Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі – бұл мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және аймақтық күштердің өзара әрекеттесуі негізінде қалыптасатын жаһандық саяси құрылым. Бұл кеңістік көпполярлы жүйеге өтіп, әлемдік державалар (АҚШ, Қытай, Ресей, ЕО, Үндістан) арасындағы ықпал үшін күрес күшейіп келеді. Геосаяси жағдайға аймақтық қақтығыстар, экономикалық санкциялар, ресурстарға талас, технологиялық даму және халықаралық ұйымдардың рөлі үлкен әсер етеді. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелері өзекті болып, жаңа альянстар мен одақтар қалыптасуда. Бұл тақырып халықаралық қатынастарды, мемлекеттердің сыртқы саясатын және әлемдік тәртіптің болашағын түсінуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №

(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)


Модуль /пән атауы

География

Сабақ тақырыбы

Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі. Азия,Еуропа,Америка.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы

1




1




1




1




1




1




Сабақ түрі

Аралас сабақ

Мақсаты (оқу нәтижелері)

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігінің алуантүрлілігімен таныстырып,талдауды үйрету


Міндеттері (бағалау критерийлері)

Геосаяси жағдай, лаңкестік ұйым мен сепаратизм ұғымдарына талдау жасау

Күтілетін нәтижелер

А.Дүниежүзінің геосаяси кеңістіктерінің алуан түрлілігі туралы түсіндіру;

Б. Қазіргі заманның геосаяси үдерістерін,әлемнің геосаяси бейнесі таныстыру;

В.Алған білімін іс жүзінде қолдана білуге, ұжымдасып жұмыс істеуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

2. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер


1. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Саипов А.География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-матаматикалық бағытындағы 10-сыныптарға арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2019 ж.

2. Каймулдинова К., Абилмажинова С., Абдиманапов Б. География. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныптарға арналғаноқулық. Алматы: Мектеп, 2020

Техникалық құралдар, материалдар

Дидактикалық материалдар, презентация,оқулықтар,компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор т.б

3. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі


1. Сәлемдесу, аудитория тазалығына мән беру,түгелдеу, оқу құралдарын қадағалау.

2. Назарларын сабаққа аудару

3.Топқа жағымды ахуал туғызу.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру


Геосаясаттың мақсаты мен міндеттері.Негізгі геосаяси объектілер мен субъектілер

  1. Негізгі геосаяси обьктілер мен субьектілер.

  2. Геосаяси ықпалдың негізгі құралдары жіне оларды зерттеу

1-тапсырма: «Географиялық диктант» ойыны.дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр (15мин)

  1. .............. – мемлекеттің стратегиялық әлеуетіне ықпал ететін географиялық,саяси, тарихи және басқа факторларды тұтас бірлікте зерттейтін ғылым.

Ж:Геосаясат

  1. .............. - өзара байланысқан және даму үстіндегі географиялық нысандар орналасқан аумақ.

Ж:Геокеңістік

  1. Геосаяси ықпал жасау ........ , ................. , .............. , ................ , .............. құралдар арқылы жүзеге асады.

Ж:Саяси,Иделогиялық,экономикалық, ақпараттық, мәдени.

  1. .............. . сана мен еркі бар, белсенді танымдық және басқа әрекет ететін жеке тұлға немесе әлеуметтік топ.

Ж:Субьект

  1. ................. , субьектінің танымдық немесе басқа әрекеті бағытталған нысан.

  2. Геосаясат терминінің авторы – шевд ғалымы .............. ................... .

Ж: Рудольф Челлен.


2 тапсырма: «Ой түйіндеу» ойыны (5мин)

Студенттер интерактивті тақтада 10 сұрақ көрсетілген тест сұрақтарға жауап береді.

1.Геосаясаттың негізгі обьектісі.....

а)Ғаламшар кеңістігі, мұнда барлық геосаяси күштер орналасып, геосаяси үдерістер мен құбылстар жүзеге асады.

б)Өзіндік мүдделерін жүзеге асыру.

с)геосаяси күштер мен мүдделерін жүзеге асыру

д) мемлекеттер одағы ұлт,жергілікті жер, халық,әлеуметтік топ

2.Геосаясаттың басты әрекет етуші тұлғалары.

а)халық,ұлт, жергілікті жер,мемлекет, мемлекет одағы

б) саяси белсенділікке ие суьбектілер

с) Суьбекті,обьектілер

д) Геосаяси үдерістер

3.Геосаясат субьктілері.........

а)мемлекеттер одағы,халық,ұлт,әлеуметтік топ

б) саяси белсенділік

с) Ғаламшар кеңістігі

д) Геосаяси үдерістер

4.Геосаясаттың негізгі құралдары

а)Ланкестік әрекеттер

б) Саяси,Иделогиялық,экономикалық, ақпараттық, мәдени

с) Ілімнің маңызды құралдары

д) Әскери күш қолданбай қарсыласу

5.Геосаясат мемлекетті қай тұрғыдан зерттейді?

а) Мемлекеттің кеңістікте алып жатқан аумағын зерттейді

б) Елдегі шет ел азаматтарын зерттейді

с) Сырттан келетін заттарды зерттейді

д) Ауылшаруашылық өнімдерін зерттейді

6.«Жұмсақ күш » деген ұғым

а) Әңгімелеу арқылы жаулап алу

б) Әскери күшті қолданып басып алу

с) отырықшы елді қуып жіберу

д) Әскери күш қолданбай қарсылас мемлекеттің геосаяси жағдайын,беделін түсіру

7. Идеологиялық құралдар

а) халықтың арасына іріткі салу

б) Әңгімелесу арқылы қауіп төндіру

с) Елдерді әзілмен ыдырату

д) Әскери күш қолдану

8. Геосаяси ықпал етудің аса маңызды құралдардың бірі

а) Экономикалық әрекеттер

б) Мәдени әрекеттер

с) Саяси әрекеттер

д) Ақпараттық әрекеттер

9.География ғылымдары тұрғысынан зерттеуге болатын тағы бір құбылыстың бірі

а) Экономикалық

б) Мәдени

с) Саяси

д) Ақпараттық

10.Геосаясатқа ................. (дін,тіл,әдебиет,өнер)

а) Өнер

б) Мәдениет

с) Саяси

д) Идеология



25 мин














Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жоспар.

  1. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі

  2. Геосаяси үдерістер және әлем дамуы. Азия,Еуропа,Америка

  3. Бейнебаян (3 мин)

25 мин

4. Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау

1-тапсырма. Тарсиа әдісі.

2-тапсырма:«Құпия ұяшық» Студенттер интерактивті тақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береді.


1.АҚШ қай материкте орналасқан?

Ж: Солтүстік Америка

2. Қазіргі кезде әскери қақтағыстар алаңына қай аймақтар жатады?

Ж:Африка, Азия

  1. Экономикасы жоғары дамыған үлкен жетілік елдер?

Ж: Германия, Жапония,АҚШ, Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания


  1. 2001 ж. 11 қыркүйекте қандай оқиға орын алды?

Ж: АҚШ та лаңкестік әрекет


  1. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты.

Ж: Мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру


  1. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі соғыстың ауқымы және неше мемлекет қатысты?

Ж: 14 мемлекеттің аумағында соғыс қимылдары жүрді, 33 мемлекет қатысты


  1. 21-ғасырдағы әлем дамуына ықпал ететін саяси факторларда Ресейдің орны.

Ж: Геоэкономикалық қуатының артуы.


  1. Экономикалық кеңістік дегеніміз не?

Ж: елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар


  1. Екінші дүние жүзілік соғыс неше жылға соғысты және неше мемлекет қатысты?

Ж: 6 жыл, 61 мемлекет


  1. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде неше адам қаза болды?

Ж: 9,4 млн. Адам


  1. Қазақстанмен шектесетін елдер.

Ж: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан


  1. Антиглобализмнің алғашқы ресми ұйымы қай жылы және қай елде пайда болды?

Ж: 1998ж, Франция


Сергіту сәті «Нейрожаттығу» ойыны

Бейнебаян

5.Бағалау – 5 минут

6. Үйге тапсырма - 3 минут

«Ғаламдық әрекет»,«Блэк Блок»,«Үшінші ұстаным»,«Радикалды экологтар» атты ұйымдары жайлы және дүниежүзінде орын алған лаңкестік оқиғалар туралы мәлімет жазу.

7. Пайдаланған әдебиеттер – 2 минут

Дайындаған педагог

Сайдуллаева Сайда Абдурашиқызы

Т.А.Ә.

__________

(қолы)


































Дүниежүзінің геосаяси кеңiстiгi ала-құлалығымен және өзгермелі сипатымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде әскери қақтығыстар алаңы болып тырған аймақтарға, ең алдымен, Африка, Азия жатады. Солтүстік Африкада үкіметке қарсы әртүрлі қозғалыстардың әрекеттері саяси жағдайды тұрақсыз етіп отыр. Алжирде Ислам құтқару майданы, Сириядағы халықаралық күштер араласуға мәжбүр болған жанжал, Сомалиде мемлекеттің бірнеше бөліктерге бөліну қаупін туғызатын ұзаққа созылған азамат соғысы жүріп жатыр. Геосаяси құбылыстар мен үдерістердің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді. 60 - жылдарда отарлық жүйенің күйреуі , 90-жылдарда федерациялардың ыдырай бастауы саяси картада үлкен өзгерістерге алып келді. Бір-біріне қарсы тұрған екі полюсті әлемнiң орнын жаңа геосаяси жағдай алмастырды. Халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталған күрес арқылы АҚШ-тың стратегиялық мүдделерi басым бола түсті. 2011 жылдың басында араб әлемін (Египет, Тунис, Ливия, Бахрейн және т.б.) қамтыған оппозициялық қозғалыс халықаралық деңгейде аландаушылық тудырды.

Сонымен, ХХІ ғасырдың басында халықаралық аренадағы саяси күштердің арасалмағы едәуір өзгеріске түсті. Бұл өзгерістерге төмендегі жағдайлар себепші болды (61 - сурет).

Picture 1

Осы аталған факторлардын аса қауiптiсi-халықаралық лаңкестік. Халықаралық ланкестік - кең таралған құбылыс. Бұл әсіресе 2001 жылы 11 қыркүйектегі тарихта бұрын - соңды болмаған лаңкестік әрекеттен соң айқын байкалды. Сол кезде АҚШ-тың өзi осынау ғаламдық лаңкестіктің адам айтқысыз салдарынан зардап болмаған шеккен еді.

Лаңкестіктің ғаламдық ауқымда таралу себептеріне әлемнің көптеген елдеріндегі байлық пен кедейшіліктің арақатынасының алыстай түсуі, әлеуметтік теңсіздік пен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы жатады (62-сурет).

Picture 2

Халықаралық лаңкестік лаңкестіктің аса қауіпті түрі ретінде 1960 жылдардың соңында пайда болды. Қазіргі кезде оның ауқымы қауіпті деңгейге жетіп отыр. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты — мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру, экономикалық және саяси нұқсан келтіру, тұрақсыз жағдай қалыптастыру арқылы үкіметті өз саясатын өзгертуге итермелеу. Халықаралық лаңкестік қоғам тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарға қауіп төндіру, қоршаған орта мен адам өміріне жаппай қастандық жасау тәрізді әрекеттерге айналуда.

Дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне қарама - қайшылықты үдерістер тән. олардың бірі – геосаяси жаһандану және антиглобализм. Қазіргі геосаяси жағдайды көпполюсті күрделі әлемнің тұрақсыз арасалмағы ретінде түсіндіруге болады. Осы жағдайда дүниежүзіндегі кез келген күшті мемлекеттің немесе геосаяси орталықтың басқа саяси күштерді ескермей, өз бетінше әрекет етуіне жол берілмейді. Мұның өзі геосаяси жаһанданудың белгісі деуге болады. Антиглобализмнің алғашқы ресми ұйымы 1998 жылы Францияда пайда болған «АТТАК - Франция» (Қаржы операцияларына салық салуды жақтайтын азаматтар ассоциациясы) болды. Бұл ұйымның басты талабы әлемдегі қаржы операцияларының 0,1%-ын салық ретінде кедейшілікпен күреске және артта қалған елдердің экономикасын дамытуға жұмсау . АТТАК өкілдері дамушы елдердің қарыздарын кешіруді талап етті. Қазіргі кезде антиглобализм ұйымдары қатарына дүниежүзі бойынша әрекет ететін «Ғаламдық әрекет», «Блэк Блок», «Үшінші ұстаным», «Радикалды экологтар» атты ұйымдары бар.

Сонымен, геосаяси жаһандану әлемнің геосаяси тұтасуын көрсетсе, антиглобализм осы тұтасуға қарсы қозғалысты білдіреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі