Қазақтың ұлттық бас киімдері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақтың ұлттық бас киімдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты:Білімділігі қазақ халқының ұлттық киім түрлерімен бас киімдерімен ою өрнектері мен танысу. Дамытушылығы:оқушыларға салт -дәстүрлер туралы түсіндіру қазақтың ұлттық бұйымдарымен,ою-өрнек түрлерімен жасалу жолдарымен таныстыру Өз бетімен безендіре білуге,Ұлттың кәсіпке тәрбилеу Тәрбиелігі:оқушылардың шеберлігі ой-қимылын көркемдігі толғамдарын арттыру,
Материалдың қысқаша нұсқасы




Түркістан облысы А.Рудаки атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі технология пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы Сарсенбаева Оразгул Кенесбаевна 2024– 2025 оқу жылы



Тақырыбы:

Қазақтың ұлттық бас киімдері.

Сабақтың мақсаты:Білімділігі қазақ халқының ұлттық киім түрлерімен бас киімдерімен ою өрнектері мен танысу.

Дамытушылығы:оқушыларға салт -дәстүрлер туралы түсіндіру қазақтың ұлттық бұйымдарымен,ою-өрнек түрлерімен жасалу жолдарымен таныстыру

Өз бетімен безендіре білуге,Ұлттың кәсіпке тәрбилеу

Тәрбиелігі:оқушылардың шеберлігі ой-қимылын көркемдігі толғамдарын арттыру,

Сабақтың байланысы;Қазақ әдебиеті,қазақ тілі,тарих,

Сабақтың көрнектілігі;Суреттер,сөзжұмбақ,ұлттық бұйымдар

Сабақтың әдісі,теориялық,сарамандық, өзіндік.

Қажетті құралдар;қайшы,қағаз,мата,ине,жіп,түрлі -түсті моншақтар,үкі,файль.

Сабақтың барысы;ұйымдастыру

А) оқу құралдарын түгендеу

Ә)өткен сабақтарды пысықтау;

Қауіпсіздік ерекшелігін таныстыру

Сән таңдау деген не?

Стил деген не және неше түрі бар?

Силует деген не оның түрлерін атап бер?

Жаңа сабақ;

Қазақ халқының ұлттық киімі дегенде көзімізге, қос етек ұзын көйлек,үстінде камзол,басында тақия,киген сұлу қызбейнеленді.

Қазақ халқының киімі көненің көзі. Бізге дейінгі ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық киімдері Республика мұражайында сақтаулы тұр. Қазақтың киімін қастерлеу, құрметтеу, халқымыздың мәдени тарихын құрметтеу деген сөз. Ерлердің ұлттық киімі шапан, етік, бөрік, айыр қалпақ киген. Ал әйелдердің ұлттық киімі: белі бүрмелі ұзын желбезікті көйлек. Ол шәйі,немесе сылап, бешпент, шапан, басына қыздар тақия, бөрік киген, әйелдер жаулық, кимежек киген. Көйлектің жеңі ұзын ол да желбезекті, мойны да бітеу жабық желбезектікиген. Оның үстіне жас ерекшелігіне қарай қыздар шымқай қанық қызыл, күлгін камзол киген, ал әйелдер жасыл, көк, қоңырбарқыттан, пүліштен, шұға мақпалдан қамзол киген. Оның белі қынама, етегі кең пішілген, ұзындығы мыхынға дейін, немесе тізеге дейін түсетіндей етіп, жағасы жоқ, алдыңғы жағы омырауға дейін ойық келеді. Ал енді қазақтың ұлттық бас киімдеріне келейік. Қазақтардың бір ерекшелігі- ол ешқашан жалаңбас жүрмегені. Қазақта әйел болсын, еркек болсын бас киіммен жүрген. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп үкілеп қойған. Мың жылдық тарихында аттан түспеген халық үшін денсаулық аса қажет болған. Қысы үскірік аяз, жазы аптап ыстық қазақ даласында денсаулық сақтаудың өзіндік шарттары бар: қыста суық, жазда күн өткізбейтін киімдер керек болған. Осы киімдер ғана қазақты күн өтуден немесе аяздан ұрынудан сақтап келеді. Ұлттық этикалық нормаларында бас киімге ерекше орын берген. Мәселен қыздардың бас киімдері мен келіншектердің бас киімі, оларға салыстырғанда, әжелердің бас киімдері арасында айырмашылықтар болған. Қыздар үкілеп бөрік, тақия кисе, келіншектер басына шәлі, жаулық жапқан. Ал әжелер басына кимешек киген. (түрлерін таныстыру) Қоғамның өркендеуіне байланысты кейбір киімдер мен бас киімдер жаңа түр, жаңа пішінде болғанымен олар ұлттық нақышын сақтай отырып, өзінің бағасын әдемілігін жоғалтпай, әлі күнге дейін халық арасында кеңінен қолданылып келеді. (Тақия пішіп, тігіп көрсету)

Қазақтың ұлттық бас киімдерінде, қамзолда, шапандардың өңіріне, етегіне зерлі оқалар, түрлі жылтырақтардан ою –өрнек жүргізеді. Кәзіргі шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіп, кесте, бисермен өрнектеуге машықтанған. Қамзолдар түймеленбеген.ұсталар соққан әшекейлі күміс қапсырмалармен немесе асыл тастары бар түймелермен ілгектеген.

«Ою-өрнек- латын тілінен орламент сәндеу немесе әсемдеу деген сөз» «өрнек – бірнеше сызықтан құралған әсемдік сызба»

«Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» - деген сұраққа атақты суретші Әбілхан Қастеев «Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйзінен» -деп жауап беріпті.

Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері 4-топқа бөлінеді.

  1. Жануарлар тектес ою-өрнек

  2. Өсімдік тектес ою-өрнек

  3. Геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнек

  4. Ғарыштық денелерге байланысты ою-өрнек

Мысалы: қошқар мүйіз ұлттық бұйымдарда текеметте, сандықта, әшекей бұйымдарда кездеседі. Ол жан-жануарлар тектес ою-өрнек.

Сергіту сәт: еңбек туралы мақалдың жалғасын тап ойыны.

  1. Еңбек етсең ерінбей......................

  2. Еңбек етіп ас ішшең-.........................

  3. Еңбектің наны тітті....................

  4. Еңбегі аздың ......................

Қыздар: ұлттық оюларды ойып өрнектеу.

Қорытынды: Бауыржан Момышұлы айтқандай:

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейрімді болсын,

Ағайын туысқа пейілді болсын.

Өнер – білімге зейінді болсын,

Ұлттық кйімді қастерлейтін,

Он саусағынан өнері тамған,

Оюшы болсын деп,- адамның көңіл- күйін білдіретін смайліктер таратамын.Өте жақсы деген белгіні алған оқушылар тақтаға смайліктерін іледі.Жұмыстарын бағалау, мадақтау

.


Үйге тапсырма: бас киімді сәндеу, ою-өрнек түрлерін ою.



















Еңісте жүрген ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Еншілеп алған ауруға,
Екі дүниеде ем қонбас.
Ананың сүтін арда емген,
Атадан бала кем болмас.
Тебініп атқа мінсе де,
Тектіге тентек тең болмас.
 
Қазанға түспей ас болмас,
Қарекет қылған аш қалмас.
Қазақтың қара баласы,
Біріне-бірі қас болмас.
Қазақтың қара баласы
Біріне-бірі қас болса,
Күндердің күні туғанда,
Жат болудан жасқанбас.
 
Өзіңе өзің жаудайсың,
Бітпейтін істі даулайсың.
Төріңді жатқа жайлатып,
Төсекте жатып аунайсың.
Аузыңмен орақ орасың,
Тіліңмен оны баулайсың.
Атымтай сенің неңді алған,
Қожанасырдан аумайсың.
 
Сарыала қамыс сар қамыс,
Саясы кімге алданыш?
Самырсын қанат сары балақ,
Самұрық көкке самғап ұш!
Жақынның бәрі сарамсақ,
Алыстың бәрі арбағыш.
Балаға бағбан болса игі,
Бабадан қалған ар-намыс.
 
Асу да асу бел қайда?
Аса бір соққан жел қайда?
Еңіреп туған ел үшін,
Едіге сынды ер қайда?
Еңісте малы мыңғырған,
Ежелгі қоныс жер қайда?
Еншісі бөлек ер ұлан,
Еңсесі биік ел қайда?
 
Атадан қалған көз қайда?
Абыздан қалған сөз қайда?
Алауыз болса арасы,
Ағайын азып-тозбай ма?
Барға да, жоққа бар қадыр,
Баяғы бекзат кез қайда?
Кенеуі кеткен тіршілік,
Кеуденің шерін қозғай ма?
 
Басыңның көзі балбал тас,
Басына байғыз қонбай ма?
Қаражал тіккен қараша үй,
Қараусыз бір күн қалмай ма?
Отқа да түскен қызыл тіл,
Шоққа да түскен қызыл тіл,
Бекерден бекер, Құдай-ау,
Заманның зарын толғай ма?
 
Аспанның бәрі ала қат,
Алланың нұры ғаламат.
Келген бір күнге салауат,
Көрген бір күнге қанағат.
Жаманнан туар жалмауыз,
Жақсыға құмар жамағат.
Қадымнан қалған қағанат,
Қазаққа бүгін аманат.  
 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2025
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі