жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ Ы. АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ Ы. АЛТЫНСАРИН
ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 16 оріа мектебі» ММ
М. Д. Ибраева
Педагогикалық ойлар қазақ халқының рухани-мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде көне ғасырдан бері қалыптасьш дамып келе жатқан педагогика ғылымы деңгейіне жетгі. Алғаш халықтын ■ ауыз әдебиетінін барлық жанрында, әдет-ғұрып, салт-дәстүрде жарык көрген тәлім-тәрбие тәсілдері, әдістері әр кезеңде өмір сүрген қайраткерлердің ойлары, іс- әрекеттері, жарияланған еңбектерінде жүйеленіп дамытылды.
Қазақ халқы үшін педагогикалық ойлардын дамуының бетбұрыстық сипат алып биікке көтерілу кезеңдерінің бірі XIX ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді. Өйткені бұл кезеңде ағаргушылық әрекетімен, саяси-әлеуметтік, философиялық толғаумен қазак қоғамының дамып ілгерілеуіне үлес қосқан Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.
Сол XIX ғасырдың екінші жартысындағы саяси-алеуметгік сипат аясындагы тарихи- мэдени өлшемдер тұрғысынан қарағанда ЬІ.Алтынсариннің білім берудегі сіңірген еңбегі өз заманындағы жаңа типті мектеп ашып, оку-әдістемелік құралдар дайындағанын ұлы істің бастамасы деуге болады.
Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу әдістемелік жұмысгарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.
Білім мен тәрбие ісінде рухани-мәдени құндьілықтарды игеруді, ұлтгық сананың қалыптасьш осуіне жағдай туғызуды тарихи мұраларға жаңаша көзқараспен карауды емір қажет етіп отыр. Қазіргі Республика мектептеріне білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдар аз емес. Жаңалықтармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап, оның ішінен пайдалы ілімдерді ала білу ұлттық мектептер үшін аса қажетті шаргтардың бірі. Әсіресе Ы.Алтынсариннің педагогикалық теориялық ілімдерінің орны ерекше. Мысалы:
Ы. Алтыңсариннің әдебиет саласындағы енбектері - тәрбиелік міндеттерді тікелей жүзеге асыруға болатын әдістемелік мұра. Қазақ ауыз здебиетімен етене таныс Ы.Алтынсарин фольклорлық материалдарды кеңінен пайдалану арқылы ұлггық сана тәрбиелеуді жүзеге асыруға жол ашады. Мектеп бағдарламасында берілген «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай Жомарт» сияқты шығармаларынан адамгершілік, еңбек тәрбиесінің манызы мен мәнін тереңінен ұғынуға болады. Ы.Алтынсариннің түсінуінше, еңбектің мані, еңбектін маңызы адамға керекті қажетін өтегі, оны қанағазтандырып көңілін жай етуінде ғана емес, Алтынсариннің еңбектің әлеуметтік маңызыи атап көрсетуінде. Езу, зорлау, біреудің еңбегін иемдену - бұл қоғамның соры , қазіргі әлеуметтік тәртіптің кемшілігі. Қазіргі XX ғасырда да осы мысалдарды толығымен келтіруге болады. Өрине өмір тұрғысынан алғанда мысалы казіргі жастарымыз ете ақылды, соңғы шығып жатқан ғылыми техниканы меңгерген. Еліміздің болашағы үшін шетелдерде білім алып жүрген жастарымыз қаншама, бірақ осы айтылғандарды үлгі ете отыра, басқаларын гәрбиелеуіміз керек. Сол сиякты «Атымтай Жомарт» арқылы көп нэрсені оқушыларға ұғындыруға болады. Ол бай бола тұрып еңбекті жоғарьі бағалайды, еңбек етуді сүйеді. Ол үстіне ескі киім киіп, шөп тасып, жұмыс қылады. Бір күні оған жақын-туыстары келіп:
Жомарт, таусьілмас дәулетін бар, ашқа-тамақ, жалаңашқа-киім, үйсіздерге-үй болдыцыз. Сөйте тұра өз басыңызды кемшілікке салып, жарлы кісіше отын кесіп, шөп тасып жүмыс істейтініңіздін мәні қандай? -дейді.
Сонда Атымтай оларға былай деп жауап беріпті:
Бұған торт түрлі себеп бар. Оның оуелгісі - әдемі ат, асыл киім, асқан байлықгы эдет етсен көңіліңе жел кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен дэрежесі гөмендерге жерініп, көз салмай, мастанып, жетім-жесірлерге жэрдем беруді үмытып кетеміи бе деп корқамын. Оның екіншісі - бар бола түрып, жұмыс қылсам, мұнымның кемшілік емее екендігін кейінгілер біліп, өсиет - өнеге алсын деймін. Онын үшіншісі - күн сайын оз бейнетіммен, өз еңбегіммен тапқан бір-екі сомға нан сагып алып жесем, бойыма сол тамақ болып сіңеді, еңбекпен тапқан тамақ тәтті, сіңімді болады. Онын төртіншісі - Атымтайдың айтуьпгша, еңбекті сүю - адамның адамгершілігін арттыратындығында.
Ы. Алтынсариннің келесі бір шығармасы «Бай баласы мен жарлы баласы». Асан мен Үсен әңгімесі - шындық реалистік эңгіме. Осы эңгімесінде Алтынсарин бүкіл ағартушылык енбегінің негізгі сырын, элеуметтік тенденциясын айкын ашып береді. Үсен аркылы еңбекші бұқараның жас ұрпағьшың еңбек сүйгіштігін, әр нэрсенің ретін таба білетіндігін көрсетеді. Ал Асан бейнесінен мұндай қасиет байқалмайды. Үсен бейнесінен тек еңбексүйгіштіктен басқа, дэрменсіз Асанға комегі оның ада.мгершілік жағынан бейнесін сомдай түседі. Мұнда қазақ өміріндегі Асанға лайық ұқсас мінездерін айқын көрсетіп береді. «Ол жастайынан сұрағанын эперетін, дегенін істейтін кісісі болғандықтан жатып ішер болуға эдетгенеді»... «Ол еш нэрсе істеуге эдетгеиген жоқ, демек, өзінің не істей алатынын, несі жоқ екенін жақсылап айыра алмайды». Осы жерде қорытынды жасай кететін болсақ: мұндай балалар қазірдін озінде де кездесіп отырады. Олар эке-шешелерінен көмек күтіп таңнан кешке дейін отырудан тайынбайтындар кездессе, керісінше бос уақыттарында пайдалы іспен айналысып, ата-аналарынан кемектерін аямайтын балаларды да жиі кездестіруге болады. Осы эңгіме арқылы мектеп оқушыларына жақсы мен жаман, кедей мен бай, сараңдық пен жомарттық туралы сөздермен біраз мағлұматтар беруге болады.
«Қыпшақ Сейткұл» эңгімесінде Сейтқұл арқылы қарапайым халықтың толысқан өкілін бсйнелейді, оның жаксы істерін корсетеді. Сөйтіп жазушы бұл эңгімесінде қазақ шаруаларының екі ұрпағын сурегтейді, сол арқылы жалпы халықтың тіршілік сту, өмір тану, табиғатты меңгеру әрекетгерін баяндайды.
Мысалы: «Өрмекші, кұмырсқа, қарлығаш» деген эңгімесінде бұл үшеуі эрқайсысы оздеріне тамақ іздеп, еңбек етеді, күн көру үшін күреседі. Бұл эңгімеде эқесі жас баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрағаннан кейін экесі кұс, жэндіктердін еңбектену арқасында өздеріне корек тауып жүргенін айгып, «сен де ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытынды босқа жіберме, еңбек етуге эдеттен, еңбек етсең - емерсің» дейді. Қазірдің өзінде де өмірде 'осындай жағдайлар жиі кездесіп жатады. Оларға бірігіп кәсіпкерлікпен айналысу, қоғамға, елге пайдаңды тигізу, айналандағы адамдарға жомарттық көрсету сиякты істер жатады.
Міне, Ы.Алтынсариннің осындай сңбектерін орыс сыныптарында да салыстыра отырып қолдану өте тиімді деп ойлаймын.
Қазіргі таңда қазақ жазба әдебиетінің үлгілерін орыс тілді аудиторияда окытудың эдістері жолға қойылып, колданылып келеді. Қай іс болсын ең алдымен жан-жақты іздену мен мол материалды жинақтаудан басталыгі, оларды бірізділікке түсірумен аяқталатыны белгілі.
Ы.Алтынсариннің ой өнері мен қызметін үйрету, білгізу, жалпы, эдебиет, педагогика тарихына үңілу аса қажетті нәрсенің бірі.
Ы. Алтынсарин хрестоматиясы мектепте ұлт тілін үйренудің тамаша бастамасы болды. Ыбырай хрестоматиясына халық эдебиеті мен жазба эдебиеті идеясының мазмұнды, ең жақсы үлгілері енді де, мәтіндерде білімділік, тэрбиелік жэне эстетикалық жағы түгел қамтылды. Мектепте орыс тілін үйретуге байланысты Алтынсарин аударма әдісі дейтін жүйені емгізді. Алтынсариннің жүйесіндегі аударма эдісі сойлеудің алғашқы даму сатысында үлкен орын алады. Екінші, үшінші сатыда табиғи эдіс басым болады, бұл эдісті қолдану орыс әліппесін және оқитын алғашкы кітаптарды пайдалануға, маңайдағы загтар мен кұбылысгар туралы оқушылармен әңгіме өткізуге тиісінше жол ашады.
Ы.Алтынсариннің еңбекке қатысты шығармаларымен таныса отырып, философиялық ой түюге болады, ол ұлы ұстаздың әдептілік қағидаларынан шығады. Бұл қағидалар мен өлшемдер адамгершілік тәрбиесінің негізғі мұраты, өйткені адамға мағыналы өмір сүруі үшін белгілі бір мақсатқа қарай әрекет жасауы керек, ол - еңбек әрекеті. Осы жолда адам көптеген қарама-кайшылыктарды жеңе отырып өзіне қанағат алады. ІІайда болған қанағат келесі қажеттілікті тудырады, қажеттілік әрекет етуге жетелейді, ол жаңа мақсатгың орындалуына ұмтылу болып табылады. Ы.Алтынсариннің еңбек идеялары осындай диалектикалық заңдылықтар негізінде іске асады. Еңбектің адам өмірінде атқаратын міндетінің зор екендігін және ол өмір сүрудің мағынасы мен мазмұн дәрежесіпің көрсеткіші екендігін өзінің балаларға арналған эңгімелері арқылы дәлелдейді. Енді солардың бірнешеуінен мысал келтіретін болсақ , Ы. Алтынсариннің «Сәтемір хан» әңгімесінде кішкентай ғана ақсақ құмырсқаның қайта-қайта құлағанына қарамастан қабырға арқылы үйдің тобесіне шыққанын керіп отырған Сәтемірге мынадай ой келеді: «Өзі ақсақ құмырсқа еңбектене отырып өзінің мақсатына жетті, ал мен болсам, түк бітірмей жүрмін. Маған мына құмырсқадан үлгі-өнеге алу керек екен» деп, ақырында оз елінің акылы толған патшасы болыпты. Бұл эңгімеден еңбек үлкен мұратқа жеткізіп, қуаныштар әкелетінін, ол қуаныш қажеттіліктен гуған мақсатқа жету идеясын көрсетеді.
Ы.Алтынсариннің еңбек арқылы дүниетаным туралы көзқарасы қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Адам өмірінде еңбек бақыт, қанағат пен қуаныш әкеледі және еңбек адам өмірінің физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Ы.Алтынсариннің көптеген шығармалары өмірдің мәні және мағынасы екені дәлелдейді, ол адам өмірін еңбек әрекетінсіз мәнсіз деп есептейді. Еңбек әрекетінің біткені - өмірдін біткені. Ал біреудін еңбектерімен күн кору арамтамақтың және ақымақтың, яғни адалдық қасиеттің жоқтығы. Бір кездегі Ы.Алтынсариннің ойлаған арманы, еңбек ндеялары, казіргі заманда адам өмірінде орын тапты. Педагоггың осындай прорессивті идеялары мектептің оқу-тәрбие жұмысы арқылы іске асып отыр. Атап айтқанда, Ы.Алтынсариннің әңгімелері төменгі сыныптарда оку үрдісі арқылы жүзеге асса, кейбір сыныптарда тэрбие сағаты, сыныптан тыс оқу, конференцияларда, еңбек тэрбиесіне байланысты диспуттарда іске асады.
Ы.Алтынсариннің еңбек туралы пікірлері, идеялары қазіргі біздің экономикалық жағдайларға қойылатын талаптармен сэйкес келеді.
Қазіргі қоғамымыздагы өзгерістерге байланысты пайда болған элеуметгік жағдайларда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа, өлімге дейін барады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз өте мол.
Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат ете білуді адамгершілік қасиет деп санады. Онын «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам - шын бақыгты адам» дегені - соның нақты айғағы.
Ы. Алтынсариннің надандық туралы жазған әңгімелерінің бірінде: бір дүмше молданың ауылда ұзақ уақыт көпті алдап келгенін айтады. Оның орнына жаңадан басқа молда келіп, ол кететін болады. Өтірігім шығып қалады деп қорыққан дүмше молда кептін алдында құран оқыған болып, дауысын созып жаңа молдаға: «Менің өтірігімді ашпа, сенің нең кетеді. 15 түйе мен бір атты бөліп аламыз» дейді. Азған елдің ортасында кедейдің қанын сорады деп жазады ол. Міне, осы шығарманың өзін осы күнмен салыстыруға әбден болады. Қазіргі біздің «жемқорлық» деп немесе үкімет пен жазықсыз қарапайым халықтың қаражатынан күн көріп жүргендер осы әңгіменің аясына сайып келетіні хақ.
ЬІбырай әңгімелерімен танысқанда ең бірінші орында жасгарды тэрбиелеу мэселесі тұрғанын ұғамыз. Бала тэрбиесі - өте күрделі, нәзік те жауапты іс, бізден рухани күшімізді түгелдей іскс қосуды, шыдамдылықты, сүйіспеншілікті талап етеді. Алтынсарин әңгімелері балаларды бірлікке, бауырмалдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады. Әңгімелерінен қазақ халқының сыр-сипатын, рухы мен ақылын, адамгершілігі мен мінез-құлқын, өмірінің көп сырын көреміз.
¥лы ұстаздың әңгімелерін жастарға тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдаланғанда Ы.Алтынсарин шығармаларын зерттеуші Р.Шарапиева мынадай үш топқа бөледі:
Бірінші топта, ата-анаға деген суйіспеншілік, ізеттілік, үлкенге деген сый-қүрмет, олардың данышпандық сөзінен ғибрат алу, ата-ананың ақ батасын алмай жолға шыкпау, өтірік айтпау, туыс-туғандарыңды, дос-жарандарынды сыйлау, мейірімділік, шыншылдық, намысшылдық, оқуға деген қүштарлық тағы басқа жатады. Оны мынадай әңгімелері арқылы насихаттайды. «Тазша бала», «Дана би», «Лұқпан дана», «Ізеттілік», «Жәнібек батыр», «Байұлы», «Ізбасты» тағы басқалары.
Екінші топқа асыл сөзді қастерлеу, ақылдылық, тапқырлық, жомарттық, батырлық, ұстамдылық, еңбексүйгіштік тағы басқа қасиеттер жатады. Оны мынадай әңгімелерінен көруге болады: «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қанағатшылдық», «Атымтай-жомарт», «Сілімші ханым», «Қара батыр», «Баланың тапқырлығы».
Үшінші топқа жататын әңгімелер адамдардың жиіркенішті мінездерін шенейді, олар қараңғылык, сұмырайлылық, топастық, опасыздық, арсыздық, жағымпаздық, жалқаулық, суайттық, парақорлық, гоғышарлық, менменшілдік, көргенсіздік мінезден аулақ болуға шақырады. Ізгі ойын тарату үшін мынадай аңгімелер жазған: «Қараңғылық», «Үш ұры», «Жаман жолдас», «Қарға мен құрт» «Алтын жаңғақ», «Баюдың жолдары», «Өтіріктің зардабы», «Әке мен бала».
Қорыта келгенде, ЬІбырайдың балаларға, жалпы алғанда, жастарға тәлім-тәрбие берудегі қуаты күшті асыл мұрасын жеткіншектер тәрбиесіне пайдалана білудің берері көп. Ы.Алтынсарин жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде орыс ағартушыларының еңбектерін өте жоғары бағалады.
Орыс әдебиеті классикгерінің еңбектерімен танысу, Л.Толстой, К.Ушинский сияқгы белгілі ағартушылардан үйренуі, Алтынсариннің өмірге көзқарасын тереңдете түсті, қазақ қоғамының негізгі мәселелерін дұрыс танып,оларға нақтылы пікір айтуына жәрдемін тигізді.
¥лы ағартушы орыс-қазақ халыктарының достығының дәнекері, тарихшы, этнограф, қазақ даласына тұңғыш рет білім нұрын шашқан ардагер азамат Алтынсаринді туған елі ешуақыгга ұмытпақ емес. Оның асыл шығармалары жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуде баға жетпес рухани қазына болып, қала бермек. Ыбырай атамыз былай деген екен: «Мектеп - қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт те, қазақ халқының келешегі де осы - мектепте. Ал біздің үміт артатынымыз - болашақ ұрпақ.
1. Қазақстан мектебі, 2005 № 5,6
2. К.Байкадамова Үлттың ұлы ұстазы// Қостанай таңы 2006 Ю.қазан
3. Қазақстан мектебі, 2003 № 5 1

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген