.

ІІІ. Жаңа тақырып


Ой шақыру: Қазақтың бас ақыны – Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Онан басқа бұрынғы -  соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы

Сынып 3топқа бөлінеді.

1-топ:

Білу: А.Құнанбаев туралы не білетініңді балық сүйегіне жаз.

2-топ:

Түсіну: Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мағынасын түсіндір. Өлеңді мәнерлеп оқы.

3-топ:

Талдау: Абайдың «Қыс» өлеңін құрылысына қарай талдау

Ортақ тапсырма

Қолдану: Абайдың ұлағатты сөздерін дұрыс орналастыр және қандай өлеңі мен қара сөзінен екенін айт.



Оқушылар өлеңнің кімге арналғанын, бүгінгі сабақтың мақсатын айтады.




Оқушылар топқа бөлінеді.


Оқушылар мәтінді оқып, жұпта, топта түсінгендерін талқылайды А.Құнанбаев туралы білгендерін балық сүйегіне жазады.


Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мағынасын түсіндіреді. Өлеңді мәнерлеп оқиды.


Өлеңді оқып, жұпта және топта талқылайды.

Өлең талдайды. Постер құрады

ІV. Бекіту


«Еркін жазу» стратегиясы бойынша
І топқа «Табиғатым - мекенім» эссе жазу.
ІІ топқа Абай атаға хат жазу
ІІІ топқа 5 сұрақ әзірлеу.

Сабақты Елбасының сөзімен қорыту

Н.Ә.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»


Сабақ барысында оқылған материалды жинақтап, «Еркін жазу» стратегиясы бойынша

Абай Құнанбаев туралы білетіндерін жинақтап, эссе жазады, хат жазады, сұрақ әзірлейді.

V. Үй тапсырмасын беру  

Абай Құнанбайұлы туралы презентация жасау. А.Байтұрсыновтың мақаласына ойтолғау жазу

Презентация жасап келу тапсырылады

VI. Бағалау  

Бағалау парақшасы арқылы бағалау


Өзін – өзі, бірін – бірі бағалайды.

VII. Рефлексия  


Стикер таратылады.

Стикер арқылы кері байланыс жасайды.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі