Материалдар / Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының өзекті мәселелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының өзекті мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының өзекті мәселелері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
814
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының өзекті мәселелері Автор: Баймағамбетов Ерлан РусланұлыҚазіргі жаһандану заманында ұлттық мәдениеттер арасында өзара ықпалдасу мен байланыс үрдістері қарқынды жүруде. Әрбір этникалық қауымдастық өзінің жекеленген дербес кеңістігін жалпы ғаламдық үдерістермен сәйкестендіре өркендетуге мәжбүр. Әрине, әлемдегі ғылыми-техникалық, өркениеттік прогрестің пәрменділігін жоққа шығаруға болмайды, ол өз жалғасын табады. Дегенмен, тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетіп отырғанындай әлемдегі көптеген сын-қатерлердің арасында азаматтардың құндылықтық бағдарлары мәселесі де маңыздылыққа ие болуда. Мәселен, Стратегияда «Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы. Әлем ауыр дүниетанымдық және құндылық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Өркениеттер қақтығысы, тарихтың ақыры, мультимәдениеттің күйреуін жариялайтын үндер жиі естіледі. Жылдар бойы сыннан өткен құндылықтарымызды қорғай отырып, біз үшін осынау кертартпа көзқарастан тартынуымыздың принципті маңызы бар. Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық» деп мәселе кең мағынада атап көрсетіледі [1, 19б]. Әлемнің көптеген елдерінде өмір сүріп жатқан қазақ ұлтының өкілдерін бұл құндылықтық дағдарыстың ыстық лебі шарпып өтпеуі де мүмкін емес еді. Сондықтан олардың барлығы қазіргі дәуірде дүниетанымдық және құндылықтық қайта түлеу кезеңінде өмір сүріп жатқанын атап өту кеТ. Мамашев. Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының... 18 Қазақ диаспорасының заманауи эстетикалық... рек. Жалпы дүниежүзі халықтарының барлығы өзінің құндылықтар дүниесін сараптан өткізіп, оның кейбір тұстарына жаңаша бағалаулар беріп жатқан кезеңде қазақ ұлтының алыс және жақын шетелдегі өкілдері, Атажұрттағы, яғни тәуелсіз Қазақстан жерінде топтасқан негізгі бөлігінде, түбегейлі халқында құндылықтар саласының құрылымы мен болашағына асқан ұқыптылықпен қарайтын заман да жетті. Себебі, қазіргі заманның уақыт өлшемі мен өзгерістер екпіні бұрынғы тарихи кезеңдермен салыстырғанда басқа, әлдеқайда күрделенген деңгейге көтерілгені байқалады. 19 алмастыруға ұмтылады. Бұл жағдай қөптеген халықтардың мәдени кеңістігіндегі ахуал десе де болады. Шыныменде қазақ жастары әлемнің қай түкіпірінде жүрсе де өзінің азаматтық және сонымен қатар этникалық «Менін» жоғалтып алмауы үшін, экономика саласындағы бәсекелестікте сын-қатерлерден сүрінбей өту үшін қазіргі жаңа технологияның пәрменді таралуы заманында өткен дәстүрлі қоғамның құндылықтарының ауқымында қалып қоймай, ақпараттық қоғамның барлық қырларын игеріп алуы шарт. Міне, осы мағынада қазақ диаспорасы өкілдері арасында, әсіресе жастар арасында осы бағыттағы құндылықтық ығысулар мен басымдылықтар көрініс беретініне күмән туғызуға болмайды. Алдымен, бұл үрдісті Еуропа мен Түркиядағы, сонан соң Ресейдегі қазақтар арасынан байқауға болады. Ал енді отандастарымыздың этикалық және эстетикалық құндылықтарының қалыптасуы мен дамуына осы үдерістердің әсері мол екенін атап өту керек. Өзінің 20 жылдығын өткен 2012 жылы атап өткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы әрі қарайғы қызметтерін негізінен отандастарымыздың құндылықтық әлемін дамытуға көмектесумен, Атамекенмен байланысты нығайта түсумен байланыстырады [2]. Осы бағытта атқарылған істер аз емес. Ал болашақта атқарылатын істер одан да көп. Әсіресе, елімізге көшіп келген және болашақ келетін оралмандардың мәселесі де күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Бұл салада көптеген күрделі мәселелер бар екенін де жасыруға болмайды. Репатриант қазақтардың өзекті мәселелері де құндылықтар жүйесіндегі өзгерістерді реттеумен тікелей астасып жатады. Соншама жылдар бойы басқа этноәлеуметтік, этносаяси және этнопсихологиялық ортада өмір сүріп келген отандастарымыз үшін Қазақстан Республикасындағы жағдайға бейімделіп кету де оңай емес екені белгілі. Оның үстіне еліміздің әртүрлі аймақтарындағы экономикалық, әлеуметтік және лингвистикалық жағдайлардың ерекшеліктері бар екенін ескерген жөн. Жалпы саны бес миллионға жақын исі қазақ ағайындардың тәуелсіздік нығая түскен жиырма жыл ауқымында бір Т. Мамашев. Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының... 20 Қазақ диаспорасының заманауи эстетикалық... миллиондайының өз тарихи Атамекеніне оралуына, онда толыққанды азамат болып тіркелуіне, көбісінің квота бойынша баспаналы болуына себепкер болған елбасының өзі болатын. Ол дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ретінде өзінің басты стратегиялық бағдарламасын бірнеше заманауи әмбебап өркениеттік принциптерге сүйеніп негіздегенін байқаймыз [3]. Біріншіден, жас мемлекет Қазақстан Республикасы Жер бетіндегі барлық қазақтар үшін қайталанбас жалғыз тарихи мекені, заңды Отаны екені көрсетілді және оған оралуға ниет еткен отандастарымызды қабылдауға түбегейлі бетбұрыс жасалып, көптеген жылдар бойы ұлттың ішкі бірлігін нығайта түсу үшін квота бойынша жан-жақты көмек көрсетіліп келді. Жалпы, мемлекеттік жүйеден тыс еліміздің әлеуметтік және қоғамдық күштерінің, шетелдегі қандастарымыздың әлеуетін, әр қилы бағыттағы мүмкіндіктерін айқындауға деген қадамдар жасалынуы тиіс. Еуропада әр жыл сайын өткізіліп келген кіші құрылтайдың соңғысы Дания және Франция елдерінде өткені белгілі. Міне осы кіші құрылтайдың қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде еліміздің президенті «Құрметті бауырлар! Сіздерді қай уақытта да құшақ жайып қарсы алатын елдеріңіз барын, сүйенгенге тірек, іздегенге пана болар жерлеріңіз барын әрдайым естен шығармаңыздар» деген болатын. Біртұтас қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылатын қазақ диаспорасының тағдыры мен болашағы еліміз үшін, елбасы үшін маңызды мәселе болып қала бермек деген ойдамыз. Екіншіден, өзінің тарихи отанынан жырақ кетіп, жаңа мекенде өмір сүріп, өздерін әлемге танытқан, тіпті мемлекет құрған әртүрлі ұлт өкілдері әлемде көптеп саналады. Өткен ғасырларда жаңа жерлерді бағындыруға ұмтылған ағылшындар мен португалдар, испандар мен француздар Жер бетінің көптеген елдерінде өздерінің тілдерін таратып, мәдениетін орнықтырып үлгергені белгілі. Қазіргі кезеңде қытайлықтар мен үнділіктер басқа этникалық кеңістіктерді игеруге ұмтылуда. Әрине, өздерінің тарихи мекендеріндегі 21 демографиялық жағдайдың қысымы да осы процестерге әсер ететіні де тарихи дерек болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің шетелдердегі отандастарына қамқорлық жасау және сонымен қатар олармен өзара қарым-қатынаста болу саясатын ұстанады. Бұл қатынастар мен құндылықтықтық байланыстар қазіргі дәуірдің өзіндік заманауи талабы. Қазақ диаспорасының көптеген елдердегі жаңа легінің қазіргі жағдайда әлеуметтік жаңғыру үрдістеріне сәйкес үйлесімді сипатта өзіндік қисынмен қалыптасуынан үркуге болмайды. Мәселен, Еуропадағы қазақ қауымдастығы өзін лайықты деңгейде көрсете алатын этникалық топтарға айналған. Оны, сонымен қатар кезіндегі қазақтардың жан сақтауы үшін іргелес елдере үдере көшуімен салыстыруға болмайды. Қазіргі кезеңдегі қандастарымыздың кейбір елдерді өмір сүруге таңдауының өзі және оның саналы түрде жүзеге аса бастауының өзі еліміздің азаматтарының өркениеттік деңгейінің арта бастағанын білдіреді, олардың шетел тілдерін жете меңгеріп, белгілі бір кәсіби саланың бәсекеге қабілетті мамандары болғандықтан ғана сіңісе алып жатқандығына көзіміз жетіп отыр. Нарық заманында адамға тек өзінің қабілетімен ғана орнықты орын табылады. Жастар жағының ішінде өзінің ұлттық тілін маңызды құндылық етуге талпыныстар да жандануда. Бұл мәселе тәуелсіз Қазақстандағы қазақ тілінің – мемлекеттік тіл мәртебесін орнықтыра түсуімен тікелей байланысты [4]. Үшіншіден, Қазақстан Республикасы азаматтары кейбір көрші елдердің азаматтарындай басқа мемлекеттердің территориясында жұмыс іздеп, топ-тобымен шоғырланып жүрген жоқ, еліміздің пәрменді инновациялық даму жолына бет бұруы және әлеуметтік жаңғыру саясатын ұстануы әлеуметтік тұрғыда біршама тұрақтылыққа іргетас болғанын атап өтуге болады. Әрине, шешімін әлде де тереңірек табуға тиісті мәселелер баршылық. Өткен жылдың аяқ жағында Жаңаөзенде орын алған оқиғалар қазақ жастарының арасында шеттеп қалған, мүддесі толық қорғала қоймаған өкілдерінің бар екенін көрсетіп берді. Осы бағыттағы Т. Мамашев. Қазіргі замандағы қазақ диаспорасының... 22 Қазақ диаспорасының заманауи эстетикалық... қызметтердің пәрменденуі де өмір қажеттілігі. Шын мәнінде елімізден басқа жерлерге өздеріне тиісті емес материалдық және қаржылық игіліктерді ала қашқан қандастарымыз туралы естігенде олардың ұлт алдындағы жауапкершілікті сезінбегендігі, өздерінің жеке бастарының қамдарын ойлағандығы қынжылтады. Оларды қазіргі таңдағы қазақ диаспорасының шынайы өкілдері деп айтуға ауыз да бармайды. Қазақ халқының мүддесіне қызмет ету ар-ұждан алдындағы тазалықтан, терең ұлтжандылық сезімнен басталатындығы Абай мен Шәкәрім сияқты қазақ даналығының дүлдүлдері айтып кеткенін әсте естен шығармаған жөн іспетті. Қазақ халқының күртелі тарихи кезеңдерде айтылатын «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» деген даналыққа толы қанатты сөзін ұмытпауымыз керек. Осындай құндылықтық астары бар сөздің мағынасын терең зерделей алсақ, онда қазақ халқының болашағы және ұлттық біртұтастығы оның әрбір өкілінің жасампаз шынайы әрекетімен, шығармашылыққа толы еңбегімен астасып жататынын байқаймыз. Қазақ ұлтының кез келген өкілі қай елде өмір сүрсе де, қай елдің азаматы болса да өзінің бақытын негізінен өз қолымен жасайды, өз дарынын белсенді іс-қимылымен ғана паш ете алады. Сондықтан қазақ диаспорасының өкілдерінің басқа ірі ұлттарға жұтылып кетпей, мәдени ассимиляцияға ұшырамай, қазіргі әлемді жайлап келе жатқан тұтыну психологиясының тетігіне айналмаудың қамын ойлап, Қазақстан мемлекеті тарапынан көрсетілген көмекпен ғана шектелмей рухани және әлеуметтік даму жолында белсенділік танытуы қажет екені айқындалуда. Терең тарихы мен жасампаз болашағы бар тәуелсіз еліміз өз шамасына қарай отандастарымызға ақпараттық, білімдік, құқықтық және экономикалық тұрғылардан көмектерін аямауы тиіс. Бүкіл әлемдегі қазақ атаулының барлығы оқи алатындай, ақпараттық етенелесуде болатындай «Егемен Қазақстанның» өткен бастап нөмірлерінің – латын, кириллица және төте жазумен шыға бастағаны нағыз ұлттық топтасу мен ықпалдасудың жолына бет бұрғанымыздың нағыз 23 дәлелі. Енді осы көрнекті мысалды басқа ұлтжанды баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары оқу орындары қолдап, өзіндік ұлттық қозғалысқа айналғаны абзал. Ұлттық руханияты кемелденген біртұтас халыққа айналу, өзінің құндылықтарын тәртіпке келтіру осындай нақты қадамдардан басталады деген ойдамыз. Әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасы Президенті – елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Алматы. – 2012. – 110 б. 2. Ұлыстың ұлы жиыны. Деректер жинағы / Құраст. Ботагөз Уатқан. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 408 б. 3. Қазақ көші – қазақтың қауымдасуы: Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қорынан құжаттар жинағы (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығыны 20 жылдығына арналған). – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы. – «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 352 б. 4. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тілі білімі. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 288 б.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!