Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАР ЖҮЙЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи-этнографиялық сөздік
Материалдың қысқаша нұсқасы



«МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ



«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР,

ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАР ЖҮЙЕСІ»

(тарихи-этнографиялық сөздік)

ғылыми-қолданбалы зерттеуінің


    1. ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

Т О Л Ы Қ Е С Е Б І







































Iлкiмдi сөздер тізбесі: АДАМ, ТАБИҒАТ, ҚОҒАМ, ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР, СОЦИУМ, МӘДЕНИ-ШАРУАШЫЛЫҚ ТИП, ИНСТИТУТТЫҚ ҚАТЫНАСТАР, ЭТНИКАЛЫҚ ДАҒДЫ, ЭТНОМӘДЕНИ ҚЫЗМЕТ, ЭТНОЭКОЛОГИЯ, ЭТНОПСИХОЛОГИЯ, ӘДЕТ-ҒҰРЫП, САЛТ, ДӘСТҮР, ЖОРА, ЫРЫМ, ТЫЙЫМ, НАНЫМ-СЕНІМ, КӨШПЕЛІЛІК, МӘДЕНИЕТ, ЭТНОС, ЭТНОСТАНУ, ТІРШІЛІКҚАМЫ ЖҮЙЕСІ (МӘДЕНИЕТІ), ТІРШІЛІКЦИКЛЫ, РУХАНИ МӘДЕНИЕТ, ЗАТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, КӨНЕ СЕНІМ-НАНЫМ, САЛТ, ҒҰРЫП, ЖОРА-ЖОСЫНЫ, БАСПАНА, ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚАРУ-ЖАРАҚ, ДӘСТҮРЛІ ПОТЕСТАРЛЫҚ-САЯСИ ЖҮЙЕ, БИ, БИЛІК және т.б.


Зерттеу нысаны : Қазақ халқының қоғаммен, адаммен және қоршаған табиғи ортамен байланысты қалыптасқан дәстүрлi категориялар, атаулар мен ұғымдар және олардың этнографиялық мазмұны мен сипаттамасы, қолданыс аясы, этномәдени қызметі сондай-ақ дәстүрлi мәдениеттегі түрлi құбылыстардың iшкi мәнi.

Жобаның мақсаты - методологиялық айқындалған, ғылыми дәйектелген қазақтың байырғы этнографиялық категориялары, атаулары мен ұғымдарының ғылыми негiзделген сөздiгiн жасау болып табылады. Жұмыс өте ауқымды, әрі ауыр. Негізгі мақсатты логикалық және методологиялық тұрғыдан тиiмдi орындауға байланысты төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделедi:

  • жобаның жалпы теориялық және методологиялық проекциясын, яғни, мәселенi ғылыми зерделеудiң iлкiмдi принциптерi мен тәсiлдерi және ұстанымдарының теориялық негiздемесiн жасау;

  • қазақтың адамға, адами қасиеттерге, құбылыстарға байланысты ұғымдарының ғылыми тұрғыда жүйеленген, ғылыми негізделген этномәдени сөздiк қорын жинақтау;

  • қоғамға байланысты, яғни, сан алуан қоғамдық құбылыстар, түзiлiстер, түрленiстер, соның iшiнде, әсiресе, шаруашылыққа, рухани және материалдық мәдениетке, әлеуметтiк-экономикалық, институттық, идеологиялық, ғұрыптық-салттық қатынастарға байланысты ұғымдар, категориялар мен атаулар жүйесiнің сипаттамасын жасау;

  • табиғатқа, алуан түрлi табиғи құбылыстарға, әсiресе, этносты қоршаған “үйреншiктi” орта—этноэкологиялық орта жөнiндегi дәстүрлi ұғымдар мен категориялардың сипатталған жүйесiн жасау.

Әлбетте, аталмыш мақсаттарды орындау этникалық ортадағы сан алуан құбылыстардың, қоғамдық қатынастардың, институттардың өзара себеп-салдарлық байланыстары негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл зерттеудiң жүйелiлiгiн және жоғары методологиялық деңгейiн қамтамасыз ететiн бiрден-бiр iлкiмдi принцип болып табылады. Осы жерде ерекше екшеп айтатын нәрсе: бұл зерттеу жобасы этнолингвистикалық зерттеу емес, “таза” этнографиялық сипаттама болып табылады, өйткенi, зерттеуде кез келген ұғымның лексикологиялық-лингвистикалық сипаты, яғни, морфологиялық, лексикалық, морфонологиялық сияқты қырлары емес, этномәдени мәнi мен маңызы,қызметі, қолданыс аясы қарастырылды.

Зерттеу тәсілдері: проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық, этнолингвистикалық, этимологиялық, сараптамалық, реконструкциялық және лингвомәдени т.б. Жұмыстың методологиялық негiзi - объективтiлiк, ақиқаттық, тарихилық, жүйелiлiк. Методологиялық негiздемесі ретiнде көрнектi отандық және шетелдiк ғалымдардың теориялық зерттеулері және ең сенімді деген әдістері қолданылады. Заттық мәдениет типтерi мен үлгiлерiн анықтауда олардың ортақ қасиеттерi, құбылыстарда қайталананып отыратын ерекшеліктері, заңдылықтары, оның туыстас, туыстас емес халықтардағы, әсіресе көршілес халықтардағы аналогтарымен салыстыра, өзара шендестiрiле қарастырылады. Зерттеуде қазақ мәдениеті тарихи тұрғыдан қарастыралатындықтан салыстырмалы-тарихи тәсiл де негiзгi зерттеу тәсiлi болады. Мәдениеттің дамуының, қалыптасуының, функциялық қызметiнiң астарында жатқан заңдылықтарды айқындау үшiн зерттеуде логикалық формализациялау тәсiлі зерттеу материалдарына көрнектiлiк, әрi дәйектiлiк сипат бередi.

Ерекше екшеп айтар жайт - соңғы ондаған жылдарда қарқын алған реконструкциялық тәсілдер негізінде рухани мәдениетке қатысты мәселелерді, айталық, архаикалық ғұрып, наным-сенім аспектілерінің құпиясын жаңғыртуда этномәдени қыр-сырларын ашуға үлкен қадамдар жасалды.

Сондай-ақ материалдарды сипаттауда хронологиялық, тақырыптық, салалық және т.б. қырларынан анықтау, топтау, археографиялық талдау, сипаттама, текстологиялық талдау, өлшеу, музейлік ғылыми-салыстырмалы, библиографиялық, кітаптанулық, статистикалық зерттеулер және т.б. тәсілдер қолданылды.

Зерттеу нәтижесі. Жобаны жүзеге асыру нәтижесiнде жалпы көлемi 100 баспа табақтан тұратын 3 томдық түрлi-түстi сан алуан суреттермен, кескiндермен жабдықталған энциклопедиялық деңгейдегi еңбек дайындалу жоспарланды. Алайда, жұмыстың барысында зерттеуіміздің нәтижесі жоспарлағаннан әлдеқайда ауқымды болып шықты: аталмыш үш томдықтың әрқайсысы 65 баспа табақты құрып отыр. Орайы келгенде айта кету керек, мұндай кең көлемді тарихи-этномәдени сөздік бұрын-соңды алыс-жақын шетелде жасалған емес. Тақырыпты қазiргi қоғамның өскелең талап-талғамына сай игерудiң мәдени, рухани ғана емес, ғылыми-теориялық, методологиялық маңызы жоғары екендігі белгілі.

Зерттеу еңбегінің құрылымы : Зерттеу фронталды түрде жүріледі, материалдар проблемалық-тақырыптық принцип бойынша дайындалып, алфавиттік ретпен орналастырылды. Этномәдени мәні бар заттық мәдениет аспектілері мейлінше көп сызбалармен және деректі фотосуреттермен қамтамасыз етілді. Концептуалды ұғым, категориялар үшін ғылыми әдебиеттер тізімі мен этнографиялық атаулар, этникалық, топономикалық атаулар көрсеткіштері, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін соңынан берілді.

Жобаның жүзеге асырылу барысы туралы:

Бұл жоба үш жыл қатарынан кешіктіріліп қаржыландырылғандықтан бірқатар бөгеттер туындады: шын мәнінде 3 жыл емес, 2 жыл 6 ай ғана қаржыландырылды; жоспарланған экспедициялар толық атқарылмады және олардың мерзімі қысқартылды. Сондықтан орындалуға тиіс жұмыс графигі едәуір ығысумен болды. Сонымен қатар, жұмыс барысында еңбектің көлеміне сапалық және сандық жағынан өзгерістер мен қосымшалар енгізілуіне байланысты ол едәуір ұлғая түсті.

Алғашында 100 б.т. жоспарланған жобаның көлемі екі есеге ұлғайып, 195 баспа табақты құрады. Осы тұрғыда, Жобаның ауқымы мен техникалық-қаржылық себептерге байланысты және жұмысты сапалық, ғылыми, теориялық жоғары деңгейде толыққанды аяқтап шығу үшін жоба мерзімін тағы бір жылға ары қарай ұзарту сұралған болатын. Осы себепті, ұлт мәдениетінің ауқымды қабатын құрайтын дәстүрлі құндылықтардың денін қамтитын, егемен еліміздің мәдениет саясатынан маңызды орын алатын, қияметі мен атқарылуы аса күрделі бұл ғылыми-қолданбалы зерттеу жобасын орындау тағы бір жылға ұзартылды.

Зерттеудің жаңалық деңгейi: Жүзеге асырылуға тиiстi осы жоба деңгейiнде күнi бүгiнге дейiн бiрде бiр жүйелi еңбек жасалған жоқ. Демек, қазақтың дәстүрлi этнографиялық атаулары мен ұғымдарының жүйеленген этномәдени сөздiгiнiң жасалуы теориялық жағынан болсын, танымдық-практикалық талғам тұрғысынан болсын, сөз жоқ, тағылымы мол соны қадам болып табылады. Жобаның сонылығы - дәстүрлі этникалық ортадағы сан алуан құбылыстардың, қоғамдық қатынастардың, институттардың өзара себеп-салдарлық байланыстары негiзiнде кешенді зерттеліп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тиянақталды. Жұмыстың ерекшелігі - соңғы ондаған жылдарда қарқын алған реконструкциялық тәсілдер рухани мәдениетке қатысты мәселелерді, айталық, архаикалық ғұрып, сенім-наным аспектілерінің құпиясын жаңғыртуда этномәдени қыр-сырларын ашуға үлкен қадамдар жасалды.

Жобаның ғылыми және қолданбалы мәнi. Қазақтың дәстүрлi этнографиялық категориялары мен ұғымдары жүйесiнiң сөздiгiн жасау бiрiншiден, бұған дейiн шашыраңқы, үздiк-создық жасалып келген ұғымдарды жүйелеумен қатар, ғылыми айналысқа түспеген сан алуан байырғы категориялардың сарапталынған, ғылыми негiзделген сөздiгiн жасау қазақ мәдениетiн, этнографиясын зерттеудiң, зерделеудiң жаңа сапалық деңгейi болып табылады.

Екiншiден, осы арқылы қазақ этнографиясын онан әрi дендеп зерттеуге жаңа мүмкiндiк ашады.

Үшiншiден, осы жобаны жүзеге асыру, түптеп келгенде, жас мемлекетiмiздегi ұлттық және тiлдiк құндылықтар дәстүрiн арттыруға, дамыта түсуге мүмкiндiк туғызады. Соңғы жылдары қазақ этнологиясында рухани мәдениет аспектiлерiн зерттеуге көбiрек ойысуының өзi осындай талаптардан туындап отыр.

Төртiншiден, бұл жобаны жүзеге асыру байырғы этнографиялық ұғымдар мен атаулардың ғылым-бiлiм жүйесiнде ауқымды түрде айналымға енуiне ықпал етiп, мәдениеттану, философия, этносоциология, этнолингвистика, психология сияқты т.б. салалас ғылыми пәндердiң зерттеу нысанына құнды материал бола алады.

Бесіншіден, жалпы бiлiм беру саласында, жоғары оқу орындарының тарих, этнология, археология, мәдениеттану, философия, этнопсихология сияқты салалары бойынша маманданушы студенттерге қажеттi оқу құралы ролiн де атқара алады деп айтуға болады. Энциклопедиялық, этномәдени немесе этнографиялық сөздiк деңгейiнде орындалуға тиiс бұл жұмыс қызметкер, бизнесмен, жұмысшы, интеллигенция, студент сияқты кез келген әлеуметтiк категориялар үшiн қазақ тарихы, мәдениетi, фольклоры, этнографиясы, тiптi әдебиетi жөнiнде жүйелi түсiнiк алуға қажеттi құралдың да ролiн әбден атқара алады.

Жобаның материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi: Жобаны жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк музейi зерттеудi материалдық-техникалық жағынан қажеттi деңгейде қамтамасыз етуге толық мүмкiншiлiгi бар (бөлмелер, бай кiтапхана қоры, музейдегi этнографиялық материалдардың бай қоры, компьютерлiк техника және т.б.)

Жобаның деректiк негiздерi:

1.Жобаға қатысушы авторлардың ұзақ жылдар бойы халық арасынан жинаған бай материалдары;

2. Архивтiк құжаттардың сан алуан мәлiметтерi;

3. Фольклорлық, лингвистикалық мәлiметтер;

4. Әдебиеттегi мәлiметтер;

5. Музейлiк мәлiметтер;

6. Баспасөздегi мәлiметтер және т.б.

Аталмыш дереккөздерi өзара шендестiру, салыстыру арқылы зерделенедi. Бұл әрбiр атаудың семантикасын, этимологиясын мейлiнше дұрыс бажайлауға мүмкiндiк бередi.

Соңғы кезде тарих ғылымында дәстүрлi ауызша тарихнамаға дереккөздерiнiң жаңа категориясы ретiнде көбiрек көңiл бөлiнiп, оны қолданудың методологиясы қалыптаса бастады. Ауызша дереккөздерi өткен заманның куәгерi ретiнде ғылыми зерттеуде реконструкциялық аспектiде қолданылады. Зерттеуге дереккөз ретiнде қазақ халқының басқа да фольклорлық ескерткiштерi - батырлық ертегiлерi, аңыздары, ғұрыптық фольклоры, халық прозасы, фольклорлық қысқа жанрлар рухани мәдениетке қатысты мәселелерді, айталық архаикалық ғұрып, сенім-наным аспетілерін реконструкциялауға таптырмайтын дәйек екендігі белгілі.

Мәдениет туралы мол мағлұмат беретiн ауыз әдебиетiнiң басты үлгiсi - эпосы. Бастауын оғыз-қыпшақ заманынан алатын «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» эпостарында, Алтын Орда дәуiрi мен Ноғайлы заманында туған «Тоқтамыс», «Ер Едiге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Тарғын» қиссаларында, қазақ-жоңғар соғысы кезiн жырлайтын «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр» т.б. дастандар мен тарихи жырлармен қоса «Қыз Жібек», «Айман Шолпан» т.б. лиро-эпостық жырларында қазақ мәдениетінің кез келген аспектілеріне қатысты мол деректері арқаудың бір тінін құрайды. Дәстүрлі төл мәдениетті зерттеуге дереккөзi болатын ауыз әдебиетiнiң қомақты тобы - жыраулар поэзиясы. XV-XVIII ғғ. өмiр сүрген Қазтуған, Доспамбет, Шалкиiз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамбердi, Үмбетей, Бұқар жыраулардың поэтикалық тiлiнiң негiзгi лексикалық құрамында этномәдени компонентке толы ұғым, категорияларды екшеп алып, дәстүрлі қоғамдағы сан салалы қатынастарды реттеу функциясын, оның қызмет ету механизмін жүзеге асырудағы орнын реконструциялық, салғастыру-шендестіру жолдарымен мәдениетіміздің әлі ескерілмей келген қырларын жіті саралауға арқау бола алады.

Қазақтар мәдениетінің генезисiн, даму тарихын, қалыптасуын зерттеуде деректеме ретiнде археологиялық материалдар да тартылды. Қазақстан территориясында өмiр сүрген байырғы және ортағасырлық көшпелiлер қолданған, археологиялық қазбаларда табылып, ғылыми әдебиеттерде жарияланған заттық мәдениет үлгілері мен ғұрыптық кешендері, сән-сәулет өнерінің ескерткіштері, жерлеу салттарына қатысты деректер де негiз болды.

Дерекөздерiнiң келесi тобы - жазба ескерткiштер. Байырғы көшпелiлер мәдениеті туралы басты деректемелер ретiнде Геродоттың, Ксенофонттың, Анна Комнинаның еңбектерi, орыс жылнамалары, соңғы жылда қазақ тiлiне түпнұсқадан аударылып басылып шыққан қытай жазба деректерi, көне түркi жазба әдеби ескерткiштерi Оғыз-наме, Қорқыт ата кiтабы пайдаланылды. Көне түрiк руникалық жазбаларындағы мәліметтер мен сөздігі байырғы ұғымдарды дұрыс саралауға үлкен септігі тигізеді. Европа саяхатшылары жазбаларынан ортағасырлық және кейінгі кездегі қазақ мәдениетіне қатысты деректер мол кездеседi.

Зерттеу барысында кеңiнен қолданылған дереккөздерi ретiнде араб, парсы, түркi тiлдi шығыс авторлары Рашид-ад-диннiң, Махмұт Қашқаридiң, Жүсiп Баласағұнидың шығармалары, ортағасырлық шығыс жазба тарихи шығармаларының аударылған жинақтары, Мұхаммед Хайдар Дулатид, Захир ад-дин Бабур, Әбiлғазы, Қадырғали Жалайыр, Құрбанғали Халидұлының еңбектерiнің этномәдениетті зерттеуге маңызы аз емес.

XVII-XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарын айғақтайтын архивтiк құжаттар және басқа сипаттағы түрлi құжаттық материалдар, басқа да архивтiк деректер пайдаланылды. Қазақ мәдениетінің заттық ескерткiштер - елiмiздiң және басқа елдердiң музейлерiндегi коллекциялары. Әсіресе, ҚР МОМ қорында ең керемет үлгілері сақтаулы және оны зерттеу барысында арқау ететін негізгі тіректің бірі. Содай-ақ Қазақстан мен қазақтар тұратын елдердегі музейлері қоры мен Ресейдің МАЭ, ГИМ, Эрмитаж, Омбы музей қорларында жиналған және жеке адамдардың қолдарында сақтаулы жәдігерлер зерттеуге қамтылады. Тiл зерттеуi саласындағы этномәдени компоненті бар лексикалар, табу мен эвфемизмдер жөнiндегi зерттеулерді кең көлемде пайдалану диссертацияның деректiк негiзiн күшейттi.

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанда болған орыс, еуропа саяхатшылары И.Ю.Клапрот, Т.В.Аткинсон, Дж.Кестль, орыс суретшiлерi А.О.Орловский, В.В.Верещагин, Е.А.Лансере, А.Ф.Чернышев, П.М.Кошаров, В.Плотников, С.Бортников, атақты Ш.Ш.Уәлиханов, Н.Хлудов, Ә.Қастеевтің т.б салған суреттерi де қазақтың дәстүрлі мәдениетіне қатысты түпнұсқа бейнелiк материал ретiнде пайдаланылды.

Деректемелердiң келесi үлкен тобы өткен ғасырлардағы қазақ тұрмысын көрсететiн - фото материалдар мен Қазақстанның әр өңірдегі құлпытастар мен күмбездi тамдары, көне қыстау қоралары , ғұрыптық орындар мен байырғы мен дағы мол мағлұмат беретін жартас суреттері мен айту керек.

Зерттеудегі деректiк материалдардың ауқымды бір тобын ҚР ОМА-де сақтаулы архив деректеріндегі түпнұсқа қолжазбалар құрайды. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтынан, ҚР МОМ тарапынан Қазақстан (Жамбыл облысы, Қызылорданың Арал, Қазалы аудандары) мен қазақтар тұратын (Моңғолия, Қытай, Қарақалпақстан, Түркіменстан, Ресей) елдерде жүрiлген экспедициялары барысында жинақталған материалдар пайдаланылды.

ХIХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас шенiнде “Дала уалаятының газетi”, “Айқап”, “Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям”, “Киргизская степная газета”, “Тургайские областные ведомости”, “Оренбургский листок” газеттерi мен “Этнографическое обозрение”, ”Известия ИРГО”, “Қазақ”, “Айқап” және т.б. газет-журналдарда жарияланған ұлт зиялыларының қазақ мәдениетіне қатысты жазбалары мен жеке тұжырымдары мен пiкiрлерi арқау болған мақалалар зерттеуге кең қамтылды.

Этнографиялық маңызы бар үшiн ХХ ғасырға дейінгі ғалым, саяхатшылардың - А.Н.Левшин, П.С.Паллас, Н.П.Рычков, В.Б.Броневский, А.Ягмин, Г.Е.Грумм-Гржимайло, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, Н.Ф.Катанов, А.Н.Краснов, Р.Карутц, Ә.Диваев, Г.Е.Катанаев, Ә.Бөкейханов т.б. еңбектерi пайдаланылды. А.И.Добросмысловтың, В.Я.Бенькевичтiң, А.Е.Алекторовтың еңбектерiндегi библиографиялық және этнографиялық мәлiметтер пайдаланылды. Әсiресе, қазақ этнографиясы тақырыбына құнды мәлiметтердi топтастырған А.Е.Алекторов ”Указатель книг, журнальных и газетных статьей и заметки о киргизах” (Казань, 1900) жинағы зерттеудегi бiрқыдыру мәселелерге арқау болды. Қоныс аудару басқармасының ХIХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында әрбiр уезд бойынша жүргiзген экспедиция материалдарында қамтылған қазақтардың шаруашылығы туралы мәлiметтер ескерiлдi.

О.Әлжанов, Қ.Қостанаев, А.Байтұрсынұлы, С.Сейфуллин сынды ұлт зиялылары, А.Харузин, Н.Зеланд, Н.И.Гродеков, М.Галкин, М.Гаврилов, А.Влангали қатарлы көптеген зерттеушiлер бірқатар этнографиялық мәлiметтердi қаузаса, Н.А.Алексеев, А.Янушкевич, Б.Залесский, Д.Алмаши т.б.-лардың күнделiк жазбаларында төл мәдениетіміздің сол кездегі бет-бейнесі туралы құнды деректер бар. Қазақ фольклортануында А.Байтұрсынұлы, С. Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, Э.А.Масанов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Б.Уахатов, Ә.Ақышев, Б.Абылқасымов, К.Матыжанұлы, С.Әжіғали, З.Самашев, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, В.Востров, П.Курылев, Г.Симаков, С.Абрамзон қатарлы ғалымдардың еңбектерiнде көне сенім-нанымға ырымға қатысты қырлары, оның генезисi, жергілікті ерекшеліктері басқа жұрттармен ұқсас жақтарын талдайды. Тiл зерттеу саласы бойынша деректер Л.З.Будагов, Қ.Досмұхамедұлы, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Ә.Ахметов, Б.Базылхан, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Ә.Жақыпов, т.б. зерттеушiлердiң еңбектерiнде ұшырасады

Қазақ әдебиетiнiң түрлi жанрдағы туындыларындағы дәстүрлі мәдениет еспектілеріне тiкелей немесе жанама түрде қатыстылығы бар сан-алуан мәлiметтер өте молынан кездеседi. Егемендiктен кейiнгi жылдарда газет, журнал беттерiнде жарық көрген деректiк сипаттағы үлкендi-кiшiлi жарияланымдарда қазақ этномәдениеті туралы мәлiметтер еңбекке барынша қамтылды деп айта аламыз.

МАЗМҰНЫ


РЕФЕРАТ


4

КІРІСПЕ


10

І тарау

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


11-19

ІІ тарау

2005-2008 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ІССАПАРЛАР ТУРАЛЫ

20-23

ҚОРЫТЫНДЫ


24-25


ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


26-30


ҚОСЫМША № 1 2005-2008 жылдары атқарылған ғылыми іссапарлар материалдарынан ү з і н д і л е р / 9 бет/


31-39


ҚОСЫМША № 2 Мәскеудегі Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхана қорынан алынған қазақ этнографиясы тақырыбындағы электронды нұсқадағы материалдар тізімі / 3 бет/


40-44

ҚОСЫМША № 3 Этномәдени сөздікке арнап салынған сызба суреттерден

/ 23 бет /


45-67

ҚОСЫМША № 4 Этномәдени сөздікке іріктелген деректі фотосуреттерден

/ 11 бет/


68-78

ҚОСЫМША 5 Сөздік мәтінен үзінділер


79-90

ҚОСЫМША 6 Тарихи—этнографиялық сөздіктің реестрі / 40 бет 2 калонкамен/


35

ҚОСЫМША 7 Ғылыми жарияланымдар / 4 бет /


91-130

Краткая аннотация : Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов” (историко-этнографический словарь в трех томах) (научно-прикладное исследование) /2 бет/


135-136


КІРІСПЕ


Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша академиялық, энциклопедиялық, ғылыми жүйеленген, этномәдени толық сөздік жасау бұрын-соңды республикамыздың ғылым тарихында болған емес. Қазақтың қоғамға, адамға және қоршаған табиғи ортаға байланысты қалыптасқан дәстүрлi категориялар, атаулар мен ұғымдарының ғылыми негiзделген және жүйеленген сөздік алфавитік ретпен түзілді. Жобада әрбiр ұғымның этнографиялық мазмұнына, қолданыс аясына айырықша мән берiледi.

Ғылыми сөздіктің деректік негізін тарихи, түпнұсқа дереккөздер, ғылыми анықтамалар және 1740-1930 жж. аралығындағы зерттеушілер мен саяхатшылар еңбектері, белгілеулері, жолжазбалар, әр түрлі мұрағат қорларында сақталған мәліметтер мен деректер, 1940-шы жылдардан бастап бүгінгі күнге дейййін жарық көрген арнайы зертеу еңбектері мен мақалалар, ғылыми-көпшілік еңбектер мен жарияланымдар, сондай-ақ жобаны орындаушылар тарапынан экспедициялық іссапарлар барысында жинақталған ауызша мәліметтер мен мұрағаттық деректер құрайды. Этнологиямен сабақтас философия, фольклортану, археология, деректану, юридиспруденция, мәдениеттану, этнопсихология, этнолингвистика, этнопедагогика және этносоциология және т.б. ғылым салаларындағы этнографиялық мәліметтерге жете назар аударылды.

Жоба бойынша, Қазақстанның әр өңіріне - Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарына және ҚХР Шыңжан-Ұйғыр Автономиялық Районында, Ресейдің Омбы, Қосағаш өңірінде және Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақтар ортасына этнографиялық іссапарлар ұйымдастырылып, білгір информанттар мен көне мәдениет сорабынан хабары бар көнекөз қариялар мен құймақұлақ зерделі қазақы жандардан қазақ этнографиясының әр түрлі салалары туралы көптеген мәліметтер жинақталды. Қазақ салт-дәстүрлерінің архаикалық түрлері, аймақтық ерекшеліктері, таралу аймағы, кейбір сирек кездесетін, ұмыт болған заттық мәдениет үлгілері түрлерін жасалу тәсілдеріне, материалына қарай анықтау, атрибуцияларын түгендеу, тиісті детальдарының атауын анықтау шаралары қатар жүргізілді.

Іссапар кезінде жоғарыда аталған жерлер мен өлкелердің мұрағат, кітапхана, музей мекемелерінен Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген, жинақталған түпнұсқа деректерді зерделеу, салыстыру, дәлелдеп анықтауға, сөздікке енетін құндыларын алынды, көне деректер мен әдебиеттердің түпнұсқалары жинақталды. Тек, Мәскеу іссапарында Ленин атындағы Кітапхана қорындағы ХҮІІ-ХХ ғғ. аралағында жарық көрген қазақ мәдениетіне қатысты көлемі 13,6 Мегабайт құнды да, сирек деректер мен материал электрондық түрде алынды. (Қосымша № 2)

Аталмыш сөздікке енетін дәстүрлі ұғымдар мен категориялардың сөзтізбесі жасалып, толықтырылып, 9108 бірліктен тұратын Реестр брошюра түрінде дайындалып, қызметтік қолданысқа жобаны атқарушыларға беріліп, сол бойынша жұмыс жасалды.

Жобаның нәтижесi түрлi-түстi суреттермен, сан алуан кескiндемелермен қамтамасыз етiлген жалпы көлемi 220 баспа табақ көлеміндегі 3 томдық еңбек дайындалды. Бірінші томына арнайы түзілген реестр бойынша әліпбилік тәртіп бойынша орналастырылған дәстүрлі этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың Аба-Ию аралығы, екінші томына Камзол - Ояз, үшінші томына Өбере-Яса аралықтары қамтылды.

І - ТАРАУ


ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Бүгiнгi қазақ этнологиясы ғылымында дәстүрлi мәдениеттiң түрлi салаларын жан-жақты зерттеу бiрте-бiрте жолға қойылып келе жатқанымен, көптеген мәселелер, әсіресе, оның теориялық мәнді тақырыптары iргелi ғылыми зерттеу обьектiсiне айналмай отыр. Оның басты себебi, кәсiби этнологтар арасында қазақтың дәстүрлi этнографиялық категориялар жүйесi жөнiнде ғылыми негізделген дәйектi түсiнiктiң қалыптаспағандығында болса керек. Осыған орай, кез келген этнологиялық зерттеу мiндеттi түрде халықтың байырғы этнографиялық ұғымдар жүйесiн арқау ететіндігін ерекше екшеп айтуға тура келеді. Онсыз зерттеу обьектiсiнiң қыр-сырына терең бойлаудың өзiн елестету мүмкiн емес. Демек, кез келген этнографиялық тақырыпты ғылымның қазiргi өскелең талап-талғамына сай игеру, сөз жоқ, қазақ этнологиясының аса өзектi мәселесi болып табылатын методологиялық айқындалған, ғылыми дәйектелген қазақтың байырғы этнографиялық категория, ұғымдар мен атаулар сөздігін жасауды қажет етеді. Мұны өз кезегінде, сөз жоқ, қазір көп болып қолға алынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің ойдағыдай жүзеге асып, оның ғылым үшін ғана емес, ұлт игілігіне айналуына қосылған үлкен үлес бағалауға әбден болады.

Байырғы этнографиялық немесе этномәдени ұғымдар жүйесi — этностың дәстүрлi дүниетанымының логикасы, тiптi ойлау мәдениетiнiң төлтума ерекшелiгiнiң ең мәндi көрсеткiшi. Ол ғасырлар бойы табиғи құбылыстарды, қоғамдағы сан алуан үрдiстердi, түрленiстердi, түзiлiстердi және адами болмыс атаулыны жiтi бақылаудан, зерделеуден туындап, әлеуметтiк-тарихи iс-әрекеттiң (практикалық) үрдiс иiрiмдерiнде шыңдалып, этникалық санада орныққан логикалық түзiлiс болып табылады. Демек, үлкен методологиялық мәдениеттi қажет ететiн этностың (қазақтың) дәстүрлi этнографиялық категориялар, атаулар мен ұғымдар жүйесiн жасау (әсте ұғымдар тiзiмi емес) күнi бүгiнге дейiн өзiнiң құпиясын аша қоймаған халықтың байырғы менталитетiн, төлтума психологиясын, ежелгi наным-сенiмдер жүйесiн, яғни дәстүрлi дүниетанымын зерделеуге жан-жақты мүмкiндiк ашады деген сөз.

Көшпелі ортадағы кез келген ғұрып, салтты, ұстанымдар мен принциптерді пайымдау, парықтауға арқау бола алатын әдебиеттерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, ХІХ ғ. түпнұсқа деректерден қазақтың жылқы шаруашылығы, қымыз дайындау, күн қайыру немесе халықтық календарь, халық медицинасы, аңшылық, аң мен құсқа қатысты таным, дәстүрлі ас-тағамдар жүйесі, дәстүрлі диханшылық, аң-құсқа қатысты таным, культ, магия, көш жолдары, этикет, ғұрыптық норма және т.б. көптеген тақырыптарға қатысты зерттеулер қамтылды.

Көне карта мен құжаттар бойынша Қазақстанның жер-су атаулары, шаруашылық түрлері белгіленген Орта Азия және Қазақстанға қатысты қорлардан бірнеше картаның электрондық нұсқасы көшіріліп алынды. Іссапар барысында қол жеткізілген әдебиеттер - Жобаның мақсатында діттеген - паремалық бірліктердің этномәдени мәнi мен маңызы, қолданыс аясы, тіршілік қамы мәдениетіндегі рөлі, әлеуметтік аясы, қоғамдық қызметі, символикалық астарлары, ғұрыптық мәні, интеллектуалдық парқы, этнографиялық болмысы, когнитивтік мәні, қазақ дүниетанымындағы, өзіне ғана тән, өзгелерден әйгілеп тұратын логикалық, психологиялық, танымдық ерекше қырларына жете назар аудару сияқты басты міндеттерін толығымен еңсеруге, зерттеудің әдістемелік, теориялық сұлбасын дұрыс түзуге арқау болатын құнды зерттеулер.

Жобаға қатысты жинақталған қыруар мол материалдарды авторлардың ұзақ жылдар бойы халық арасынан жинаған түздік экспедиция материалдары, архивтiк деректер, фольклорлық, лингвистикалық, музейлiк, баспасөздегi, тарихи, әдебиеттегi мәлiметтер сияқты материалдарды өзара шендестiру, салыстыру жолымен тиісті методологиялық сұрыптаудан, өңдеуден өткізу, жан-жақты зерделеу шаралары жүргізілді. Бұл әрбiр атаудың семантикасын, этимологиясын емес керісінше оның этномәдени парқын мейлiнше дұрыс бажайлауға мүмкiндiк беріп отыр.

Еңбектің деректік негізі ауқымды: қазақ мәдениеті туралы ХҮІІІ ғасырдан бастап күні бүгінге дейін жарық көрген әдебиеттер мен ағымдағы ақпарат құралдарында, ғылыми әдебиеттерде жарық көрген үлкенді-кішілі материалдар мейлінше толығырақ қамтылды. Мұрағат қорларындағы мәліметтер мен деректер, жобаны орындаушылардың жеке қорларындағы материалдары мен ғылыми жарияланымдары, этнографиялық іссапарлар барысында жинақталған материалдар деректік арқау болды. ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы қазақ халқының заттық мәдениет үлгілеріне қатысты жәдігерлер мен Музейдің Ғылыми кітапханасы қорындағы деректердің этномәдени сөздікке қатысты қырлары зерттеуде қамтылды. Қазақстан музейлері мен мұрағат, кітапханаларындағы, әсіресе, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат, Орталық ғылыми кітапхана қорларындағы қазақ этнографиясына қатысты деректер зерттеудің негізгі арқауын құрады.

Ал, зерттеудің деректік негізінің жетпеген, аздық еткен тұстары мен аса сирек кездесетін еңбектер және мұрағаттық материалдар Ресей Федерациясының тиісті мекемелерінен алынды. Атап айтсақ, Мәскеудегі Ленин атындағы Ресей Мемлекеттік кітапханасының сирек кездесетін әдебиеттер мен қолжазба қорынан, Тарихи кітапхана, Мемлекеттік атрихи музей, Санкт-Петербург қаласындағы Ресей этнография музейі, Кунсткамера, Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген, жинақталған түпнұсқа деректерді зерделеу, салыстыру, дәлелдеп анықтауға, деректер жинақталды: ондағы тарихи-өлкетану музейі қорынан қазақтар этнографиясына қатысты этнографиялық альбомдар мен каталогтардан және коллекциядағы сирек кездесетін жәдігерлердің фотосуреттері алынды; Дала генерал-губернаторлығы мен Ақмола облысының әкімшілік орталығы болған Омбы қаласындағы Мемлекеттік архивтен, А.С.Пушкин атындағы ғылыми кітапханадан Сібір қалаларында шығып тұрған ғылыми, әкімшілік, ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен ағымдағы баспасөздерде жарық көрген қазақ этнографиясы тақырыбына қатысты деректер алынды.

Мәдениет туралы мол мағлұмат беретiн ауыз әдебиетiнiң басты үлгiсi – ғұрыптық фольклор, фольклорлық қысқа жанрлардағы және жыраулар поэзиясындағы этномәдени компонентке толы ұғым, категорияларды екшеп алынып, салғастыру-шендестіру жолдарымен ұлт мәдениетінің өзіндік құпия қырлары мен терең сырлары сараланды.

ХХ ғ.да газет, журнал беттерiнде жарық көрген қазақ этномәдениеті туралы мәлiметтер екшелді. Әсіресе, этнография тақырыбына қатысты материалдар көптеп жарық көрген 7 журнал, 5 газеттегі деректер мен сұрыпталып алынды. Айталық, «ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Хабарлары» тіл, әдебиет сериясының 1957-2006 жж. дейінгі номерлері және «Тілтаным» журналының 2001-2006 жж. ұзын-саны 60 номеріндегі этнографиялық мақалалар сұрыпталды.

Егемендiктен кейінгі кезеңдегі газет, журнал беттерiнде жарық көрген деректiк сипаттағы үлкендi-кiшiлi жарияланымдарда қазақ этномәдениеті туралы мәлiметтер түгел сүзілуде. Қазірге дейін этнография тақырыбына қатысты ауқымды материалдары көптеп жарық көрген 7 журнал, 5 газетте («Қазақ тарихы», «Алматы ақшамы», «Парасат», «Зерде», «Жас Алаш», «Алтын Орда», «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Ана тілі», Вестники Университетов (КазГУ, МКТУ, Университета «Туран», Евразийского университета) жарық көрген этнографиялық материалды сұрыптау таңдау шаралары жүргізіліп, олардың ксерокөшірмелері жасалды.

Сөздік материалы алфавиттік ретпен орналастырылып, техникалық әзірлік жұмыстар бір жүйеге келді. Авторлық нұсқада берілген 1532 беттік материал арқау болды.

Сөздіктегі мәтіннің мәнін аша түсетін көне әдебиеттердегі сызба суреттермен қоса, кейбір аса сирек кездесетін ғұрыптар мен заттық мәдениеті үлгілеріне қатысты 310 беттік сызба материал дайындалып, электрондық нұсқаға көшірілді, 180 деректік фотосуреттер іріктелініп алынды.

ҚР МОМ қорлары коллекциясындағы қазақтың дәстүрлі заттық мәдениет үлгілері шетелдік және отандық музей қорларындағы сол іспетті жәдігерлерімен салыстырыла сарапталды, жүйелеуге сипаттамаларын толыққанды ашуға қол жеткізілді.

Зерттеу ауқымы мейлінше кең, сан ондаған саланы қамтитын зерттеу жұмысына дәстүрлі мәдениеттің барлық салалары дерлік толықтай енгізілді. Айталық, дәстүрлі рухани мәдениет, шаруашылық, ру-тайпалық құрылым, саяси-потестарлық құрылым, дәстүрлі кәсіпшілік, қолөнер, халықтық білім, заттық мәдениет үлгілері, отбасылық неке, ырым-тыйымдар жүйесі тәрізді этнография мен этнология ғылымының барлық салалары қамтылды. Қазірге дейінгі зерттеулерде саяси-идеологиялық себептерге байланысты жете мән берілмеген салалар, атап айтсақ культтік орындар мен космогониялық ұғымдар, халықтық метрологиялық таным, дәстүрлі қалендарь, күн қайыру, амал (фенологиялық календарь), халықтық астрономиялық тақырыптарына қатысты бұрын-соңды жүйеленбеген немесе беймәлім мәліметтер ғылыми сараптан өткізіліп, айналымға енгізілді. Этнология мен олған сабақтас зерттеулер немесе туыстас, көршілес халықтардың этнографиясына қатысты еңбектер мен зерттеулер қамтылды.

Қазақы ортадағы ырым-тыйымдар жүйесі мен жора, ғұрыптар көшпелілердің жалпы адамзаттық әмбебаптық (универсалии) таныммен, мифологиялық дүниетанымынан одағай тұрған құбылыс емес десек те өзіндік бет-бейнесі, дараланатын сипаты бар. Тіршілік цикліне, рухани мәдениет, шаруашылық қарекетіне қатысты мұндай жора, ғұрып, ырым-тыйымдардың «ішкі құрылымдық принциптері мен атқарылуы тәсілдері әр түрлі болғанымен түпкі мақсаттары бір ». Ол тарихи тарихи кеңістік пе уақыттың қатаң сұрыптталуынан өткен дәстүрлі қоғамдық қатынастардың, экологиялық мәдениеттің, моральдықэтикалық қадір-қасиеттердің ілкімді принциптерін қожыраудан азып-тозудан сақтау ісіне этностың әлеуметтік энергиясын, ерік-жігерін, күш қайратын жұмылдыру болып табылады» (Нұрсан Әлімбай).

Зерттеуде ерекше ден қойылған өзекті мәселелердің бірі—қазақтың дәстүрлі тіршілік қамы (немесе өмірқамы) мәдениетінің теориялық болмысы мен қызметін теориялық деңгейде зерделеу. Этностың тіршілікқамы мәдениеті құрылымы ғылымдағы даулы мәселе екендігіне байланысты кітапта осы категорияның құрамдас бөліктерін айқындауға мұрындық болар ілкімді теориялық тұжырымдар жасалды. Этностық тіршілікқамы жүйесінің құрамдас бөліктерін анықтауды қазіргі тарихнамада жиі айтылып жүрген «адам тұтынысы» ұғымымен шектей салуға болмайды. Осыған орай «адам тұтынысының мақсаты», «адам тұтынысының объектісі», «тұтынысты қамтамасыз ету құралдары» сияқты категориялар арқылы аталмыш мәселені зерделеу этностың тіршілікқамы.


ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДА ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНА ҚАТЫСТЫ ТЫҢ МӘЛІМЕТТЕР ТАБЫЛЫП, ҒЫЛЫМИ АЙНАЛЫМҒА ЕННГІЗІЛДІ. Нақты дәйек мысалдар келтірер болсақ олар мынадай: «Туған жерге аунату» – бала 5-6 жасқа толған кезде алыста болса, туған жеріне алып келіп, ұзақ емес болса, дәл сол кіндік қаны тамған жерге әкеліп, жатқызып, жан-жағына тұрмыста пайдаланылатын әртүрлі бұйымдарды (көген, жүген, қамшы, қағаз, кітап т.б.) қойып аунатқан кезде баланың қолына не тисе сол оның кәсібі болады деп ырымдайды.

Беймәлім, екіұшты мәселелелердің бірқаншасының басы ашылды: орта ғасыр жырында айтылатын шапшақ, шертпек атты ыдыстар, тері ыдыс тіккенде арасына салынатын мата - «ішің», дүниеден өткен егде әйелдің «боқшасын ашу» салты, ұл балаға маңдайдан желкеге дейінгі аралықта қойылған шаш – «жал» туралы толық мәліметтер жиналды.

Мал далаға түнесе «қасқырдың жағын байлау» ырымын жасайды: ол үшін жас баланың ит жейдесі немесе шапанының екі жеңін айқастыра байлап үйдің төріне қойып қояды. «Кетер аяқ» - жек көрген адамға берілетін, қайта айналып келмесін дегени ниетпен берілетін ең соңғы мәзірет және т.с.с. “Қарғы” деп аталатын әйел мойынына салатын әшекей түрі, тері өңдеудегі құпиялар, сіркелік, түртпек тәрізді зергерлік құрал, бақсылықтағы көшіру, ауру емдеудегі қуыршақтар, тасаттықтың атқарылу техникасы, теріскенді емдеу туралы халықтық танымның құнды қырлары белгіленіп алынды.

Сол сияқты жаңа ұғымдар да кіріктірілді: қазақтың бөлінбеген еншісі, қызылдың қасқасы (астықта), өңір салу (алу), құрым киіз кию, ілме ауруы, әжі ауруы, қарын аяқ.

Кейбір атаулар мен ұғымдар туралы қысқаша мәліметтер: шүкейт – ешкі асығы, дағар, кереқап – алты пұттық, жүннен тоқыған қап, уықтың қисайып кетуін – «қажып кету» деп атайды. Қонаққа төсейтін төркөрпе, тері илейтін ағаш – күрті, қары жіліктегі етті қарғыс ет атайды.

ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР - аузына түкірту, сарқытын ішкізу, борық – қамыстың тамыры, мойынты (иінағаш, әкпіш), «жалғызаяқтың жолы», мылтықтың қырсығын шығару, ашмық, боза дайындау тәсілі жазылып алынды.

Қызылқаңлы руының қыздары шілдеқотыр, бөрткен шыққан нәрестені шақпақ шағып емдейтіндігі туралы құнды дерек алынды.

Уықтың қисайып, майысып кетуін – «қажып кету» деп, киіз үй тігілген соң барлық уық бір жағына қарай ауып, қисайып кетуін «қашып кетті» деп атайды.

«Қызылдау» - мал, аң етін бөліп алу. Ау салып жатқан балықшыларға барған адамға балық береді. Балық судың құрты деп беруге тиіс.

Ботаның құйрығын тістеу ырым. Бота жылдам еме алмаса, емшегін таба алмай, шап, бүйірін түртеді. Сол кезде енесі тістеп бақыртып ботаның құйрығын тістеп тастайды. Ол інгеннің емшек сыздағанына шыдамағаннан болар. Ботаның табанын тырнайды, асау болмасын, тайласын деп .ботаның танауына сақсақты тығып кеңсірігін ашады.

Ырым мен тыйым бойынша тың мәліметтер мен олардың халық санасындағы сорабы және бүгінгі күнгі көрінісі. Қазақ этнографиясындағы басы ашылмаған көмескі мәселелер туралы да толыққанды деректер жинақталды: айталық, ағынды өзенге «қара бура салу» (су бөгеу), жауырынға көк шүберек байлап қою, жауырынның «қара қожасы», табу немесе тыйым сөздер - «басар» (қақпанды тергеу), дуақанттар әрекеті туралы, «кітап ашу» (бал ашу), «күн жайлату», тасаттық беру, баланың тіліне теріскен шыққанды домдау, дәс орамал, қарбыз сірне, қауынішек атты тағамдар туралы, ауру әлсіз адамды «теріге салу», мартулау, «құдайы тағам» мен «тілеудің» айырмасы, ал шымылдық, өлікке арнап жыртыс жырту, қауынға бата жасау, балаға есім берудегі көпварианттылықтың себебі, жергілікті жердегі өлікті атқару кезіндегі «телім беру» және «төбе беру» салты туралы деректер белгіленіп алынды.

Нәрестені сылап-сипағанда қой құйрығының «күнтимес» - деп аталатын ішкі жағының майын шыжғырып баланы сылаған жақсы. Сонда айтылатын төмендегідей тілек:

Бет-аузың сопақ болмасын,

Ат жақты бол!

Мұрның қырдай болсын!

Маңдайың жазық болсын!

Мойының құрықтай болсын!

Бойың сырықтай болсын!

Қолдарың салалы болсын!

Құлағың бүрік болмасын, түрік болсын!

Ұшынып ауырған науқас бала «мен ұшынған жоқпын, жер ұшынды» деп кеш батып бара жатқанда үш қайтара тәжім етіп еңкейеді. Бұл «жерұшық» деп аталады. «Суұшық». Судан шошынған баланы сумен ұшықтайды. Дұғалап бетіне бүркеді. Құрбандық малының қаны ем болады деп есептеледі. Оны мақтаға сіңіріп ауырған жерге, жараға басса шипа болады. Тілге теріскен шығуға байланысты жасалатын магиялық ырымдар: - тіліме теріскен шықты, сиырдың көтіне, тіліме теріскен шықты қасқырдың көтіне (осылай 6 адал, 6 арамды айтады). Содан – бұл тілім қайтсем жазылады, былай-былай қарағанша, қарғаның боғын жалағанша, тіфә-тіфә - деп бала түкіріп тастаса сауығып кетеді делінеді. Баланың кіндігі шығып болмаса шиге шаншылып қалған жылқы құмалағын басса жазылады. Жылқының құмалағын құмырысқа илеуіне қойса көшіп кетеді. Құмалақты алып жатқанда «ей, өзіңнен өзгеге ем бол» деп алады.

Белдеуге қасық қастыру ырым. Біреуді жолдан сапарын күте жоғалған заттың табылатын табылмайтындығын болжап білу үшін тілі шығар-шықпаған елді шығып келе баланың қолына ағаш қасық беріп белдеуге қыстыр дейді. Егер сәби бала оны сабын төмен қаратып қыстырса жолы болады екен, жолаушы аман келе жатыр екен деп жориды, жоғалған зат табылады деп жориды. Балаға “оң аяғыңды көтерші” деп ырымдайды.

«Құс жолы» - ботасын жоғалтып, іздеп жүрген аруананың емшегінен аққан сүттен қалған із. Көк жүзінде топтасып ұшқан жыл құстарын алғаш көргенде «көкала құс тәуір ме?» деп сәлем беретін салт болыпты. Ол құс патшасы екен-мыс.

Тіршілік циклына қатысты жора-жосын, ырым. Баланың аузы уылса кірпінің инесін күйдіріп күлін аузына себеді. Аяғы ауыр келінге отқа май салғызғанда ағарып ұзын жанса ұл бала болғаны, қыз бала болса қызарып жанады. Толғақ жетпей тұрса май ұзарып жанады. Қыз бала туса «нашар бала тудың» деп айтады. Баланың иесін (жолдасын) перзентханадан болса да үйге алып келіп, екі асық қосып, сарайдың табалдырығының ішіне көмеді. Асық ойнайтын бала жалғассын дегені. Тіл-көз тимеу үшін босағаға 7 түрлі шүберек байлап, ине шаншып қояды. Толғақ басталғанда есікке, терезеге пышақ, ине шаншып қояды. Бала тоқтамаған жағдайда баланың иесін (жолдасын) киізге тігіп, молдаларға оқытып, күлдіреуішке (шаңырақ ортасына) бала 7 ге келгенше іліп қояды. 7 ге толған соң «бала садағасын» беріп, киізді ұлы жолдың бойына апарып тастап келеді. Бала тоқтамаған жағдайда қалыптасқан салт бойынша «баланы сатып алу» ғұрпының «есік ауыстыру» деген де аты белгілі болды.

Босағада бала сүрініп кетсе «бірдеме көтере алмай келді, олжа келді» деп төрге апарып аунатады. Тырнақ алған соң көк шөп қосып бірге көмеді, ол – құдай, қаздыра көрме, алдымыздан шығады, о дүниеге барғанда алдыңда өсіп тұрады - деген ырым. Алған шашты отқа жақпа көміп таста, әйтпесе, о дүниелік болған бала отқа қол салып араша болады – дейді.

Тіршілік циклына байланысты ғұрыптар қатарында, атап айтқанда ұзатылған қыздың артынан жыл уақыты шамасында апарылатын «төсек орынды» - «бір қабат» деп те атайтын ұғымға қатысты анықтама (өйткені, жасау алғашқысы болса, бұл тағы да берілуі тиіс ).

Үйлену салтында беташарды қазіргідей әндетіп емес сарын түрінде қара сөзбен, домбырасыз айтылатыны анықталды. Беташар айтқан адам бет ашпайды. Ата мен апа бата береді де, жолы үлкен, көп балалы, байы өлмеген құтты адам бет ашады. Бет ашушы «Келіншек бетін ашайын, ашпай неден сасайын, қалың топты қақ жарып, аққан судай тасайын» деп қолына ұстаған қамшыға орамал байлап келіп ашады. Арал, Қазалыда жаулыққа қамшы байлап ашатын болса, Жалағаш, Тереңөзек жақта жаулық ұшына «келін жұмсақ болсын» деп қамыс байлап ашады. Қамыспен бет ашу Сыр бойын мекендейтін диқаншылықпен шұғылданатын қазақтар арасында ғана кездеседі.

Отбасы-неке бойынша. Беташарды қазіргідей әндетіп емес сарын түрінде қара сөзбен, домбырасыз айтылатыны анықталды. Беташар айтқан адам бет ашпайды. Ата мен апа бата береді де, жолы үлкен, көп балалы, байы өлмеген құтты адам бет ашады. Бет ашушы «Келіншек бетін ашайын, ашпай неден сасайын, қалың топты қақ жарып, аққан судай тасайын» деп қолына ұстаған қамшыға орамал байлап келіп ашады.

Қызылорданың Арал, Қазалы аудандарында (негізінен мал шаруашылығымен айналысатын өңір) келіннің бетін жаулыққа қамшы байлап ашатын болса, Жалағаш, Тереңөзек жақта жаулық ұшына «келін жұмсақ болсын» деп қамыс байлап ашады. Қамыспен бет ашу Сыр бойын мекендейтін диқаншылықпен шұғылданатын қазақтар арасындағы егіншілік мәдениетінен бастау алып жатыр деп зерделеуге болады Біз куәгер болған Аралда өткен беташар рәсімі кезінде (фотосы бар) келіннің басына жапқан ақ жаулық ұшына қызыл жаулық байлап, оның ұшына қамшы байлап тарта ұстап тұрды. Той қазірде ресторан, кафеде өтсе де, алдымен беташарды үйде жасайды.

Қазақтың өлікті жөнелту салтындағы жергілікті ерекшеліктер көріс-жоқтау мәтіні, өлген адамның жылдығын берген кезде «киім түсіру» деп аталатын жергілікті ерекшелік, өлікке арнап сойған аттың басын бөлшектемей сындырмай бүтіндей асып, үлкен табақпен тартып, үстіне ақ матадан «ақтық» қою, оны аят оқыған адамға тарту тәрізді ерекшеліктер байқалды.

Ең құнды дерек қазақта өлікті жерлеген кезде мумиялау, ішек-қарын бөлігін алып тастау, түрлі дәрілік шөптермен өңдейтін тәсіл болғандығына нақты дәлел алынды. 1867 ж. қайтыс болған атақты күйші, әрі би Бейсенбінің (1867 ж. қайтқан) мәйітін 1993 ж қазып алып қайта жерлеген кезде оның денесінің сартап болып қалғандығын өз қолымен атқарған ақсақалдар мен зерттеушілерден белгілеп алдық. Сондай-ақ 1924 ж. қажыдан қайтқанда Семей өңірінде қайтыс болған Арқалық қажыны солай мумиялап мекеніне жеткізген деседі. Өлікке ауқатты адамдар қымбат матадан күміс жіптерден бетперде жасаған. Өлік артып барған түйенің құлағын бітейді. Өйткені, жәбірейіл сұрақ алғанда түйе естімесін, адам естімегенмен басқа жануарларда сондай қабілет болады – деп сақтанудан туған ырым. (мүңкір-нәңкір күрзісі)

Қазаны атқаруға байланысты жергілікті ерекшеліктер қатарында Маңғыстаудың Жаңаөзен ауданы тұрғындарының өлік жөнелтуіндегі төмендегі салтты айтуға болады. Жерлеп жатқан кезде құбылаға қарай 40 қадам жерге барып тұрған адамнан марқұм жөнінде молда «жақсы адам ба еді?»,-деп үш рет сұрап барып, аят оқиды (аулада немесе мешітте жаназа шығарудан басқа). Өлікті шығарған соң босағаға шеге қағады, ол өлікпен бірге құт берекенің кетпеуін ырымдағаны. Көңіл айтып, бата оқырға келгенде Атырау-Ганюшкино жақта Құран оқылған соң ғана сәлем беріп, жөн сұрасып, қайырлы болсын айтады. Жоқтау - әркез жеке-жеке айтылады: сүйек шығарғанда, жерлеп келгенде, кісі көңіл айтып келгенде, қонақасыдан тарап жатқанда бөлек-бөлек жоқтау айтылуы керек.

Дәстүрлі шаруашылық саласына қатысты тың, жаңаша мәліметтер. Төрт түлікке қатысты ырымдар - қонаққа арнап әкелген қойды ол сойғызбай қойса, сол малдың аузына тұз жалатып қоя беріп қайта ұстамайды, малды жарып өтуге тура келсе, бөлінген аз жағының ішіндегі қара түсті малды санай өту, есінеген аттың төбесіне қамшы тигізіп иесінің маңдайына тигізу (жол болудың ырымы), қоралы қой ішінде қойдың ыңырынған дыбысы шықса малдың «мыңғырылып көбеюінің» нышаны сияқты т.б.ауызша мәліметтер жазылып алынып, толық, нақты мәліметтер жиналды.

ХХ ғ. 50-60 жылдарына дейін жазда малшылар малын 300-400 шақырым солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай Бетпақдала (Атанши), Жезқазған (Қарақұм), Ырғыз, Торғай бойына дейін жайып, жайлап қайтатын болған. Ол жақты «қыр» деп атайды. Арал, Қазалы қазақтарының жоғарыда аталған өңірлермен құда-құдандал болуы дәстүрге айналған. Ал, Қызылорданың Жусалыдан оңтүстікке қарай жатқан аудандарымен құдаласу жоқтың қасы деседі. Кіші жүздің Әлімұлының барлық рулары шоғырлана қоныстанып, дәстүрлі мал шаруашылығымен шұғылданып келгендіктен әдет-ғұрып, салт-дәстүрге берік. Сондықтан, Сыр бойының оңтүстік аудандары Арал, Қазалы қазақтарын «А, құдайлар» деп атайды (әрбір сөзін, ісін «а, құдаймен» бастайтындықтан).

Бота аяқтандыру – кезінде жасалады. Інген туған соң көрші-қолаң көңіл жетер ағайын әйел адам келеді. Ала ноқта есіп дайындайды, желеді, ол сүйінші сұрайды. “Інген туды, інген туды” деп сүйінші береді. Ботасының құйрығын “тістеген” адам ботаға “кіндік шеше” орнына саналады, сыйлық-сияпат алады. Ботаның мойнына тұмар ала-құла әшекей тағып қояды. Ботаны емізіп, аяғынан тұрғызып, ауыздандырып, аяқтандырады. Айтатын дұғасы болады. Көз тимесін деп шидің артына тығып қояды, мойыншақ, ала-құла жіп, қоңырау тағады. Әбдолла қарт бота қырқынан шыққанша бағып, түнде фонарик, жарық жағып 40 күн бойы қасынан тастамай түнде күзетеді.

Ауыт - өркешіне қатептің астына кенеп тері киіз, алашамен жасалған селеу, шөппен толтырып жасалған дорбаша. Ең азы 5 см-дей қалың болады. Өлшемі қатептің сәл ғана үлкен болады. 2 жағын жеке жасалып 1 м 40 см қатепке бекітіп тігіп тастайды. 2 жағынан 2-2-ден 4 дана жинаған қиындыны көнмен орап таңып тастайды. Адамның білегінен жіңішке болмайды. Жаңағашы 1 м шамасында болады. Қатеп тек нарға салынады. Қатептің басы, артқы алдыңғы қасы тесіп өткізсе оны “садағы” деп атайды. Садаққа бұйда, қамшы т.б. дорба ноқталарын ілуге пайдаланады. Қатептің қамшылар жақ жан ағаштан төс арқан ретінде байлап қатепті бекітеді. Адам міну үшін қатептің үстіне көпшік, көрпе салады. Жүн артса 2 қапталына жаймалап салады. Ауыт қом орнына жүреді, үстіне тең теңдейді. Үй ағашты қатепше артпайды, өйткені үйлеспейді, оны қомды түйеге артады.

Ботасынан жеріген енеге ботаны телу салты бойынша бірқанша мәлімет жинақталды: - молдаға арнайы дұға жазғызып, оны езіп ботаның үстіне жағып, сипап, оны енесінің желініне жағады. Тағы бір дұға жазып оны бота мойнына іледі. Телудің келесі бір түрі бар - енесі мен ботасын қараңғыға қойып сүтін ботаның денесіне жағып, шылаған соң, жалатып барып идіреді.

Қар мен боранда ыққан малға қарсы «ықтырма» жасау, айғырдың кекіліне тоқпақ (батыс Қазақстанда тас атайды) байлау, бекіту, құлын мен қозы-лақты аяқтандыру тәсілі, төлінен жеріген түйеге жасалатын дом, пішу аспаптары мен жолдары, өгізге арба жегу, жылқыны матау, жығу, пішу, асауды жуасыту, үйрету, күзеу тәрізді амалдар белгіленіп алынды.

Таулы өңірдегі егіншіліктегі өзіндік тәсілдер шырдақ су, құлақ су мөлшері, онан көбірегі тоғам су, қарабура салу, тұңба суын пайдалану, суаратын суды топырақ су, мойын су, дән су деп бөледі. Жаңа қазылған арыққа қара қойды сойып, қанын ағызады, оны «көмей» деп атайды.

Қосалқы шаруашылық саласы туралы. Құмды өңірде құсбегілікте қолданылатын құс ұстайтын құрал мен тәсілдер - жабы, обаған тұрғызу туралы; Бұрын соңды ғылыми айналымға енбеген беймәлім, екіұдай, екіұшты мәселелелердің бірқаншасының басы ашылды: ауруды малға көшіру, өлікке арнап шырақ жағу, аңшылықтағы ырым-салттар (бүркіттің жаралуы туралы аңыз – адам иығынан бөлініп түскен кесектен жаралған-мыс), жауырынның – бүркіт сыбағасына (ол да бөтен ауылға иесімен бірдей қонақ мәртебесінде жүреді) саналатындығы, бүркіт «айнып», аң алмағанда отқа тұз салып «сырықтау», қырсыққан мылтықты табалдырық астына қойып әйел адамды аттатып «түзеу», мылтықтың құндақ пен ұңғы арасына үкі қауырсынын салу жолымен тіл мен сұқтан сақтау, жай уақытта алып жүргенде мылтықтың ұңғысын «тығындап алып жүру» (себебі ол аузынан «жалыны шығып» аңға көрініп тұрады-мыс), аңға бір ғана мылтық алып шығу мәні (себебі көп мылтық көтеріп шықса соғысқа, ұрысқа шығу ырымына байланысты туындаған тыйым), түрлі аң кездескендегі ырымдар (қасқыр кездессе жақсы ырым, түлкі оңнан солға қарай қашса жақсы, ол қойынға кіруі, олжалы болуға деген сөз), бөрі атқан адамның салауатының арта түсетіндігі (ие, кие сол адамға қона береді делінеді), қоңыр аңға, пышаққа қатысты сирек кездесетін ырым-тыйымдар (пышақты үнемі қайрай бермеу - шығынға көрінеді), құзғын мен бөрінің сыбайластығы (қасқыр жемтіктен құзғынды қумайды, өйткені, жемтік барын кей жағдайда қасқыр құзғынға қарап біледі) туралы, кесте мен тігіс техникасы, ою-өрнек түрлері жазылып алынды.

Балық аулайтын қабадан, мардан, жылым, шонтай, қаза сияқты құрал түрлері жазылып, музейден фотосы түсірілді. Жылым - 800 м. (600 құлаштық) балық аулайтын құрал. Қаза - биіктігі 2-3 м. қамысты қопаның ұйығына дөңгеленте шанши отырып жасайтын қақпан құрал. Ол үшін балық кіретін аузы кең болып, шеңбер бойымен иіріле келе тарыла беріп, ең соңына келгенде балық артқа қарай шыға алмай қалады. Мәлімет берушілердің айтуынша Қазалы атауы бұл құрылғыға байланысты тумаса керек. Адам аяғы ауырса, құрқұлақ болса шортанның сорпасы ем. Жалпы балық орпасы сүйекті күшейтеді. Балық етін жегеннен кейін ақ тағам ішпеген жөн, «алапес» ауруына душар болады дейді. Өсімдіктер әлемінің жергілікті жағдайына сай жантақ, шеңгел, жусан сияқты ащы шөп көп өсетіндіктен түйе көп. Түйеден кейінгі мал қой және жылқы. «Жылқың болса суға сал, сиыр болса шымға сал, қой мен түйеңді құмға сал» дегенді ақсақалдар айтып, әр малдың жайылу ерекшелігі мен жейтін шөбін дәлел ретінде келтіреді.

Аң-құсқа қатысты таным. Суырды «балпық» деп атап, кірпік шешен, тасбақа (қайырымсыз адам болып тас төңкеріліпті) үшеуі адам екен, қарғыс алғаннан болып, қайуанға айналған. Шүкейт – ешкі асығы. Піте – жүн киімге түскен күйе. Байтаба қап – алты пұттық, жүннен тоқыған қап. Ығал – қол шайған жер. Қарық – атызға су келетін кішігірім арық. Зарап – зәрі өте улы жәндік. «Қарақұйрық» – аң патшасы, оның аты шықса барлық аң жата қалады екен.

Күнтізбелік әдет-ғұрыптар мен амалдарға байланысты біршама мәліметтер жазылып алынды. Маңғыстау қазақтарында наурыз айының 14 күні таң шеті сөгілі ерте тұрып, атар таңды қарсы алып, жаңа жылға тілек тілеу, сонан таң атқан соң ауылдағы етене жақын, жасы үлкендерге барып сәлем беріп, сый-сияпат жасап, көңілдегі қуаныш, ренішімен бөлісуді міндет ететін «көрісу» рәсімі туралы толық дерек алынды. Сол күнгі мал мен жан-жануардың қарекеті мен мінезіне қарай ауа райын болжамдары туралы жазылып алынды: 14-мизам (жаңа) күні мал бетін ыққа қаратып жатса қыс қатты, бетін желге беріп жатса жайлы болады және т.б. Мұнан басқа амалдар: бесқонақ, киіктің лақ өргізбесі, ақкиік бұрқағы, киіктің бықсымасы, киіктің матасуы, киіктің белбасары, құралайдың салқыны, мизам,

Көкек айының 1-і кезінде болатын «тасбақа дауылы» кезінде шөп түбінде болатын інінен (таяз болады) тасбақа шығады. 3-4 күн қатты соққан жел сол іннің аузын ашады. Тасбақа шыға қалған кезде қыста ұйқыға жатар кезде тістеген шөбі аузында қалады екен, соны алған адам ол шөпті өтініш, тілегінің орындалуы үшін ырымдап сақтайды. Ол адамның жолы болғыш болады, сондықтан, басқа адамдар да осы шөбі бар адамға келіп тілек тілеткізіп, денесіне тигізіп ырымдайды.

Қараша суығы басталар алдында «қазан асын» (шығыс өңірде «күздік» атайды) сою, бір-бірін тамаққа сыбағаға шақырады

Амалдар атаулары: Амалда жауған қар – амалдың ақша қары. Амалдың 14 күні яғни наурыздың 14-де. “Киіктің лақ өргізбесі” – найзағай жарқылдап күн күркірегенде киіктің күйек туар мезгілі. Майдың 14-22 киік лақтаған жерге найзағай ойнайды. “Киіктің бықсымасы” – августе күн ысып болады, буалдыр – 4-5 күн бойы тұрады да киіктің матауы төбеге шытып, келеге түседі. “Теке бұрқылдақ” – декабрь ішінде болады. Келеге түскен соң мойнындағы безі үстін қабыршақ басып жауып қалады. Көзі ағарып “Ақкиіктің бұрқағы” кетеді. Киіктің белбасары” декабрь 14-і мен январь арасында келетін амал-келеге түсіп болған соң “жуынып” тазаланады, әйтпесе көзі көрмей өледі. Осы кезде самал, тұлып тұрады. Егер сол уақытта қар ылғи түспесе теке қырылып қалады. 1984 ж матын жуыр болмай қырылып қалған. Келер жылы мүйіз бен бас. Құралайдың салқыны майдың ..... інеталады. 1 жетідей сол қолайлы кезде салқындау болғандықтан жайлауға жетіп топа құдыққа 25 км-ге жетіп көміп қалайың деп қамданады. Мизам сентябрьдің 14-де басталады, қазақша сентябрьдің 21-де өтті. Желге қарап қирап жатса қыс қолайлы болады. Егер ыққа қарап жатса қолайсыз. Мизам амал емес, қыстың белгісі. Мизамда кіші қазан сентябрьдің 14-22 талқап қазан. Бесқонақ наурыздың 14-нен басталады. 5 күн көріседі. Аңыз бойынша көрісіп барған адам 5 күн кешіккен . сонда 5 қонақ пайда болған деген аңыз бар.

Діни және дәстүрлі сенім-нанымдар туралы. Пайғамбар - пайдасы тиеді деп мысық ұйықтап жатқан шекпенінің жеңін кесіп тастап кеткен екен-мыс. Сөйтіп, ұйқыдағы мысықты оятпаған. Қазақта мысық қай жерге барып жатса соған қарап үй салу керек, ол жер жайлы болады делінеді. Жаңғырық (ағаш төс) маңына әйел адам жақындамағаны абзал, қырсығады дейді. Сазан пейіш көрген балық, сондықтан оның мың басын мүжісең пейішке барасың – деген ырым бар. Жылымға балық түспей қырсықса, жылымның абағына (ұшына) әйелдің дамбалын байлап, балық түсуін ырымдайды, немесе балық түсіп тұрған біреудің жылымының аузындағы қоржынның (шонтайдың) тасын ұрлап әкеліп, байлайды.

Тырнақ алған соң көк шөп қосып бірге көмеді, ол – құдай, қаздыра көрме, алдымыздан шығады, о дүниеге барғанда алдыңда өсіп тұрады - деген ырым. Алған шашты отқа жақпа көміп таста, әйтпесе, о дүниелік болған бала отқа қол салып араша болады – дейді. Пайғамбар пайдасы тиеді деп мысық ұйықтап жатқан шекпенінің жеңін кесіп тастап кеткен екен-мыс. Сөйтіп ұйқыдағы мысықты оятпаған. Қазақта мысық қай жерге барып жатса соған қарап үй салу керек, ол жер жайлы болады делінеді. Жаңғырық (ағаш төс) маңына әйел адам жақындамағаны абзал, қырсығады дейді. Сазан пейіш көрген балық, сондықтан оның мың басын мүжісең пейішке барасың – деген ырым бар.

Қарын шашын алынбай өсірген туғаннан жатырдан бері өскен ұзын етіп өсірген шашын кейін айдар еткен шашты дулығаның төбесіндегі тесігінен өткізіп түйіп тастайды. Мықтылар мен батырлардың себебі қарын шаштың періштесі болады. «Қарын шашы алынбаған» деген қара қарғыс. Қары шашы алынбаған баладан қашады. Шашты қымызбен жуады сумен жумайды. Себебі күйіп кетеді.

Халық емшілігі саласындағы жаңа мәліметтер. Тістің құртын арбау (құрта шақыру): арқадағы алты құрт, желкедегі жеті құрт, төбедегі төрт құрт, асың пісті түс-түс – деп басқа орамал жауып отырып айтады. Таңдай тіс (ұры тісті) емдегенде «бетіңе күйе жағылғыр» деп екі жағына күйе жағып «мен де қайттым сен де қайт» деп айтады. «Қой ауру» болған баланың құлағын кездікпен «қияды». Кішкентай баланың қылығына қарай болжау:

Бала құлағы артына «ен түсіп» ауырса, нағашысынан қой ұрлап әкеліп қойып қанын жағу, сондай-ақ балаға тілі шықпаса тағы да нағашысыныан ұрлап әкелген қойдың ішегін мойнына орау, етін жегізу шарасын жасайды. Қорыққан балаға қорғасыннн «қорықтық құю» арқылы неден болғанын анықтайды және солай жазылып кетеді.

Қолөнер саласындағы ерекшеліктер. «Пайлау» – желімге кендірден алған «жөке» араластырып ердің ағашын қаптап арқылы бекіту. Самар – ернеуі бар, әшекейлі үлкен табақ. «Айшықты жүген» деп аталатын жүгеннің ауыздық бекітілген сулығында тізгінді бұра тартқан кезде ауыздық езуден өтіп кетпес үшін қосымша сұқ саусақ ұзындығындай темір салынған түрі анықталды, фотоға жыланбас жүген түрі түсірілді.

Дәстүрлі мәдениетте тұтынылған мата, торқа атаулары, тігіншілікте қолданылған тігіс түрлері (асықшалап тігу, соқыр қаю, қосбасар, бесбасарлар тігу, тізбе тігіс, қос ілм) тәрізді туралы кейбір екіұдай мәселелердің бірқатарынының басы ашылып, нақтыланды. тігіс түрлерінің үлгілері мен суреттері алынды, құрақ құраудағы атаулар, қазақы киім пішімі мен атаулары (қайырма, өңір, қатарма, қиық, өңір бой, артқы бой, алдыңғы бой, қаптама), кілем тоқу техникасы мен аспаптары туралы деректер нақтыланды.

Ас – тағам мәдениеті бойынша. Бас салынған табақты дастарқанға тартарда Арал, Қазалыда бастың бір құлағын кесіп алып қалады (ырыс-несібе, құт үйде қалу керек). Ал, Жалағаш, Тереңөзекте басты бүтін тартады. Ас қайыру табақты алып кеткен соң жасалады. Ол үшін үлкен адам табақты дастарқаннан алып келінге ұсынғанда ол сәлем етіп алады да, ас үйге апарып, қайта келген соң, сол үйдің кіші ұлы түрегеп тұрып бата сұрайды (кейде қалжыңдай «ақысын беріңіз» деп те айтады, түрегеп тұрады). Ет асарда алдымен кәрі жілік салады. Жалпы басқа өңірлердегідей екіқабат әйелдің балық, түйе етін жемеу деген тыйым бұл жақта жаппай таралған емес. Себебі, негізгі азығы түйе еті мен балық болғандықтан ол ырым бойынша басқа өңір қазақтарының Жоқтау өлеңді «теріс өлең» деп атайды. Түйенің үлпершегіне шақыру - інген боталаған соң қонаққа шақырады. Оған бурасын берген, туғызып алғанда тартысқан адамдарды шақырады.



ІІ - тарау


2005-2008 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ІССАПАРЛАР ТУРАЛЫ


Ғылыми іссапарлар барысында «Қазақтың дәстүрлі этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулар жүйесі» ғылыми-қолданбалы зерттеу тақырыбын жүзеге асыруға этнографиялық материалдар жинақтау болды. Аталған ғылыми-қолданбалы зерттеу жобалары бойынша Қазақстанның батыс өңіріндегі музейлеріндегі этнографиялық материалдарды зерттеу, өңір тұрғындарынан қазақ этнографиясының сан алуан тақырыптары бойынша деректер мен мәліметтер жинақтауға, аймақтық ерекшілігін анықтау, кейбір даулы мәселелердің басын ашу, жалпықзақатқы немесе жергілікті ерекшелікке балынып жүрген көптеген ырым-тыйымға байланысты мәселелерді анықтау бағытында өтті.

Қазақтар шоғырланып тұратын, дәстүрлі мәдениеттің байырғы элементтерін біршама жақсы сақтаған аймақтарға тұратын өлкедегі қазақтардан этнографиялық материалдарды зерттеу, өңір тұрғындарынан қазақ этнографиясының сан алуан тақырыптары бойынша деректер мен мәліметтер жинақтауға, аймақтық ерекшілігін анықтау, кейбір даулы мәселелердің басын ашу, жалпықазақтық немесе жергілікті ерекшелікке балынып жүрген көптеген ырым-тыйымға байланысты мәселелерді, қазақ мәдениетінің архаиклық элементері мен реликтері, жұрнағы мен жұқанасын іздеу мақсатында өтті.

Бұл ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстарына қатысты этнографиялық материалдар, информанттардан мәлімет, деректер жинақтау, екіұдай тартысты мәселелердің басын ашу, ғылыми, мұрағат деректерінде кездесетін бірең-сараң деректі тиянақтау, толықтыру, жергілікті және жалпы ұлттық ерекшеліктерін анықтау мақсатында этнографиялық ғылыми іссапарлар Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарына, Ресейдің Омбы, Мәскеу, Санкт-Петербор қалалары, Қосағаш ауданына, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағына жүргізілді.

Осы іссапарлар барысында жинақталған материалдар, фотосурет, дереккөздер сканкөшірмелері 10 (он) дана СD ге жазылып, музей қорының ғылыми-қосалқы қорына өткізілді.


2005 жылы

Алматы облысының қазақтар жиі шоғырланған аудандары, атап айтсақ, Еңбекшіқазақ, Кеген, Жаркент, Ескелді, Балпық би қатарлы аудандарының елді мекендерінің тұрғындары арасында болып этнографиялық мәліметтер жинақтадық. Ұзын саны жүздеген жандармен жолығып, олардың арасынан 50-дей информатормен әңгімелесіп, арнайы дайындалған сауалдар бойынша қазақтың аса көне салт-дәстүрі мен сенім-нанымына қатысты құнды деректер, олардың жергілікті ерекшелігі, бірегей қазақ мәдениетіндегі ортақтастықтар, заттық мәдениет үлгілері фотосуретке түсірілді (тұғыр, сұңқар, киім үлгілері - кимешек, белдемше, шылауыш, ер-тұрман, бас киім т.б.), 25 информатордан аудио жазба диктофонға белгіленіп алынды.

Әсіресе, Сарыбастау, Нұра, Сөгеті, Саты, Қарасаз, Ойқарағай, Шежін, Молодежный, Сырымбет, Қарабұлақ елді мекендерінің тұрғындарынан құнды мәліметтер ала алдық. Мәселен, реестр бойынша қазақтың көне архаикалық салт-дәстүрі, рухани мәдениеті, ырым-тыйымдар жүйесіне қатысты атау, ұғым, категориялар бойынша сауалнама, сұхбат түрінде информаторлармен әңгіме құрып, құнды деректер жазылып алынды. Сонымен қатар, бұрындар беймәлім, екіұдай, екіұшты мәселелелердің бірқаншасының басы ашылды. Айталық: «Түйе шешу» ғұрпы, «Алты қатын жортақай» құдаларды күту кезіндегі түрлі кәде, сауық, ойындар, қалыс ағайын ұғымы, зираттан топырақ алып тастау, итарба //қоларба және т.б.

Деректердің дені, бала туудан - өлікті атқаруға дейінгі тіршілік цикліне қатысты ғұрыптар (шек беру, шеттік тарату, дәуірін алу (дәуір жүргізу, мүшелігін шығару, арулау, шырақ жағу, талқы оқу), аруақты қастерлеу (Орман ата ғұрпы), киім түрлері (шалғыш, киіз етік, сырма етік, белдемше, кепеш, күрме), шаш алу, өсіру жолы, ою-өрнек түрі (өкше, балдақ, қоңырау ою), ас тағам дайындау, киім тігу техникасы жайында болды.

2006 жылы

Дала генерал-губернаторлығы мен Ақмола облысының әкімшілік ортылығы болған Омбы қаласы ұлт тарихы мен мәдениетіне қатысты деректерге аса бай екендігі мәлім. Әсіресе, ондағы Музейлердің қорларындағы қазақ мәдениетіне байланысты экспонаттармен танысып, алдымен іріктеу, кейіннен фотоға түсіру, аса сирек немесе кұндылығы жоғары деген экспонаттарға қатысты қор құжаттарынан жазба деректер белгілеп алу, көшіру жолымен біршама құнды деректерді алынды.

Омбы Мемлекеттік тарихи-өлкетану музейі қорынан қазақтар этнографиясына қатысты тарихи, визуалды антропологиялық құндылығы жоғары 15 фотосурет сканерден өткізіліп, дискге жазылды. Сондай-ақ экспозиациядағы 2 витринадағы сәукеле мен аса сирек кездесетін қуыршақ үлгілеріның фотосы мен сипаттамалары алынды (ақылы түрде). Сондай-ақ аталған музей мен Врубель атындағы көркемөнер музейі кітапханаларындағы ғылыми әдебиеттер мен этнографиялық альбомдар мен каталогтарды зерделеп, олардың бірқатарын ҚР МОМ кітапханасына қажеттілері сатылып алынды. Сондай-ақ әр жылдары жарық көрген этнография, музей ісі, жалпы этникалық мәдениет проблемаларына қатысты 18 әдебиет кітап алынды.

Омбы Мемлекеттік тарихи мұрағаты қорындағы шығыс халықтарын зерттеу мен Ресей отарлаушылық саясатына үлкен еңбек сіңірген ғалым Г.Е.Катанаевтың жеке қорымен мұқият таныстық. Бұл №366 қорда 1657-1921 жж. аралығын қамтитын 478 істерде қазақ этнографиясына қатысты деректер (балық, жер игеруге, өзен суды пайдалану бөлісу, көш жолдары, жер су атаулары, тұз өндіруге қатысты отарлаушылық саясаттың жүрілуі сияқты) мол борлғанымен дені ғалымның көзінің тірісінде жарық көрген публикацияларда қамтылған. Осыған ұқсас №86 Орыс География қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің іс-қызметі, Қазақ жерін отарлаудан бастап қазан төңкерісі дәуіріне дейінгі қазақ ісі, Ақмола облысының қылмыстық, құқықтық істері, дін мәселелеріне арналған №,1,6,8,149, 194қорларындағы істерді пысықтауға арнадық..

Омбы Мемлекеттік университеті жанындағы этнография музейі қорымен тығыз танысып, оның қорындағы қазақ этнографиясына қатысты экспонаттар фотосуретке түсірілді. А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық мемлекеттік ғылыми кітапханасында негізінен сенбі, жексенбі (21, 22-қазан) күндері жұмыс жасадық. Мұндағы үлкен олжамыз қазан төңкерісіне дейін Сібір қалаларында шығып тұрған ғылыми, әкімшілік, ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен ағымдағы баспасөздерде жарық көрген қазақ этнографиясы тақырыбына қатысты бірқатар құнды деректердің скан көшірмелерін алуға мүмкіндік таптық. Әсіресе, Орыс География қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің Жазбалары, Қазақтардың жер пайдалануға қатысты материалдар, Сибирьская природа, Время атты басылымдарда жарық көрген

Жамбыл облысының аудандары, атап айтсақ, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов (Құлан), Байзақ, Шу және Мойынқұм қатарлы аудандарының елді мекендерінің тұрғындары арасында болып этнографиялық мәліметтер жинақтадық. Ұзын саны 60 адаммен жолығып, олардың арасынан 30-дай информатормен әңгімелесіп, арнайы дайындалған сауалдар бойынша қазақтың заттық мәдениет үлгілері, шаруашылық құрал-жабдықтары, қолөнер түрлері мен олардың өнімдері, сондай-ақ, көне салт-дәстүр мен халықтың сенім-нанымына қатысты құнды деректер, олардың жергілікті ерекшелігі, бірегей қазақ мәдениетіндегі ортақтастықтар, кейбір заттық мәдениет пен қолөнер бұйымдарының үлгілері фотосуретке түсіріліп (шапшақ, қамшы өрімі түрлері, киім – көйлек, бөрік, мата үлгілерінің түрлері, үй жиһаздары – сырмақ, тұскиіз, кілем, алаша түрлері, кілем станогы, өрмек т.б. 100 дей сурет), барлығы 60 беттік жазба белгіленіп алынды.

Бұрын-соңды ғылыми айналымға енбеген беймәлім, екіұдай, екіұшты мәселелелердің бірқаншасының басы ашылды: орта ғасыр жырында айтылатын шапшақ, шертпек атты ыдыстар, ішің (тері ыдыс тіккенде арасына салынатын мата), дүниеден өткен егде әйелдің «боқшасын ашу» салты, қарғыбау - әйел мойынынана тағылатын зергерлік әшекейлер, ұл балаға маңдайдан желкеге дейінгі аралықта қойылған шаш – «жал» туралы толық, нақты мәліметтер жиналды.

Жергілікті ерекшеліктер - аузына түкірту, сарқытын ішкізу, борық – қамыстың тамыры, бодық, бодыға, мойынты (иінағаш, әкпіш), «жалғызаяқтың жолы», «төбе беру», мылтықтың қырсығын шығару, ашмық, боза дайындау тәсілі жазылып алынды. Құмды өңірде құсбегілікте қолданылатын құс ұстайтын құрал мен тәсілдер - жабы, обаған тұрғызу туралы мәлімет алынды. Қызылқаңлы руының қыздары шілдеқотыр, бөрткен шыққан нәрестені шақпақ шағып емдейтіндігі туралы құнды дерек алынды.

Моңғолияда тұратын қазақтарда ұлтымыздың төл мәдениетінің архаикалық элементтері біршама кешенді түрде жақсы сақталған қазақы локальды этнографиялық аймаққа саналатындығы белгілі. Ондағы іссапар барысында ұлттық қолөнерімізде аса зертелмеген тігіс техникасы түрлері туралы информатор мен шеберлерден толық мәлімет пен деректер алынды: шытыра тігіспен көмкеру, «жіп салып тігу», қусыру, сыру, өбiстiру, торлап тiгу, тұмаршалап тiгу, қосбасарлап, шытыралап тiгу, жара тiгу, топшылау, шалып тiгу, маржан тiгiс, батырып тiгу, шанша тiгу, бедерлеп тiгу, шарбақтау, есiп тiгу, “тышқан iз” тігіс, жапсыра тiгу, “бұзау тiс” тігіс, тебе тiгу, “таңдай” тігіс, түктеп тiгу және т.б. көптеген тігіс түрлері бар және олардың кейбіреулері өз ішінен де бірнешеуге бөлінеді.

Сондай-ақ, қазақтардың байырғы сенім-нанымы, ырым-тыйым, тіршілік цикліне, қолөнер, ас-тағамдар жүйесі, дәстүрлі шаруашылық және заттық мәдениет үлгілеріне қатысты бірқатар дерек пен мәліметтер жинақтадық.


2007 жылы

Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Жалағаш, Тереңөзек аудандары музейлеріндегі этнографиялық экспозиция, этнографиялық музейлік заттарын, жергілікті атауларын, мәнісін, қолданыс аясын зерттеу жұмысымен шұғылдандық. Сондай-ақ, осы аудандарда тұратын қариялар арасынан 40 тай адаммен жолығып, 20 информатордан ауызша мәлімет алынды. Ол үшін арнайы дайындалған реестр пайдаланылып, сұрақ сол тізім бойынша қойылды. Этнографиялық сипаттағы 200 дей фотосурет түсірілді (түйе шаруашылығына байланысты материалдар, ағаш шеберінің құралдары, балық шаруашылығы құралдары, беташар рәсімі т.б.). Іссапар барысында қазақтардың дәстүрлі шаруашылық және заттық мәдениет үлгілеріне, байырғы сенім-нанымы, ырым-тыйым, тіршілік цикліне, қолөнеріне қатысты бірқатар дерек пен мәліметтер жинақталды. Төменде келтірілген мәліметтерден басқа диктофон кассетасына жазылған баталар, аңыз-әңгімелер, қарғыс түрлері жинаушылардың жеке қорында сақтаулы болмақ.

ҚХР ШҰАР-да тұратын қазақтар арасында ұлтымыздың дәстүрлі мәдениеті мен көшпелі тұрмыс салтының үлгілері жақсы сақталған Алтай аймағының аудандарында сондай-ақ Үрімжі-Боғда өңіріндегі тұрғындар мен музей, мұражай қорларынан халқымыздың дәстүрлі мәдениеті мен салт-санасын, заттық мәдениетіне қатысты деректер мен мәліметтер жинақталды. Алтай өңіріндегі тарихи орындар мен әулиелер кешенінде болып, ондағы қазақ этнографиясының заттық және рухани мәдениет үлгілеріне қатысты фото және ауызша деректер, сипаттамалар алынды. Өңірдің ондаған елді мекендерінде болып қазақ салт-дәстүрі, ескілікті біледі деген 40-дай тұрғынымен жолығып, 20-дай информатордан ауызша мәлімет, дерек алынды. Ол үшін арнайы дайындалған реестр пайдаланылып, сұрақ сол тізім бойынша қойылды. Этнографиялық сипаттағы 300 дей фотосурет түсірілді (заттық мәдениет үлгілері, түйе шаруашылығына байланысты материалдар, балық шаруашылығы құралдары, асық ойыны, наным-сенім, киелі орындарға зиярат ету, т.б.). Диктофонға 20 файлды құрайтын информаторлармен сұқбат жазылды. Әсіресе, дәстүрлі мәдениетті зерттеуде баса назар аудырылмаған шаруашылық қарекеттері, атап айтсақ, мал өсіру, суармалы егіншілік, діни наным-сенім, өлікті жөнелту ырым-тыйым, ұмыт болып, сорабы қалған архаикалық заттар мен ырымдарды анықтауға ден қойылды.

Күні бүгінге дейін көшпелі өмір салты мен экстенсивті мал шаруашылығының дәстүрін сақтап отырған өлкеден нағыз көшпелі малшылармен әңгімелесудің сәті түсті. Теріскейдегі Моңғолия шекарасынан 300 шақырым қашықтықтан 42 күні бойы көшіп қыстауға қарай ойысқан малшылардың болмысы қазақ этнографиясынан көп нәрседен хабар береді. Біз тек фотосуреттерден қана көріп жүрген шаншыма қос, тіреме қос, қомдаған атандар, атанды бекіту, атты тұсау, өрелеу, бүкпелеу қатарлы бекіту тәсілдері туралы кеңінен белгілеп алдық. Аталған шаншыма қостың құрылымдық ерекшелігі, тігу, итарқада тұру, ошақта ас-су қайнату жолдарымен таныстық.

Бүгінгі дейін жеткен басқұр бауларда кең қолданатын көпке беймәлім ою-өрнек атаулары фотосуретке түсіріліп және жазылып алынды. Белгілі халық өнері мен руахниятының зерттеушісі Байахмет Жұмабайұлынан аса құнды деректер алынды. Солардың бірі қазақ ою-өрнегінің 80-ге тарта суреті алды. Ең бір керемет құнды дерегіміз - ел арасынан шыққан ақсақалдардан «Аю» биін толық жазып алғандығымыз. Сондай-ақ «Бүркіт биі» туралы құнды дерек белгілеп алынды.

ШҰАР-да шығатын ең беделді ғылыми-көпшілік басылым «Шұғыла» журналы редакциясымен тығыз байланыс орнатылды, соңғы жылдары жарық көрген көп құнды деректері бар сандары алынды. 2 млн-дай қазақ тұратын ортада болашақта бұл бағыттағы іссапарлар көп, әрі жүйелі ұйымдастырылуы қажет.

Шығыс Қазақстан облысына іссапар барысында (08-15.10.2008 ж.) Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана, Семей қалалық орталық кітапханасында, Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-мұражайы мен оның Абай ауданындағы бөлімше-мұражайлары Бөрілі ауылындағы М.Әуезов атындағы мұражай, Жидебайдағы Абай мен Шәкәрім мұражайлары мен оларға арналып жасалған мемориалдық-кешенінде, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжанның кесенесінде, Қасқабұлақтағы Абайдың туған жерінде, Абайдың әкесі Құнанбайдың, Мұхтар Әуезовтың атасы Әуездің және Абайдың балалары жерленген Ақшоқыда, Еңлік-Кебек кесенесінде, Қарауыл ауылында және Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейі, Невзоровтар отбасының көркемсурет музейінде болып, қазақ тарихы, мәдениеті, этнографиясына байланысты сирек кездесетін мәліметтер жинау бағытында жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, жоғарыдағы мекемелердің экспозициялары мен қорларындағы ерекше музейлік заттармен, экспонаттармен танысып, фотоға түсіру (40 сақтам бірлігі - 80 фото), мәліметтерін жазып алу, сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы «Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі басып шығарған жазбалар» (1903, 1904, 1915, 1923, 1925, 1928, 1929, 1931 жж.) мен «Семей облыстық шолу» (1905, 1906, 1910 жж.) қаралып, қажетті мақалалардың электронды көшірмелері алынды (200 файл, 400 беттік).

Іссапарлар ғылыми-зерттеу жобасының көздеген мақсатын орындауға алдын-ала дайындалған әдістеме мен сауалнама бойынша жүріліп, әрбір мәселеге арнайы жете назар аударылды.


Ескерту: 2005-2008 жылдары атқарылған ғылыми іссапарлар материалдарынан үзінділер ҚОСЫМША № 2 берілді.


ҚОРЫТЫНДЫ


Ғылыми қолданбалы зерттеу жұмысының 2005-2008 жылдарға арналған жоспар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары толық атқарылды.

Ғылыми биік өрені талап ететін бұл жобаны жүзеге асыру барысында халық арасындағы зерделі, білгір информанттармен және алыс, жақын шетелдегі мұрағаттар мен кітапханалардағы сирек кездесетін деректер мен мәліметтер алынып, ғылыми айналымға енгізудің нәтижесінде тың, жаңа дүниелер қосылды. Әсіресе, қазақ қоғамындағы дәстүрлі саяси-потестарлық жүйе, тіршілік қамы циклындағы ғұрыптар мен ұстанымдар, дәстүрлі құқық және жазалау нормалары, байырғы наным-сенім, ырым-тыйым, халықтық білім, егіншілік, балық аулау, үй кәсіпшілігіне байланысты тарихи дереккөздер мен ауыз әдебиеті үлгілері қамтылды. Қазақ салт-дәстүрлерінің архаикалық түрлері, аймақтық ерекшіліктері, таралу аймағы, кейбір сирек кездесетін, ұмыт болған заттық мәдениет үлгілері, дәстүрлі ортадағы билік, меншік иелену принциптері туралы мәселелерге ерекше ден қойылды.

Зерттеудің ғылыми жетекшісінің анықтаған негізгі ұстанымдар методологиялық арқау болды. Атай айтсақ, дәстүрлі қазақ қауымы - көшпелілер ортасында қалыптасқан әлеуметтік қатынастардың алуан типтерінің және деңгейлерінің әлеуметтік-мәдени, экономикалық, институттық, идеологиялық, территориялық, тіпті экологиялық жағынан да «шағындалған» бірегей жүйесі. Осындай түсінік негізінде ғана қазақтың көшпелі қауымын өзін-өзі ұдайы «өндіретін», әрі өзін-өзі реттеуге толық қабілетті этноәлеуметтік организм, яғни социум ретінде қарастыруға мүмкіндік ашылады.

Әрбір қауымға тән өзіндік атау мен өзіндік сана (рулық атау мен рулық сана) көшпелілер қоғамының қауымдылық болмысын айғақтайды. «Жеті ата» принципіне негізделген, яғни жеті ұрпаққа дейінгі туысқандар мен туыстардың генеологиялық белгілі тобын біріктірген экзогамиялық құрылым дәстурлі қазақ қоғамының тіршілігінің әмбебап, әрі ең тиімді формасы болды.

Сан жағынан жеті ұрпақтық мөлшерден асқаннан кейінгі жаңа қауымдық құрылымның бөлініп шығуы — түптеп келгенде, көшпелі этноэкожүйедегі материалдық және табиғи ресурстарды мейлінше тиімді игеруге, әрі пайдалануға байланысты этникалық ұжымды ұйымдастырудың ғасырлар бойы қалыптасқан институттанған тәсілі. Сонымен бірге, рулық-туыстық қатынас жүйесінің қазіргі тарихнамада қалыптасқан түсінік бойынша тарихи қисынға кереғар немесе көшпелі қоғамның басқа салаларынан алабөтен тұрған одағай оқшау құбылыс ретінде қарастыру мүлдем дұрыс емес, керісінше ол дәстүрлі әлеуметтік қатынастарды реттеудің ерекше механизмі ретінде қызмет атқарады (Нұрсан Әлімбай).

Дереккөздерді ғылыми зердеден өткізіп, сан алуан жоралғылардың атқарылу тетіктері, оның этнос өміріндегі маңызы мен генезисі пайымдалып, қорытындылар жасалуда. Сонымен қатар, сирек кездесетін кітап, мұрағат материалдарын ғылыми айналымға қамту жұмыстар атқарылуда. Сөздіктегі олқы материалдар мен екіұдай, күдік тудыратын мәселелерді анықтау, толықтыру бағытында жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ. сөздікті иллюстрациялық материалдармен байыту, ғылыми сараптау, редакциялау жұмыстары да қатар жүрілді.

Есептік мерзімде Сөздікке қамтылған 1477 беттік авторлық нұсқада берілген материалдар жүйеге келтіріліп, толықтырылды, редакцияланды. 400 беттен асатын экспедициялық материалдар жүйеленіп, реттеліп, ғылыми айналымға енгізілді. Сондай-ақ мақалаларға қатысты 310 сызба суреттер салынды және мақалалардың мән-мағынасын ашатын, әрі деректік құндылығы бар 180-нен астам деректік фотосурет өңделіп дайындалды.

Сөздіктің І томына енетін мақалалардың мәтіні мынадай құрылымға енді (алфавиттік реті бойынша) Аба - Әшекей (198 б.) – Баба - Бітім құда (174 б.) – Гак –- Ихрам (152 б.) Жабағы-жіп-шу (108 б.) сөзтізбесі бойынша барлығы 632 беттік мәтін дайындалды. Бұған қосымша, томға енетін көлемі 130 сызба сурет және 60 - тан астам деректік фотосурет дайындалды.

Сөздіктің 2-3 томына енетін материалдар да жүйеленіп, реттеу жұмыстары қатар орындалуда Камзол-Кішіні аялау (189 б.), Қабақ - Қысқаш (278 б.), Лабаз - ояз (191 б.), Өбере – Сірне (209 б.), Таба - Тіс шұқығыш (212 б.), Уақұрт – Этикет (230 б.) барлығы 1309 беттік мәтіндік материал жүйеленіп, редакцияланды. 2 - 3 томға қажетті 180 сызба сурет салынды, 112 деректі фотосуреттер өңделуде.

Қазақы ортадағы ырым-тыйымдар жүйесі мен жора, ғұрыптар көшпелілердің жалпы адамзаттық әмбебаптық (универсалии) таныммен, мифологиялық дүниетанымынан одағай тұрған құбылыс емес десек те өзіндік бет-бейнесі, дараланатын сипаты бар. Тіршілік цикліне, рухани мәдениет, шаруашылық қарекетіне қатысты мұндай жора, ғұрып, ырым-тыйымдардың «ішкі құрылымдық принциптері мен атқарылуы тәсілдері әр түрлі болғанымен түпкі мақсаттары бір », - деп пайымдайды этнолог Нұрсан Әлімбай. Әрі қарай, ғалымның «ол тарихи тарихи кеңістік пе уақыттың қатаң сұрыптталуынан өткен дәстүрлі қоғамдық қатынастардың, экологиялық мәдениеттің, моральдықэтикалық қадір-қасиеттердің ілкімді принциптерін қожыраудан азып-тозудан сақтау ісіне этностың әлеуметтік энергиясын, ерік-жігерін, күш қайратын жұмылдыру болып табылады» (Нұрсан Әлімбай. Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы // Известия НАН РК. Серия общественных наук. 1994. №1. 36-48 б.)деп тұжырымдауға болады.

Жұмыс барысында еңбектің көлеміне сапалық және сандық жағынан өзгерістер мен қосымшалар енгізілуіне байланысты ол недеуір ұлғая түсті. Жұмыс өз ырғағымен ары жалғасып, мақалалар толықтырылып жазылып, редакциялануда. Жобаны атқарушылар өздеріне тиесілі тақырыптар мен бірліктерге қатысты деректерді жинау, топтастыру, саралау істерін атқаруда, аталған томдарды жалпылай редакциялау жұмысы атқарылуда. Зерттеу фронталды түрде жүрілді, материалдар проблемалық-тақырыптық принцип бойынша топтасытырылу негізінде дайындалған мақалалар кейіннен алфавитік рет бойынша жекелген мақалаларға бөлініп, рет-ретімен қойылды. Этномәдени мәні бар заттық мәдениет аспектілері мейлінше көп сызбалармен түсіндіріліп, музей қорындағы дәстүрлі қазақ мәдениеті мен тұрмысына, шаруашылығынан, заттық мәдениетінен мәлімет беретін көне фотолдармен безендіріліп, ғылыми-көпшілік тілде жазылған зерттеу еңбегі қалыптасты. Концептуалды ұғым, категориялар үшін ғылыми әдебиеттер тізімі мен этнографиялық атаулар, этникалық, топономикалық атаулар көрсеткіштері, орыс және ағылшын тілдерінде түйін соңынан берілді.

Аталмыш ғылыми-зерттеу жұмысының барысы, нәтижелері туралы еліміздің бұқаралық-ақпарат құралдарында ондаған сұқбаттар беріліп, мақалалар жарық көрді.


Жобаның ғылыми жетекшісі Нұрсан Әлімбай




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. -Фрунзе, 1990.- 480 с.

  2. Аджигалиев С.И. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана. - Алматы: Ғылым,1994. -260 с.

  3. Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. –А, 1993.

  4. Алдашев А. Әлiмханов Ж. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. -Алматы: Қазақстан, 1992. -160 б.

  5. Алексеев Г.И. Шаманизм тюркоязычных народов Сибири. -Новосибирск: Наука, Сиб. Отд, 1984. -232 с.

  6. Алекторов А.Е. Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметки о киргизах. -Казань, 1900. С. 969+ доб. 15 с.

  7. Алимбаев Н. Вопросы типологий традиционной кочевой культуры казахов // Культура кочевников на рубежах (ХIХ-ХХ, ХХ-ХХI вв.) тезисы докладов международной конференции. - Алматы, 1995. -С.46-50.

  8. Алимбай Н, Муканов М., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. - Алматы: Ғылым, 1998. -с

  9. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы: Ғылым, 1994. -284 б.

  10. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. -Алматы, 1959. - 452 с.

  11. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 1969. -170 б. 13.

  12. Аристов А.Н. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и каракиргизов. -СПб, 1895. 98 с.

  13. Арутюнов С.А. Народы и культуры развитие и взаимодействие. М.:Наука, 1983. - 244 с.

  14. Ахметжанов Қ.С. Жараған темiр кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнерi, салт-дәстүрлерi). - Алматы:Дәуiр, 1996. 203-204 бб

  15. Ахметов Ә. Түрiк тiлдерiндегi табу мен эвфемизмдер. - Алматы: Ғылым, 1995. -171 б.

  16. Ахинжанов С.М., Макарова, Нурумов К истории скотоводства и охоты Казахстана. Алматы,1992.

  17. Әуезов М. Таңдамалы шығармалар жинағы. 20 томдық.

  18. Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар. - Алматы, 1993. - 48 б.

  19. Бабалықұлы Ж. Мал ауруларының қазақша атаулары. -Алматы: Қайнар, 1986, -240 б

  20. Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. Алматы,1983. -17 6б.

  21. Байболов Б. Заметки по истории и этнографии киргиз. Монракская волость Зайсанского уезда Семипалатинской области. -Семипалатинск, 1900. -16с.

  22. Байбурин А.К. Семиотические аспекты функционирования вещей // Этнографическое изучение знаковых средств культуры. –Л, 1989.

  23. Бижанова М.Р. Башкиро-казахское этнокультурное взаимодействие в ХVIII – первой половине XIX вв. Автореферат дисс.к.и.н. –Ижевск, 2006.

  24. Васильев А. Народные способы и средства, употребляемые при лечении болезней киргизами тургайской области. “Тургайская газета” 1901. 4, 5, 6, 8, 10, 13, 48-50; 1902. 13, 20.

  25. Баялиева Т.Д. Доисламские верования и их пережитки у киргизов. - Фрунзе: Илим, 1972. -170 с. Вельяминов-Зернов. Исторические известия о киргизах-кайсаках и сношение России о Средней Азией. Уфа: Губернской типографии, 1855. Часть II. 64 с.

  26. Бойс М. Зороастризм. Верования и обычай. -М:, 1986. Вознесенкий А.Е, Пиотровский А.Б. Материалы для библиографии по антропологии и этнографии Казахстана и среднеазиатских республик. –Ленинград: Издательство Академии наук ССР 1927. 249+11с.

  27. Гаджиева С.Ш. Материальная культура ногайцев в ХIХ - н ХХ в. - М: Наука, 1976.- 227с.

  28. Галиев А.А. Традиционное мировоззрение казахов.- Алматы: Фонд Евразии, 1997. -167с.

  29. Галкина М.Н. Этнографические и исторические материалы по средней Азии и Оренбургскому краю. -СПб, 1869.

  30. Гейер И. По русским селениям Сыр-Дарьинской области. Том І, Чимкентский уезд, -Ташкент: Типолитография Бр. Каменских, 1893. Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. Том ІІ. Дневник. (С.1-548). Мотивированная временная инстукция уездным начальником Тургайской области (С.536-748). -СПб: Типографии М.М. Стасюлевича 1898. 741+7 с.

  31. Гродеков Н. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. Том I. -Ташкент, 1889. 205 с.

  32. Бөкейханов А. Овцеводство степного края. -С.150-173 Таңдамалы. –Алматы:Қазақ энциклопедиясы бас редакциясы. - Алматы: 1995. - 480 бет

  33. Бларамберг И.Ф. Журнал, веденный во время экспедиции для обозрения восточных берегов Каспийского моря в 1836 году. Бларамберг И.Ф. Земли киргиз-кайсаков Оренбургского ведомства (военно-статистическое обозрение). Т. 14. часть 3. -СПб, 1848.

  34. Бронислав Залесский. La vie des steppes kirghizes. Paris.1865.кiтабының қазақша аудармасы. «Қазақ сахарасына саяхат». -Алматы,1991. -67-69 бб.

  35. Гродеков Н.И. и Каракиргизы Сыр-Дарьинской области. -Ташкент,1889, 343 с. Т.1, Юридический быт. - Ташкент, 1889.

  36. Грумм-Грижимайло Г.Е. Западная Монголия и Уранхайский край Г-З вып.2 Изд. ТРГО 1939.

  37. Дала уалаятының газетi. Құр.: Субханбердина. 5 кiтап. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткiш. - Алматы: “Ғылым”, 1996. -216 б.

  38. Дала уалаятының газетi Құр.Ө. Субханбердина. -Алматы: Ғылым, 1996.- 816 б.

  39. Демидов С.М. Обряды и обычай туркмен, связанных с земледелием и скотоводсвом (конец ХIХ-первая четверть ХХ в.) // В сб.:Материалы по исторической этнографии туркмен. -Ашхабад:, 1987.

  40. Диваев А. Тарту. - Алматы:Ана тiлi, 1992. -256 с.

  41. Диваев А.А. Месяцы по киргизскому стилю с обозначением народным предметам //Известия О.А.И.Э. при императроском казахском университете Т ХIII вып.IV. 1896. -С.283

  42. Добросмыслов. Скотоводство в Тургайской области Оренбург 1895. Ветеринарный надзор в Тургайской области. -Оренбург, 1897.

  43. Древнетюркский словарь. – Ленинград, 1969.

  44. Древние обряды верования и культы в Средней Азии. - М: Наука, 1986. 208 с.

  45. Загряжский. Юридические обычаи киргизов. О народном судье у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву (зань) // Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Н.А.Маева. Ежегодник. Выпуск IV. -СПб, 1876. СС.151-202.

  46. А Зараев. Популярный сельскохозяйственный, медицинский, астрологический календарь. 1991. 36-44

  47. Ертедегi әдеби нұсқалар. - Алматы, 1967. - 130б.

  48. Есiмов Ө. Мал мен Жан // Жұлдыз. 1990 № -177-186 бб.

  49. Жақыпов Ә. Түйе өсiрушiнiң түсiндiрме сөздiгi. -Алматы: Қайнар, 1989. -192 б.

  50. Жүнiсов А. Бабалар дәстүрi (қазақтың байырғы тұрмыс-салт ғұрыптары) -Алматы, 1992.-80 б.

  51. Жуковская Н.А. Категория и символика традиционнной культуры монголов. -Москва, 1988.

  52. Записки Западно-сибирского отдела И. Р.Г.О. VII выпуск II. -Омск: 1885. -30с.

  53. Записки И.Р.Г.О. по отд. этнографии Т.1. -СПб.,1867,750С.; Т.2. -СПб,1880, - с.247; Т.29. -СПб,1904, - с.532

  54. Зеланд Н. Киргизы этнологический очерк. 1-78. // Записки Западно-Сибирского отдела И.Р.Г.О. кн. VII вып. II -Омск - 1885.

  55. Ибрагимов М. Киргизский способ лечения некоторых болезней слета. “Особые прибавления в Акмолинким областным ведомостям” 1890. 51.

  56. Ибрагимов И. Заметки о киргизском суде. Из записок ИРГО по отделению Этнографии. Том. ҮІІІ. -СПб., Типография В. Киршбаума, 1878. 27 с.

  57. Исқақов М.О. Халық календары. - Алматы: Қазақстан, 1980. - 318 б.(өңделiп толықтырылған екiншi басылымы).

  58. Кадыров А.А. Возникновения медицины в Средней Азии. -Ташкент: 1992. - 42с.

  59. Казахи. историко-этнографические исследования. -Алматы :, 1995.- 350 б.

  60. Карутц Р. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке. –СПб. м.н.г. С.188 –СПб, 1910, перевод Е.Петри.

  61. Казанцев И. Описание киргиз-кайсаков. –СПб: Типография Товарищества «Общественная Польза» 1867.

  62. Катанов Н.Ф. О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней. /Изв. Общ. археол. Ист. И этнографии при Казанском университете, 1894 т. ХII вып. 2. 22 с.

  63. Катанов Н.Ф. Среди тюркских племен. –СПБ, 1894. -С.23.

  64. Кәмелашұлы Б. Моңғолиядағы қазақтардың салт-дәстүрлерi.- Өлгей:, 1995. -342 б.

  65. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптары. -Алматы: Ана тiлi, 1994. - 80 б.

  66. Кеңесбаев С. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.- Алматы, 1977.

  67. Кенин-Лопсан М.Б. Обрядовая практика тувинского шаманства. Конец ХIХ-начало ХХ в. - Новосибирск, 1987. - 163с.

  68. Кеппена П. Хронологический указатель материалов для истории инородцев европейской России. -СПб,1861. С. 312-341.

  69. Киргизское коневодство в Семиреченской области. -Омск, 1886. 1-18 c.

  70. Коновалев А.В. Казахи Южного Алтая (Проблемы формирования этнической группы) - Алматы: Наука, 1986. - 168 с.

  71. Корольков Ф. Военно-статистическое описание Туркестанского военного округа. Сыр-Дарьинская область. -Ташкент, 1912. СС. 1-14, 37-89, 109-217 с.

  72. Кочевое жилище народов Средней Азии и Казахстана. -Москва, 2000.

  73. Коншин Н. По Усть-Каменогорскому уезду путевые заметки. -СПб. -186 с.

  74. Краснов А.Н. Очерк быта Семиреченских киргиз. //”Известия И.Р.Г.о” –СПб, 1887. - 46 с.

  75. Куфтин.Б.А Календарь и первобытная астрономия киргиз—кайсацкого народа. Э.О. -М, 1916. -146 с.

  76. Қазақ емшiлiгiнде ұдайы қолданылатын дәрiлер. Құр: М.Қанапияұлы. редакциясын қараған Қ.Құрманұлы. жауапты редактор Т.Ниязбекұлы, -Үрімжі , 1988. -201 б.

  77. Қазақтың ұлттық қолөнерi. (құр. Нығмет О.) -Өлгей, 1991. -75 б.

  78. Қатран Д. Моңғолиядағы қазақтардың дәстүрлi тағамдар жүйесi. Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесiн алу үшiн ұсынылған диссертация. -Алматы, 1996. -182 бет.

  79. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. - Алматы: Ғылым,1984. -272 б.

  80. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi.- Алматы, 1995.

  81. Қыдыралин. Қазан төңкерiсiне дейiнгi Маңғыстау қазақтары тарихи-этнологиялық зерттеу) тарих ғылымының докторы дәредесiн алу үшiн ұсынылған диссертация.- Алматы: 1996. -447 б.

  82. Куфтин Б.А. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского народа // Этнографическое обозрения. №3-4, 1916. С. 123-155. 32

  83. Левшин А.И. Описание каргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. –СПб, 1832 Т.III. 309 с.

  84. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана.- Алматы, 1979. -360с.

  85. Маркарян Э.С. Узловые проблемы теории культурной традиции // СЭ. 1981. 2. 78-79 с.

  86. Марков Г.Е. Кочевники Азии: Структура хозяйства и общественные организации. –М: Изд-во Москов: Унив. 1976, -318 с.

  87. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. -М.: Горизонт. 1995.

  88. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. - Алматы: Наука, 1966. -322 с.

  89. Материальная культура народов Средней Азии и Казахстана. - М: Наука, 1966. -172 с.

  90. Михайлов В. – Киргизское коневодство Акмолинской области. -Омск, 1894.

  91. Мың бiр мақал, Жиырма үш жоқтау. - Алматы: Қазақстан, 1993. - 96 б.

  92. Мырзаханұлы Ж. Тарихи-этнографиялық зерттеулер.: Күйтiң Iле халық баспасы,1990. -310 б.

  93. Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Выпуск 1. -Омск: Типог. Окруж. Штаба, 1886. 84 с.

  94. Оразаков Е. Қазақ халық медицинасы. -Алматы, 1989. - 79б.

  95. Оразов А. Материалы по исторической этнографии. Туркмен. -Ашхабад: Ылым, 1987. -111 с.

  96. Остроумов Н.П. – Сарты. Этнографические материалы. Выпуск II. -Ташкент.1893.

  97. Очерки по истории народной медицины Казахстана. -Алматы,1978.

  98. Пиралиев Мендали Султан. Письма из Зауральской степи. –Москва: Типография Бахметова 1862.

  99. Потанин Г.H. Очерки Севеpо-западной Монголий Pезультаты путешествия исполн. в 1876-1877 г.г. по поpучению ИPГО –СПб, 1881 вып II (матеpиалы этногpафические)

  100. Потапов Л.П. Особенностей материальной культуры казахов обусловленные кочевым образом жизни /С.М.А.Э. - М.Л. Изд-во АН СССР 1949. Т.XII.43-70 с.

  101. Проблемы этнографии и этнологии народов Азии. – М, 1982. – С.168.

  102. Радлов В.В.«Из Сибири (страницы дневника)». -М: Наука,1989.

  103. Рычков П. Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в киргизско-кайсацкой степи в 1771 году. -СПб., При Императорской Академии наук, 1772.

  104. Руденко С.И. Очерк быта казахов рек Улма и Сагиза //Казаки. Материалы особого Комитета по исследованию Союзных и автономных республик. -Л: Из-во АНСССР, 1927 вып. 3. -7-32 с.

  105. Сейдiмбек А. Қазақ әлемi. этномәдени пайымдау. -Алматы: “Санат” 1997. -463 б.

  106. Символика культов и ритуалов народов зарубежной Азии. -М: 1980. -127 с.

  107. Снесарев Т.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. -М: Наука,1969. -336 с.

  108. Смирнов А.П. Быт и нравы киргизов. СПб.,1897. 27 с. Смирнов Е. Сыр-Дарьинская область по официальным источникам. -СПб., 1887. 360 с.

  109. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХIХ началао ХХ вв). - Алматы: Ғылым, 1991.

  110. Тохтабаев А. Коневодство казахов в ХIХ начале ХХ вв.Спец. 07.00.07-этнография КИН. -А. 1992.

  111. Тынышпаев М. Отзыв о труде А.П.Чулошникова по истории казах-киргизского народа. -Кзыл-Орда, Общество изучения типография 1926.

  112. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Львова Э.Л. Октябрьская И.В. Сагалаев А.М., Усманов М.С. Новосибирск 1. Пространство и время миф 1988

Человек и общество 1989.

Знак и ритуал – 1990

  1. Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетiн жасаушылардың байырғы өкiлдерi. –Алматы, 1976. -200 б.

  2. Тэрнер В. Символ и ритуал. -М, 1983.

  3. Уахатов Б. Типология обрядово бытовой песни казахов.- Алматы, 1983.

  4. Уәлиханов Шоқан. Таңдамалы. - Алматы: Жазушы,1985. - 560 б.

  5. Фрезер Д.Д. Золотая ветвь. – М, 1986

  6. Материалы кисторико-этнографическому атласу. - Алматы: Наука, 1980. -256 с.

  7. Шаханова Н.Ж. 1998. Мир традиционной культуры казахов (этнографические очерки) - Алматы: Қазақстан, 1998. - 184 с.

  8. Шнэ В. Зимовка и другие постоянные сооружения кочевников Акмолинской области.Омск. 1894. (с планами киргизской зимовки степной безлесной и лесной местностей) 18 с.

  9. Iсләмжанұлы К. Рухани уыз. -Алматы: Ана тiлi, 1995. - 144 б.

  10. Харузин Н. История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монгольских народностей России. -Москва. 1896.

  11. Этнографические изучение знаковых средств культуры. Л, 1989

  12. Этнографические очерки киргизов Перовского и Казалинского уездов. Сочинение Х. Кустанаева воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии под ред Н.А.Воскресенского. -Ташкент, 1894. 52 с.

  13. Этнографические материалы по Средней Азии и Оренбургскому краю М.Н. Галкина дествительного член ИРГО // Записки ИРГО по отд этнографии. -СПб,1867 С.241-275.

  14. Ягмин А. Киргиз-Кайсацкие степи и их жители. -СПб. 1845.

  15. Янушкевич А. Дневники и письмо из путешествия по казахским степям. -Алматы: Казахстан, 1966. 276 с.

  16. Ягмин А. Киргиз-кайсацкие степь и их жители. С рисунками. СПб: Типография Карла Крайя 1845. 105 с.

  17. Almasy Gyorgy. Vandorutom az Azsiai szivebe. Budapest, Termeszettud. Tarsulat kiadvanya. 1903. 767 o.

  18. Bаlassa—Ortutay Magyar neprajz -Мажар этнографиясы. Budapest. 1982. Corvina 250 о.

  19. Magyar neprajzi lexicon (Венгр этнографиясы). 1-5 kotete. -Budapest. 1977,1979,1980,1981,1982.

  20. Prof. Dr. Ibrahim KAFESOGLU. TURK BOZKIR KULTURU Ankara -1987. 172c. -Turklerde atcilik ve binicilik Prof Dr. Faruk Sumer. (1983.) 132c.

  21. Torma Jozsef. A TUZnEK MOnDOM (A baskir nepi orvoslas magikus elemeinek mai rendszere). Hisametdinova Firdaus Hilmetdin gizi kozremukodesevel. Budapest: PUSKI,1997. 190c.

  22. БНМАУ-ың угсаатны зүй (Моңғол этнографиясы). І-ІІІ боть. -Улаанбаатар, 1989, 1998, 2000.







ҚОСЫМША № 1


2005-2008 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ

ІССАПАРЛАР МАТЕРИАЛДАРЫНАН

Ү З І Н Д І Л Е Р


2007 жылы Қызылорда облысына жасаған іссапар материалынан


Үйлену салты бойынша. Беташарды қазіргідей әндетіп емес сарын түрінде қара сөзбен, домбырасыз айтылатыны анықталды. Беташар айтқан адам бет ашпайды. Ата мен апа бата береді де, жолы үлкен, көп балалы, байы өлмеген құтты адам бет ашады. Бет ашушы «Келіншек бетін ашайын, ашпай неден сасайын, қалың топты қақ жарып, аққан судай тасайын» деп қолына ұстаған қамшыға орамал байлап келіп ашады. Арал, Қазалыда жаулыққа қамшы байлап ашатын болса, Жалағаш, Тереңөзек жақта жаулық ұшына «келін жұмсақ болсын» деп қамыс байлап ашады. Қамыспен бет ашу Сыр бойын мекендейтін диқаншылықпен шұғылданатын қазақтар арасындағы егіншілік мәдениетінен бастау алып жатыр деп зерделеуге болады Біз куәгер болған Аралда өткен беташар рәсімі кезінде (фотосы бар) келіннің басына жапқан ақ жаулық ұшына қызыл жаулық байлап, оның ұшына қамшы байлап тарта ұстап тұрды. Той қазірде ресторан, кафеде өтсе де, алдымен беташарды үйде жасайды.

Ырым, наным-сенім. Бала, келін күтімі, ем-дом. Нәрестені сылап-сипағанда қой құйрығының «күнтимес» - деп аталатын ішкі жағының майын шыжғырып баланы сылаған жақсы. Сонда айтылатын төмендегідей тілек:

Бет-аузың сопақ болмасын,

Ат жақты бол!

Мұрның қырдай болсын!

Маңдайың жазық болсын!

Мойының құрықтай болсын!

Бойың сырықтай болсын!

Қолдарың салалы болсын!

Құлағың бүрік болмасын, түрік болсын!

Ұшынып ауырған науқас бала «мен ұшынған жоқпын, жер ұшынды» деп кеш батып бара жатқанда үш қайтара тәжім етіп еңкейеді. Бұл жерұшық деп аталады. Суұшық. Судан шошынған баланы сумен ұшықтайды. Дұғалап бетіне бүркеді. Құрбандық малының қаны ем болады деп есептеледі. Оны мақтаға сіңіріп ауырған жерге, жараға басса шипа болады. Тілге теріскен шығуға байланысты жасалатын магиялық ырымдар: - тіліме теріскен шықты, сиырдың көтіне, тіліме теріскен шықты қасқырдың көтіне (осылай 6 адал, 6 арамды айтады). Содан – бұл тілім қайтсем жазылады, былай-былай қарағанша, қарғаның боғын жалағанша, тіфә-тіфә - деп бала түкіріп тастаса сауығып кетеді делінеді. Баланың кіндігі шығып болмаса шиге шаншылып қалған жылқы құмалағын басса жазылады. Жылқының құмалағын құмырысқа илеуіне қойса көшіп кетеді. Құмалақты алып жатқанда «ей, өзіңнен өзгеге ем бол» деп алады. Баланың аузы уылса кірпінің инесін күйдіріп күлін аузына себеді.

Жылымға балық түспей қырсықса, жылымның абағына (ұшына) әйелдің дамбалын байлап, балық түсуін ырымдайды, немесе балық түсіп тұрған біреудің жылымының аузындағы қоржынның (шонтайдың) тасын ұрлап әкеліп, байлайды. Тістің құртын арбау (құрт шақыру): арқадағы алты құрт, желкедегі жеті құрт, төбедегі төрт құрт, асың пісті түс-түс – деп басқа орамал жауып отырып айтады. Таңдай тіс (ұры тісті) емдегенде «бетіңе күйе жағылғыр» деп екі жағына күйе жағып «мен де қайттым сен де қайт» деп айтамыз.

Ерекшеліктер: Бас салынған табақты дастарқанға тартарда Арал, Қазалыда бастың бір құлағын кесіп алып қалады (ырыс-несібе, құт үйде қалу керек). Ал, Жалағаш, Тереңөзекте басты бүтін тартады. Ас қайыру табақты алып кеткен соң жасалады. Ол үшін үлкен адам табақты дастарқаннан алып келінге ұсынғанда ол сәлем етіп алады да, ас үйге апарып, қайта келген соң, сол үйдің кіші ұлы түрегеп тұрып бата сұрайды (кейде қалжыңдай «ақысын беріңіз» деп те айтады, түрегеп тұрады). Ет асарда алдымен кәрі жілік салады. Жалпы басқа өңірлердегідей екіқабат әйелдің балық, түйе етін жемеу деген тыйым бұл жақта жаппай таралған емес. Жоқтау өлеңді «теріс өлең» деп атайды.

29.09.2007. Көркей Жиенәлиева. 1924 ж.т. Кіші жүз, Әлім-Кішкене-Құрманай-Палуан. Арал қаласы.

Баталар

Отау үйге:

Келінге енді келейік,

Сөздің бәрін салмақтап.

Маржандарын терейік,

Жай қолыңды жамағат.

Алладан болсын шапағат

Мәдинеде Мұқаммет

Түркістанда Қожа Ахмет,

Ақиректе Арыстан бап.

Бата сұраған балалардың

Бар тілегін қабыл ет


Шаңырақ көтеріп жатқан отау үйге:

Шаңырағың шашақты болсын

Уығы моншақты болсын.

Үбірлі-шүбірлі болсын,

Жусандай түбірлі болсын.

Еліне елеулі, халыққа қалаулы болсын!

Оң жағыңа қарасаң,

Алтыннан терек орнасын.

Айында келген қонағың,

Атын соған байласын.

Сол жағыңа қарасаң,

Күмістен терек орнасын.

Күнде келген қонағың,

Атын соған байласын.

Сегіз келін түсіріп,

Сексен келін қомдасын.

Осы айтқан дұғамды,

Жер үстіндегі әулиелер қолдасын!

Ақиректе Арыстан бап,

Түркістанда Қожахмет.

Мәдинеде Мұхаммет,

Тілегіңді қабыл ет!


Беташар туралы

Беташарды қазіргідей әндетіп емес сарын түрінде, домбырасыз тақпақтап айтады. Беташар айтқан адам бет ашпайды. Ата мен апа бата береді де, жолы үлкен, көп балалы, алды ашылған, ұясы түзу құтты адам бет ашады. Беташар айтушы:

Келіншек бетін ашайын,

Ашпай неден сасайын.

Қалың топты қақ жарып,

Аққан судай тасайын –

деп қолына ұстаған қамшыға орамал байлап келіп ашады. Беташар 1960 жылға дейін әндетпей ел тақпақтап айтып келген.

Тойбастар:

Айт дегенде өлеңді ал болар ма,

Жүйрік аттың мойынында жал болар ма.

Той дегенде өлеңді айта ермей,

Айдап жүрер бұл шіркін мал болар ма.

Ахау арман,

Дүние жалған.

Бәрі де өтіп барад,

Жұмыр бастан. (Әні, әуені бар).

Былай деп жылап жүрдім:

Айт дегенде айтамын қара қурай,

Мұнарасы Ташкеннің саз бен ылай.

Екі етекті түрініп жүргенімде,

Көздің жасын көрдің бе патша Құдай!


Күйеу бала Шымболат Ділдебаевқа қызымды ұзатқанда айтқаным:


Айналайын Арал-ау жайлаған жер,

Қызу еңбек бұрындар қайнаған жер

От жалындай көзіме көрінеді,

Құрбымменен асыр сап ойнаған жер.

Ақау, бозым,

Мөлдір көзім.

Ұшырған ұясынан,

Қоңырқазым

(Әні бар)


2007 жылы Қазақстанның батыс өңіріне жасаған іссапар материалынан


Шаруашылық мәдениетіне қатысты мәліметтер. Көшпелі тұрмыс элементтерін жақсы сақтап отырған Маңғыстау түбегі тұрғындарынан (Құлсары, Жаңаөзен, Шетпе төңірегіндегі ауыл мен елді мекендердегі) нар мен айыр түйе, қазанат өсіру, тұқымын асылдандыру, будандастыру, шаруашылыққа пайдалану, жүк арту, өнімін ұқсату саласында біршама материал жинақталды. Нар түйеге салынатын тұрман түрлері, атап айтқанда музей қорында сақтаулы «қатеп» аталатын түйе ерінің қолданылу тәсілдерін тәптіштеп жазып, болашақ сызбасы салынуы үшін фотоға түсірілді. Екі бөліктен тұратын қатепті өзара арқау ағаштармен байлап, ішіне селеу толтырған көпшіктің үстіне қондырып, түйеге таңған соң ғана ол «ауыт» деп аталатын түйе ерінің жалпы атауын құрайды. Сонымен, атқа салатын ердің артқы, алдыңғы қасына ұқсас «қатеп» түйе ерінің екі саруанасының (қасы) атауы. Түйе саны 25 ке толғанда келе (жылқыда үйір) бөліп, нар түйеде үлек, айыр түйеде бура қояды. Қарабура бар жерде пәле-хала болмайды деп саналады. Түйенің желкесінде жинақталатын шайырды, қойдың күйегі мен шуашын құт-береке ретінде сақтап, молшылық үшін деп ырымдайды.

Түйе шаруашылғы саласында тың мәліметтерге қол жеткіздік: Ботаға кіндік шеше тағайындау және «ботаның құйырығын тістеу», туған соң «үлпершек асу» (көтенасар шай тәрізді), бота аяқтандыру тәсілі, түйенің мұрынын тесу тәсілі, бота жабу, ботасынан жеріген түйеге жасалатын дом, пішу аспаптары мен жолдары, түйеге арба жегу, інген сауу, түйені матау, жығу, «тіздеу, жүк арту, құнаншаны «қолдан бұздыру», түйені қайыту, төлін жеріген малды «қоздату, қайта төлдету», түйені жуасыту, үйрету, күзеу, шабынған бураға жасалатын амалдар белгіленіп алынды. Түйе шаруашылығы саласында қолданатын сайман, құралдар – тұмылдырық, бұйда, қаусыр туралы толық мәлімет сызбаларымен қоса белгіленіп алынды.

Балық шаруашылығына байланысты мол материал жинақталды. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін аты ғана белгілі ау түрлері мен оның атаулары нақтылы заттай деректер негізінде анықталып, сызбалары салынды (қабадан, ақан ау, жадыра, аула, бентір сияқты ау түрлері, қодыраң, самабат және онда кездесетін ұғымдар салма, майлық, тартым, қанат, ауыз т.б.). Қолданылу тәсілдерін тәптіштеп жазып, нақты суреті салынуы үшін фотоға түсірілді. Сондай-ақ, Жайық өзенінде ау салып жатқан балықшылар арасында болып, балық аулау жөнінде мәліметтер жазылып алынып, фотолар түсіріліді.

Материалдық мәдениет саласында: Заттық мәдениеттің киім үлгілерінде бірқанша ерекшелік байқалды. Ілме орамал, түрме орамал түрлері фотоға түсірілді. Түйе жүнінен тігіліп, астар салынса «жадағай», қой жүнінінен тігіліп астарланбаса «күпі» аталады. «Қама бөрік» бас киіміндегі қама - суда болатын терісі әдемі жәндік (дәл қандай жәндік екендігін ешкім дөп басып айтып бере алмады – мүмкін кәмшат деген сияқты болар). Әйелдер ғана тағатын «түрме белбеу»

Мал өнімдерін ұқсатуда байырғы жолдары әлі күнге дейін өміршеңдігін жоймай сақталып келе жатқандығы ерекше назар аудартатын мәселе. Айталық, бояуға әзірлейтін жіпті «кенептеу» атауы мен бояу қондыру сатылары, оған басытқы салу, өрмек құру мен оған қатысты тыйымдар, киіз басқан кезде «әлдилеу» тәсілі тың мәлімет. Терме теру саласында жүз теру, қақпа алашаға қатысты детальдар толықтырылды. Бүгінгі дейін жеткен басқұр бауларда кең қолданатын көпке беймәлім ою-өрнек атаулары фотосуретке түсіріліп және жазылып алынды: тұмарша, аралас өрнек, пәтшайы өрнек, түндік ою, қолтықша, шет ою, құстаңдай жиек, тырнақша өрнек, бақанша, түрікпен ою, сыңар өкше (фото файлдары 0255-0262)

Атқа өз қылынан терлік басып дайындау жолы алғаш белгіленіп алынды (фотосы бар). Қауға басына құрсауланып келетін шаңырақ тәрізді темірді «шаңғақ» деп атайды, тесенің «шоқыр» деген де атауы бар (фотосы бар).

Ас-тағамға құмаршық, итмұрын, құмсағыз, майжелке, жуа сияқты терімшілдік өсімдіктерін қолданады. Түйе сою ретін, «үлпершек» сақтау, түйе сүтінен «балқаймақ», жылма жасау, түйе сүтін ұйытып, күбіге салып пісіп, аппақ түсті май алу қатарлы тың мәлімет алынды. Қонаққа тартар қой басының құйқасын тілуді «күлдіру», «күлдіргі салу» деп атайды. Алайда, неге солай аталғанын анықтаудың сәті түспеді. Ол болашақ ізденістер қатарына енгізілмек.

Наным-сенім, ырым-тыйымдар, тұмарлық, дініи мәнажат орындары: Құмалақ салуды тек таспен атқарады, және оны «тас ашу» атайды. Түнде өзенге, құдық басына су алуға барсаң өлең айтып, әндетіп, ысқырып кел де, құдыққа «бісміллә» деп тас салып барып, су алу керек. Тобылғы сапты қамшыға жын-шайтан жоламайды. Қасқырдың асығы, жағы, ауызын емшілік пен сақтануға қолдану, қойдың қары жілігі, тобық, жамбас, жауырын сияқты сүйектерді кие тұтып жиі тұтынатындығы белгілі болды. Ауырған адамды «ала қаппен ұшықтау», жығылып қалған баланы үшкіріп ұшықтау, көсеу, мәстемірмен ұшықтау, мал індеті көбейсе тұз бен күкіртті отқа салып оқыс дауыс, шу шығарып ауру пәлекетті «қуу» амалдары бертінге дейін қолданыста болуы бүгінгі адамдардың өз көзімен көргендерін айтады.

Асық ойындарының әлі белгіленіп қағаз бетіне түспеген түрлері туралы толық мәлімет жазылып алынды: асық қаршу, бүгіп алу, жарып алу, сыпырмай, түртпей, тыштырмай атан, бестас қатырлы ойындарды, хан талапай, «мергендікә немесе шеңбер жасап ату, шомпы, манай сақа ұтысу, төрт асық ойындары және т.б.

Шөберені – немелтай деп атау бар. Сондай-ақ, «неметай іні» - деп немере аға-інілерінің балаларын «неметай інім» деп айту кездесті.


Моңғолияда тұратын қазақтар арасына жасалған іссапар материалынан

Іссапар барысында өлікті жөнелтуге байланысты деректер молынан алынды. ерекше нұсқаларын келтірер болсақ: бұрын-соңды ғылыми айналымға енбеген жоқтау, көріс айтудағы нақты деректер, атап айтқанда, өлікті жерлеп қайтқан кісілер келгенде, киімін бергенде айтылатын жоқтаудың үлгілері жазылып алынды; ұзатылған қызға еріп барған ағасы қайтарда айтатын сыңсуы т.б: Мәселен:

Шал, қарияларды – «Асылым, «Қормалым», «Момыным, «Сабазым» деп жоқтайды. Жігітті – «Жас төрем» дейді. Жоқтау түрлері.

Өлік шығарғанда

Әуеден ұшқан бозторғай,

Балақ жүнің бос болғай.

Аруақ болып барасың,

Атакем енді хош болғай.

Қарағай басы әсемді-ай,

Молдалар жазар Кәлемді-ай*.

Алдыңда мүмин аруақ

Үш қайтара сәлемде –ай.

Бір Шәһәриәр Омардай

Көп шақырсам обалды-ай.

Сегіз сарай ұжымақ

Есігін ашсаң самалдай.

Жылқы ішінде қарала,

Бейіштің төрін арала.

Сегіз сарай ұжымақ

Самалына саяла.

Өлікті қойып келгенде айтатын көріс

Атакем кірді-ау тас үйге

Есігі жоқ, төрі жоқ,

Жәймә-шуақ бос үйге.

Атакем менің кеткен соң,

Кім кіреді осы үйге.

Екінті намаз бесінді-ай,

Белдеуден тұлпар шешілді-ай.

Иманды болғыр, атакем,

Пейішке қарай көсілді-ай.

Алтынды ерден қас кетті,

Ақ ордадан бас кетті.

Атекемнен айырылып,

Екі көзден жас кетті.


Марқұмның киімін бергенде (таратқанда) айтатын көріс

Бір пайғамбар Ыдырыш

Басқа бір түсті қиын іс.

Қиын іс емей немене,

Күнде тап болды-ау жиылыс.

Жылқы ішінде керімді-ай

Сыпырайын терімді—ай.

Иманды болғыр атекем

Киімің елге берілді-ай.

Жылқы ішінде қасқадай,

Тайпалып жерді басқаны-ай.

Киімін алған ағайын,

Жағасын жерге тастама-ай.

Қарттарға айтылатын жоқтау

Атакем келдің сексенге

Жылайын жұртым сөксең де.

Атекеме жетер ме

Алтыннан терек ексең де,

Екінті намаз жәшиық*,

Молдалар тартар тәшмиық.

Иманды болғыр атакем,

Оқушы ед намаз бас иіп.


Қыз күйеуге аттанғанда айтатын сыңсуы

Босағам-ай, босағам,

Жібермеші қос ағам.

Жіберсең егер қос ағам,

Разы емес мен саған.

Мінгендей атым сарбауыр,

Сарала қамшы қолға ауыр.

Атадан ұл боп мен тусам,

Отырмас па едім бір ауыл.

Есіктің алды шеңгелді-ай,

Қаршыға құсқа жем берді-ай.

Қыз демейтін ағакем,

Артыма мініп өңгерді-ай.

[Атыма мені өңгерді -ай]


Қызды ертіп барған кісі қайтқанда айтылатын

Есіктің алды белегір,

Белден асып желе жүр.

Бөтенге келіп жат балдым,

Сағындырмай келе жүр.

Айналайын ағам-ай,

Алтыннан таққан тағаң-ай.

Жат елге келіп жат болдым,

Қай мінезбен жағам-ай.

Мінгендей атым кер ме кен,

Кекілден аққан тер ме кен.

Сағынып елді жүргенде,

Не болды қызым дер ме екен.

Күләй атты келін боп түскенде ауылдас нағашы ағасы Дәлел деген кісі ертіп келген еді. Дәлел қайтарда айтқан Күләйдің көрісі.

Қайыңнан алған ағашым,

Дәлелдей жалғыз нағашым.

Сіздерден бір айырылып,

Қайда бір келдім адасып.

Өлімге ғана байланысты емес, көп жыл бірін-бірі көрмеген ағайын-туыс табысса, төркінінен туысы келсе келіншектің сағынышпен айтқан «жылауын» - «көрісу» деп атайды.

Сондай-ақ, аталған елді мекендердегі 10 қариямен жолығып, бес адамнан ауызша этнографиялық мәліметтер жинақталды. Жинақтау жұмысы негізінен сөздікте жазылмаған немесе мәліметі толық емес арнайы атаулар мен ұғымдардың тізімі бойынша атқарылды. Аталмыш жобаға қатысты төмендегі материалдар жинақталды.


Батыс Қазақстан облысындағы экспедиция материалынан


Түйеге арба жегу. Түйенің мойнына қамыт. Қамыттың екі жағында екі шығыршық. Арбаның екі огливье оның басында (ені жағында) қармақ болады. Екі шығыршыққа қармақты іледі әп-сәтте дайын болады. Желбұйдаға делбе байлайды.

Түйенің мұрнын (танауын) тесу. Ол үшін түйені байлап, матап басына ноқта салады да, ноқтаның сағағынан жуантық, ұзындығы 1,5-2 м ағашты көлденең өткізіп ағаштың екі ұшынан 2 жағына екі адам тұқыртып басып тұрады. Үшінші адам өткір пышақпен бәкімен теседі де, майға қайнатқан мұрындық ағашты өткізеді. Танауын тескен адамға ырымын істеп кәдесін береді.

Шабынған бураға алыстан байқалу үшін қызыл ту, айғырдың маңдайына тоқпақ ағаш байлайды. Ботаға тіл тимес үшін өрмекші төбесіне қызыл шүберек байлайды.

Ботаның төбесіне кәрләпүш кигізеді, күннен, суықтан, шыбыннан қорғайды. Жабу – бота жабуына екі өркешін шығарып, бауырынан 2-3 жерден байлайтын жіп шығарады. Сырық пен төлге бірдей белгі шүберек байлап, жалатып, мекірінеді.

Ботаны аяқтандыру. Бота да алдыңғы аяғымен келеді. Өркешті тері ғана, шеміршек ғана болады. Тартып шығарады, құсақ, арзан үрлейді, енесінің алдына тастап жатады екі ауып жатып қалады. Толғаққа шыдамай күйлеген жеріне қарай боталап кетеді. Бота туа салысымен басын соқпасын деп бақылайды. Бура, атан жоқ жерде туғызады, ол шайнап тастайды. Уызынан жылма жасайды. Уыз сүтін суалғанша, қайылғанша баяу отқа қойып қайнатып жасаған тағам. Дәмі тәтті, көп ауруға ем. Қайнатқан кезде ұдайы араластырып тұрады, ештеңе қоспайды. Жылма - өкпе, құрт ауруларына, әл кетуде ем диета. Өркешінен тартып тұрғызады.

Тіздеу – шөккен күйінде аяғын байлап мойнына асырып артқы аяғын крестеп байлайды. Қоскіндігі екі тарам. Шешесінің үстіне салып асады. Қоскіндікті болып тек еркек бота ұшырайды. Түйе пышқырса жазда жел, қыста боран тұрады.

Қоздату – қайта төлдету үшін тұз, шарана сүтті сумен қосып дымқылдап қозыға жағып жалатады немесе мұрнын тесіп бірденеге байлап қояды, қозы түртініп еміп алып кетеді. Ауызын ағашпен керіп қояды. Дұға оқып Хасен Самиғуллин қараңғыда оқиды. (Дерек беруші Айтқалиев Қанатбай. 1942 ж.т.)

Жүнді тірнектеу – жуу, түту – иіру-ширату 2 қабаттап кенептеу. (топтау, отырғышқа 1 домалақ = 1 кг) 1 сирағын керт қойып айналдырып орап, 4-5 жерден буып бояуға әзірлейді. Сонан осы суға бояуға, ірке су, тұз, керосин, ашудас сияқты бастырық (закрепитель) жіпті салып 15-20 қайтара баяу отқа суымен қойып, бояуы сіңгенге суған соң іледі. Сонан қайтадан домалақтап орап (клубок) дайындайды. (Дерек беруші Бибифатима Шәкіржанова 1942 ж.т. )

Бура пішу – жығып, алдыңғы 2 аяғын матап байлайды. Артқы 2 аяғын мойнына қарай тартып байлайды. Йод жағады, тазалайды. Су жақындайтпайды тазартады. Жанағы алабота жүнін жағып тазалайды. Қолмен ұстап қысып тұрып, дорбасын тіледі. Жонған 2 ағашты таяқ қысып тамырды қысады да жаны кеткен соң, қазықбау шалып байлайды. Немесе бұрап-бұрап алып тастайды. Дорбасының ішіне нафталин себеді. Құйрығын жіппен өркешке байлайды, соғып жараламасын деп. Қолы ауыр болмасын деп пішпешіге ақтық пен ақша береді. Қаңтар, ақпанда кеседі, құрттап кетпес үшін, құрттаса тазалауға жарамайды.

Түйе мұрындық – қыз жасауын алып келе жатқанда жол бойындағылар арқан керіп кәде алу ғұрпы

Тұмылдырық – мұрындығы жоқ танауы тілінбеген түйеге, танауына жіппен астыңғы үстіңгі ерінге бірдей тұйықтап ноқтаның ұшын тұйықтап тұмылдырық құспайды, бақырмайды. Көбіне ұрылардың айласы. Қаусыр –қаңылтыр, үлекке салады. Ноқта орнында басында жүреді. Қажет кезінде тартып қалады. Нар түйені мәрт мінезді түрікпенге теңейді.

Қорықтық құю – адам төбесіне қап кенеп ұстап оның үстіне ожау ұстайды. Ожауда су бар. Балқытқан, еріген қорғасынды “бисмиллә” сөздерін айтып құяды. Сонда ауырған, шошынған, қорыққан адам, бала неден болған себебі қорғасында бейнесі қалады. Соған сай ары қарай емдейді. (Жанаш Нұрмаханов. 1922 ж.т. Шеркеш).

Түйе үйрету – ботасына еміренген соң нарды үйрету қиын ұрып қорқытуға болмайды, кекшіл, қақар, сауғызбайды. Қашқан кезде 3 жылға дейін шалқұйрық құйрығы тілерсегіне түскен, шашақталған түрі қашып туған жеріне келеді. Жамбылдан – Берулиге дейін 3 жылдан кейін 25 түйе жоғалып біреуі ғана аман-есен, 4 өзенді кесіп өтіп келген екен. 70 түйе екен, бір бағытқа қашады. Оны кесіп қана құтылады.

Қазақы нар – үлек – кердері мая. Үлек түс айырға түскісі келмейді. Сол үшін 2 өркешін жауып, алдын бітеу етіп салады. Жайылғанда нар, айыр жеке-жеке кетеді. Тершіл келеді, теріне қашқанда ботасын шайнап кетеді. Бошалау – ұрғашы түйеге тұсаудың өімен тән 40 шақырымға кетеді. Еркек бота туарда – құбылаға ұрғашы бота туарда күн шығысқа

Бура төбелес – аяз шыңылтыр түсе иықтасада, жүні түсіп қалады. Шаптан тістен үйден бездіреді, күштісі жеңіп алады. Келеге түседі. Қартайған сайын ерте жарап ерте ноябрь, декабрь аяғында қайтып кету.

Бата оқырға Астрахань, Атырау облысы батысында өлімге келген туған қыбыры болсаң алған соң жерленгенше халық шай ішпейді. Таңертең жерленеді деген кешінде қонақасында береді сонда ғана тамақ ішеді. 3, 7, 10 100 күні, жылы, 10 жылы беріледі. Бізде молда алдында ақ шүперек, ақ орамал жабылады. Соның үстінде/ астына шетіне ақша қыстырады не үстіне қояды. Келген адам сәлем беріп келіп отырады (реті болса үндемей келіп). Құран оқылып, бата айтылған соң сәлем, жөн-сұрауды бастап сонан соң қайтыс болған адамның жақындарына (қасына бармай дистанция ұстай отырып) “қайырлы болсын!” айтады.

Ал, Атырауда бата оқырға келген адам қол алып амандасады. Құран оқығанда ақша салмайды. Тек марқұмның жақындарының қолына ақша ұстатады. Ертеректе құрт, ақ тағам апарған. (Айбарша Бейсенова. 1954 ж.т. Беркеш –Жайық – Бердібек)

Асық ойын түрлері “Мергендік” деп те атайды:

1) Шеңбер жасап ату. Тақыр жерде сақы, топаймен атады. Шеңбердің диаметрі шамамен 1-1,5 м әр ойыншы 1-2 асықты тігеді. Ойыншылар 1 орында ғана тұрып, бірінен соң бірі атады. Сақа кіріп ретін табады – алшы – тәйкі. Өзара ойын басталмас бұрын келісіп келіп атындығын келіседі. Тау ешкі асығын – ұн ымға деп атайды. Сақаны иіріп, топаймее атады. Бірінші бала ғана алыстан қатарластырып тігеді. Сол атқанда шеңберден шыққан асықты ғана алады. Мұнан соң шеңбердің жан-жағына келіп атады.

2) Шомпы – асықты төңкеріп тігеді. Шомпыны 1-1-ден тігеді. Шеңбер жасап асық ату принципімен бірдей ойналады. 5-10 м-ден тұрады.

3) Манай – шеңбер жасамайды. Тіңбей қабаттап, тап қылыр тігеді. Сақаны алыс қашыққа лақтырады. 5-6,5. ең қашыққа лақтырғаны бастап атады. Жоңды ешкімдікі тимесе асыққа жақын түскен жонды бұзады. Кімнің сақасының түскеніне сәйкес келетін асықты бөкісіп алады. Сақа жерде жатады. Ендігі кезекте сақаны көздейді, алыстағы сақаны дәлдеп атады. Сақаға тисе 1 – асығын ұтады, асық біткенше ұтысып ойнайды.

4) Атауы жоқ асық – сақа ұтысу. Қолына уыстап асық, 1-1 сақа ұстайды, сақасын жақынға лақтырады оны 2-ші, 3-ші атады. Тигізгені тиген адамның 1 асығын ұтады.

5) Төрт асық (тәйкі) - 4 шақты кіреді. Әдемі ойнайтын 4 адам бәстесіп келісіп алады. 1-ші адам кіреді. 1-алшы, 1-тәйкі, түссе ештеңе ұтпайды. Егер 1 алшы түссе иірген адам 100 т төлейді. Тек тәйкі түскені ғана ұтады. 1 алшы , 1 тәйкі түссе қайтадан иіреді.

Асық ойынындағы эквивалент Сақа = 2 асық, Арқар сақасы (құлжа) = 3 асық, Қошқардың асығы = 2 асық.

Бесқала” – көне Үргенті, көне Хожаелі, Хиуа, Қоңырат деп атаған. Жұмыс жақта барып еңбек етеді. Астық алады, керуен тартады. Жүн, мал өкілдерін апарады. Алаша, текемет етіп айырбасқа апарады. 1947 ж-ға дейін солай болды. Бесқалаға 20-25 күн жүріп барады. Онан жүгері, жуа тары ғана алған.

Көрісу – үлкендермен құшақтасып кісілермен қол берісіп, аталас тумаластарға 7 түрі тағам асады. Ерлер төс соғыстырып көріседі. Жиендерге көйлек, жаулық сый кәдесін ала келеді. Келесі жылға дейін көрісуге міндетті. Күн шықпай ерте тұрып көріседі. Жастары, жолы кішілер келіп көріседі.


Ескерту: 400 беттен астам экуспедиция материалдарының ең елеулі тұсы ғана қосымша ретінде берілді.





ҚОСЫМША № 2

Мәскеудегі Ленин атындағы Мемлекеттік кітапхана қорынан алынған қазақ этнографиясы тақырыбындағы электронды нұсқадағы материалдар тізімі

Примеч.: подчеркнутые файлы в PDF (Acrobat)

неподчеркнутые в JPEG (Photoshop)


Электронды материал атауы

Көлемі КБ

Файл атауы

ескертпе

1

Алекторов А.Е. О киргизах. 3-50 с. 47

73,1 МБ

25 л.

Алекторов.

О киргизах.

2

Аничков И.В. Киргизский герой Джанходжа Нурмухамедов (очерки из первых шагов русских на Сыр-Дарье). Казань,1894. 29 с.

1270 КБ 10 л.

Аничков.О Ж.Нурмухамедове

3

Аристов А.Н. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казаков Большой Орды и каракиргизов. СПб., 1895. 98 с.

569 МБ

98 с.

Аристов этнич. Состав

4

Ахмеров, Катанов. Яссави. Монеты. // Восточные заметки. Казань, 1896. 40 с.

60 МБ

15 л.

Ахмеров,Катанов. Восточ. Заметки

5

Балкашин Н.Н. О киргизах и вообще о подвластных России мусульманах. СПб., 1887. 61 с.


2780 КБ / 61 с

----------

106 МБ.

24 л.

2 вида файла:

1)Балкашин Киргиз мусульман

2) О подвластных мусульман

6

Бларамберг И.Ф. Воспоминания. Москва: Главная редакция восточной литературы издательство «Наука», 1978. (репринт)

40,6 МБ

360 с.

бларамберг

7

Бларамберг И.Ф. Журнал веденный во время экспедиции для обозрения восточных берегов Каспийского моря в 1836 году.

5780 МБ

120 с.

Бларамберг.

Журнал

8

Бларамберг И.Ф. Земли киргиз-кайсаков Оренбургского ведомства (военно-статистическое обозрение). Т. 14. часть 3. СПб., 1848.

53,3 МБ 44 л.

Бларамберг. О воен.-стат. землиКир.-кай.

9.

Бородин Н.А. Уральские казаки и их рыболовства. Санкт- Петербург. Издания «Вестника казачьих войск» 1901. 31-3 с.

7,75 МБ

34 с.

Бородин.Рыболовство


10

Бочагов А.Н. Алаш-Орда. Краткий исторический очерк о национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-19 гг. Государственное издательство КССР. Кзыл-Орда, 1927.

3,4 МБ.

57 с.

Бочагов Алаш Орда


11

Вознесенкий А.Е, Пиотровский А.Б. Материалы для библиографии по антропологии и этнографии Казахстана и среднеазиатских республик. Ленинград. Издательство Академии наук ССР 1927. 249+11 с.

523 МБ 101 л.

Вознесенкий, Пиотровский. Библиогр. По этно.

12

Вельяминов-Зернов. Исторические известия о киргизах-кайсаках и сношение России с Средней Азией.Уфа, 1853. Часть I. 231 с.

55 МБ 123 л.

Вельяминов-Зернов. Т 1

13

Вельяминов-Зернов. Исторические известия о киргизах-кайсаках и сношение России о Средней Азией. Уфа, Губернской типографии, 1855. Часть II. 64 с.

170 МБ 40 л.

Вельяминов-Зернов. Т.2


14

Вл. фон Герн. Из записной книжки и правы киргиз-казаков и быт скотоводства о киргизов. Этнографические заметки (СС.1-33) + Адрес-календарь Семипалат. обл. за 1899 г. // Памятная книжка Семипалатинской области. Семипалатинск. 1899. 42 с.

139 МБ 46 л.

Вл. Фон Герн право и сотв.

15

Вопросы истории Казахстана и русской дворянско-буржуазной и современной историографии советологов. Алма-Ата. 1985.


4,50 МБ.

8 с.

вопросы истории

(должно быть 90 с. Ошибка сбоя)

16

Галкина М.Н. Этнографические и исторические материалы по средней Азии и Оренбургскому краю. СПб., 1869.

27,1 МБ

360 с.

галкина


17

Гейер И. По русским селениям Сыр-Дарьинской области. Том І, Чимкентский уезд, Ташкент, Типо-литография Бр. Каменских, 1893.

4,85 МБ

183 с.

Гейер


18

Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. Том І.

СПб.,Типографии М.М. Стасюлевича 1897.

56,4 МБ. 598 с.

гейнс путевые зам 1865г.

19

Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. Том ІІ. Дневник. (С.1-548). Мотивированная временная инстукция уездным начальником Тургайской области (С.536-748)

СПб.,Типографии М.М. Стасюлевича 1898. 741+7 с.

32,6 МБ

748 с.

гейнс Дневник 1866.


20

Гродеков Н. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. Том I.Ташкент, 1889. 205 с.


893 МБ 271 л.

Гродеков Кирг. Сыр-дар области.


21

Гуннер М. Сборник казахских национальных игр и развлечений. Комсомольское издательство ЦК ЛКСМ Казахстана Алма-Ата. 1938.

1,43 МБ

38 с.

Гуннер каз. игр и разв.

22

Добромыслов А.И. Верблюдоводство в Тургайской области. Оренбург, 1895. 45с.

99,7 МБ 25 л.

Добросмыслов Верблюд.Тургайск.

23

Добромыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. 23 рисунками. Оренбург, Изд-е Тургайского Областного Стат. Комитета. 1895. 360 с.

320 МБ

200 л.

Добросмыслов Скотоводство

24

Ельницкий К. Инородцы Сибири и Среднеазиатских владении России. Этнографические очерки. Издание 2-е. СПб., Издания М.М. Гутзаца 1908.

12,6 МБ 136 с.

Ельницкий.


25

Есмагамбетов К.Л. Действительность и фальсификация (Англо-американская историография о Казахстане). Алма-Ата: Казахстан, 1976.

9,92 МБ 184 с.

Есмагамбетов.

26

Описание западной Сибири. Т.ІІІ. Описание Сибирско-киргизской степи. Сочинения Ипполита Завалашина. Москва, 1867. 143 с.


135 МБ 80 л.

Завалишина. Сибиро-кирг. степь.

27

Загряжский. Юридические обычаи киргизов. О народном судье у кочевого населения Туркестанского края по обычному праву (зань) // Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Н.А.Маева. Ежегодник. Выпуск IV. СПб., 1876. СС.151-202

57,3 МБ 30 л.

Загряжский обыч. право. нар. суд.

28

Заседателев Н.И. Древний обряд коронования у тюркских народов Казань. Типография Императорского Университета, 1894. с. 9 с.


8,51 МБ 5 л.


Заседателев. Обряд коронования (2-3 стр отсутствует)

29

Ибрагимов И. Заметки о киргизском суде. Из записок ИРГО по отделению Этнографии. Том. ҮІІІ. СПб., Типография В. Киршбаума, 1878. 27 с.

1,36 МБ

27 с

Ибрагимов.

Кир суд.

30

Ибрагимов И. Поминка // Древняя и новая Россия. Сборник. Год второй. Том III. 1876. С. 51-63 + 1 рис.

31,6 МБ 11 л.

Ибрагимов Поминка

31

Изразцов Н. Обычное право (адат) Семиреченских киргизов // Этнографическое обозрение. Под ред. Янчука. 1897. №3-4. С. 67-94.


84 МБ

24л.

Изразцов Н. Адат киргизов Семиречья.

32

Извлечения из отчетов ветеринаров, командированных в киргизской степи. Отчет о поездке в киргизская степи Европейские и Азиатской России с целью исследования условии и причин развития и распространения скотских падежей ветврача А.В. Кадомцева. СПб., 1877. 107 с.

176 МБ 57 л.

Кадомцева. Отчет в кирг. степи. 1877.

33

Казанцев И. Описание киргиз-кайсаков. СПб., Типография Товарищества «Общественная Польза» 1867.

9,62 МБ 239 с.

Казанцев 1866 Киргиз-кайсак.

34

Калиев Садыр. Образцы киргизской литературы. Краткая история России. (Киргизское стихотворение). Со предисловием научной транскрипцией, русскими переводом и примечаниями Н.Ф.Катанова и со дополнениями А.А.Воскресенского. Казань Типо-литография Императорского Университета, 1903. С.3-29.

36 МБ 14 л.


Калиев С.

Кирг. литература


35

Карелин. Журнал веденный при обозрении части Киргизской степи в ученом отношении. Типография А.С. Суворина. 1831. 11 с.+1 карта.

744 МБ

12.

Карелин. Обозрение Кирг. степи 1831


36

Карутц Р. Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке. СПб., 1910.


293 МБ 131 л.

Среди киргизов и туркмен.

37

Кеппен П. Область киргизов. О киргизах подвластных России // Девятая ревизия. О числе жителей в России в 1851. СПб., 1857. СС.120-123, 256-297 + 18 предисл.

67 МБ.

37 л.

Кеппен.Кирг подвласт. Рос.9-ая ревизия.

38

Хронологический указатель материалов для истории инородцев европейской России. Составлен под рук. Петра Кеппена. СПб.,1861. С. 312-341.

85 МБ. 19 л.


Кеппен. Хрон. указатель.


39

Киттары М.Я. Ставка хана внутренней киргизской орды. Статья I. // Журнал Мин-ва Внутр. Дел. 1849. Часть 28.Кн.10-11. 1849. С. 107-133. Статья II (Продолжение) Там же С. 175-196 .


1,99 МБ

48 с.

-----------

86,6 МБ

26 л

2 вида файла:

1)Киттары Ставка хана орд.

2) Киттары. Ставка хана.

40

Киргизское равнинно-кочевое хозяйство. 20 с.

66 МБ

20 л.

Киргизское равнинно-кочев.

41

Киргизы Кустанайского уезда Тургайской области.Отделный оттиск из ХХҮІ тома Известии общества Археологии, истории и Этнографии за 1910 год. Казань. Типография Императорского университета, 1910. 16 с.

13 МБ.

9 л.


Киргизы Кустанайского уезда Тургайс. обл.

42

Военно-статистическое описание Туркестанского военного округа. Сыр-Дарьинская область. Составил ген штаба подполковник Ф.Корольков. Ташкент, 1912. СС. 1-14, 37-89, 109-217 с.


894 МБ.

167 л.

Корольков. Военно-стат. описан. Туркест. округа.

43

Очерк быта Семиреченских киргизов. Действительного члена А.Н. Краснова. Читано в собрании отделения этногграфии 27 марта 1897 года. 46 с.

46 МБ.

24 л.

Краснов. Очерк быта Семир. кирг.

44

Красовский (сост.) Материалы для географии и статистики России. Области Сибирских киргизов. Часть І, СПб., Типография Владимирская, 1868. 428 с. + 23 таблиц



28,2 МБ

451 с.

-----------

2,41 ГБ

455 л.

2 вида файла:

1) Голицын Ч. I.

----------------------

2) Красовский. Мат. геогр. и стат. России Ч.1

45

Красовский (сост.) Материалы для географии и статистики России. Области Сибирских киргизов. Часть ІІ, СПб., Типография Владимирская 1868. 464 с. + 18 таблицы


26,3 МБ

482 с.

---------

1.62 ГБ

339 л.

2 вида файла:

1) Голицын Ч. 2.

------------------------

2)Красовский. Мат. геогр. стат. России Ч. 2.

46

Красовский (сост.)Материалы для географии и статистики России. Области Сибирских киргизов. Часть ІІІ, СПб., Типография Владимирская 1868. 264 с.+ таблица + 2 карты

23,4 МБ

273 с.



Голицын Ч. 3.



47

Этнографические очерки киргизов Перовского и Казалинского уездов. Сочинение Х. Кустанаева воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии под ред Н.А.Воскресенского Ташкент, 1894. 52 с.

49 МБ.

32 л.

Кустанаев Этнографические очерки.

48

Куфтин Б.А. Календарь и первобытная астрономия киргиз-казахского народа // Этнографическое обозрения. №3-4, 1916. С. 123-155. 32


59 МБ.

32 л.

Куфтин. Календарь и астрономия.

49

Лыкошин Н.С. Пол жизни в Туркестане. Очерки быта туземного населения. Тип Б.Д. Брукера Петроград. 1916.

22,8 МБ 415 с.

Лыкошин Очерк быта туземного нас.

50

Львович Дм. (псевдоним) (Иванов Д.Л.). По киргизской степи. Путевые очерки. Петроград, Издания Д.Ф. Девриена, 1914. 227 с. со 28 рисунками художника Н.И. Ткаченко

295 МБ.

118л.

Львович (Иванов) По кирг. Степи

51

Маев Н.А. Библиографический указатель, сочинений, напечатанных в России с 1692 Н.В.Дмитровского. Статистика Семиреченской области за 1870-1871. Этнографические материалы (Народы родословные мангит Мулла. Народные само управления. Не достатка воды. Пословицы). // Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Н.А.Маева. Ежегодник. выпуск III. СПб., 1874. СС. 176-419

128 МБ.

77 л.


Маев. библиогр. этногр. материалы 1874.


52

Маковецкий П.Е. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Выпуск 1. Омск: Типог. Окруж. Штаба, 1886. 84 с.


4 МБ.

88 л.

142 Мб / 46 с

2 вида файла:

1)Маковецкий. Обыч. уголов. право.

2) Маковецкий. Обыч. уголов. право.

53

Киргизы. Исторический очерк и народный характер. Досуг // Народы России Киргизы. 1879. IV. СПб., Типография общественной польза, 1879. 58 с.+5 рисунок

58 МБ.

39 л.


Народный характер киргиз.


54

Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию. Часть І. 1715-1856 гг. Изд. САГУ. Ташкент, 1955.

5,41 МБ 83 с.

Русс. эксп. Сред. Аз. Ч.1

55

Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию. Часть ІІ. 1856-1869гг .Изд. САГУ. Ташкент, 1956.

6,42 МБ 102 с.

Русс. эксп. Сред. Аз.Ч.2


56

Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию. Часть ІІІ. 1869-1880 гг. Изд. САГУ. Ташкент, 1969.

8,05 МБ 181 с.

Русс. эксп. Сред. Аз.Ч.3


57

Маслова О.В. Обзор русских путешествий и экспедиций в Среднюю Азию. Часть-ІV. 1880-1886 гг. Изд. САГУ. Ташкент, 1971.

5,93 МБ 136 с.

Русс. эксп. Сред. Аз.Ч.4


58

Миллер В. Систематическое описание коллекций Дашковского этнографического музея. Выпуск I-IV. Москва. 1887. I-XIV,

С.96-109 с.


49 МБ.

18 л.

Миллер. Системат. описание коллек. Дашковского

59

Миропиев М.А. О положении русских инородцев. СПб., Сунодальная Типография 1901. 522 с.

27,9 МБ 522 с.

Миропиев.Положение инородцев.

60

Несколько заметок о киргизской степи Оренбургского ведомства. Из журнала М.В.Д., ч. XXXVIII , кн. 10-1859.

1,72 МБ.

44 с.

Заметки о кирг. степы Оренбург, вед.

61

Нестеров А.Л. Прошлое Приаральских степей в преданиях киргизов Казалинского уезда. СПб., Типография имперской академии наук 1900.

706 КБ 13 с.


Нестеров. Приаралья В преданиях.

62

О древних Союзах киргиз-кайсаков. Исторический очерк. СПб.,1886. 101 с.

390 МБ.

52 л.

Древ. Союз. киргиз-кайсаков.

63

Остафьев В. Колонизация степных областей в связи с вопросами о кочевом хозяйстве. Из. «Записок» З.-Сиб. Отдела Императорского Рус. Геогр. Общества кн. XVIII, вып 1. Омск, Типог. Окр. Штаба, 1895. 62 с.

2,81 МБ 62 с.

Остафьев. Колонизация степных обл.

64

Охотин Е. В киргизском кочевье и в Уральских горах. Путевые наброски. Казань, Лито-Типография И.Н. Харитонова, 1898.

819 КБ 19 с.

Охотин. О кирг. кочев.

65

Пиралиев Мендали Султан. Письма из Зауральской степи. Москва. В Типография Бахметова 1862.

686 КБ 24 с.

Султан Пиралиев.


66

Положения об управлении в степных областях. 1898. 282 с.

387 МБ

164 с.

Положение об управ. степн. обл.

67

Румянцев Киргизский народ в прошлом и настоящем.

СПб.,1910. 65 с.

110 МБ.

34л.

Румянцев. Кирг. в прош. и настоящ.

68

Рычков П. Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в киргизско-кайсацкой степи в 1771 году. Во СПб., При Императорской Академии наук, 1772.

4,59 МБ

105 с.

Рычков. Днев. записки 1771.

69

Рычков П. Топография Оренбургская, то есть обстоятельное описание Оренбургской губернии. Сочинение коллежским советником и Императорской академии Наук корреспендентом Петром Рычковым. Часть І. При Императорской Академии наук 1762 года.

9,68 МБ 331 с.

Рычков Топография Оренбург,

70

Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость Казахского народа (1797-1838). Очерки по истории национального движения Казахстана в 2-х частях. Издания О-ва Изучения Казахстана. Кзыл-Орда, 1926.

21,1 МБ 300 с.

Рязанов 40 л. борьба.

71

Ряднин М. Казахстан на путях к социалистическому строительству. Издания Казахского Государственного Издательство. Кзыл-Орда, 1928. 86 с.

2,87 МБ 86 с.

Ряднин Каз. В соц. стр.

72

Сапожников В.В. Очерки Семиречья. Джунгарский Алатау и одна экспедиция в Заилийский Алатау. Томск, 1906. 15 с. С картамаи и 44 автотипами.

28 МБ.

9 л.

В.В. Сапожников. Очерк Семир.

73

Быт и нравы киргизов. Составил А.П. Смирнов. СПб.,1897. 27 с.


43 МБ,

18 л.

Смирнов Быть и нрав киргизов.

74

Смирнов Е. Сыр-Дарьинская область по официальным источникам. СПб., 1887. 360 с.

320 МБ,

105 л.

Сыр-Дарьин область.

75

Степняк К. Материалы к истории Султана Кенесары Касымова. Воспоминание кара-киргиза Калигулы Алибекове о последних днях Кенесары. Под ред. Проф Поливанова и д-ра Досмухамедова. Ташкент:Туркестанское Государственное издательство,1923. 12 с.

355 КБ 12 с.

Степняк К.Касымов.

76

Толычева Т. Киргизка. Москва, 1880. 8 с.


12 МБ,

5 л.

Толычева. Киргизка.

77

Тронова В.Д. Материалы по антропологии и этнологии киргизов. СПб.,1891. 42 с.


43 МБ,

24 л.

Тронова Антроп-ии обыч. право.

78

Тынышпаев М. Отзыв о труде А.П.Чулошникова по истории казах-киргизского народа. Кзыл-Орда, Общество изучения типография 1926.

1,03 МБ 16 с


Тынышпаев Отзыв Чулошникову

79

Федоров Д. Военно-статистическое описание Туркестанского военного округа. Чжунгарско-Семиреченский приграничный район. Часть I.Ташкент, 1910. 181 с.

129 МБ,

94 л.

Федоров Чжунгарско-Семиреч.

80

Ханыков Н.В. О населении киргизских степей занимаемых внутреннюю и малыми ордами // Журнал МВД. 1844. Ч. ҮІІІ. С.3-60.

97 МБ,

31 л.

Ханыков. кир. населения.

81

Харузин Н. История развития жилища у кочевых и полукочевых тюркских и монгольских народностей России. Москва. 1896.

6,78 МБ 132 с.

Харузин История развития жилища.

82

Чтение для взрослых детей. Очерки Зауральской степи и внутренней или Букеевской орды. Москва. В типография В. Грачква и комп. 1859.

3,98 МБ 101 с.

Очерк Зауральской степи для детей.

83

Шнэ В. Зимовка и другие постоянные сооружения кочевников Акмолинской области.Омск. 1894. (с планами киргизской зимовки степной безлесной и лесной местностей) 18 с.

24 МБ,

11 л.

Шнэ. Зимовка Акмолин. обл.

84

Шкапский О.А. Киргизы – крестьяне (из жизни Семиречья) СПб., 1905.

15,5 МБ.

6 л.

Шкапский. Кир. крестьяне.

85

Ягмин А. Киргиз-кайсацкие степь и их жители. С рисунками. СПб., Типография Карла Крайя 1845. 105 с.

3,62 МБ 105 с.

Ягмин.Киргиз-кайсац степь и жители


Барлығы : 50 бума, 3315 файл и 11228 бет.



ҚОСЫМША № 7



ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАР


Ғылыми монография:

  1. Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы: Алматыкітап, 2006. – 284 б. (қазақ, орыс, ағылшын тілінде).

  2. Бата – тілектер (жинақ). Құрастырушы: Нұргелді Уәлиұлы.– Алматы: Арыс, 2005. – 88 бет.

  3. Кенжеахметұлы С. Қазақтың дарқан дастарханы. – Алматы: Алматыкітап, 2007.-240 б. (қазақ, орыс, ағылшын тілінде).

  4. Кенжахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. –Алматы: Алматыкітап, 2007.- 284 б. (қазақ, орыс, ағылшын тілінде).

  5. Хинаят Б., Исабеков Қ.М. Саятшылық. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы. Казахская традиционная охота.–Алматы: Алматыкітап, 2007. – 208 б.

  6. Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері Этнография традиционного вооружения казахов. –Алматы: Алматыкітап, 2007. – 272 б.


Сөздік:

1. Катран Д., Хинаят Б. Монголоязычные источники по истории и культуре Казахстана. Т.ІІІ Алматы, 2007. «Дайк Пресс» (в составе авторского колл.) 10 п/л

2. Уәлиұлы Н. Қазақ әдеби тіліндегі этнографизмдер.- Алматы: Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2006-2008. I-VII том. (редакциясын басқарған Н.Уәлиұлы).

3. Шойбеков Р. Алтынның түрлеріне байланысты атаулар. –Алматы: Қазақ әдеби тілінің сөздері, 2006. I том.

4. Шойбеков Р. Қолөнеріне байланысты бұйым атаулары. – Алматы: Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 2006-2008. I-VII том.


Ғылыми-әдістемелік құралдар:

1. Алимбай Нурсан. Традиционное вооружение казахов как предмет этнологического исследования: логико-методологический аспект. Автор предисловия и научный редактор книги: Ахметжан К. Этнография традиционного вооружения казахов. – Алматы: 2007.



Ғылыми мақалалар:

1. Алимбай Н. Казахская версия эпического сказания «Едыге» как источник по социальной истории кочевников (предварительный опыт источниковедческой экспертизы). // Вестник Евразийского гуманитарного института. – 2006. - № 4. – сс. 5-10.

2. Алимбай Н. Община как главная организационная форма социальных отношений у кочевников: предварительные заметки // Вестник Евразийского гуманитарного института. – Астана. - 2006. - № 2. – сс. 17-24.

3. Алимбай Нурсан. Евразийское кочевничество как общинный тип социальности (на итальянском языке) // Издание Болонского университета. 2007. - 1 п.л.

4. Әлімбай Нұрсан. Дәстүрлі қазақ қоғамын зерттеудің ілкімді принциптері жөнінде қысқаша номадологиялық дискурс (немесе жалпытеориялық проекция). // Евразийский ежегодник: Сборник науч. статей. // Под ред. С.А.Абдыманапова и Ж.А. Ермекбаева. – Астана: изд-во ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2005. - 157-187 б.

5. Егізбаева М.Қ. XIX-XX ғ. басындағы Тарбағатай өңірі қазақтарының киімі // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. – 2007. - № 1 (44). – 128-131 б.

6. Егізбаева М. Тарбағатай өңірі қазақтарындағы аңшылық // Қазақ тарихы. 2007. -№ 1. 49-52 бб.

7. Егізбаева М.Тарбағатай өңірі қазақтарының баспанасы // Отан тарихы. 2007. - №1. 195-204 бб.

8. Катран Д. Свадебный головной убор невесты саукеле как инструмент обычно-правовых отношений у казахов // VI Конгресс этнографов и антропологов России. Тезисы докладов. - Санкт-Петербург, 2005. - с.253.

9. Катран Д. Структура внутрисемейных отношении казахов// Кazakhstan law for foreigners (международный журнал). –Алматы, 2006. - №1(6).- 52-58 р. (0,5 п/л. на англ. яз.)

10. Қатран Д. Мал-мүлік, заттық мәдениет бұйымдары – қазақтың дәстүрлі құқық, наным-сенім мәселелерін зерттеудің дереккөзі (үйлену жосындарында жүретін дүние-мүкәмалдар семантикасының этномәдени қыры) // Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, келешек. V-халықаралық Еуразия ғылыми форумының еңбектері. 12-13 қазан. -Астана. 2006. 179-182 бб. (5 б)

11. Қатран Д. Қазақтың үйлену салты: өткені мен бүгіні жайлы қысқа экскурс. // Туған тіл. (альманах)) -Астана 2006. №1(03). 83-91 бб. (1 б/т)

12. Қатран Д. Ежелгі әшекейлердің сиқыры // Tengri. -Алматы. 2006. №4(5). 42-48 бб. (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) (2 бет)

13. Қатран Д. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты моңғол деректері. Т.ІҮ. Алматы, 2007. «Дайк Пресс» (авторлар ұжымымен бірге) . 15,5 б.т.

14. Қатран Д. «Қазақ кілемдері». «Тенгри» журналы. 2007 ж. №2. 80-84 6б. (қазақ,ағылшын,орыс тілдерінде) (3 бет)

15. Қатран Д. «Ұйғырдың ұлттық тағамдары» журнал «Я путешественник». Алматы-2008; Осень. -cс. 45-47.

16. Тойшан А. Өнердің пайда болуы туралы мифтердің типологиясы (Қазақ пен моңғолдың фольклорлық материалы бойынша) // Жұлдыз, – 2006. – №7 – Б. 191-198.

17. Тойшанулы А., Нурбаев А. «Тойге» – древний напев трудовых песен скотоводческой культуры // Алтае-Саянская горная страна и история освоения ее кочевниками. – Барнаул, – 2007. – с.171-175.

18. Уәлиұлы Н. Қазақ тіліндегі зоонимдердің этнимологиясы // Қазақ тілі мектепте, колледже, ЖОО – нда, 2006.- 5 бет.

19. Уәлиұлы Н. Қазақ халқының күнтізбесі. ҚҰЭ. 2005, 6т.

20. Шойбеков Р. Етікшілік өнеріне байланысты атаулар // Тілтаным, 2006. №4.

21. Шойбеков Р. Тоқымашылық өнеріне байланысты сөздер // ҚазҰУ Хабаршысы, 2006. №6.

22. Хинаят Б. Қазақ қолданбалы мәдениетіндегі ою-өрнектің мәні туралы // “Ұлттық өнер - құндылығым” жинақ. -Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 89-108 бб.

23. Хинаят Б. Казахская магия скотолечения // CITY-Business. 2008. № 1. Алматы. - cc.62-64.

24. Хинаят Б. Cакральность бараньей лопатки // CITY-Business. 2008. № 2. Алматы. - cc.58-61.

25. A kazak-magyarok történetéhez // THE HUNGARIANS AND THE ORIENT-II - Conference on Ancestral History 7-th HUNGARIAN WORLD CONGRESS.– Budapest, 16-20th August, 2008. Proceedings Рр. 89-96.


Ғылыми баяндамалар:

1. Алимбай Н. Пути совершенствования музейной сети страны: проблема и метод (некоторые практические предложения к проекту концепции развития второго этапа Государственной программы «Культурное наследие») // Музей и общество: Сборник выступлений участников заседания круглого стола. Астана, 12 мая 2006 года. – Астана. – 2006. - сс. 6-12.

2. Алимбай Нурсан. Евразийское кочевничество как общинный тип социальности // Материалы международной научно-практической конференции. Урбанизация и номадизм под эгидой ЮНЕСКО. 17-19 мая 2003 г. - Алматы: Дайк-Пресс. – 2004. - сс. 78-86.

3. Алимбай Н. Вопросы типологии кочевого типа историко-культурного ландшафта (к постановке вопроса). Выступление с докладом на Международной конференции, посвященной 100-летию Д.С. Лихачева «Экология культуры и сохранение наследия» в Москве.

4. Егизбаева М.К., Файзуллина Г.Ш. Этнокультурное взаимодействие казахов и татар Семипалатинской области (к вопросу об атрибуции музейных предметов из этноконтактных зон). // VII Конгресс этнографов и антропологов России. Секция «Региональные особенности этнокультурных взаимодействий (пограничье: проблема диалога культур; межэтнические взаимодействия в зонах контактов близкородственных культур; культурный синкретизм в полиэтничных регионах)». - Саранск, 9 – 14 июля 2007 г. – Москва-Саранск, 2007. Тезисы докладов. Секция 31

5. Катран Д. Свадебный головной убор невесты саукеле как инструмент обычно-правовых отношений у казахов // VI Конгресс этнографов и антропологов России. Санкт-Петербург, 28 июня - 2 июля 2005 г. Тезисы докладов. - Санкт-Петербург, 2005. - с.253.

6. Катран Д. Кумыс - ритуальный напиток Казахского Дастархана // VII Конгресс этнографов и антропологов России. Секция «Традиционные системы питания». - Саранск, 9 – 14 июля 2007 г. – Москва-Саранск, 2007. Тезисы докладов. Секция 16

7. Хатран Д. Мал-мүлік, заттық мәдениет бұйымдары - қазақтың дәстүрлі құқық, наным-сенім мәселелерін зерттеудің дереккөзі (үйлену жосындарында жүретін дүние-мүкәмалдар семантикасының этномәдени қырлары) // Мир Евразии: история, современность, перспектива: Труды пятого Международного Евразийского научного форума / Под ред. С.А. Абдыманапова. – Астана: Изд-во ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2006. – с. 179-182.

8. Хинаят Б. Роль календарных и метеорологических знаний в системе жизнеобеспечения казахов монгольского Алтая (тезис) // Сборник материалов VII конгресса этнографов и антропологов России. Саранск, 9 – 14 июля 2007 г. Секция 34.

9. Хинаят Б. Қазақ жеріндегі мадьярлардың ізі қазақ-мадьярлардың (венглердің) тарихи-мәдени байланысы контексінде // Мир Евразии: история, современность, перспектива: Труды V Международного Евразийского научного форума / Под ред. С.А. Абдыманапова. – Астана: Изд-во ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2006. – с. 193-196.

10. Khinayat B. Country Report – Kazakhstan // UNESKO Report Memory of the World. The 3 Regional Training Workshop on the Preservation of and Access to Documentary Heritage in Asia and the Pacific. – 186-189 p.

11. Khinayat Babakumar. A keleti magayrsagrol irott emlekek. Budapest: Puski kiado (With Benko M). (Источники о восточных мадьярах (историко-культурные взаимосвязи венгров и казахов) (на венгерском языке).


БАҚ-да жарияланған мақалалар:

  1. Алимбай Нурсан, Интервью журналу «Shahar=Культура» (О ЦГМ РК) // Shahar=Культура. - 2004. - № 2. – с.187-189.

  2. Алимбай Нурсан. Центральный Государственный музей Республики Казахстан: структурные преобразования и проблемы // World Discovery. – 2004. - № 5. – с. 106-109.

  3. Алимбай Н., Катран Д. Этикет казахского застолья - дастархан. // World Discоvery. – 2004. - № 1. – сс. 70-73.

  4. Алимбай Н. Создание Президентского центра культуры / Интервью журналу World discovery. // World discоvery. – 2004. - № 4. – сс. 98-101.

  5. Катран Д. Структура внутрисемейных отношений казахов // Кazakhstan law for foreigners (международный журнал). – Алматы, 2006. - №1(6).- 52-58 р. (0,5 п/л. на англ. яз.).

  6. Егізбаева М. Ырыс жұғыс, береке ортақ // Достық. 2007.№ 1-2. -сс.76-79

  7. Катран Д. Казахские ковры // Тенгри (бортовой журнал). 2007, №2. -с. 80

  8. Қатран Д. Ежелгі әшекейлердің сиқыры // Tengri. -2006. - № 4 (5). – сс. 42-48.

  9. Тойшан А.«Киіз үйдің киесі // «Дала мен қала газеті, Журналист Аттила Сансызбайұлымен сұхбат. – 2006. – №14 (143). – 14 сәуір.

  10. Khinayat B. Tazy hunting with kazakh haunds. Тазы. Охота с казахскими борзыми». // Tengri (бортовой магазин). 2007, №1. сс. 92-95. 1 п.л

  11. Хинаят Б. О соколиной охоте у казахов // «Tengri». -2006. - №1.

  12. Хинаят Б.Казахская магия скотолечения // CITY-Business. 2008. № 1. Алматы. - CC.62-64.

  13. Хинаят Б.Cакральность бараньей лопатки // CITY-Business. 2008. № 2. Алматы. - CC.58-61.











КРАТКАЯ АННОТАЦИЯ


Название проекта: “Традиционная система этнографических категорий, понятий и названий у казахов” (историко-этнографический словарь)

Проект реализует: Центральный государственный музей Республики Казахстан

Руководитель проекта: Нурсан АЛИМБАЙ кандидат исторических наук, доцент

Ключевые слова: ЧЕЛОВЕК, ОБЩЕСТВО, ПРИРОДА, СОЦИУМ, ОБЩЕСТВЕННЫЕ ОТНОШЕНИЯ, ХОЗЯЙСТВЕННО-КУЛЬТУРНЫЙ ТИП, ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯ, ЭТНИЧЕСКИЙ СТЕРЕОТИП, ЭТНОЭКОЛОГИЯ, ЭТНОПСИХОЛОГИЯ, РИТУАЛ, ОБРЯД, ОБЫЧАЙ, ТРАДИЦИЯ, ТРАДИЦИОННЫЕ ВЕРОВАНИЯ, КОЧЕВНИК, КУЛЬТУРА, ЭТНОС, ЭТНИЗАЦИЯ, СИСТЕМА (КУЛЬТУРА) ЖИЗНЕОБЕСПЕЧЕНИЯ.

Краткое содержание: Категориально-понятийная основа (структура) традиционной культуры казахов, отражающая своеобразие и направленность многовекторных и многоуровневых причино-следственных связей человека, общества и природы в кочевой среде.

В результате реализации проекта создан богато иллюстрированный и научно-обоснованный историко-этнографический словарь традиционных категорий и понятий у казахов объемом 195 п.л.

Научно - практическая значимость данного проекта обусловлена тем, что создание научно-обоснованного, систематизированного академического этнокультурного словаря энциклопедического характера по традиционной культуре казахского народа, является одной из первых попыток в истории казахстанской науки.

Источниковедческую базу составляют редкие архивные, устные, рукописные материалы, первоисточники и литература с ХVІІІ по ХХ вв, научные монографии.

По данному проекту были осуществлены этнографические командировки по западным (ЗКО, Атырауская и Мангыстауская обл.) и восточным (ВКО) и южным (Алматинская и Жамбылская обл.) регионам Казахстана и Синцзянь-Уйгурский автономный район КНР и Баян-Ульгийский аймак Монголии и в Российскую Федерацию (Москва, Омск, Кош-Агач). В ходе командировок собраны ценные сведения у информантов по традиционному ремесленному искусству и промыслам, рыболовству, верблюдоводству, кочевых путях, отгонно-джайляуному скотоводству, народным приметам и поверьям, различным видам орудий труда, культу святых (Бекет Ата, Шопан Ата, Шакпак ата) и элементам архаичных обрядов и примет и т.д. В ходе командировок сделано более 500 фотографии, отражающих архаичные элементы традиционной казахской культуры и быта.

Впервые будут введены в научный оборот названия, понятия и категории, отражающие этнокультурные особенности казахского народа. Данная работа будет востребована различными смежными с этнологией научными дисциплинами - философией, культурологией, этнопсихологией, этнолингвистикой, этнопедагогикой, этносоциологией и др. Словарь будет представлять интерес не только в научном смысле, но и в широкообразовательном аспекте. Следует отметить, что словарь носит скорее этнографический, чем этнолингвистический характер, что подчеркивает новизну исследования, т.к. до сегодняшнего дня данная тема в Казахстане не разрабатывалась в подобном уровне.

В ходе работы параллельно велось выяснение наиболее важных узловых вопросов традиционной этнологии, таких как архаичные формы обычаев и обрядов, механизм их осуществления, региональных особенностей и этнокультурных заимствований и архаичные элементы обычаи и народных примет. Удалось выяснить в ходе исследований и точно определить специфику предметов материальной культуры, а также способы их изготовления, традиционной технологии подготовки материала и сырья некоторых редко встречающихся, позабытых образцов материальной культуры.

За период реализации проекта систематизированы и отредактированы авторские материалы в объеме 1477 машинописных страниц. Cистематизированы и классифицированы источники и экспедиционные материалы по этнографиии казахов в объеме более 400 стр., подготовлены 310 схем и рисунков, около 180 документальных фотографий.

В настоящий момент подготовлен текстовый материал в объеме 632 машинописных стр. для І тома этнокультурного словаря по алфавитному реестру: Аба-әшекей – 198 с.; Баба - Бітім құда - 174 с.; Гак - Ихрам - 152 с.; Жабағы-жіп-шу - 108 с. Для первого тома подготовлены 130 чертежей, и зарисовок и более 60 документальных фотографий.

Подготовлен текстовый материал в объеме 1309 машинописных страниц для ІІ и ІІІ тома словаря по алфавитному реестру: Камзол - Кішіні аялау - 189 с., Қабақ-қысқаш - 278 с.; Лабаз - ояз - 191 с.; Өбере - Сірне - 209 с.; Таба-тіс шұқығыш - 212 с.; Уақұрт - яса 230 с. и подготовлены 180 схем и рисунков и обрабатывается более 100 документальных фотографий.


* Кәлем-шариф – Құран Кәрімнің тағы бір атауы.

* Жәшиық - жатар алдындағы намаз

49



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.11.2024
299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12