Қазақтың дастарқаны 7-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың дастарқаны 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жүйелі сабаө жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Дұрыс тамақтану

Пәні

Қазақ тілі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың дастарқаны- берекенің бастауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

7. 3. 2. 1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу;

7. 4. 4. 4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазады; одағай түрлерін ажырата біледі, қолданады.

Жасампаздық пен жаңашылдық құндығы: орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыны жаңашылдыққа, жасампаздыққа баулу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сабаққа дайындық.


Үй жұмысын сұрау. Өткен сабақта берілген эссені «Автор орындығы» әдісімен тескеру.


Топқа бөлу. «Қар кесегі» интерактивті әдісі арқылы 3 топқа бөлу.


Қызығушылықты ояту.

Автордың көзқарасы: Тәрбиеге деген оң көзқарас. Қазақ халқының табиғатқа деген ерекше құрметі, жанашырлыққа тәрбиелеу қажеттігін аңғартады.

Көтерілген мәселе: Бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау. Табиғатқа деген құрмет, киелі ұғымдарға сенім.


Сабаққа зейін қояды.



Үй жұмысын айтады.



Топтарға бөлініп отырады.




Кюар арқылы үзіндіні тыңдап, көтерілген мәселен анықтайды.

Мадақтау




Қолдау



«Бәйге» бағалау әдісі арқылы 10 баллдық шкаламен бағаланады.




Жұмыс дәптері, оқулық, таратпа материал, слайд


слайд




Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс.

Тыңдалым мәтіні бойынша жұбыңмен өзара сұхбаттасып, сұрақтарға жауап беріңдер.

-Неліктен қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды?

Қарлығаш қазақ халқында киелі құс саналады. Ол – бақыт пен жақсылықтың, тыныштықтың белгісі. Қазақ халқы қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды деп сенген, өйткені ол шаңыраққа жақсылық пен береке әкеледі.

-«Қонағыма қол көтергенің мені сыйламағаның»,-деу арқылы автор қандай дәстүрді меңзейді?

Автор қазақ халқының қонақжайлық дәстүрін меңзейді. Қазақтар келген қонақты ерекше құрметпен қарсы алып, оған барын беріп, сый-құрмет көрсеткен. Бұл дәстүр үлкендерден балаға өсиет ретінде беріледі.

-Қазақтың қонақ күту ерекшелігі туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Қазақ халқы «қонақ келсе, құт келеді» деп, әрқашан қонақты құшақ жая қарсы алады. Қонақ үш түрге бөлінеді: арнайы қонақ (шақырылған), құдайы қонақ (күтпеген, бірақ құдайы ниетпен келген) және қылқұйрық қонақ (атпен, жолай соққан қонақ). Қонаққа алдымен ас беріледі, содан кейін оған құрмет көрсетіледі.

-Мәтінде әжесінің көңіл күйін білдіретін қандай сөздер бар? Жекіру мәніндегі сөздерді теріп жазыңдар.

Әжесінің көңіл күйін білдіретін сөздер: «Е-е! Жаман бала болмасаң етті!»

Жекіру мәніндегі сөздер: «Бұзақының тірлігі ғой мынауың!», «сен бейбақ»

ӘТН.

5-тапсырма. Одағайларды қатыстырып, үйіңе келген қонақты қалай қарсы алғаныңды, қандай жағымды сәттерді есте сақтағаныңды сипатта.

Алақай! Әтеген-ай! Қане! Ә! Тәйт!О-о-о! Бәрекелді! Қап! Пай-пай! Пәлі! Оһо!

Алақай! Қонақ келе жатыр!

Оһо, қандай қуаныш! Келіңіз, төрлетіңіз!

Бәрекелді, қонақпен бірге құт келеді!

Ә, алыстан ат терлетіп келген екенсіз, жайғасыңыз!

Пәлі, қандай жақсы кездесу! Дастарханымыздан дәм татыңыз!

Тәйт, балалар, қонаққа жол беріңдер!

Әтеген-ай, сізбен бұрын кездесіп, әңгімелеспегеніміз өкінішті!

Топтық жұмыс.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, әрекеттің себебі мен салдарын анықтауға бағытталған және «Қандай?», «Қалай?» деген сұрау есімдіктерімен 3 проблемалық сұрақ құрастырыңдар.

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар:

1.Қонақтарды ауыл адамдары қандай дәстүрмен қарсы алды?

2.Қонақтар шайды не себепті асықпай, ұзақ ішті?

3.Ауыл тұрғындары қонақ күтуде қандай салт-дәстүрлерді сақтайды?

Сұрақтарға жауап береді.
















Грамматикалық тақырыпты талдайды, меңгереді.








































Одағайларды қатыстырып, мәтін жазады.

























Сұрақтар құрастырады.

Дескриптор:

  • Сұхбат құрады;

  • Сұраққа дәлелді жауап береді.















Дескриптор:

-мазмұнын түсінеді;

-3 проблемалық сұрақ құрастырады.





Дескриптор:

-одағайларды қолданады;

-әңгіме құрастырады;

-оқиғалар тізбегін жасайды;

-тақырыпты ашады.






1-10 балл



























Сабақтың соңы

КЕРІ БАЙЛАНЫС.


Өз ойын жазады.


Үйге тапсырма

Ережелерді оқу , 9-тапсырма.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2025
210
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі