Қазастан экологиясын жақсартуға мен қандай үлес қоса аламын?
Табиғат пен адам егіз. Экология тек табиғатты қорғау ғана емес, адамзаттың денсаулығы мен болашағын сақтау мәселесі де. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ-дегендей, табиғат адамзаттың бар байлығы, тіршілік көзі. Алайда, технологияның жетік даму кезеңдерінде басты құндылығымыз-экологияның маңыздылығын екінші сатыға түсіріп тастағандаймыз. Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіләлем бойынша өзекті тақырып. Ауаның ластануы, топырақтың құртылуы, ормандар санының азаюы, табиғи ресурстардың сарқылуы, климаттың өзгеруі, су тапшылығы, өнеркәсіптік қалдықтардың артуы, олардың салдарының күрделілігі бүгінде еліміздің басты проблемасы іспеттес. Бұл мәселелердің алдын алу тек үкімет пен арнайы ұйымдардың ғана міндеті емес, барша ел азаматтарының мойнындағы жауапкершілік. Ал, сол жауапкершіліктің салмағын мен өзім қалай сезініп, табиғатқа қалай өз үлесімді қоса алып жатырмын?
Мектебімде экологиялық бағыттағы “экопро” атты клубыН ашқан болатынмын. Клубты ашудағы басты мақсатым: өскелең ұрпақ бойында экологияға деген жанашырлық пен жауапкершілік сезімін ояту. Әр адамның табиғатты сақтауға өз үлесін қоса алатындығын, жұмылып бәріміз атсалысқанда ғана жетістікке жететіндігімізді дәріптеу. Ең алдымен экологиялық мәселелердің негізін қарастырып оны шешуде қандай қадам жасай алатындығымызды ойландық. Ендеше, басты себептерді талдай отырып оларды шешу жолында жасаған жұмысымыз бен қосқан үлесіміз жайлы бөлісейін.
Тұрмыстық қалдықтар. Бүгінде қалдықтардың көп бөлігін пластик ыдыстар құрайды. Бұл ғаламшарды ластаушылар арасында 3-ші орында тұр. Осы бағытта ұйымдастырылған шарамыздың бірі-пластик ыдыстар мен жұмыртқа салатын картон ұяшықтарға екінші өмір сыйлау болды. жиналған заттарды пайдаланып, қолданысқа керек зат жасап шыгардық. Соның бірі- пуфиктер. Ол үшін жұмыртқа ұяшықтарының бірнешеуін, сондай-ақ пластик бөтелкелерді бір-бірімен кілейлеп біріктіріп, сыртын паролонмен, оның сыртын су өткізбейтін матамен қаптап, пуфик отырғыштар жасадық. Осылайша қалдық заттарды іске асырып, қайта қолданысқа енгіздік. Дәл солай қағаз қалдықтарын яғни макалатураларды сұрыптап, табысқа айналдырдық. ай сайын жиналған макалатураны тапсырып қаражатқа айналдырып, кқрген табысымызды келесі эко шараларымызға жұмсадық. Осылайша, табиғатты қорғауға әрқайсымыз үлес қоса алатындығымызды және оны жасау аса үлкен істерді қажет етпейтіндігін делелдедік.
Полиэтилен пакеттердің көбеюі, олардың ыдырамауы, өзен-көлдердің бетін жабуы. Кез-келген адам пакетсіз жүрмейді. Азық-түлікті де осы целлофан пакеттерге салып аламыз, қазір онсыз тіршілік жоқтай көрінеді, бірақ оның бізге тигізіп жатқан зияны туралы аса қатты ойлана қоймаймыз. Полиэтилен пакеттердін негізгі кұрамы - мұнай мен табиғи газ. Оларды дайындауға әлемдік қара алтын өндірісінін 4 пайызы жұмсалатын көрінеді. Орташа есеппен әрбір қазақстандық жыл бойына шамамен 300-500 дана полиэтилен дорба пайдаланса, ол шамамен 50 литр мұнайды шығындайды. Мысалы, жер бетінің 3/4 бөлігін алып жатқан тіршілік көзі-су, осы полиэтилен кесірінен алып “қоқыс жәшігіне” айналуда. Полиэтилен пакеттер топыраққада зиян келтіреді. 500 жылға дейін ыдырамай, күннің қызуына қызып аса улы органикалық қосындылар бөліп шығарады. Бұл жағдайдың алдын-алу мақсатында клуб мүшелерімен бірлесіп олардың орның табиғи таза матадан тігілген экошопперлермен ауыстыруды жөн көрдік. өзіміз эко-шопперлер тігіп шығардық. Шопперлер, пакетке қарағанда әлдеқайда төзімдірек, экологиялық тұрғыда едәуір тиімдірек әрі ұзақ уақыт пайдалануға жарамды. Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз-полиэтилен пакеттердің орнын табиғатқа зиянсыз шоппелермен алмастыру.
Қаламыздың қазіргі экологиялық жағдайын біздің клуб мүшелері бей-жай қалдыра алмайды. Сол себепті, өзіміздің дәстүріміз бойынша әр апта сайын міндетті түрде сенбіліктерге шығамыз. Топ-топқа бөлініп қаланың көркін бұзып тұрған кез-келген көшені, кез-келген бұрышты тазалаймыз. Бұл бір жағынан табиғатқа орасан зор пайда болса екінші жағынан достарыңмен тиімді әрі пайдалы уақыт өткізе білу алгоритмі.
Ормандар санының азаюы. Ағаш отырғызу – болашаққа жасалған инвестиция. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Бірақ соңғы жылдары ормандардың азаюы экологиялық тепе-теңдікті бұзуда. Сондықтанда біз, макалатурадан ай сайынғы келген табыстың бір бөлігін осы көгалдандыру жұмыстарына арнадық. Арнайы питунялар мен ағаштар сатып алып мектебіміздің алдына көктемде отырғызып, ектік. Бұл бір жағынан ауаны таза ұстауға бастар жол болса, екінші жағынан, мектеп алдының әсемдігін қамтамасыз етуіміз. Ағаш отырғызып, айналаңызды жасыл кеңістікке толтыру қиын жұмыс емес ал оның тигізер пайдасы мен нәтижесі табиғатқа жасаған үлкен сыйымыз.
Ең алдымен, қоғам арасындағы экологиялық сауаттылықты арттыру қажет. Өскелең ұрпақтың бойына жастайынан экологиялық білімді сіңірту арқылы ғана нәтижеге жетеміз. Қарапайым халықтың сана-сезімін оятып, табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыру керек. Ең басты қозғаушы күш-қоғам болғандықтан, олар бұл істің жауапкершілігін сезіне алмаса кейінгі жасалатын шаралардың бәрі дерлік, бос. Адамдар табиғатты қорғаудың маңыздылығын жүрегімен түсінсе ғана, табиғатқа деген көзқарастары өзгереді. Сондықтан ең бірінші жасалу керек дүние бұл-экологиялық мәдениетті дәріптеу үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Қоғамның экологиялық мәдениеті неғұрлым жоғары болса, табиғатты қорғау соғұрлым тиімді болады.
Қалдықтарды сұрыптау-ең тиімді тәсіл. Тұрмыста үйімізден шығатын қалдықтардың өзін дұрыстап сұрыптап, бөлетін болсақ оның өзі үлкен қадам. Қағаз, әйнек, пластик және басқа қалдықтарды топ-топпен бөліп арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау оларды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде табиғи ресурстарды үнемдеудің бір жолы.
Табиғи ресурстарды үнемдеу. Ауыз су тапшылығы, тек Қазақстандағы емес барша әлем бойынша өзекті мәмеле. Сонымен қатар, электр қуатын шамадан тыс пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіреді, өйткені электр энергиясын өндіру кезінде атмосфераға парниктік газдар бөлінеді оның әсерінен ғаламдық жылыну секілді аса қауіпті процесс орын алады. Сол үшін де, суды барынша үнемдеп, без-берекет ағыза бермеу, ыдыс-аяқ немесе тіс жуғанда кезде суды үнемдеу, жуынғанда қажетсіз ағызбау сияқты қарапайым істерді әдетке айналдыруымыз қажет. Қажет емес кезде жарықты сөндіру, босқа жарықты жағып кетпеу, электр қуатын тұтынатын тұрмыстық техникаларды орынды пайдалану арқылы өз үлесімізді қоса аламыз.
Егер әр адам айтылған қағидаларды ұстанса, қоршаған орта айтарлықтай жақсарады. Экологияны қорғау – әрбір азаматтың борышы. Табиғат бізге өмір сүруге қолайлы жағдай жасағандықтан, біз де оны аялауға міндеттіміз. “Кішіден бастап, үлкенге дейін” бұл қозғалыста белсенділік таныту қажет. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші әрекет етпейінше нәтижеге жетпейміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз