жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра
Қазақтың ұлттық музыкалық аспапбы домбыра.
Қазақ халқы ертеден бастап ән,күйге бай халық болған.Осы қазақ даласында өте таланты әншілер,бишилер көп тарады. Олай дейтін себебіміз атақты куйшілеріміз Дина,Құрманғазы,Тәттімбет,Сүгір,т.б. болса.Ал әншілерімізден Ақан сері,Жаяу Мұса,Нартай, секілді өнерпаздарымыз болды.Осы бір қазақ халқының ұлттық аспаптарын дамуына,халық арасында кең таралуына және ұлттық ерекшелігіміздің өркендеуіне осы өнерпаздарымыз үлес қосты десек артық болмас. Олай болса қазақ ұлттық аспаптарының тарихы мен ерекшелігін келешек ұрпақа жеткізу ұстаздардың міндетті болмақ. Қазақ халқы аспаптарға бай халық.Соның бірі ұлттық домбыра.Жалпы домбыра қағып шертіп ойналатын ішекті домбыра.Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Олардың тек сырт пішіні ғана емес,ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі екен.Олар 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар.Сондай-ақ қазақстанның батыс өңірі,Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланады.
Олай болса осы домбырада ойнаудың ерекшелігі мен он саусақ қойылымдарына музыка мұғалімі оқушылардың назарнын аударса екен.Мысалға Оң қол саусақтарымен ішекті қағу әдісіне келсек.Оң қолдың сұқ саусағы мен бас бармақтың жоғары-төмен,ерсілі-қарсылы ішекті қағуы арқылы дыбыс пайда болады.Сондай-ақ домбыраны оқушы қолына алып,алма-кезек қағып көреді.Сұқ саусақпен ішекті төмен қаққанда,бас бармақ ішекке тимей,сұқ саусақ оның астында тұрады.Ал ішекті жоңары қарай қаққанда сұқ саусақ бүгіліп.ол бармақтың астында жатады.Осылайша алма –кезек,арлы-берлі,жоғары төмен ішекті қағып қолдарын жаттықтыруы шарт.Ал сол қолдың саусақтарымен оқушыға музыка мұғалім перне басуда ережелерге мұқият көңіл бөлген жөн.Сол қол саусақтары ішектің үстінен басып тіреледі.Жалпы екеуі қосылып,дыбысты анық шығарады.Дыбысты анық шығару үшін перне буынды бүгіп басу керек.Бұл жерде музыка мұғалімі оқушы санасына шынтақты көтермей, қолдың басын еркін ұстауды ескертуі тиіс.Сонымен бірге домбыра ойнауда қол саусақтарының өзіндік атауы мен ерекшелігі болады.Мысалға 1-бас бармақ,2-сұқ саусақ,3-ортаңғы саусақ,4-аты жоқ саусақ,5-шынашақ. Осы ережелерді музыка мұғалімі оқушыға түсіндіріп кеткен жөн деп санаймын. Сонымен бірге қазақтың үш ішекті домбырасы бар екені белгілі.Ол шертер деп аталады және ол терімен қапталған ең көне музыкалық аспаптардың бірі.Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталып кеткен. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді екен.яғни құрлысы жағынан домбыра,қобыз, аспабына ұқсас.Шертер көбінесе шертпе күйлерде қолданылады.Мұғалім оқушыға шертердің түрлерін таныстырып кетуі керек деп санаймын.Негізінен ең көне түрі:бір ішекті,бір құлақты,қақпақсыз,пернесіз,мойынтиексіз,ортантиексіз болса,ал көне түрі:екі ішекті, бір(екі) құлақты,қақпақсыз,(қақпақты),мойынтиексіз,ортантиексіз.Сондай ақ жаңа түрі:үш ішекті,үш құлақты,(қақпақты)пернелі,мойынтиекті,ортантиекті болып келеді. Жалпы қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын таныстыру мен оны келешек ұрпаққа жеткізу музыка пәні мұғалімдерінің міндетті болуы тиіс деп санаймын. Олай болса қазақтың ақындары Қ.Мырзалиев айтқан Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.Қазақ-нағыз қазақ, Нағыз қазақ-домбыра деген екен.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген