Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    1.1960-2000 жылдардағы қазіргі қазақ әдебиетінің тарихы мен дамуына сипаттама беріңіз.

    Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер: жаңашыл көзқарас, жаңа заман, жаңа бағыт. Қаламдары қатая, шығармашылықтары шыңдала түскен қылқалам шеберлері мен шалқар шабыт иелері тудырған шығармаларда енді жаңашыл пайымдаулар, көзқарастардың белең алуы айқын аңғарылады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі әдебиетке тән ерекшеліктердің бірі-жазушы шыншылдығы, туынды тарихилығы, шығарма ақиқаттылығы, яғни кешегі күнде көлеңкеде қалып қойған ащы шындыққа сәуле нұрын шашып, өмірді күңгей жағынан алып, боямалап көрсетпей, қоғамдағы маңызды мәселелерді барынша шынайы көре аламыз. Мал шаруашылығы, тың игеру, егіншілік, өндіріс жұмыстары, күнделікті күйбең тіршілік қарбаласындағы қара жұмыс адамының образын жасау барысында сол кездегі дәуір көрінісін бейнелей келе, әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеп, адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке тән бір ерекшелік, бұл-адам психологиясы, яғни адамгершілік қасиеттер: ар-намыс, қажырлылық, жігер, ұят, борыш, еңбекқорлық сынды рухани құндылықтар мен іштарлық, көре алмаушылық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты жағымсыз мінездер арпалысып, замана сомдаған адам бейнесін айқын танытады. Ә.Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1962), Б.Шалабаевтың «Қазақ романының тарихы» (1966), Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1960) Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», «Аударма проблемалары жайында» (1964), М.Базарбаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтың, Қ.Жұмашевтың көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектері жарық көре бастауы қазақ әдебиетінің дамуының айқын көрінісі болды. 1960-2000 жылдардағы әдебиетте проза саласының қарқын алып дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер М.Әуезов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, С.Жүнісов, З.Шашкин, І.Есенберлин, Қ.Исабаев, тағы басқалар қатарына сөз өнерінің жас күштері Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұршайықов, Х.Есенжановтар қосылды.

    2.М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әйелдер бейнесіне мінездеме жазыңыз.

    Әйел образдарының басым көпшілігінің прототипі бар. Жазушы басты кейіпкерлердің ішінен Ділдәні, Әйгерімді көрген. Әйел кейіпкерлердің ішінде әр түрлі топтың адамдары бар. Бәйбішелер де, тоқалдар да, қыз-келіншектер де, бай, ауқатты адамдардың, кедей жатақтардың әйелдері де кездеседі. Бұлар кескін-кейпі, ой-санасы, мінез-әдеті жағынан сан түрлі, әр алуан. Атап өтсек, кәрі, мейірімді, ақылды әже - Зере, байсалды, сабырлы, ойлы ана – Ұлжан, ызғармен, ұрысса сөйлейтін, іші тар, сұлу тоқал – Айғыз, шолпысы сылдырап жүретін, сыпайы қозғалып қимылдайтын, аппақ жүзді көркем қыз – Тоғжан, әні-сәні-бәрі де Тоғжандай келген Абайдың жақсы жары, сезімтал Әйгерім, асқақ, өрескелдеу мінезді, еркек үнді Ділдә, сері қыз Салтанат, ауыр еңбек, өнімсіз бейнеттің адамы кәрі кемпір – Иіс, жайдары-жарқын ақкөңіл қыз – Керімбала-бұлар ең бастылары ғана. Осы кейіпкерлер өткендегі өмірдің талай сырын ақтарып, талай тарихи шындықтың бетін ашып береді. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі орны, өмірдегі жағдайы, тұрмыс салты мол көрініп, көркем бейнесін тапқан. Сонымен қатар, Қамқа сияқты жазықсыз жандардың іште кеткен кегі, қарындасы Кәмшаттың кісі қолында аянышты өлімі, сүймеген Ділдаға әке ырқымен жастай үйленуі де мұның бәрі әйел бейнесін ашуда шебер сомдалған бейнелер. Балаларды тәрбиелеу ісі әйелдердің мойнында, бірақ олардың тағдырын шешесі, анасы шеше алмайды. Ол шығармада Камшатты Бөжейге беру сияқты істі ру басылары шешеді немесе өр, өктем шеше – Зере де, ойлы, саналы әйел – Ұлжан да Тәкежанның қалыңдығын түсіруде, Абайға Алшынбайдың қызын айттыруда, Оспанға Байтас қызы Еркежанды айттыруда – бәрін Құнанбайдың өзі сөйлесіп, өзі шешеді, ал олар шетте қалып қояды. «Абай жолы» роман-эпопеядасында Зерені жазушы шығарманың еш жерінде сырттай суреттеп оқушыға таныстырмайды. Кәрі әже Зеренің жас кезі, бұрынғы өмірі туралы да ештеме айтылмайды. Оның шығармада алғаш көрінуі Абайдың Семейден, оқудан қайтқан кезі.

    3.О.Бөкейдің «Қар қызы» шығармасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктеріне әдеби-теориялық талдау жасаңыз.

    Қар қызына мифтік желі, үш жігіттің көрген түстері, Нұржанды Қар қызының үсікке ұрындырмай оятып алуы. Қар қызын бейнесін жасаудағы мақсаты-жақсылық, адалдық ұғымын оқырман санасына сіңіру. Алмажан мен қар қызы арасындағы сабақтастық мифтен-дірілу сипатымен танылады. Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы релистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты- шөп жеткізу емес, Қар қызын көру еді. Романтикалық сипат шығарманың Нұржанның Қар қызымен кездесетін тұстарында анық көрінді.

    Оралхан Бөкей адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленіп, адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болады. Табиғат – жазушы үшін рухани тарудың, рухани жаңарудыің түрі, тазалық таразысы. Ол табиғат пен шыңарма кейіпкерлерінің тіршілігін байланыстыра суреттеген.

    1)Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдыққа сипаттама беріңіз.

    Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендікпен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеуметтік мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауыз әдебиетінің дәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендірін, жаңа арнаға салады. Мысалы, "Көлеңке басын үзартып" өлеңінде; "Адасқан күшік секілді, ұлып жұртқа қайтқан ой" дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін "адасқан күшікке" балайды.

    С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді ("Экспресс"). С. Мұқанов поэзиясы ("Бостандық") өлең түрі жағынан ескіше болғанмен, идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағынан жаңа. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді. Қазақ әдебиеті Совет өкіметі жылдарында жаңа жанрлармен — проза, драматургия және әдебиет сынымен байыды. Бұл жанрлар ұлт топырағында туып, халықтың поэтикалық мәдениеті негізінде жасалған жаңа образдармен молықты. Орыс реализмінің дәстүрлерін ой елегінен өткізіп, неғұрлым терең игерген сайын, бұл образдардың идеологиялық мән-мағынасы соғұрлым күшейе түсті де, көркемдік шеберлік жетілдіріле берді.

    Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі.

    Ал қазіргі қоғамдағы жаңа серпінмен әдебиетке еніп, оқырмандарды қызықтырып жүрген бір бағыт бар. Ол- постмодернистік бағыт. Постмодернизм бүгінгі әдебиетшілердің назарына көптен ілігіп жүрген әдеби құбылыс деп саналады. Ол - қазіргі әдебиеттің басты ағымы. Соңғы жылдары әдебиетте ой еркіндігімен, талғам биіктігімен танылып үлгерген бір топ қаламгерлер бар. Орта буын өкілдерінен шыққан Асқар Алтай, Жүсіпбек Қорғасбек, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Жаңабек Шағатай, Роза Мұқанова т.б. сынды суреткерлердің тәуелсіздік жылдары жазған көктөбеәңгімелері мен повестері нарықтық тарихымызға да, қоғам өміріне де ықпалы болғандықтан, бүгінгі қазақ прозасының мағыналы мазмұнына айналды. Әр жазушының өзіндік ерекшелігі, әдебиеттегі орны бар.

    2)Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер шығармаларын қарастырыңыз.

    1) Бауыржан МОМЫШҰЛЫ – майдангер жазушы. Совет Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармалары:

    Ұшқан ұя (1974 жыл)

    Москва үшін шайқас

    Жауынгердің тұлғасы

    Майдан

    Майдандағы кездесулер

    Генерал Панфилов

    Төлеген Тоқтаров

    Куба әсерлері

    Адам қайраты (1981 жыл)

    Елбасына күн туса

    Психология войны

    2) Мәлік Ғабдуллин - Педагог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты.

    Шығармалары:

    Менің майдандас достарым. ҚБМБ, 1947;

    Алтын жұлдыз. ҚБМБ, 1948; Майдан очерктері. ҚМКӘБ, 1959;

    Ел намысы – ер намысы. А.,»Жазушы», 1966;

    Сұрапыл жылдар. А., «Жазушы», 1972;

    Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., «Мектеп», 1958;

    Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. А., «Мектеп», 1966;

    Менің майдандас достарым. А., «Жазушы», 1985.

    3) Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

    Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

    1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде

    «Илько Витряк»

    «Переяслав партизандары»

    «Ажал аузынан»

    «Жау тылындағы бала»

    «Днепрде»

    «Жау тылында»

    «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.

    Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері

    «Елімнің ертеңіне сенемін»

    «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

    4) Баубек Бұлқышев - Ұлы Отан соғысы жылдарында журналистік бағыттағы публицистік мұралары, өмірі мен шығармашылығы қалың көпке таныс тұлға – жауынгер-жазушы. Шығармалары: Жизнь солдата. М., «Молодая гвардия», 1946; Өмір біздікі. А., ҚМКӘБ, 1948; Жауынгер мәңгілігі. А., «Жазушы», 1965; Адамзатқа хат. Шығармалары. А., «Жалын», 1977; Заман біздікі. Шығармалар жинағы. А., «Жалын», 1984.

    5) Сырбай Мәуленов - 17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы "Таңдаулы өлеңдер" атты таңдамалысы, 1966 жылы "Шаңқай түс" жинағы, 1972 жылы "Тандамалыларың" 2 томдығы басылып шықты . Оның "Жаңа көктем" (1956), "Дала таңы" (1957), "Көгілдір таулар" (1964), "Жер нәрі" (1970), "Апрель жапырақтары" (1972), "Таңдамалы лирикалары" (1967), "Тандамала лирикалары" (1972), "Жапырақтар жанады" (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды.

    3)Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романына композициялық талдау жасаңыз.

    Шығарманың композициялық құрылысы:

    1.Оқиғаның басталуы - Қазақ ауылы тұрмысы, жоқшылық зардабы

    Ең алдымен берекесі кеткен ел тұрмысының тұтас суреті қамтылған трилогияда қиюы қашқан тірліктен жоғын іздеп, жоғалтқанын табам деп тас басып, теңіз кешіп жүрген тағдырлар суреттеледі. Шығарма басталғанда қазандық балық үшін ызғарлы күнде мұз үстіне шығып жүрген балықшылардың ішінен Еламанды кездестіреміз. Екіқабат әйеліне жас сорпа ішкізгеніне көңілі тоқ балықшы жігіттің әзірге мұңы мен қамы – сол Ақбала жайы. Ә дегеннен оқырманға ұнай бастауы да Еламанның осы Ақбалаға деген аяулы сезімінде жатады. Жазушы баяндау арасында сыздықтатып кейіпкердің өмірдерегінен де құлаққағыс еткен.

    2.Оқиғаның байланысы- Еламан образының ашылуы

    Еламан – ел ішіндегі араздықтан бас көтере алмай, теперіш-тоқпаққа көндікпеген, қараңғыда тал қармаған әлсіз, шарасыз жан. «Түсінбеймін...қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?»- деп бас кейіпкер өз ойларымен арпалысып жүреді. Еламанның бүтін бітімді тұлғасы оның жалпы һәм жалқы қасиеттерінің бірлігінен тұрады. Осы екеуінің жұптаса дамуына сай характері толысады, байиды. Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ.

    3.Оқиғаның дамуы- - Балықшылар тағдыры

    Балықшылар өз күндерін өздері көріп, тып-тыныш теңіз маңында күн кешіп жатады. Олардың жейтін астары да, кәсібі де- балық. Оқиғалар Қазан төңкерілісі тұсында орын алады. Үстем тап өкілінің бірі- Федорвтың оқиғаға енуі осы тұстан басталады. Өзін биік, өзгені төменге балаған Федорвтың іс-әрекеті көптің ашуына тиіп жүреді. Еламан өміріндегі ілкі әлеуметтік сілкініс кездейсоқ оқиғадан басталады. Арал промселінің қожайыны «тентек Шодыр» атанған Федоров әлі дұрыстап қата қоймаған теңізге балықшыларды зорлап айдап салады. Жалданған балықшыларды басыбайлы құлы есепті ұрып соғады.

    4. Шиеленісуі- Федоровты өлтіру, Сібірге айдалу

    Федоровтың әлегі Еламанның шыдамын тауысып бітеді. Өзіне де қол көтерген соң іштей кіжініп жүрген Еламан суға кеткен балықшыларды сұрастырмай, ауын жоқтап тұрған дүниеқоңызды сүйменмен салып өтеді... Кездейсоқ оқиға. Еламан кісі өлтіремін деп ешқашан ойламаған. Тумысында жуас, ақ пейілді адам. Мына кездейсоқ оқиғаның қажеттілік деп аталатын астары бар. Жазықсыз Андрей мен Жалмұраттың қазасы, көпестің олардың өмірінен дүние боқты жоғары қоюы, адамшылық ар-инабатының жоқтығы адал кеудеде кек отын тұтатады. Кедейлер мен бай, билердің арасындағы қақтығыс жиілеп кетеді. Халық қолдаушыларының дауыстары уақыт өткен сайын қаттырақ шыға бастайды. Еламан халқын отаршылық езгісінен босату үшін өз өмірін құрбан етуге бел буады. «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Екінші кітап халық кенішіне бойлай түседі. Қазақ даласында әлеуметтік қайшылықтардың өршуін тереңнен қопарып көрсетеді. Ақ патша тағынан құлап, орнына келген Уақытша үкімет те ел тізгініне ие бола алмай, Қос үкімет дейтіннің орнаған кезі. Ел іші дағдарыста. Соғыс ауыртпалығы ес жиғызбай езіп, жаншып әкетіп барады. Бұрынғы майлы, жайлы орнынан тапжыла қоймаған ескілік Петербор жақтан шыққан дүрбелеңнен шошынғанымен, әлі айылын жияр емес. Түрмеге қамалған, айдауда жүрген, одан түріктермен соғысқа қатысқан, майданнан оралғанда Шалқарға келіп теміржол бойына жұмысқа орналасқан Еламан, ендігі жүріс-тұрысында біраз дүниені бағдарлап, байыздайтын өреге көтерілген. Бірақ кейіпкердің әлі де «бір қайнауы ішінде». Әлі де ол оң мен солын айырып жетпеген сергелдең пішінде, әуре-сарсаңда.

    5.Шарықтау шегі - Саналы күреске шығу, ескі өмірдің күйреуі.

    Характердің сюжеттік арнасы кеңи түседі. Майданнан еңсесін тік көтеріп қайтқан Еламан ешкімге кеудесін бастырмауға, есесін жібермеуге тиіс. Іс жүзінде солай болады да. Майданда казак-орыстармен төбелес үстінде жазым бола жаздаған жерінен арашалап алып, Шалқарға жұмысқа орналастыруға көмектескен, үйінен пәтер берген Мюлгаузенмен жұдырықтасып қалады. Мюлгаузеннің «қорқақсың» деп жұрт көзінше қорлап былапыттағаны жанына батады, намысына тиеді. Кейіпкер характерінің қатайғаны Тәңірбергенмен айырылысқан бетте төркініне қайтуға жүзі шыдамай Шалқарға келген Ақбаламен ойда жоқта ұшырасып қалғанда байқалады.Оның Ақбалаға қайырылғысы жоқ. Мюлгаузенмен төбелестен кейін ауылға оралған Еламан бастапқы кезде тағы да бұрынғысындай іштен тынып жүрген. Тағы да оқиға ағысында жаңқадай қалқитын тәрізді. Шалқардан әкелген мылтықты жолшыбай бір ескі жұртқа тығып кеткен. Балықшылар арасынан тыныш тірлік іздейтіндей. Қайын атасы Сүйеудің үйіндегі баласын қолына алады. Бірақ бұлайша жеке басының қамын күйттеумен жүруі ұзаққа бармайды. Өмір еркіне қоймай иіріміне тартады. Амалсыз білегін сыбануға мәжбүр. Әлеуметтік тартысқа қайта араласпасына амалы қалмайды. Айдын шалқар теңізді бір өздері иемденіп, балығы көп ойыққа басқаларға ау салдыртпайтын Темірке көпес пен Тәңірберген байдың озбырлығына қарсы тұрады. Жеңілетінін біле тұрса да, топ бастап қайрат көрсетеді. Түрікпендер шабуылдап, бейқам жатқан елдің мал-жанын айдап кеткенде, қол бастап, жаудан өш алады. Мал-жанды үйіріне қосады. Жағдай намысты оятып, кеудеде жігер туғызса, жігер характерді қайрайды. Ар-намыс жетегіндегі характерге оқиға арнасын өз деген жағына бұра алатын қуат бітеді... Бұрынғы жылқышы, балықшы, сарбаз ой-санасының әлеуметтік қабаты қалыңдай түседі. Шодырды өлтірген кездегі Еламан – стихиялы бүлік құрбаны еді. Бұл жолғы Еламан басқа жан. Саналы күрескер. Халқының қолындағы қаһарлы қару. Білек күші жағынан ғана емес, ақылы да пәрменді құралға айналған.

    6. Шешімі - Тәңірбергеннің шөл далада жалғыз қалуы, Еламанның жар сүйіп, бақыт табуы, жаңа өмір.

    Трилогияның соңғы нұсқасында Кәлен атты кейіпкердің қолбасшылық ісі кеңірек көрсетілген. Күші басым жау әскері құм ішінде шабуылға шыққанда қорғаныс шебінің алдына киіз үй керегелерін жайып тастайды. Көмулі тұзаққа тап болған дұшпан талай сарбазын жоғалтып, кері шегінуге мәжбүр. Кәлен комиссар Дьяков пен Еламанның тапсырысы бойынша, ақтар әскерлерінің алдына түсіп алып, қу медиен даладағы құдықтарды жауып отырады. Ақ гвардияшыларға жолбасшы боп жүрген Тәңірберген байдан талайдан кеткен кегін қайтарады.Ақ әскер құзғындарын Тәңірберген ауылының үстінен түсіріп, ақыры тұтас бір әскерді судан қаталатып, бір оқ шығармай қырғынға ұшыратқан асқан ерлік иесі –Кәлен. Ол құдды Тәңірбергенге тауқымет тартқызбаққа көктен арнайы түскен, көзге шалынбайтын зауал секілді. Кәлен бір өзі мың сан қолды жайпап кететін ертегінің батырындай асқан ерлік танытады. Фольклор кейіпкерінен айырмасы – ерлігінің нанымдылығында, реалистік сипатында. Кәлен образының сомдалуындағы бір ғажап нәрсе – кейіпкер роман сахнасына мүлде шығарылмайды. Ол туралы Тәңірбергеннің аузынан бір-ақ ауыз сөз естиміз. Тәңірбергеннің ішкі монологінде мынадай бір пікір бар. Әбден әлі құрып, ойы сан саққа жүгіретін Тәңірберген бір уақ көк аспанға көз тастайды. «Ана қарашы, жарықтық, қандай биік және қандай кіршіксіз таза. Адамзат жетпей сорлап жүр. Көре қал, күндердің күнінде көкке қолы жетсе, адам аспанды да былғайды». Роман басталғандағы жарына жанын беруге даяр жаны таза бейтаныс Еламан трилогия аяқталғанда жазушы іштен алып отырып ашқан кесек тұлғаға айналады. Адасып, айналып келіп өзін-өзі табады. Ақбаламен өмірін бастаған Еламан басқа жанмен жолын жалғастырып, бақыт тапқандай болады. Өтекеніне көз салып, жаңа өмір бастауға анық бекінеді.

    1. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңіндегі ұлттық құндылықтарды көрсетіңіз.

    Ақынның үш бақыты- халық, тіл, отан. Шынында да адамзат үшін-Отан бақыт ордасы. Отан әркімнің отбасынан басталатын болса, әркімнің өз үйі де бақыт ордасы емес пе? Сондықтан Отанды сүю, Отанға еңбек ету, өз отауыңды сүюден, еңбек етіп гүлдендіруден басталмақ.

    М.Мақатев Отан тақырыбында жазылған елін, жерін қорғауға, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін жырлары патриоттық сезімге толы. Отанның, қазақ жерінің, оның тіл байлығын,басқа ұлтармен достық қарым-қатынасы жайлы толғайды. Мұның бәрі әрине ұлттық құндылықтар.

    Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлеңбаянының алтын арқауы.

    2. Төлеген Айбергеновтың лирикасына сипаттама беріңіз.

    Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы - сағыныш. Ол әр сөзін сағыныштан бастайды. Сағыныш сезімін мына өлең жолдарынан көреміз:

    Үмітке толы, арманға толы әр жерде бір түп қарағай,

    Сағынбай жүрсе, қалуы мүмкін жамырасуға жарамай,

    Жан-жақтан түскен шұғыланың бәрін сағынып жүрген кезімде,-дейді ақын.

    «Сағыныш» деген бір тақырып пен төрт өлеңдік топтама арнаған сағыныш әлеміне енеді. Бұл - алпысыншы-жетпісінші жылдар поэзиясының шырқап салған әні, шауып шыққан шырқауы. Оның қай тұсын оқысаңыз да осындай сағыныш сазы еседі. Туған жерге деген сағыныш, достарға деген сағыныш, өлеңге деген сағыныш. Шындап келгенде бұл сағыныштың бәрі де ақын көкірегін өртеп бара жатқан алай-дүлей махаббат.Ақынның лирикасы сан-салалы, көп тақырыпты, орасан зор, ауқымды дүние. Оның шығармашылық бетін, қалам қарымын танытатын нәрсенің бірі - азаматтық әуен. Төлеген Айбергенов шығарамашылығын негізінен сыршыл өлеңдер құрайды. Демек, Айбергенов өлеңдерінде көңіл-күй лирикалары көбірек. Ақынның сырласуға шақыратын, өз мұң-шаттығын білдіретін көңіл-күй лирикаларында сезімталдық та, ойлылық та, бар. Т.Айбергенов лирикасы туралы Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» атты еңбегінде: Төлеген нәзік жанды лирик, философ тұлғаға айналды. Сезім серпілісінің үзеңгісін қаға отырып, ой толғап, ақыл қорытады»- деген пікірі бірден-бір әділ баға болып табылады. «Ана» өлеңінде өмірге құштарлығы, ана қуаты дем беріп тұрған нәзік жан екенін байқауға болады. Өмірде кездесетін кейбір пасықтар мен тасбауырлар үшін жаны қиналып, шерменде болған ақын «Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда» деп шыр-пыр болады. Киелі сүт құдіретімен келген дарындылығын ақын өзі мойындайды да, қазақтың ұлттық нақышы, ұлттық бояуы сіңген қоңыраулы бесігін еске алады. Енді ақынның «Бір тойым бар» өлеңінде қазақтың қонақжайлығы, асып-тасқан дастарханы көрініс береді. Ән салған қарт пен жиынтық бейне, метонимия мәніндегі «жиырма бес» те, қыз күнін сағынған кемпірлер де шартты ұғым. Қазақтың той-томалағын көз алдыңа келтіреді. Ажырасқандарды қайта қосып, кірпік ілмей жүрген «ақ көңілімен ақ қайың бүртігіндей» болған жары мен түн ауғанша ән салған өзінің де бұл түнге құмарлығы керемет суреттелген.

    3.Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында» романына образдық талдау жасаңыз.

    «Жат қолында» романында өткен ғасыр аяғынан кейінгі ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерлер, бейнелі суреттер, мінез-құлықтар бар.

    Ескінің өшіп, жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге көтерілген Кенжеғарадай қажырлы жан – бас кейіпкерімен танысамыз.

    Кенжеғара – Игілікке тартқан сом денелі, еңселі, кең иықты, көрнекті жігіт. Бірақ Кенжағара бейнесі әрі қарай басқаша сомдалып, басқа арнаға түсе береді. Романның өне бойынан оның қалыптасу, ер жету жолын көріп отырамыз. «Ауылнайға хатшы болып, жұртқа жұмыс жасасам» дейтін Кенжеғара болыс болған соң «байлардан алынбаған жалақыларың бар, мен оны алып беремін» деп жас жігіт әділет іздейді. Романның соңғы бөлімінде Кенжеғара – саяси күрескер, қоғам қайраткері.

    Кенжағара – аралық адам, аралық бейнедей көрінеді. Аралық дегенде, екі жаққа бірдей деген мағынада емес, екі жаққа да өтімді, екі жақ та бірдей тыңдайтын шонжарлар жағы күйзеліп тыңдайтын, жарлылар жағы үмітпен тыңдайтын әділдік ұстанған дам. Кенжеғара- романның негізгі кейіпкері.

    Аралықтың ар жағында Игілік, Жұмабек, Рязанов, Ушаков, Сикорский, Акула. Игіліктің балалары- Ордабай, Кенжеғараның орынына болыс болған Арыстан, елден жұмысшылар жинайтын Бекберген сұлтан.

    Игілік – Кенжеғараның әкесі. Алайда ол Кенжеғараныі жақыны бола алған емес.

    Шығармада әрі қарай дала сиқы, әдет-ғұрып, әйел, ана, қыз тағдыры, мектеп салдыру, кедейлердің ақысын алып беру, жастар қамын ойлау жайлы айтылады.

    Романда аналар бейнесі де жақсы жасалған. Игіліктің өз әйелі Айғанша, некеленбеген әйелі – Наргөз, Көпей, Назыкеш сынды әйелдер өздерінің мінез-құлықтарымен таныс та бейтаныс.

    1)Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан кеңеюі жайлы жазыңыз.

    Қазіргі қазақ драматургиясының шеңберіне тәуелсіздіктің тұсынан бүгінгі күнге дейінгі жазылған туындыларды қарастырамыз. Ал дәл осы кезең – ғасырлардың тоғысына сәйкес келетін, дәстүрдің жаңашылдықпен үндескен кезеңі. Кейіпкер болмысын танытудағы психологизмнің қызметі, көркем шығармадағы баяндаудың жолдары, суреттеудің жүйесі, көркем мәтіннің семантикалық, стилистикалық құрылымы жайындағы ізденістер – қазіргі қазақ драматургиясының жанрлық сипатын айқындайтын параметрлер.

    Жанрлық өзгерісі: Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді Осы тұрғыдан драмалық шығармалардың заманауи-гаманитарлық ойлаудың бір тармағы ретінде қоғамдық пікірге белсенді қозғау салуда рөлі ерекше.

    Қазіргі қазақ драматургиясының поэтикасын талдағанда ең алдымен жанр мәселесіне тоқталу керек. Заманауи драматургияның жанрлық сипаты өзіндік ерекшеліктерге ие. Онда абсурдттық драмадан трагедияға дейінгі аралықтағы түрлі жанрлар қамтылғанын байқаймыз. Комедиялық, трагокомедиялық, мелодрамалық жанрдағы туындалар артып келеді.

    Көркемдік: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі драма жанрында жазылған туындалырдың басты ерекшелігі күнделікті тұрмыстың әр түрлі құбылыстaры жaн-жaқты бейнеленеді. Сaн aлуaн тaртыстaр дрaмaлық aуыр шaйқaстaрғa сaлып, оның рухaни aдaмгершілік қуaтын сынaп көреді; aлғa қойғaн мaқсaт, белгілі нысaнa үшін күресу үстінде aдaмдaр мінезінің неше түрлі қырлaры aшылaды. Уaқыт, зaмaн тaлaптaры, әлеуметтік шaрттaр қaлыптaстырғaн нормaлaрды бұзу, шеңберден шығып, шекaрaдaн өту секілді қaһaрмaндaр әрекеті тaртысты, психологиялық ситуaциялaр тудырaды. Сондай-ақ қазақ драматургиясының бүгінгі даму үрдісіндегі ерекшеліктердің бірі – адам психологиясын, ішкі жан сарайын ашуға, түсіндіруге деген ұмтылыс

    2)Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романындағы негізгі проблемаларға шолу жасаңыз.

    Романда ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған.

    Арқау болған басты проблемалар:

    Кеңес үкіметі кезеңіндегі адам мен қоғам арасындағы қайшылық.

    1937 жыл «Қызыл қырғын»

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Абдувоситова Мафтуна Зохидқызы
    08 Желтоқсан 2023
    409
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    Қазіргі қазақ әдебиеті

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    Қазіргі қазақ әдебиеті

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Қазіргі қазақ әдебиеті туралы

    Файл форматы:
    docx
    Қазақ тілі Мақала Барлық сыныптар
    08.12.2023
    409
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Абдувоситова Мафтуна Зохидқызы
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации