400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойындары мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Қазақтың ұлттық ойындары туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық ойыннан –ұлағат!

«Наурызнама» жоспары аясында «Қазақтың ұлттық ойындар күнен орай Қостанай қаласы,Әулиекөл ауданы,Новоселовка жалпы білім беретін мектепте «Қлттық ойыннан-ұлағат» атты кішкентай бүлдіршіндермен іс-шара өткізілді.

Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз – бүлдіршіндерді қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырып, олардың дене қозғалысын дамыту, ептілікке, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан қалған ойындардың маңызын ұғындыру.Аталмыш іс-шараны Новоселовка жалпы білім беретін мектебінің шағын орталық тобының тәрбиешілері қйымдастырды.Іс –шараға «құлыншақ» тобының кішкентай бүлдіршіндері мен мектепке дейінгі даярлық сыныбының балалары қатысуымен өтті.Балалар ауылға саяхат жасап «Теңге ілу», «Ханталапай», «Тартыспақ», «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындарды ойнады. Әсіресе, асық ойындары балалардың қызығушылығын тудырып, олардың мергендік қабілетін шыңдауға көмектесті. «Арқан тарту» ойынында балалар топтасып, бірлесе әрекет етудің маңызын сезінді. Ал «Теңге ілу» ойыны ептілік пен жылдамдықты қажет ететінін көрсетті.

Ойын барысында балалардың ынта-жігері, қимыл-қозғалыстары, бір-біріне деген қолдау көрсетуі ерекше байқалды. Мұндай шаралар олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұлттық дәстүрлерімізді бойларына сіңіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Наурыз мекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың ұлттық аспаптарын,киім кешек, ыдыс –аяқтарын қойып безендіріп,арнайы дайындалған.Шара соныңда арнайы дайындалған дастарханда балалар Наурыз көжеден дәм татты. Ұлттық ойындарға қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. Мұндай ұлттық ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың бірлік пен татулыққа, салт-дәстүрлерді құрметтеуге деген сүйіспеншілігін арттырды.

Ұлттық ойындар – біздің құнды мұрамыз. Сондықтан оларды балабақша тәрбиесіне енгізу – болашақ ұрпақтың ұлттық рухта қалыптасуына ықпал ететін маңызды қадам.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2025
281
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі