400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазіргі заманда қолданылатын инновациялық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Дулат Айгерім Шәмшіқызы

Жамбыл облысы Тараз қаласы №35 орта мектебі КММ көркем еңбек пән мұғалімі

Қазіргі заманда қолданылатын инновациялық технологиялар

Технология (грек тілінен аударғанда techne — өнер, шеберлік) -материалдарды, шикізаттарды өңдеу мен қайта өңдеу, алу тәсілдерінің жиынтығы. 1960 жж. басынан бастап «педагогикалық технология» ұғымы тарала бастады. Оның пайда болуына ғылыми-техникалық прогресс жағдайында білімді жаңа сапалық деңгейге көтеруге тырысушылық себеп болды. Бастапқыда білімді технологияландыру негізінен оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолданумен байланысты болды. Алайда қазіргі таңда педагогикалық технология — оқытудың құралдарын қолданудың әдістемелік тәсілдері мен ұйымдастырылған түрлерінің жиынтығы ғана емес, сонымен қатар білім беру үрдісінің тиімді тәсілдерін табу, даму қағидаларын анықтау, жаңа әдістемелік тәсілдер қолдану және оқу-әдістемелік материалдар мен оқытудың техникалық құралдарын жасау мақсатында жүргізілетін зерттеулер. 1986 жылы ЮНЕСКО-ның формулировкасы берілді:
Педагогикалық технология — оқыту мен білімді игеру үрдісінің бәрін білім берудің тиімдірек түріне жету үшін адам және техникалық ресурстарды ескеру жолымен және олардың арасындағы өзара әсерін бағалау мен қолданудың, жоспарлаудың жүйелік әдісі. Оқыту технологияларына жалпы сипаттамаПедагогикалық технология келесі түрде жіктеледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту технологиялары.Оқыту технологиясы деп оның қойылған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту құралдарының, әдістерінің, тәсілдерінің, формаларының жүйесінен тұратын оқу бағдарламасымен қарастырылған мазмұнын жүзеге асыру үрдісін айтамыз. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдер жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар.

Ең алдымен инновациялық технологияларды қолданбас бұрын оларды қандай сыныптарға қолданған тиімді екендігін біліп алуымыз керек. Ол үшін мектептегі бастауыш сынып оқушылары мен жоғарғы сынып оқушыларын бөліп қарастырғанымыз дұрыс. Бастауыш сынып оқушылары мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер болғандықтан оларға жеңілдетілген, оңай технологиялармен білім берген дұрыс. Себебі: олардың ойлау қабілеттері әлі толық дамымаған, сол үшін біз олардың ойлау қабілетін дамытуымыз қажет. Міне, осы мақсатпен мынадай технологияларды толданамыз.Дамыта оқыту технологиясы– оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.

Ойын арқылы оқыту технологиясы - балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің  материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н.К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі - ойын.

Ұжымдық өзара оқыту технологиясы - В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы жоғары сапалы нәтижеге қол жеткізу; алынған білімді бір-біріне сол сәтте және үздіксіз беру; оқушылардың өзара әрекеті мен бірлігін қалыптастыру; жеке тұлғаны қабілетіне сай оқыту; әрбір білім алушының еңбегін педагогизациялау; тақырыптар мен тапсырмалардың әртүрлі болуын көздейді. Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының өз ойын айта білуіне, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білуге бағытталған. Топтық, ұжымдық және жеке оқушы арқылы да орындала береді. Оқушылар өз қалаулары бойынша топ құра алады. Топтағы студент санына байланысты тапсырмалар саны анықталады.Ұжымдық оқыту технологиясын үлкен тақырыпты өтіп болғаннан кейін пайдалануға болады. Мысалы, сөз тіркесі синтаксисін өтіп болғаннан соң осы технологияны пайдалануға болады. Ол үшін оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Олар кімнің мұғалім, кімнің оқушы болатынын өздері таңдайды. Технология былайша жүзеге асырылады. Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін  төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық  тәсілдер  арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады.

Ал жоғарғы сынып оқушылары жан-жақты қалыптаса бастаған буын болғандықтан оларға келесі технологиялармен сабақ барысын түсіндірген қиынға соқпайды. Оларға төмендегідей технологиялармен білім беруге болады. Оқытудың мультимедиялық технологиясы - мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экрандарында кез-келген қажетті хабарлармен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншіліктер тудырады. Мультмедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты хабарларды эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келетін білім берудің мотивациясын арттырумен және хабарларды өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Мультимедиялық технология құралдары – компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық (компьютер, интерактивтік тақта, принтер, проектор, телекоммуникациялық блок, пернетақта және тышқан, компьютер құрылғыларын басқару, сыныптағы және мектептегі желі, дыбыс-бейне құралдары) және программалық құралдар (интернет, виртуалды конструкторлар, жаттықтырғыштар, компьютерлік тест программалары, электрондық басылымдар, басқарудың ақпараттық жүйелері).

Проблемалық оқыту техгологиясы - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

Тренинг оқыту технологиясы - тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.

Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.

1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг-топтарды (Т-топ) құрды.Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет. Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет.Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология - ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж.Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологиясы (IT) деп атаймыз.” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Қорыта келгенде, білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз - өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі ,білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің өз міндетіне, атынасына, көзқарасына, шеберлігіне, байланысты. Бала мектеп табалдырығын оқып–үйренуге деген үлкен ынтамен,ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп бөлуге болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру, деп емес, ең алдымен,оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс –әрекетін сауатты ұйымдастыру,басқару деп білуі тиіс.Қандай әдіс-тәсіл болса да,әр оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге ,оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.

Жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі ретінде мен күнделікті жұмысым үшін алдыма келесідей міндеттерді қоямын: Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану; Оқушылардың резервтік мүмкіндіктерін диагностикалау; Пәннің түсіндірілуі мен ақпараттың жеткізілуінің жоғары сапасын қамтамасыз ету; Жаңа педагогикалық технология – модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану; Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру; Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы; Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.

Аннотация

Қазіргі таңда қолданысқа енгізілген инновациялық технологиялардың түрлері. Олардың білім саласындағы маңызы мен тиімділігі. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды мүмкіндігінше қолдану.


Аннотация

Виды инновационных технологий, которые в настоящее время используются. Важность и эффективность их знаний в образовании. Примените новые технологии в учебном процессе как можно больше.



Аnnotation


Types of innovative technologies that are currently used. The importance and effectiveness of their knowledge in education. Apply new technologies in the learning process as much as possible.

















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Жалпы білім. Алматы, РОНД, 2002. – 360 б.

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007

3. Бастауыш сыныптарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері //«Бастауыш сатыда білім берудің бүгіні мен келешегі» Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Атырау, 2006, 59-62 б.

4. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға қызығушылығын арттырудағы компьютерлік ойындардың рөлі //«Білім беру жүйесін трансформациялау тұрғысындағы әлемдік білім саясаты» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы-Москва, 2006. –Т.2, 130-135 б.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
3517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі