Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,әріптестер!
Тәрбиеші: Бүгінгі біздің «Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу»тақырыбында өткізілгелі жатқан «Ашық есік» күніне қош келіпсіздер!
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
Мақсаты: Балалардың денсаулығын шынықтыра отырып, қимыл әрекеттерін жетілдіру. Ұлттық, тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру мақсатында қазақ халқының тіршілік әрекетіне байланысты ұлттық ойындарды ойнауға үйрету. Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ұжым мақсат әрекетіне дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір - біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой - өрісін, жадын дамытып, әрекет үйлесімін жетілдіру.
Екі тәрбиеші киіз үйдің ішінде отырады.Жандарында 1 ұл ,1 қыз отырады.Тәрбиеші екі балаға қазақтың ұлттық ойындары туралы айтып отырады.Балалар кәне онда біз өз достарымызды шақырайық,олармен бірге ойнайық дейді.
Балалар киіз үйге жиналады.
Тәрбиеші: Балалар біз сендердің білімдеріңді тексеріп көрейік.
- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан
Тәрбиеші - Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады ?
Балалар: - Орыс , неміс, өзбек, корей, армян, қазақ т.б.
Тәрбиеші - Балалар қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?
Балалар: - Тақия, шапан, желетке, мәсі, камзол , сәукеле т.б.
Тәрбиеші - Ал балалар өздерін қай ұлттың киімдерін киіп отырсыңдар?
Балалар: - Әрине дұрыс айтасыңдар Қазақтың ұлттық киімдерін
Тәрбиеші :Әдемі киініп келген екенсіңдер!
Тәрбиеші :Қазір балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз. Ойын бастамас бұрын бойымызды жазып алайық.
«Қара жорға» әуеніне орындатады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші: Ендеше балалар ұлттық ойынымызды ойнауға кірісейік иә?
Сол сәтте есікті қаққан дыбыс естіледі.
Тәрбиеші: Балалар бұл кім екен көрейік.
Тосын сәт: Есік
қағылды. Балалар қонаққа Бай мен Алдар Көсе келіпті.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
- Сәлеметсіздер?
Бай: Алдар Көсе екеуміз сендердің балабақшаларына қонаққа келіп
едік. Осы балабақшада қазақтың ұлттық ойыны болып жатыр деп
естіп едік халықтан. Бізде ұлттық ойындарына қатысып ойнағымыз
келіп тұр. Бізді ойнатасыздар ма?
Алдар Көсе:
Ендеше екеуміз бәс тігейік. Қай топ
жеңетін болса, сол бәстескен заттарымызды қалдырып кетеміз.
Жарайды.
Бай: Қойындағы дорбасын алып, ортаға қояды.
Алдар Көсе: Қолындағы домбырасын ортаға қояды. Балаларды 2
топқа бөлді.
1 - топ «Байдың» тобы, 2 -топ
«Алдар Көсенің» тобы.
Тәрбиеші:
Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,
Тәрбиеші: «Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Ойын аты: «Арқан тарту»
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,шымырлыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. Ойының барысы: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кетсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетед.
Көрнекі құралдар: Арқан
Ойын аты: «Тақия тастамақ»
Мақсаты: Балалардың сезіну қабілеттерін, байқампаздығын дамыту
Міндеті: Балалар шеңбер жасап тұрады,ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру.
Ойының барысы:Тәрбиеші балаларды айнала жүріп бір баланың басына тақия тастап кетеді. Басына тақияны кигізгенін сезген бала менің басымда деп жауап береді. Басына тақияның кигізгенін сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
Көрнекі құралдар:Орамал
Тақпақ:
Тәрбиеші:Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы.
Ойын аты: «Қыз қуу»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. Ойының барысы: Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. Көрнекі құралдар: Ағаш ат
Ойын аты: «Түйілген орамал»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу
Міндеті: Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. Ойының барысы: Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.
Көрнекі құралдар: Орамал
Ойын аты: «Соқыр теке»
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа шапшандық пен тапқырлыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Балалар дөңгелене тұрады, ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру.
Ойының барысы: Бір баланың көзі байланып қойылады.
Балалар:
Бота, бұзау, қозы, лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап, деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыр теке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.
Көрнекі құралдар: Орамал
Тәрбиеші:Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Ат
жарыс
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.
Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің «Алға»-деген
белгісі бойынша,ат үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда
мәреге тез жетіп бітіреді.Сол команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет
пердесін тақымға қысып мәреге шауып жету.
К\Құралдар: Екі командаға аттың кескін
бетпердесі.
«Күш
сынасу»
Ойын
шарты: Бұл ойын стол үстінде екі
баланың білек сынасуымен орындалады.
2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын
айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Әрі
қарай ойын осылай жалғаса береді.
Тәрбиеші:Ендеше бүгінгі сайыста Бай мен
Алдар Көсенің топтары ойынға жақсы қатысты. Алдар мен Бай бізбен
қоштасқалы тұр. Олар тағыда осындай жарыстарға қатысуға асығып
тұр екен. Сау болыңыздар балалар. (Екеуі
қоштасты.)
Тәрбиеші:Балалар енді тыныс алу
жаттығуын орындайық.
Қанеки қолдарымызды 2 жаққа созып, жоғары көтере,
мұрынымызбен терең тыныс алып, қолды төмен түсіре, ауызбен демді
шығарамыз.
Тәрбиеші:
Бүгін бізге кімдер қонаққа
келді.
Қандай ұлттық ойындармен таныстыңдар.?
Қандай ұлттық ойындарын
ойнадыңдар!
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз өзіміздің тобымыздың атына жазылған «Бота»Әнімен бүгінгі ұлттық ойынымызды өз мәресіне жеткізейік.
Тәрбиеші:В.А. Сухомлинскийдің
сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақын – ойдың қаншалықты дамуы да жоқ және
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жастық шақ өмірімен
ұштастырып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады.
Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздай
жасаған оты. Міне, ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін,
ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап
нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір
тынысы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақтың ұлттық ойындары

шағым қалдыра аласыз