«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНИПАСЫ»
Ұстаз – ұлы тұлға, жанашыр жан. Шәкірт өмірінде ұстаздың орны бөлек екені даусыз. Бар білімін беруге күш-қуатын сарп еткен тәлімгерлеріміз қаншама. Әмбе жанашыр, әмбе қамқор бола білген бұл жандарды еске салу біздің міндет.

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген даңқты мұғалімі, Қазақстан Ұлттық Педагогика ғылымдары академиясының құрметті академигі, Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері. 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келді. Әкесі Омарғали – Ұлы Отан соғысының екінші топтағы мүгедегі, анасы Әзине – «Батыр ана» атағын алған көпбалалы ана.
Оқуы мен білімі
1952-1959 жылдар аралығында Сталин атындағы жеті жылдық мектепті, одан кейін 1963 жылы Ақжар селосындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін механизатор болып тынбай еңбек етеді. 1964-1968 жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оқуын «үздік» дипломмен аяқтайды. Институт қабырғасында театр өнерінің маңдайалды мүшесі болып, халық артистері Ә.Жаңбырбаев, К.Сәкиеваларды шеберлігімен тәнті етті.
Қызметі мен танылу жолы
Оқуын аяқтай сала, Қанипа Бітібаева 12 жыл туған ауылында мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. 1976 жылы директорлар семинарында атақы ұстаз, КСРО Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиев ұстаздың сабағына қатысады. Жас ұстаздың еңбегіне таңдай қаға, оны «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігіне» ұсынады. Алғашқы күннен бастап мектепте «Жас қалам» әдеби драма үйірмесін жүргізіп, ауылда кіші театр ашады. Аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізеді. 1976 жылы Мәскеуге барып, академик Ю.К. Бабанскийге жолығып, «Оқу-тәрбие жұмысын оптималдандыру» туралы жоспарына жоғары баға алып, Ленин атындағы орта мектептің жұмысына оптимизация идеяларын кіргізе бастады.
Қ. Бітібаева 1977 жылы ауданда тұңғыш рет «Әдістемелік кабинет» жабдықтайды. Ол аудан мұғалімдерінің - ғылыми ізденіс орталығы, зертханасына айналады. Шалғай ауылдағы жас ұстаз еңбегі облысқа тарап, республикаға естіле бастайды. Ауданда, облыста іс-тәжірибесі таратылады. 1980 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатына жұмысқа шақырылады. Республикалық «Шапағат», «Ақбұлақ» арналарына ұстаз туралы жеті рет хабар беріледі.
Москвадағы осы сапарында оған «Народное образование» журналының білімді, беделді әрі Одаққа танымал тілшісі Лев Красновский жолығып, үш күн сұхбаттасып, интервью алады. Педагог-тілші Қанипаның іс-тәжірибесіне аса қызығып, «Одақта сіздей ұстаздар аз» деп ағынан жарылды. «Мен қолымда билігі бар адам болсам, Сізге бүгін-ақ «Халық мұғалімі» деген атақ берер едім» дейді. «Народное образование» журналының 1990 жылғы бесінші санында «Я сделала свою карьеру» атты мақаласын басады.
Одақтық «Учительская газетаның» арнаулы тілшісі С.Синицкая Қанипаның 18 сабағына қатысып, шәкірттерімен сұхбаттасады. Қанипа шәкірттерінің мектеп көлемінен асып-тасып жатқан терең біліміне тәнті болады.
Ұстаз қайда жүрмесін, қай мінбеде сөйлемесін, қай беделдінің алдында тұрмасын ешкімнен қаймықпай, туған тіл тағдырын, қазақ тілінде оқытатан мектептер мәселесін, ұстаздар жайын батыл көтеріп отырады. Сол себепті де әріптестері оны «Қазақтың Қанипасы» деп атай бастайды.
Берілген атақтары мен марапаттары
Алғаш танылғанда Шығыс Қазақстандағы тұңғыш Бүкілодақтық «Крупская медалінің» иегері болады. 1990 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығы беріледі. Ұстаз Одақта бесінші, өз елімізде бірінші лауреат атанады.
Ұстаздық жолда жанкешті еңбегіне «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі, СССР Халық Ағарту ісінің үздігі, Монғол Халық Республикасының «Даңқты ұстаз» атағы иегері, Республиканың «Ең үздік ұстазы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің иегері, ШҚО, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мүшесі, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «Лидер образования» медалінің иегері атанып, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының профессоры, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Қазақстан-Американдық еркін университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі сынды ғылыми атақтар мен марапаттар беріледі.
Еңбектері
Ұстаз алдына Ресей, Қытай, Түркия елдерінен де ғалымдар, ұстаздар келіп, іс-тәжірибесімен танысады. Ұстаздың сабақтарына қатысқан академик З.Ахметов, атақты ғалым Т.Кәкішев, парламент мүшесі педагог-ғалым Ж.Наурызбай, ақын Ф.Оңғарсынова т.б жоғары баға береді. Ұстаз туралы жазылған Одақ, республика, облыс көлемінде жазылған 70-тен артатын мақалалар, очерктер, ақындар жыры, әріптестерінің пікірі – ұстаздың ерен еңбегінің куәсі.
Жаңашыл ұстаз – 150-ден аса ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 40 кітаптың авторы. Ежелгі дәуір әдебиетінен, бүгінгі әдебиетті қамтитын оқу бағдарламасын, оқу құралдарын жазды. «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» атты үш кітабында осы мәселелер сөз болды.
Қанипа Омарғалиқызы Абайды оқыту туралы үш кітап, Әуезовті оқыту туралы үш кітап жазды. Бұл еңбектер - ұлыларды оқыту туралы Республикадағы тұңғыш іргелі зерттеулер.
Ұстаз белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаевтардан кейін жоғарғы оқу орнының оқытушыларына, ұстаздары, мектеп мұғалімдеріне негіздеп, «Әдебиетті оқыту әдістемесі, технологиясы» атты үш оқулық жазды.
Ұстаз - жаңа буынның жетінші сыныпқа арналған оқулығының, әдістемелік оқу құралдарының авторларының бірі.
Қанипа Омарғалиқызы 1960-2000 жылдар әдебиетін оқыту мәселесіне де арнайы еңбектер жазды. М.Мақатаев, Ж.Жақыпбаев, Т.Айбергенов, К.Мырзабеков, А.Сүлейменов, О.Бөкей, Ф.Оңғарсынова сынды аса дарынды қалам иелерін жоғары сыныптарда оқытудың өзекті мәселелерін көтерді. Ол сондай-ақ, «Абай ақындығының айналасын» арнайы қарастырып, оқу бағдарламалары мен әдістемесін ұсынды.
1991 жылы ұстаз «Қазақ әдебиетін әлем әдебиетімен байланыстыра оқыту» бағдарламасын жасап, оны облыстық, республикалық ғылыми кеңес сарабынан өткізіп, авторлық сыныптарды ашты. Қазіргі күнде оны бітіргендер профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаттары болып отыр.
Қанипа Омарғалиқызы 1991 жылы іс-сапармен Американың Аризона штаты, Тусон қаласында болып, іс-тәжірибе таратты. «Тусон қаласының құрметті азаматы» болды. Іс-тәжірибесімен Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан, Ресей қазақтары да таныс.
2013 жылы «Егіз өрім» педагогикалық эсселер жинағын жазды. Бұл соңғы еңбегі болды.
Ұлы ұстаз 2014 жылы 9 қыркүйекте дүниеден өтті.
Томирис ӘЛИХАН
ШҚО, Өскемен қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың Қанипасы

шағым қалдыра аласыз