Материалдар / «Қазақтың ұлттық ойындары».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақтың ұлттық ойындары».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Наурыз 2019
345
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары».

Мақсаты:

  • Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

  • Балалардың жылдамдығын жетілдіру, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • топта жұмыс істей білуін қалыптастыру;

  • патриоттық сезімдерін және Отанға, туға өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Қажетті заттар:

  • ойын бөлмесіне арналған ұлттық төсеніш (оюлы текемет, сырмақ, алаша)

  • қой малының асықтары

  • ұлттық нақышта өрнектелген қоржын

  • алдын ала дайындалған тапсырмалар

Ойын барысы:

Шаттық шеңбер: Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн болсын!

Жүргізуші: Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдерме?

Балалар: Иә

Жүргізуші:Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Балалар: Тақия тастамақ, көкпар, теңге алу, арқан тарту, білектесу, асық ату.

Жүргізуші:Балалар, қазақтың ұлттық ойындары өте көп екен. Солардың бірі «Ханталапай». Ханталапай ойыны асықпен ойналады.

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа ертегіде киіпкер Тазша бала келді.

Тазша бала: Амансыңдарма, достарым. Мен сендерге бір қоржын асық жинап қойдым. Бұл асық қой малының асық жілігінен алынады. Соның ішінде құнан қойдың асығы ірі болады. Сондықтан оны сақа асық деп, асықтардан ерекшелеп қызыл түспен бояп қояды. (асықпен ойнату үшін жүргізушіге бір қоржын асықты ұсынады).

Жүргізуші:Рахмет, Тазша бала. Балалар қараңдаршы, бізге Тазша бала мына қоржын толы асықты жинап қойған екен. Біз қазір «Ханталапай» деп аталатын қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз. Ол үшін бізге көп асық және бір қызыл түске боялған асық керек. Бұл қызыл асықты «хан асығы» деп атаймыз. Балалар, сендер асық атауларын білесіңдер ме?

Балалар асық атауларын бүк, шік, тәйке, алшы –деп атайды.

Жүргізуші:Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға – сол алда – дегендей, ең озық ойлы баланы анықтаймыз.

Ойын шарты: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып, бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. 1. «Үштабан» ойыны. Тегіс жерге шеңбер сызылады. Радиусы 1-метр. Ату сызығы 2-метр.Ойынға екі немесе оданда көп ойыншы қатысады. 5-6 ойыншы ойнаған қызықтырақ.Әр ойыншыда көнге тігетін үш(асық санын қалауыңызша өзгерте аласыз, тым көп болмағаныжақсы 3-5см аралығы) асықжәнебірсақаболуышарт. 
Көнге әр ойыншы бір-бір асықтан тігеді.Ойыншылар кезектерін сақаларын күлдіру(басқа аймақтарда басқаша айтылуы мүмкін) арқылы анықталады.Біреуі уысына салған сақаларды шашып жібереді.Кімдікі алшысынан түссе сол бірінші, тәйкесінен тускен екінші кезекте. Егер сақалар олай түспесе қайта шашылады.Ойын реті анықталған соң ойыншылар көндегі асықтарды кезектесіп атады. Көндегі асықты үш табаннан асыра ұшырып жіберген адам ол асықты өзіне алады. Үш табанға жетпесе құлаған жерінде жатқан асықты сол қалпында ата береді.Ойыншыларда бірінші ойынды сызықтан бастағанымен, ойын барысында сақалары түскен жерден атып отырады.Осылайша асықтары таусылып ұтылғанша ойналынады.Сақаны шиыра ату, сүріп ату, орай ату тәрізді әдістер болады. 2. «Шеңбер»Тегіс жерге шеңбер сызылады. Радиусы 1-метр. Ату сызығы 2-метр.Шеңбердің ортасындағы сызыққаасықтар тігіліп, шеңберден бірдей қашықтықтағы екі жақ сызықтан ойыншылар ретпен кезек асық атады. Ойыншының сақасы асыққа тиіп, асық шеңберден шықса ойыншы асықты алып, сақасы жатқан жерден келесі асықты атады. Асыққа тағы тигізіп шеңберден шығарса, асықты алып тағы атады. Шығара алмаса келесі ойыншы атуды шеңбер сызығынан бастайды. Егер шеңбер ішінде сақа тиіп құлаған асық болса, «өлік» келесі ойыншы сол асықты атудан бастайды. Ойын шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынғанша жалғасады. Ойыншылар топ-топқа бөлінеді әр топ бес оқушыдан тұрады. Ортаға бес асық тігіліп бес ойыншының ату кезегі анықталады. Шеңбер ішіндегі асықтар түгел атылып алынған соң келесі реттік ойынға қайта тігіледі. Әр ойыншының қаншадан асық алғаны хаттамаға түсіріледі. Осылай айналмалы тәсілмен бес ретке айналып, әр ойыншының бес ретке қанша асық алғанын анықтаймыз.

3. «Омпа» Асық ойынының бір түрін «Омпа» депатайды. Бұл ойынды көбінесе боз балалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты – асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады. Дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша қолдарындағы сақаларымен «Омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және шеңберден шығарса , онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимесе, жанындағы асықтарға тисе, оны да төртбұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын ары қарай жалғаса береді.

Жүргізуші: балаларға ойын шартын түсіндіріп, ойын алаңына шақырады. Балалар ортаға шеңбер құрып, ойын ойнайды.

Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады. Ойын жеңімпазы анықталып, өзінің ептілігімен, тапқырлығымен, білімімен, шапшаңдығымен, мергендігімен көзге түскен балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» және тағы басқа да атақтар беріледі.

Жүргізуші: Тазша бала, біздің балаларымыздың ойынына өз төрелігіңізді көрсетіңіз.

Тазша бала: Балалардың ойындары маған өте ұнады. Бұл ұлттық ойын ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келеді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!