Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қазіргі сән 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар. Сабақ өтетін мұғалімнің жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМКҚ




Сабақ жоспары

Қазақ тілі

Тақырыбы: «Қазіргі сән»




Іс-тәжірибе базасы: «№119 орта мектеп»

Әдіскер: ........................Мусина К.С


Пән мұғалімі: .............. Жиеналиева И.Б

Машықкер: Раушанбекқызы Ұлтуған

Сыныбы: 5

Күні: 09.10.2020 ж

Баға____________





2020 жыл

Бөлімнің атауы:

Киім. Сән. Талғам

Мектеп: «№119 орта мектеп»


Күні: 09.10.2020 ж

Машықкердің аты-жөні: Раушанбекқызы Ұлтуған


Сынып: 5

Қатысқандар:


Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Қазіргі сән


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

ӘТН 5.4.2.1 – сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.


Сабақ мақсаттары



Оқушылардың барлығы орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алу;

Оқушылардың көбісі орындай алады: сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу;

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.



Бағалау критерийі


  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады;

  • Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.



Тілдік мақсат

Жастар киімі, ықпал түрлері, қазіргі заманғы стиль.


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану


АКТ –ны қолдану дағдылары



Алдыңғы білім

Киім түрлері және талғам


Жоспар


Сабақтың

басы

5 мин
















Сабақтың ортасы

30 мин









































Сабақтың соңы

5 мин













Сәлемдесу!

Оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Психологиялық ахуал;

« Қуанамын » треннингі.

Оқушылар өлең шумақтарын қайталайды.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанамыз достарым ,

Арайлап атқан күнге.

Тәртіпті сақтаймыз,

Сабақты бастаймыз.

Балалар бүгінгі күндерің қуанышқа толы болсын!

Үй тапсырмасын сұрау

Балалардың қателерімен жұмыс жасау.


1-тапсырма. «Жастар киімі» деп аталатын мәтінді тыңда. Шетелдік сән атауларын есіңе сақта. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.


Жастар киімі

Адамдардың жасына қарай киінуі де өзгереді.

14-20 жас аралығы

Өмірде өз ойын, өз стилін іздейтін уақыт. Бұл жаста өзіне ұнағанын киіп, кез келген стилмен екінші бір стилдегі киімді «үйлестіріп» кие береді. «Сәнге айналған» алқаны мойнына асып алып, аяғына ашық түсті не тізеге дейін шұлық киюі де мүмкін. XX ғасырда  сән мен костюмге айтарлықтай  эсер еткен ағым - эклектизм болды. Эклектиканың басты белгісі - стильдер қосындысы, мысалы, романтикалың пен спорттык стильдің үйлесімді байланысы.

Әлемдік   сән  мінбесіне  жібек  пен  қалың  жайма,  табиғи тері  мен  жұқа   шифон, қамқа  мен  қарапайым   ағылшын  твидін  киген, модельдер  көрсетілуде.

 Жаңа стильдердің пайда болуы мен қарқынды дамуына қарамастан, классикалық стиль бұрынғыша маңызын сақтап қалды. Классикалық стильге «ағылшын» стилін, «шанель», «джинсилық», #кантри», «теңізші» стильдерін жатқызуға болады.

Сұрақ:

  1. Жастардың өз стилін іздейтін уақыты қай кез?

  2. Кез келген стиль мен екінші стильді үйлестіріп кию деген не?

  3. Эклетикалық стильдің басты белгісі не?

  4. Классикалық стильге қандай стильдер жатады?

Дескриптор:

  • Мәтінді мұқият тыңдайды;

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.


2-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, кестені толтыр.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат






Дескриптор:

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды;

  • Кестені толтырады.


Орфоэпиялық норма – сөздердің үндестік заңына сай дұрыс айтылуы. Үндестік заңы: буын және дыбыс үндестігі.

Буын үндестігі (сингармонизм) – сөздің бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып жалғануы

Дыбыс үндестігі – дыбыстардың  бір-біріне әсер етіп, үйлесе, үндесе айтылуы.
Ауызекі сөйлеу кезінде дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ыңғайласа айтылады. Мысалы: жанбады - жамбады, жанған - жаңған. Айтылуда б дыбысының әсерінен (б айтылуы жағынан ерін дыбысы) н дыбысы еріндік м дыбысына өзгерсе, екінші мысалда ғ тіл арты дыбысы н тіл алды дыбысын ң тіл арты дыбысына ауыстырып тұр.
Дыбыс үндестігін ықпал деп атайды. Ықпалдың  қазақ тілінде үш түрі бар

  1. Ілгерінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі. Мысалы: Қарагөз – Қаракөз
    2) Кейінді ықпал – қатар келган екі дыбыстың  соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа  әсер етуі. Мысалы: аяқ – аяғы, төк – төге.
    3) Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне  ілгерінді, кейінді ықпал арқылы өзгеріске ұшырауы. Мысалы:

Есжан-Ешшан Жиенқұл-Жиенғұл

Есен келді-Есенгелді Досжан-Дошшан

Тон кию-Тонгию Шешіп алу-Шешібалу

Өзі күлдіргі-Өзүгүлдүргү Алдар көсе-Алдаргөсе




3-тапсырма. Төмендегі сөздердің ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалды тап.

Көзқарас, жұмысшы, сенгім келеді, Жанқожа, жазшы, Досжан, ашса.

Дескриптор:

  • Ықпал түрлерін ажыратып жазады.


Кері байланыс.

Жетістік баспалдағы.












Үй тапсырмасы: Киім туралы мақал мәтелдер тауып, жазып келу.












«Қуанамын»

Треннингі

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12