400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі қазақ театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қазақ театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі қазақ театрлары көрермендердің сұранысына сай ма?


Театр-сымбатты өнердің ішіндегі мәдениет ошағы. “Театр-адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын”,деген екен Шәкен Айманов. Ал, бүгінгі театрдың жайы қалай? Көременннің сұранысына сай ма?-деген сұрақ төңірегінде өз ойымды жеткізсем деймін.

Белгілі жазушы-драматург Сайын Мұратбеков ертеректе мынадай бір пікір айтқан екен: “Қазірде жылына жүзге жуық пьеса жазылатын көрінеді. Бұл-меніңше, сапасыздықпен қатар салмақсыздықтың да дәлелі.Ертеректе жылына бір пьеса дүниге келсе-келетін, келмесе-үлкен әңгіме болатын. Ал терең толғаныста туған, халық өмірін бейнелейтін пьесалардың сахнадағы өмірі де ұзақ болатын. Ал қазір ше?”

Бұл-отыз жыл бұрын қойылған сұрақ. Ал қазір ше?

Қазіргі таңда көрермендердің театрға деген қызығушылықтары төмендеп, тіпті театрға аяқ баспайды.Менің ойымша,көрермендердің театрға аяқ баспайтынының бір себебі, қоғамда қазақ драматургиясында сапасыз пьесалардың көбеюінен деп білемін.Оның үстіне, қазір әзіл-сықақ театрлардың көбеюде әсер еткен болар. Осы орайда “Таңшолпан” бағдарламасының тілшісі: -“Театрға жиі барып тұрасыз ба?-деген сұрақ қойғанда, жұрттың біраз бөлігі: шынайы замандас бейнесін, адамның болмыс-бітімін ашып көрсететін дүниелерді көрсетудің орнына мән-мағынасы жоқ дүниелерге әуес болып барады деген жауаптарын естіген едім. Осы жауаптан-ақ қазақ театрлары көрерменнің сұранысына сай келеді деуге болады ма? Ол жағын өзіңіз пайымдай жатарсыз...Әрине, бұл барлық қазақ театрларына топырақ шашқаным емес. Қазақ классиктерінің мықты шығармаларын, атап айтқанда Ж.Аймауытовтың “Қартқожасын”,М.Дулатовтың “Бақытсыз Жамалын” ерекше сәтті дерліктей сахналап, көрермен көзайымына айналған театрларда баршылық, бірақ саусақ санарлық.

Қорытындылай келсем, көрерменде бір ғана сұраныс бар- ол қандай болмасын, сапалы спектакль! Сондықтан, театрлық қойылымдарда-драматург, режиссер, актер-осы үштік бір-бірімен қабысып жатса, дәм татусыз дүмбілез дүниелерге заңмен шектеу қойылса, көрермендердің де театрға ағылатыны сөзсіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі