Тақырыбы: «Қорқордың (кальянның) адам ағызасына тигізетін зияны»
Мақсаты: Жасөспірімдерге қорқор (кальян) шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлері туралы ғылыми әрі дәлелді түсінік беру; Зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; Денсаулықтың адам өміріндегі ең қымбат құндылық екенін ұғындыру; Салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.
Көрнекілік: Слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тыйым сөздер.
Қорқор көбіне қоғамдық тамақтану орындарында: кафе, бар, мейрамханаларда тұтынушыларға ұсынылатын темекі тектес аппарат. Қорқорға қатысты зертханалық мәліметтерге сүйенсек, қор-қор түтікшесінен алынған гигиеналық сүртінділерден ішек және көкіріңді таяқшалар, алтын түстес стафилакокк, ашытқы және грибок қоздырғыштары анықталғаны дәлелденген.
Қорқорды пайдалану дәстүрлі түрде топтық процесс болғандықтан, бірнеше пайдаланушылардың қорқор мундштукты ортақ пайдалануы кез келген ауыр жұқпалы ауруларды: гепатит, герпес, туберкулез және т.б. жұқтыру қаупін арттырады.
Қорқор темекі шегуден қарағанда ұзақтау процесс, сондықтан темекі шегу кезінде дем алатын көлемнен айтарлықтай асатын түтіннің көлемі жұтылады. Қорқор пайдаланушылармен бірге болу жанында отырған адамдарға да зиянды. Өйткені канцерогенді заттар ғана емес, сонымен қатар кальянның жанғыш заты болып табылатын көмірдің жану өнімдері де денсаулыққа кері әсер етеді.
Темекі сияқты қорқор түтінінде де көп мөлшерде көміртегі тотығы, ауыр металл тұздары, бериллий, хром, кобальт, котонин, никель және қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстар бар екендігі, су сүзгісінен өткеннен кейін де қорқор түтініндегі бұл заттардың мөлшері темекі түтінінен бірнеше есе жоғары болатындығы ғылыми түрде анықталған.
Дәрігерлер қорқордың бір порциясын шегілген бір қорап темекіге теңестірген. Түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен-өкпе обырын туындататын және ДНК мутациясына төзімді, тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңірілетін зиянды әсерлері туралы мағлұмат бере отырып, салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз!
Қорқор тарту қаншалықты қауіпті?
Казіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиянсыз ермек деп санаймыз.Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ,ал сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек! Қорқор-бұл улардың, қара майдың, канцерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізілетін «сәнді» аппарат. Қорқор түтінінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары,оның құрамында қара май мөлшері 36 есеге,көмір тек монототығы-30 улы иісті газ-8,4 есе, никотин-7,5 есе жоғары. Британия дәрігерлері қорқордың бір порциясын шегілгне 100 сигаретке теңестірген.
–Текмекінің кез-келген ін, оның ішінде қорқорға арналғанында да никотин болады. Қорқордыңбір толтырымында 6,25 мг, сигаретте - 0,8мг никотин болады. Қорқор тартуды енді бастағандарда да никотинге тәуелсіздікке душар болады.
-Қорқор тартатын адам сигарет шегетінге қарағанда 14 есе көп түтінді иіскеп, бойына сініреді. Әрі осы кезде улы иісті газдың көп мөлшері өкпесіне сіңіреді.
-Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірленетінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайлар да орын алады, бұл қорқордың зияныды әсерін күшейте түседі.
-Қорқордағы көмір 600-650 градусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор таратушының өкпесіне никотинмен қатар бензапирен өкпе обырын туындататын және ДНК мутацияына төзімді,тұқым қуалаушылықтпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңіріледі.
-Қорқор түтіні қорқор таратушының қанына канцерогендерді /обырды туындататын заттар/мен өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидттерді тікелей «жеткізеді» Сигарет түтінімен салыстырғанда қорқор түтінінің құрамында пиреннің 75,6 есе жане ди-бензоантрацидтің 245 есе жоғары екені анықталған.
-Улылығының жоғары болуына байланысты қорқор таратушылардың өкпе обырымен сырқаттану қауіпі 2 есе, жүрек қантамыр ауруларымен сырқаттану каупі 2,2 есе, респираторлық аурулар мен риниттер 2,3 есе, альвеолит 3,7есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе, остеопороз бен ауыз қуысы патологиясы 3-5 есе жоғары болады
-Пассивті темекі шегу қорқор үшін де өзекті. Қорқор тартылатын бөлмеде темекі түтіні мен жанған көмірдің түтіні тұнып тұрады, бұл топтағы темекі шекпейтін акдамдарға қосымша зиян келтіреді. Қорқор тартылатын бөлменің ішінде болу 100-ден 200дейін шегілген сигареттің зиянына бара-бар болады.
-Қорқор сұйығында ауыз қуысының инфекциялық ауруларын-гингивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындататын бактериялар жиналады. Бірреттік түтікшелер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында «тіршілік етеді». Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А»гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың таралуына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіпті болады.
Қорқордың (кальянның) адам ағзасына тигізетін зияны:
1. Өкпе мен тыныс жолдарына зиян:
Қорқор түтіні – көмірдің жануынан, темекі мен ароматталған қоспалардан тұрады. Бұл түтінде канцерогендер, ауыр металдар, көміртегі тотығы көп. Ұзақ қолдану – өкпе обырына, тыныс жетіспеушілігіне алып келеді.
2. Жүрек-қан тамырларына әсері:
Қорқор шегу кезінде жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі. Бұл жүрек ауруларының пайда болуына себеп болады.
3. Жұқпалы аурулар:
Қорқорды бір-неше адаммен бірге шегу – гепатит, туберкулез, герпес, жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырады.
4. Тәуелділік:
Қорқор да никотин арқылы тәуелділік тудырады. Кей жастар оны «зиянсыз» деп ойлап, шылымға, есірткіге дейін әкелетін тәуелділікке тап болады.
5. Иммунитеттің төмендеуі:
Ағзаға енетін уытты заттар иммун жүйесін әлсіретіп, түрлі инфекцияларға жол ашады.
Қорытынды:
Қорқор – сән емес, аурудың көзі. Ол ағзаға шылымнан кем емес зиян келтіреді. Жастар арасында кең тарағанымен, оның салдары ауыр. Денсаулық – басты байлық екенін естен шығармау керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Қазақтың ұлттық саз аспаптары»

шағым қалдыра аласыз