400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – ЖЕТПЕККЕ ЖЕТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани әлемнің өзіндік ерекшеліктерін оның белгілік , таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс - мағыналы белгі , таңба болмысы . Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында , мәнінде , өзіндік құндылығында . Гуманитарлық ілімдер немесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі , яғни адамды зерттейді. Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын , көзқарасын , идеяларын , рухани әлемін білу қажет . Басқа ғылымдар сияқты емес , гуманитарлық салада көзге көрініп , қолмен ұстайтын нәрсе жоқ , сондықтан оны танып білу , зерттеудің де өзіндік қиындықтарымен қоса , ерекшеліктері де бар . Яғни , адамда осы құпияны ұғыну , түсіну мәселесі көтеріліп , сыр ашылмақ .
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – ЖЕТПЕККЕ ЖЕТУ

Омарғазы Айгүл Мәшенқызы

Рухани әлемнің өзіндік ерекшеліктерін оның белгілік , таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс - мағыналы белгі , таңба болмысы . Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында , мәнінде , өзіндік құндылығында . Гуманитарлық ілімдер немесе «рух туралы ілімдерде» адамның өзі таным субъектісі бола тұра өзін-өзі , яғни адамды зерттейді. Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын , көзқарасын , идеяларын , рухани әлемін білу қажет . Басқа ғылымдар сияқты емес , гуманитарлық салада көзге көрініп , қолмен ұстайтын нәрсе жоқ , сондықтан оны танып білу , зерттеудің де өзіндік қиындықтарымен қоса , ерекшеліктері де бар . Яғни , адамда осы құпияны ұғыну , түсіну мәселесі көтеріліп , сыр ашылмақ .

Рухани әлемді тек эмпатикалық ену , бойлау арқылы зерттейтін субъектінің орнына өзіңді қойып , соған айналу арқылы – бір сөзбен айтсақ , ұғыну арқылы танимыз . Әлем жанды , киелі ишараттар дүниесі.

Әр ұлттың ұлттық мәнін , рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана тамаша дүниелердің сыры ашылмақ .

Адам – жетпек. Адам өмірі үш ұстынға – рух, дем – бойына қуат берсе, қозғалысқа кіріскен мүшелердің негізгі қажеттіліктері орындалмақ . [1]

Адам мәдениетінің мақсаты – мәдениеттің рухын игеру болып табылмақ . Ал , адамзат баласының өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге жолығуы қазіргі мәдениеттің өз бастауын /ілкілік/ ұмыта бастағанынан да қарастыру керек . Тамыры жоқ ағаштың жапырақ бермесі түсіндіруді қажет етпейтін шындық . Мәдениет – ата-ана, уақ , қау , сақ , ғұн , құн , ру , тамыр , жүз , пешенек , теңір , жан , дем , ір , шежіре , діл , ден. Мәдениет – аталық арыс , аналық шораның шежірелік ақпараттар тоғысы. [2] Адамдағы адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Өзін-өзі жетілдіру үшін көп еңбек ету керек. Өз табиғатын тану барысында адам өз бойындағы құдіретті , өз болмысын танып біле бастаған адам ғарыштық байланысты аңдап , Құдайды танудың бірден бір дұрыс жолы – адамның өзін-өзі тануы мәңгілік өмір сүруге апаратын жолды танымақ . Иасауи сияқыт ғұлама әулиенің тарихтың бір кезеңде болғанын тереңірек тану – қазіргі қоғамдық сананы тезірек өзгертуге , өзіндік ұлттық сананы оятуға және қалыптастыруға көмегі болмақ.

Таным жүйесіндегі ең бастысы жан парасатқа ие бола отырып , нақты істерге айналып , маңыздылығы мен ішкі мүмкіндіктерін ашады . Иасауи өзінің Диуани хикметін Құранмен тең санайды . Ендеше , сопылық , әулиелік адамдардың барлығы жетуге , талпынуға тиіс биік тұлғалық арман .

Иасауи дүниетанымы бойынша абсолюттік ақиқатты тануға ұмтылған адам селқос қана өмір сүретін Құдайдың құлы емес , керісінше , белсенді түрде танымның әрбір сатысынан ізденіс , талпыныс арқылы өтетін өмірге өте құштар адам . Ол әрдайым жетілген тұлға деңгейіне көтерілуге тырысады . Диуани хикмет ақыл кітабы бастан аяқ ақыл , өсиет , үлгі , өнеге айтуға құрылған қасиетті кітап . Иасауидің жетілген адам туралы философиялық концепциясында азаматтық қоғамның негізгі мақсаты әмбебап немесе біртұтас адамды қалыптастыру. Ежелгі дүниеден бері адамды ғарышпен , әлеммен тығыз байланысты қарастыру дәстүрі бар . Ал , жетілген адам дегеніміз – микрокосом мен макрокосм. Микрокосм – бұл жетілген адамның сыртқы формасы , ал макрокосм – оның ішкі нақтылығы . Адам бұл кіші әлем , ол үлкен әлемнің кіші үлгісі. Иасауи адамды әлемнің түп-тамыры етіп қарастырады . Ол – адам мен қоғамның табиғаттағы орны мен рөлін айқындауға шақырады . Бұл Иасауидің әлеуметтік философиясы . [3] Яғни , Түркі мән бірлігі – ақиқат табиғат туралы ілімнің қағидалары : нағыз ақиқатқа жолында моральдық – этикалық тазару , өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеру . Ақиқатқа оралу , әлеммен бірлікті болу .

Әл-Фараби : «Ақыл дегеніміз – адамның екі жақсы нәрсенің жақсырағын таңдап алу қабілеті» , - деген. Рухтың асыл қасиеті бар , ол – сенім мен махаббат сезімі . Аристотельден бастап жауапсыз келе жатқан сұрақтар бар , бірі – дүниенің басы , жаратылуы . Екі дін , екі көзқарас ХХІ ғасырға дейін бір мәлімеге келер емес . Көзі қарақты , саналыға Інжіл Жаратушының хақ сөзі , Құран жалғасы екені аян. Ислам , Әл-Мисақтан Адам Атадан келе жатқан дін . Дүниенің төрт тарабына таралған төрт кітапты зерттеушілер кәміл адам қандай жан ? – деген идеяны жалғастыруда. Дін туралы сана өзінің құпиясы бар феномен.

Әл-Ғазали өзінің дін ғылымдардың қайта өрлеуі атты еңбегінің жазылу мақсатын : Дін туралы білім өте керек , оны нағыз білушілер оны білгендер . Бала үлкендер әрекеті туралы біле бермейді . Ересек адам болғанымен , ол ғалымның білгенін білмейді. Сол сияқты ғалым да суфийлерге аян арқылы берілген білімнен бейхабар , - деген . Дін туралы білімді тек ақылмен қорытып шығару мүмкін емес . Оның табиғаты – мистикалық мәнде , яғни , тылсым күштер сырын сезуші ерекше жан . Дін туралы мұндай ғылымның аты – ғалам .

Хақ білім иесі үшін – белгісіз болуы және танылмауы мүмкін емес , ажыратылатын зат , ал адамның білімі пайда болған /мұхдас/ . Әрбір жасалған әуел баста өздігінен қажетті болмысқа ие болғандықтан оның жасалғандығы және өзін жасаған жасаушыға деген қажеттігі о бастан оның негізіне қаланған . Өйткені , оның өмір сүруі – басқадан және ол онымен тәуелді қажеттілік арқауымен байланыста.

Адамның өз жанын тануы оның Жаратушысын тануынан ілгері келеді , ал оның өз Жаратушысын тануы – өз жанын тануының нәтижесі. Сондықтан адам мұрагер /халифа/ болды , егер өзін мұрагер етіп Жаратушыға сырт пішінімен ұқсамаған болса , ол Хақтың өзіне мұрагер етіп қалдырғанына мұрагер бола алмас еді . Мұрагерлік кәміл адамнан өзге ешкімге лайық емес . Өйткені , ол /Хақ/ оның /адамның/ айғақты сипатын әлемді ақылмен тану болмыстарынан және оның формаларынан , ал құпиясын өзінің үлгісімен жасады . Ол : естуші мен көруші болдым , - деді. [4]

Иасаиудің мұрасын толық , жан-жақты танып – білу жетпектің ісі . Менің хикметтерім – құдіретті бір пір . Естігендердің көңілі толып ұйып тұр. Өлерінде болсын иманы жолдас . Иасауи хикметін даналар естісін . Естіген жандар мұратына жетсін . [5] Мұра – қазақ халқының рухани қайта өрлеуіне үлкен үлес қоспақ . М.Қашғари өсиетінде : Ерен ерлік тілде туады , яғни , ерлік адам сөзінде , - деген қағидасының мәні зор, болашағы мол . Яғни , мұрагерде бар қасиет өзге жан иесінің ешбірінде жоқ ол өзінің мұрагерлік дәрежесіне сол үшін ие. Мен адам болмысының даналығын , оның куәлік келбетін зерделедім және адам рухын, яғни, құпиясын зерттеп білдім , ол – Жаратылған жарылқаушы . Ол – Хақтың шын мәніндегі мұрагері , асыл қоспа . Адам – бар адамзат өніп шыққа тақ /жан иесі/ ...

Түрік топырағында мұсылман әлеміне ортақ идеялар дәнін себу жемісін берді. Иасаиудің сопылық мектебі түрік қиялына қанат бітірер , жүрегіне жол табар өз тілінде сөйлеуімен қатар , таным ұстанымдарының олардың образдар әлеміне , оц ерекшеліктеріне сай енгізгенін аңғарамыз . Ғұлама үшін Ақиқатқа жетудің жалғыз әдісі – рәміздер /символдар мен белгілер тілі еді/ . Осы нышандар тілінің бір символы – Арыстан баб берген құрма .

Ғұлама : Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым салам.

Мұстафаның аманатын бер деп маған.

Құрма беріп , басым сипап , назар салды , - дейді . [8]

Құрманың сыртқы қабығы , дәмді жемісі – адамның дін иманды табу бақыты болса, ішкі дәні иманның негізгі мәні – ақиқатқа жету жайлы құпия сырлы ғылым . Яғни , сөздің екі мағынасын түйсікпен түсіну керек . Сопылар үокен өнер – сөз өнерін меңгерді . Оны меңзеу , бернелеу , ұлғайту т.б. әдістер көп қолданылды . Бір сөз үшін семіріп , бір сөз үшін арыған , Қазаққа сөз дарыған , қағиданы Асан қайғы ХҮ ғасырда айтса , қазаққа сопылық ілім құпия емес , қазаққа таныс ілім . Әлемді /ғаламды/ танудың да өзіндік әдісі бар . Суфизм танымында болсын , жалпы шығармашылықта Ақиқат жайлы айтылар ойын бернелі оймен перделеп , символдар тілімен жеткізі тән болған .

Мысалы : Там – там тамызық ,

Таматұғын тамызық .

Көлбеңдеп жүріп

Күйетұғын тамызық .

Жұмбақтың шешімі – көбелек . Демек , Көбелек сопылар танымындағы ғашықтық отына шарпылған ақиқат іздеуші күйі. Сопылық символдар әлемінде «оттың» үлкен мәні бар . Ал , көбелекті тамызық деп атаудың өзі оның қимыл-әрекетінің мән-мағынасын ашады . Тамызық – тұтану , үлкен отқа қозғау салу , жаңа идея мәніне ие . Абсолютке деген махаббаты өз жоғалуымен яғни, мәңгілікке ұласуымен тұтандырушы мұратының мәні болмақ . Ата-бабалардың имандылық ғибраты адамдардың рухына азық , сеніміне сенім қосқанын көреміз .

Ал , Мағжан ақын жетпек өсиетті жүзеге асыру баспалдағын «Педагогика» еңбегінде ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігін , оны өркендетудің маңызын қарастырады . Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады . Келешекті болжап , қажетті жетпек жолдарын : Жел боп !

От боп !

Су боп !

Күн боп !

Ай боп !

Көбелек боп !

Бар боп ! – өтіп , сүюдің мәнін мәңгілікке ашты.

Жаратушы жүрекке қабылдау мүмкіндігін берген , жүрек жаратушы мен пенденің арасындағы пердені ашып , сенімге негізделген оның бейнесін сезінеді , себебі Құдай сенімнің мәні . Қарапайым қисын бойынша егер Ата-бабам осыншама құдіретті болса , оның ұрпағы /Мен/ қандай да болмасын бір құдіреттілікке ие болуға тиісті емеспін бе ?! Демек , Ибн Туфейлдің қағидаларына сүйенсек : Ол күллі дүниені сезім мен қабылдаудан тануға сатылап көтеріліп , сол арқылы қаракет иесі Ақылды , ал ол арқылы түпкілікті «барды» тануға жетелейді. Түпкілікті бар – күллі дүниенің бастауы , ол мәңгібақи , жан сонымен сабақтас арқылы мәңгібақилыққа қатысты, яғни оның тән мен бірге жойылуы жоқ.

Қазақ өзінің байырғы түсінігін ұмытып кеткен . Ілкі Төрмен арадағы байланыс үзілген . Біздің еншімізге жетпек жолдарын қарастыру ғана қалған сияқты . Яғни, адам мәдениетінің басты тұлғасы әрі оның өлшемі мәдениет дегеніміз – адамға берілген еркіндіктің өлшемі. Адам , қоғам , ұлт , тіл , діл туралы ілімдердің бәрі де, мәдени ізденістер – олар мәдениеттің феномендері.

Жыраулар поэзиясында адам Көк пен Жердің ортасында өмір сүреді , - деген философиялық ой рухани өзек болған . Қазтуған жырау толғауында :

Алаң да алаң , алаң жұрт

Ағала ордам қонған жұрт

Атамыз біздің Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт . [9]

Жырау сөзі философиялық және эстетикалық идеяны көркем бейне арқылы генетикалық код ретінде дәстүрлі мәдениетке негіздеген . Жыраудың рухы биіктеп, біздің сүйіспеншілігіміз артып , сағынышымыз молаюда. Дүние қыр – сырын , құпиясын тіл арқылы білуге болатындығына көз жеткіземіз .

Тас – сөздің , уәденің , құпия танымның қайнар көзі деп түсініледі. Тастың қайнар көздіктерінің бастауы Нұрға тиесілі қайнар көзде жатыр , материалдық ырзық та /байлық/ , тіршілік те , жылу да , ылғал да , жарық та , сөз бен уәде , құпия таным да – Нұрдың көресіндік материалының шығарар энергиясының /жарық, жылу, қоректік т.б./ ертегілік , мифтік мысалдарда . Ендеше нақ осы сипаттардың /тіршілік тарату , жылумен , жарықпен , қорекпен , ақылмен қамтамасыз ету/ , Ұлы Баба бейнесіне , Аяз би бейнесіне қатысты екенін ұмытпағанымыз жөн .

Себебі , рухани генетикалық кодты сақтаушы – тіл , тас. Егер сен өзіңді – өзің емдей алмасаң , өзгені де емдей алмайсың /ҮІІІ ғ./ . Біздің кінәміз , көнені жоққа шығарып , өзімізді зорайтып Тұлға жасауымызда . Рух – ол шындық үшін күрес, ақиқатқа жету , мәңгілік өлмейтініңді түсіну. Ақиқатты іздеу , табу , айту – Рухқа жету.Мәңгілік рухқа көтерілу, Әл-Мисақ – «24»







–––––––––––––––––––––––––––––––––––

  1. Иасауи Қ.А. Ақыл кітабы. Алматы , 1993

  2. Қазақ даласының ойшылдары. ІХ-ХІІ ғ. Алматы, 1995

  3. Есім.Ғ. Фәлсафа тарихы . Алматы , 2000

  4. Алтаев.Ж Қазақ философиясының қалыптасуы. Алматы , 2004

  5. Ғабитов Т. Мәдениеттану. Алматы , 2005

  6. Бейсенбинов Т. Ақиқат. Алматы , 2006



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.04.2019
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі