Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық киімдері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Қазақ ұлттық киімдері

Күні: 16.03.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Аманжолова Б.С

Сынып: 4 «Б»

Қатысқандар:14

Қатыспағандар:1(себепті)

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

  • Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.

  • Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Туған ел, өскен ортаның адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  • Балалардың танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын сауатты жеткізе білуге дағдыландыру.

  • Елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Өзінің туып өскен Отанын мақтан тұтатын тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, бейнебаян, суреттер, слайд.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту





Мағынаны тану

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар!

-Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды «Қазақ ұлттық киімдері» атты бейнебаян көруден бастасақ.

-Балалар, көрсетілген бейнебаяннан нені байқадыңыздар?

  1. Қазақ халқында қандай ұлттық киімдер бар?

  2. Оларды кім ойлап тапты?

  3. Қазіргі кезде осындай киімдердің қайсысын әлі де адамдар киеді?











Шығармашылық жұмыс

Балалар сөйлейді.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата-бабаларымыз өте ыңғайлы, жеңіл әрі әсем киімдерді ойлап тапқын.

  • Балалар, біздің халқымызды қалай атайды екен?

  • Қазақстан елі қандай?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар.

  • Балалар, Қазақстан – қандай ел?

Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кең байлығы да жеткілікті, мол.

  • Балалар, біздің осындай табиғаты бай, кең өлке Атамекенде бейбіт өмір сүруіміз кімдердің арқасы?

  • Ал енді, балалар, өздерін қазақ халқының ұлттық киімі жайлы не білесіздер? Айтып беріңіздерші?!

Қазақ халқының ұлттық киімдері (Зейнеп Наз)

Қазақ халқының киім – кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.

Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері. Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.

Сәукеле - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады. (Жансая)

Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді. (Амина)

Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. (Гази Етка)

Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді. (Қайсар)

Саптама етік – қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы. (Султанали)

Байпақ - жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады. (Гайде)

Бөрік – Қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің - етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік, т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді. (Нұрғаным)

Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. (Абильмансур)

Қамзол - 18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген. (Адель)

Құлақшын – Ерлердің баскиімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды. (Кумсал)

Киіз етік - қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді. (Дина)

Ішік – ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім. Қолданылатын терісине қарай олар: түлкі ішік, қасқыр ішік, сеңсең ішік, нышпақ ішік деп әртүрлі аталады. (Хафиз)



Бәрі:

Наурыз келсе,құт келгені, халайық!

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық..

Рефлексия

Сыныпта гүл, күн, көгершін суреттері ілінеді.Әр бала өзі таңдаған суреттің қасына барып тұрады. Не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

Әні:Е.Хасангалиев

Сөзі:Қ.Мырза Әлі

«Наурыз» әні орындалды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
715
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12