Материалдар / Қазақтың салт-дәстүр,әдет-ғұрып, нақыл сөздерін сабақта пайдалану

Қазақтың салт-дәстүр,әдет-ғұрып, нақыл сөздерін сабақта пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
13 Ақпан 2024
199
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Талаптыға нұр жауар.
B) Еңбек түбі – береке.
C) Үш салт атты жүріп келеді.
D) Шу өңірі өнімді мол береді.
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
2.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 3.
B) 2.
C) 4.
D) 1.
E) 5.
3.Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол жығылып қалды.
B) Табиғат – біздің досымыз.
C) Марат күліп жіберді.
D) Еңбек етсең, есейерсің.
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
4.Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
B) Сабақты екеулеп оқыды.
C) Қызыл шұбары – он үш.
D) Отыз – онға бөлінеді.
E) Сексенді екіге бөл.
5.Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Кейбіреулері сәл тоқтады.
A) Зат есім.
B) Сын есім.
C) Есімдік.
D) Етістік.
E) Одағай.
6.Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
D) Орамалың бар ма?
E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
7.Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
A) Ол – күлдіргі бала.
B) Оқыған озады.
C) Мақсат ән айтты.
D) Армансыз адам болмайды.
E) Арманға жету керек.
8.Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.
A) Маған сыйлық әкелді.
B) Мен еңбекті бағалаймын.
C) Ана сүтін ардақта.
D) Оның төрттен бірін ал.
E) Сыйлық бәріне жетті.
9.Үйірлі бастауышты табыңыз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
10.Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
A) Бәріміз уәдені орындадық.
B) Жата-жастана айтарсыз.
C) Мен ертең келемін.
D) Қашан келесіңдер?
E) Біз тез келдік.
11.Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз.
A) Жиырма – тақ сан.
B) Сара қуанды.
C) Ол сүрініп кетті.
D) Поезд уақытында келді.
E) Орындық әкеленді.

12.Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
B) Күле беру – ыңғайсыз.
C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
13.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Атың әдемі екен.
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
C) Көп ұзамай жауын басылды.
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.

14.Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
A) Есті.
B) Адамдарда.
C) Бар.
D) Қасиет.
E) Уайым жеу.
15.Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
A) Сендер.
B) Өмірдегі.
C) Ең.
D) Бақытты.
E) Адамсыңдар.
16.Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
A) Еңбек - өмір рахаты.
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
C) Үйде екі-ақ адам отыр.
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
E) Ол мәселені шешіп кетті.
17.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
B) Іздеген жетер мұратқа.
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
D) Әбіштен келген екен.
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
18.Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
A) Сәуле кеше келді.
B) Алатау - әсемдіктің символы.
C) Ол шешесіне хат жазды.
D) Сымбат – үлгілі қыз.
E) Баласы тиянақты екен.

19.Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
B) Жас мұраты – білім.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Тақырыбы дұрыс емес.
20.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.

21.Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
E) Абайдың терең мәнді бейнелі сөздері ел ішінде мақал болып кеткен.
22.Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
E) Дариға, домбырамды берші маған.
23.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.
E) Ермек өте жақсы оқиды.
24.Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Мен оны тыңдадым.
B) Сен оны ұнатпайсың.
C) Менің тыңдағым келеді.
D) Көп оқисың.
E) Емтиханға барамын.
25.Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Менің оқуға түсуім керек
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
C) Асан әдемі.
D) Олар келді.
E) Айнаш күлді.
26.Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.
E) Бақыт кеше келді.
27.Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
A) Сәуле кешікті.
B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде.
D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.
E) Көп тыңда, аз сөйле.

28.Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.
А) –қы, -кі, -ғы, -гі.
В) –а, -е, -й.
С) –атын, -етін.
D) –лы, -лі.
Е) –да, -де
29.Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Жай сөйлем.
D) Толымды сөйлем.
Е) Жақты сөйлем.
30.Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
А) Енді сізге айтуға тура келді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Ол дос жүрегіне сенеді.
D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
Е) Менің айтқаным келді.
31.Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Оның Абайды білгісі келді.
B) Енді сізге айтуға тура келді.
C) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
D) Ол дос жүрегіне сенеді.
E) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
32.Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бір ғана сөзден жасалса.
B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем.
C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі.
D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
33.Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
A) Талай сырды атқардық.
B) Мен елдің елшісімін.
C) Рахмет күлді, қуанды.
D) Біздің замандасымыз қандай екен?
E) Қазақтың осынысы ұнайды.
34.Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен кетіп барамын.
B) Сендер қараңдар.
C) Үй жап-жарық.
D) Ол өте көркем жігіт.
E) Айдала.
35.Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Сені тексергім келіп тұр.
B) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
C) Айсыз қараңғы түн.
D) Инабаттылықты қастерлейік.
E) Еңбек етсең, емерсің.
36.Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
B) Бастауышы жоқ сөйлем.
C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
37.Атаулы сөйлемді табыңыз.
A) Бұрқыраған ақ қар.
B) Беті албыраған қыз келді.
C) Сулы жерде шөп өседі.
D) Көрмегеніңді көрдің.
E) Өркенің өссін.
38.Толымды сөйлемді анықтаңыз.
A) Күздің суық түні.
B) – Жоқ.
C) Келгеніне екі сағат өтті.
D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
E) – Иә.
39.Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Бала күнім.
B) Төле би кім болады?
C) Негметжан! – деді Балуан Шолақ.
D) Ақыры ай туды.
E) Ауа ылғал тарта бастаған сияқты.
40.Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
A) Да, де.
B) Және.
C) Сондықтан.
D) Бірде.
E) Болмаса.
41.Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.
A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
42.Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.
A) Ыңғайлас.
B) Себеп-салдар.
C) Түсіндірмелі.
D) Кезектес.
E) Қарсылықты.
43.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.
44.Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.
A) Түсіндірмелі.
B) Себеп-салдар.
C) Ыңғайлас.
D) Қарсылықты.
E) Кезектес.
45.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.
A) Себеп-салдар.
B) Кезектес.
C) Қарсылықты.
D) Түсіндірмелі.
E) Ыңғайлас.
46.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.
B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.
C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.
D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.
E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
47.Құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.
B) Қарағым, бермен екл.
C) Ақылды қарттан нақыл шығады!
D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
E) Ерлік көрсеткен ер болар.
48.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
E) 6.
49.Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.
A) Да.
B) Та.
C) Де.
D) Те.
E) Және.
50.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.
B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.
D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
51.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.
52.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.
A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.
C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.
E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.
53.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.
A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.
C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.
E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.
54.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз.
A) Ол: “Батыр хал қалай?” деді.
B) Ол, Батыр, хал қалай? деді.
C) Ол: “Батыр, хал қалай?” – деді.
D) Ол: Батыр, хал қалай – деді.
E) Ол “Батыр, хал қалай?” – деді.
55.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді көрсетіңіз.
A) “Көлтауысар, көлдің суын құрт,” – деді Төстік.
B) “Көлтауысар, көлдің суын құрт”- деді Төстік.
C) “Көлтауысар, көлдің суын құрт” деді Төстік.
D) Көлтауысар көлдің суын құрт – деді Төстік.
E) “Көлтауысар, көлдің, суын құрт” – деді Төстік.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ