Қазақтың ұлттық ою-өрнегіне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ою-өрнегіне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы түсінік берілді. Оқушылар ою бастыру, қию жұмыстарын орындады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

20-сабақ ҚМЖ

Бөлім:

Саяхат

Пәні:

Еңбекке баулу

Күні:

03 02. 2025 ж

Педагогтің аты-жөні:

Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

Сынып: 1 а

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

20-сабақ. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіне саяхат.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.2.2 шығармашылық жұмыстарды жасау кезінде ұлттық мәдениеттің элементтерін атау

1.2.3.1 материалдар және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен танысу

Сабақтың мақсаты

Қазақтың қарапайым ою-өрнектерінің түрлерін ажырата алады.

Оларды шығармашылық жұмыста қолдану барысында қию, желімдеу, бүктеуді үйрету.

Құндылықтар

Ұлттық құндылықтарды құрметтеу, дәріптеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу.

«Жүректен жүрекке» әдісі

Бүгінгі сабақта көңіл күйлері көтеріңкі болу үшін оқушыларға жүрекшелер тарату Сол жүрекшені қасында отырған көршісіне ізгі тілек айтып сыйлайды.

Амандасады. Жүрекшені көршісіне бүгінгі күнге, сабаққа ізгі тілек тілеу арқылы сыйлайды. Мысалы:

  • Аружан, бүгінгі күнің сәтті өтсін!

  • Қуаныш, бүгінгі сабаққа жақсы қатысуыңа тілектеспін!


Жарайсың!




Сабақтың ортасы

Түсіндіру

- Балалар, бүгін біз қазақтың ұлттық ою- өрнегіне саяхат жасаймыз.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі туралы мағлұмат, түсінік беру

«Ою-өрнектердің мағынасы» атты бейнежазба бойынша саяхат жасау. Бейнежазбадан қазақтың бірнеше ұлттық ою-өрнегінің үлгілерін көрсету.

Дескрипторы:

  1. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі жайлы мағлұмат алады.

  2. Бейнежазбаны көріп, олардың түрлерімен танысады.

  3. Өздеріне түсініксіз жерлері болса, сұрақтар қояды.



Ою- өрнектердің мағынасы https://youtu.b e/3PF0tjDBs9s



Қазақтың






https://qrmedia. kz/8cClx


ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

1-тапсырма.

Бейнежазбадан сәнді сөмкенің жасалу үлгісін қарайды.

Сөмке неден, қалай жасалатынын біледі.

- Балалар, бүгін біз түрлі түсті фетр қағаздан сәнді сөмке жасаймыз.

Әр оқушы А4 форматты түрлі түсті фетр қағаздарын дайындайды. Одан өздеріне ыңғайлы етіп кішігірім сәнді қол сөмкені қарапайым тәсілдермен өлшеп, белгілеп, пішінін келтіріп қиып, жинақтап, біріктіру арқылы жасайды.

2-тапсырма. Сәнді сөмке жасау

Қажетті құрал-жабдықтар:

А4 форматты фетр және қайшы, ПВА желімі, сөмке мен оюдың дайын үлгісі. Жұмыстың орындалу реті:

  1. А4 форматты фетрді ұзындығы бойынша екіге бүктейді.

  2. Бүктелген фетрге дайын сөмкенің үлгісін бастырып сыз, сызық бойымен қиып ал.

  3. Қиып алынған фетрдің екі шетіне ПВА желімін жағып біріктір.

  4. Дайын үлгідегі берілген ою-өрнекті сары фетрге бастырып сыз, сызық бойымен қиып ал.

  5. Дайын болған сөмкеге қиылған оюды желімде.

Практикалық жұмыс алдында әр сабақта айтылатын қауіпсіздік ережесін қайталап естеріне түсіреді.

  1. тапсырманы орындайды (бейнежазба көреді).

Бүгінгі тақырыпқа байланысты бірнеше тапсырма орындайды.

Практикалық жұмыс істеу үшін қажетті құрал-жабдықтарын дайындап алады.

Фетр қағаздан үлгіге қарап, рет-ретімен сәнді сөмке жасайды (қарапайым тәсілмен өлшеп, белгілеп, пішінін келтіріп қиып, жинақтап біріктіреді).


Дескрипторы:

    1. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері туралы түсінігі артады.

    2. Сөмкенің жасалу жолын үйренеді.

    3. Дайын сөмкеге қиылған оюды желімдеп біріктіреді.

    4. Қол моторикасы дамиды.







Мадақтау

ұлттық ою- өрнегі

1 қосымша


Қауіпсіздік ережесі



Бейнежазба https://youtu.b e/FAWHw4xT s0U


QR код арқылы бейнежазба















Сергіту сәті



Сергіту сәті

«Ұшты-ұшты» ойыны

Оқушыларға ұшатын және ұшпайтын заттарды айту

Ұшатын затты айтқан кезде оқушылар ұшу қимылдарын жасайды, ұшпайтын зат болса, қимылсыз тұрады.


«Ұшты-ұшты» ойынымен сергиді.

Ұшты-ұшты, құс ұшты. (Қол көтеру) Ұшты-ұшты, қыс ұшты. (Көтермейді) Ұшты-ұшты, ұшақ ұшты. (Қол көтеру) Ұшты-ұшты, тымақ ұшты. (Көтермейді)

Жарайсыңдар!


Сабақтың соңы











Рефлексия

«Шеринг» әдісі

Бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақ қою.

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

  • Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесің?

  • Сәндік қолданбалы өнерден қандай бұйым жасадық?

«Плюс, минус, қызықты» әдісі Плюс – сабақ түсінікті, ұнады Минус ақпарат керексіз, пайдасыз Қызықты қызығушылық тудырды

Оқушылар үш топқа бөлініп, шеңбер бойымен, өтілген тақырып бойынша берілген сұрақтар арқылы ойын жинақтап, пікір алмасады, кезекпен барлығы жауап береді.





Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіру арқылы рефлексияны орындайды.








Shape1




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі